Лекции.Орг


Поиск:




ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ




1-Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениетің компоненті ретінде мәні мен мазмұны

Жоспары:

1.Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде

2. Педагогикалық шеберлік компоненттері:кәсіби білім

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік "педагогикалық шеберлік" болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде "шеберлік белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және түлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.

Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы

өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни накты бір адамның-

педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасытуралы екенін түсіну маңызды болмақ.

Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.

Педагогика қойылатын талаптар туралы ағату саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогика жүктелетін жауапкершілік ерекше екнін атап айқан: «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар -өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл-материалмен алдын ала не істейтінінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек"дейді.

Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында "үлгілі мүғалімнің мерилі" ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.

Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл "тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы". Бүл женінде ол: "Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім" дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, "дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі- өнер болып табылады". Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек "мында кел"деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет-әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана" дейді.

Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-қүлық білігінің кең ауқымында қарастырады.

В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: "идеалдармен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады" дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын он-сыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.

А.И.Щербаков(1968) педагогикалық шеберлік мүғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесу"деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.

Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйесі-кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет болып табылады деген тұжырым жасайды.

А.М.Новиков (2000), педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында.Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармең ауыстыруға болмайтынына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А.Н.Новиков (2000) педагогикалық шеберліктің, мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ашып береді, оқушыға өз мақсатынамұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Педагогикалық шеберлік туралы түсініктерді талдай келе төмендегі пікірлерге мән берейік.

А.Б.Орлов (1988) өз мақаласында "шебер" және "жасаушы" деген түсініктердің оптималды қатысын негізге алады, "шебер" -"жасаушының" құлы болады, ал шеберлік - шығармашылық құралы деп жазады (өзек-тендіру)". Бұл дегеніңіз педагог- тиімді әрі іс-тәжірибеде ақталған әдістерді шебер меңгерген, бірақ оларды өзінің жеке кәсіби жаңалықтарымен байытуға ұмтылмайды, өзінің шығармашылық потенциалын іске асыра алмайды. Дегенмен, педагогикалық шеберлікті қажетті және жеткілікті деңгейде игермесе, кез келген маманға өзінің кәсіби саласында шығармашылығын өмірге келтіру қиын болады.

Иллюстративтік және таратылым материалдар

Негізгі әдебиеттер:1-5

Қосымша әдебиеттер:1-8

2-Тақырыбы: Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет

Жоспары:

1.Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде

2.Мұғалім педагогикалық қызметтің субьектісі ретінде

Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.

Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған

Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.

Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған.

Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.

Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.

Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның «Әлуметтік этникалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады.

Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат та-түрік», Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған «Ал- Джебр» еңбегі, Фирдеусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуни хикметі» тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.

Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болысымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.

Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады.

Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қкарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Осы ойға байланысты А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдіріп алса, оны қайта балқытып қрюына болады. Егер багалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген жаунар тастың өзі, жаңа туган адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үпкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет»- деген сөздері тәжірибелі педагогтардың жадында.

Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал окушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.

Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы

Антуан де Сент-Экзюпери: «Өмір сүру - демек баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қогамымыздың болашагын — үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды» - деген екен.

Осындай мәртебеге ие болу үшін мұғалім өз бойында ілтипаттылық, балаға сенім арта білу, байқағыштық, әділдік, сабырлық, шыдамдылық сияқты қабілеттерді дамытып жетілдіруі қажет, солардың негізінде ғана оның ерен еңбегі кәсіби табысқа жеткізуі мүмкін.

Мұғалімнің оқушылар арасында өзін-өзі үйлесімді түрде үстай білуі, ілтипатты, қайырымды және әділетті болуы да педагогтық тактыға жатады. Әділетті ұстазды бала әр уақытта бағалап, сыйлайды, жанындай жаратады. Ол баланың сеніміне толық кірген, жүрегіне жол тапқан және мәңгі із қалдырған педагогтық істің шебері.

Алайда, мұғалім тарапынан кейде әділетсіздік те байқалады. Оны шәкірттер тез сезеді. Кейбір мұғалім окушыларға баға коюда ымырашылдыққа барады. Ол сабақ үстінде оқушының жауабына қанағаттанбаса да бағаны жоғарылатып, ал өте кекшіл мүғалім кейбір оқушылардың жағымсыз сөздерін нсмесе істерін есінс сақтап, олардың жақсы жауаптарына төмен баға қояды. Осының нәтижесінде шәкірттер арасында наразылық туады. Бүл мүғалімнің беделіне нүқсан келтірсді.

