Лекции.Орг


Поиск:




Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар




Студенттердің орындайтын курстық жұмыстары – ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптарды анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарын құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі, эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің анализдік–синтездік талдауларыныңзерттеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болуы, ғылыми–зерттеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады. (К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Ю.К. Бабанский, З. А. Исаев, Ф. А. Кузин, А. И. Пискунов және т.б.)

Сонымен, курстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

1. Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі 25 – 30 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны машина басылымы мен есептеледі. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді.

2. Курстық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 20-дан кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен ғылыми журналдардағы басылымдар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және авторефераттары жатады.

3. Курстық жұмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.

4. Дайын жұмыс реценцияға толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 күнен кешіктірмеу керек.

5. Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын–ала қорғаудан өтеді.

6. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді.

7. Курстық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген мектептегі мұғалімнің пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.

Курстық жұмыс өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орны студентінің нақты пән бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

Курстық жұмыс компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14. Азбац жол шегінісі – барлық мәтін бойынша 5 соққы (12,5-15 мм).

Мәтіндер жазылған беттер рамкамен шектелмейді. Бұл тек МЖБС 2.108.-68 бойынша рамкамен және штамппен рәсімделетін мәтіндік конструкторлық құжаттарға жататын спецификацияларға қатысты емес.

Спецификация мәтіні сызба шрифтімен, сызба карандашымен немесе сиямен жазылады.

Курстық жұмыс мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Әр түрлі гарнитура шрифтін пайдалана отырып теоремаларға, формулаларға, нақты бір терминдерге ерекше зейінді аудару үшін компютер мүмкіншіліктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыс орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

Курстық жұмыс әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

Бір беттегі түзетулер мен тазартулар саны 5 түзетуден аспауы керек.

Курстық жұмыста тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі. Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

Курстық жұмыс беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Курстық жұмыста қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент – курстық жұмысының авторы - өз мойнына алады. Курстық жұмыс мәтіні қысқа, анық болуы керек және әр түрлі түсінік беруге жол беруге болмайды.

Курстық жұмыс мәтінінде рұқсат етілмейді:

- бір және сол түсінік үшін мағынасы жағынан жуық (синонимдерді) ғылыми-техникалық терминдерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі тең мағыналы сөздер термині бар болғанда шет ел сөздері мен терминдерін қолдануға;

- формулаға енетін белгілеулер мағынасын ашу және кестелердегі физикалық шамалар бірлігін қоспағанда, цифрсыз қолданылған физикалық шамалар бірлігі белгілеуін қысқартуға;

- бекітілген орфография, тыныс белгілері ережелерінен басқа сөздерді қысқартуға. Рұқсат етілген қысқартылған сөздер тізімі МЖБС 2316 келтірілген.

- мәтінде шамалардың теріс мәндерінің алдында математикалық минус (-) белгісін пайдалануға; (-) белгісі орынына «минус» сөзін жазу керек;

- цифрды пайдаланбай қолданылған математикалық белгілерді қолдануға, мысалы: <(аз немесе тең), > (артық немесе тең), № (номер), % (процент) белгілерін және т.б.;

- диаметрді белгілеу үшін диаметр белгісін Ǿ пайдалануға («диаметр» сөзін жазу керек). Құжат мәтініне орналастырылған сызбалардағы диаметр ауытқуларын немесе өлшемін көрсеткенде Ǿ белгісін жазу қажет.

 

Қосымша А





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2218 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

779 - | 715 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.