Лекции.Орг


Поиск:




Сызба. Лоренцтің қисық сызығы




100% 100% отбасылар пайызы

 

Еңбекке ақы төлеудін төмен деңгейіне жол бермеу және халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жыл сайын қабыл-данатын республикалық бюджет туралы заңда жалақының ең төменгі мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленеді. Меншіктің барлық нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ жұмыс күшін жалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жұмыскерлерге белгіленген ең төменгі деңгейден аз төлеуге құқығы жоқ.

Инфляцияға байланысты ең төменгі көрсеткіштердің нақтылы маңызы төмендеуде. Үкімет ең аз еңбек ақыны құнсызданудан біраз қорғауға тырыса отырып, оның мөлшерлерін мезгіл-мезгіл көбейтіп отырады.

Бюджеттік мекемелер бөлінген бюджеттік қаражаттарға байланысты жұмыскердің біліктілігі мен орындайтын еңбек міндеттерінің күрделігіне қарай үстеме ақылар түрлерін өз бетінше анықтайды. Жалпы еңбекақы қаржы-кредит мекемелерін айтпағанның өзінде бюджет сферасында өнеркәсіптегіден 1,3 – 2,3 рет төмен.

Өңірлік органдар бюджет сферасы жұмыскерлерінің нашар қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, өз бюджетінің мөлше-ріне қарай оларға қаржылық қолдау көрсетіп отырады.

Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын «офшорлық аймақтардың» бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі негізінде экономиканың дамуын тежейді.

Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.

Әлемдік практикада халықтың тұрмыс деңгейі индикатор-ларының бірі ең төменгі күнкөріс деңгейі болып табылады, ол мемлекеттің әлеуметтік саясатында кедейлік шегін (табалды-рығын) анықтау және әлеуметтік төлемақылардың мөлшерін анықтау үшін пайдаланылады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме – тұтыну себеті кеңірек таралған. Ол азық-түлікті және азық-түліктік емес бөліктерге бөлінеді. Сонымен бірге көптеген елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік шығыстарының үлесіне 25-тең 50 %-ға дейіні тиеді.

Тұтыну себебінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған әдістермен айқындалады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара қатынасты белгілеуге байла-нысты болған кезде практика құрамдастырылған әдісті пайда-ланудың артықшылығына сендіреді.

Қазақстанда 2005 жылга дейін өмір сүрген ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөлігі – 70-тің 30 %-ға ара салмағы – халық шығыстарының нақты құрылымына жауап бермеді.Халықтың әр алуан топтарына арналған тағамдық негізгі азық-түліктерді тұтынудың жаңа ең төменгі нормаларын қабылдауға табанды қажеттік қалыптасты. Бұл тамақтық азық-түліктерді тұтыну экономика дамуының дағдарыстық мезгілінің өзгеше ерекшеліктеріне көп нәрседе сәйкес келген қолданыстағы ең төменгі нормаларының салауатты тамақтану туралы қазіргі түсінікке, экономика дамуының қазіргі реалдарына, демографиялық жағдаяттың белгіленген үдерістеріне және негізгі тамақтық азық-түлік-терімен елдің азық-түлік рыногының толықтылығы деңгейіне жауап бермейтіндігіне байланысты болып отыр. Ең төменгі күнкөрістегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөліктердің арасындағы ара салмақ 2006 жылдан бастап 60-тың 40%-ға ара салмағына өзгерді. Екінші өзгеріс азық-түлік себетінің құрамына қатысты болып отыр, ол толық құнды және баланстанған тамақтану жөніндегі Дүниежүзілік деңсаулықты ұйымдастыру ұйымның ұсыныстарын ескере отырып кенейтілуде. Ең алдымен азық-түліктік себеттің ассортименттік жиынтығымен, ол 20 атаудың орнына предметтердің 43 атауын кіріктіреді. Бұл тамақтанудың сөткелік тағам мөлшерін (рационды) алуан етіп түрлендіруге, айқын пайдалы қасиеттері бар жұғымды заттардың түсуін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл үшін отбасылық бюджетті айтарлықтай көбейтудің қажеті жоқ, мамандар жұғымды микроэлементтер бойынша теңгерімділікке қол жетеді деп санайды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде есептеудін өзгеше нүктесі болып табылады, оны халықтың тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейліктің өлшемі және жала-қының, зейнетақының және өзге базалық әлеуметтік төлемақы-лардың ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады.

Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік стандарттар 2006 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есепке ала отырып белгіле-неді, ал негізгі әлеуметтік төлемақылардың мөлшерлемелері бұл деңгейден төмен емес деңгейде белгіленеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтауға жаңа тәсілдемелерді қабылдаумен байланысты кедейлік шегі өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Оның бірі – халықтың тұрмыс деңгейін бағалау, яғни тұрмыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор – бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер өзінің мүмкіндіктеріне қарай азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетін шекті анықтайды. 2008 жылы әлеуметтік көмекті әр түрлі нысандарда 2506 мың адам алды.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол ең төменгі күнкөрістің 40%-ы мөлшерінде белгіленген кедейлік шегінің жан басына шаққандағы табыстан төмен отбасыларына беріледі.

Балалары бар отбасыларына Мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға сәйкес 18 жасқа дейінгі (бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақылардан басқа) балаларға жәрдемақы ең төменгі күн көріс деңгейінің 60 %-ы болатын отбасыларына беріледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 935 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

817 - | 658 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.