Баланы орынсыз мадақтау да, немесе жөнсіз жазалау да әді-лстсіздіктің бір түрі. Баланы мақтау үшін оның мінез-қүлқын, дербес ерекшеліктерін жете білуге тиіс. Ал сынып ұжымы мадақталатын окушыны бір ауыздан макұлдауы кажет. Сонда ғана мадактау әділетті де, дәлелді де болады. Оқушының теріс іс-әрекеттерін толык зерттемсйінше, оны күмәнданып жазалау немесе орынсыз жекіру, әкірендеу, балағаттап сөгу ешкандай моральдык нормаға сыйманды. Қайта мұғалім балаларды өшіктіріп, өзіне карсы кояды. Әрине, мұндан жағдай кейде мұғалімнің іс-тәжірибесінің аздығынан немесе мәселені жан-жақты ойламай, асығыс шешім кабылдауынан туатындығы сөзсіз. Сондыктан ұстаз өте көреген, әрбір мәселсні терең зерттеп, ой таразысына салып, дұрыс шсшім кабыл-дау аркылы іске асырғаны жөн. Міне, осы жағдайларды еске алғанда ғана мұғалім педагогтык тактыға ис болып, балалар алдында өнегелі, бсдслді тәрбиеші ексндігін көрсетеді.

Кейбіреулер мұғалімде ерекше педагогтытқ талант болуы керек дейді. Шынында мұғалімдердің бәрі бірдей талантты бола беруі мүмкін емес. Бірақ әрбір мұғалім өз ісінің аскан шебері болуға тырысуы қажет. Нағыз талантты педагогтар өте аз, ілуде біреу. Т А Л А Н Т — дарындылықтың жоғары дәрежесі, оны зерттеу, анықтау курделі мәселелердің біріне жатады. Мәселен, музыка, әдебиет және ғылым салаларында талант біреулерде ерте, ал біреулерде кеш байқалады. В. Моцарт (1756—1791) төрт жасында музыкалық аспап клавесин арқылы орындалатын концерт шығарма-ын, ал 11 жасында «Аполлон және Гиацинт» атты опера жазды. С. Прокофьев (1891 —1953) музыкалық шығармаларын 5 жасынан, Д. Шостакович 9 жасынан, А. С. Пушкин өлеңдерін 8 жасынан, С. Есенин 9 жасынан бастап жаза бастады. Академик Л. Ландау 13 жасында орта мектепті бітіріп, 14 жасында университеттің екі факультетінде бірдей оқыды. Атақты ғалымдар С. Маргелян 24 жасында, М. Келдыш 28 жасында физика-математика ғылымдарының докторы болды.

Бірсыпыра адамдарда талант ксш оянады. И. Нютон нашар окығандықтан, оны әкесі мектептен шығарып алды. Химия ғылымына зор үлес қосқан ғалым Л. Пастер мектспте химия пәнінен улгсрмеді. Ұлы Шотланд жазушысы Вальтер Скотт өзінің бірінші тарихи романын «Уверли, или Шестьдесят лет тому назад» 43 жасында жазып, Европа әдебиетін дамытуда жаңа ксзең ашты, тарихи романның жанрын жасаушы болып тарихқа енді.

Талант әр адамның табиғи мүмкіншілігі, оның дамуы нышанға және түрлі іс-әрекеттеріне байланысты.

Нышан — деп нерв системасыпдағы іштен туған анатомиялық-физиологиялық өзгешіліктерді айтады. Нышанның негізінде жалпы және арнайы қабілет дамиды. Жалпы кабілетке ақыл мен еске негізделген байқағыштык, парасаттылық, ізденімпаздык, көрегендік т. б. жатады. Кейбір адамдардың сурет және ән салуы, шахмат және дойбы ойнай білуі, ал мұғалімдердің жеке пәндерді игеріп, тәрбиені шеберлікпен іс-жүзіне асыра білуі арнайы кабілетке байланысты.

А. С. Макаренко 32 жылдай мұғалім болып істеді. Ол тәрбие мәселелерін терең зерттеп, өте кұнды педагогикалық мұра қалдырып кетті. Осындай үнемі ізденушіліктің нәтижесіенде арнайы жоне жалпы қабілетін бірдей дамытып, А. С. Макаренко педагогикалық істің шебері — талантты мұғалім болды.

Иллюстративтік және таратылым материалдар

Негізгі әдебиеттер:1-5

Қосымша әдебиеттер:1-8

3-Тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік

Жоспары:

1.Жалпы мәдениет педагогтың кәсібилігінің шарты

2.Педагогикалық әрекеттің этикасы

Педагогикалық шеберліктің маңызды элементі - жоғары деңгейдегі педагогикалық техника. Педагогикалық техника - бұл педагогикалық қызметтестік әдістерін тиімді қолдану үшін мұғалімге қажет білім, ептілік, дағдылар жиынтығы. Педагогикалық техниканы меңгеру үшін педагогика мен психология бойынша арнайы білімдерді, ерекше тәжірибелік дайындықты қажет етеді. Ең алдымен педагогтың игеретіні -балалармен қарым-қатынас, тілдесу ортақтастығы (общение): оқушылармен орынды сөйлесу мәнері мен ортақтасу мәнерін таңдай білу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи болғаны жөн. Мұғалім жасөспіріммен тілдесуде жалған сөз, құрғақ уағыз бен жасанды ағайынгершіліктен (панибратство) аулақ болғаны дұрыс.

Педагогикалық техниканың құрамды бөлігі - тәрбиешінің өз зейіні мен балалар зейінін баскара білуі. Шоғырлы топ-тарда көп санды да санқилы оқу істерін орындауда ешбір нәрсе оның назарынан тыс қалмауы тиіс. Аса маңызды жәйт - оқушыны әрекет-қылығының сырттай белгілері бойынша оның жан дүниелік қалпын анықтап білу. Бұл педагогикалық әрекеттерді таңдауда ескерілетін мұғалімнің басты кәсіби сапаларыныңбірі: педагогикалықәдеп негізіжәнетәлім-тәрбие қызметінің тұғыры.

Іс-әрекет қарқынын сезе білу де - педагог үшін маңызды сапа. Оқу-оқыту, жалпы тәрбиелеу барысындағы мұғалім қателіктерінің көбі өз әрекет қарқындылығы мен педагогикалық шешімдерін барластырып, өлшестіре алмауынан туындайды: не асығады, не кешігеді, ал бұл қай жағдайда да педагогикалық ықпалдың тиімділігін кемітеді.

Педагогикалық техника ептіліктері мен дағдыларының үлкен тобы тәрбиешінің оқушылар тарапынан болған қандай да қылық-әрекеттерге немесе оларда байқалған моральдық қасиеттерге деген өз субъектив бағасын әсерлі білдіре алу тәсілдерінен құралады. Педагог еш уақытта бейтараптыққа салынуы мүмкін емес. Ол өз шәкірттерінің өнегелі істеріне шаттанады, жарамсыз қылықтарынан күйзеледі. Оның толғанысы бала әрекетінің шынайы бағасы. Бұл тұрғыдан, педагог шебер-лігі қандай да бір қырымен актерлік шеберлікпен ұштасады. Педагогтың балаға қаратылған сөзі өтініш те, мінеу де, қолдау да, бұйрық та болуы ықтимал. Педагог кез келген уақытта тек өз рөлін "ойнайды", сондағы мақсаты біреу-ақ - тәрбиеленушіге дұрыс ықпал жасау.

Педагогикалық ортақтасу балалар мен байланыс қатынас түзу құралы. Осыдан оны мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді байланыс орнықтыруға бағытталған педагогикалық кәсіби өзара ықпалды әрекет деп түсіндіруге де болады. Бұл орайда мұғалім үшін аса маңызды болатын жағдаяттар: сөз саптау, сөйлеу мәдениеті, дауыс қоя білу, өз дауысын, ым-ишарасын, сөз барысында тыныстап білу деңгей ептіліктерін басқарымға келтіре алуы. "Мен "бермен кел" дегенді 15-20 түрге құбылта айтып, қол, дене, бет-әлпет қозғалыстарымды 20 түрге келтіріп, сезімімді білдіре алатындай кездеғана, шеберлігімнің қалыптасқанын байқадым"-деп жазыпты А.С.Макаренко.

Педагогикалық ортақтасу мәселелері әлемдік педагогикада жоғары белсенділікпен зерттелуде. Жақын арада жарияланған американ педагогтары Дж.Брофи және Т.Гуддтың "Мұғаліммен оқушы арасындағы қатынас кітабында оқушыларға болған таңдамалы қатынаста көрінетін мұғалімнің "субъектив" пайымдау ерекшеліктері талданады. Белгілі болғандай, мысалы, педагог өзі тәуір көретін оқушыларға көбірек назар салады екен. Қаламаған оқушылары оның назарынан тыс қалып, мұғалім "шуағын" сезіне алмайды. Мұғалімнің жақсы көретіндері данагөй, тәртіпті, тіл алғыш оқушылар. Енжарлар мен ынжықтар тіпті де еленбейді. Ал тәуелсіз, өжет, белсен-ді оқушылар мұғалімге ұнай бермейді. Қарым-қатынас түзуде оқушының сырттай тұрпаттық әдемі көрінісі де маңызды келеді.

Дж.Брофи мен Т.Гудд анықтағанындай, мұғалім:

- алдыңғы партада отырған балалармен ырықсыз көп қатынас жасауға ұмтылады;

- олардың бағасын да жоғарылатып қоюға әрекеттенген;

- жазуы әсем балаларды көбірек құрметтейді;

- ұқыпты да әдемі киінген оқушыларға көбірек назар аудрады;

- әйел мұғалімдер көбіне ұл балалар бағасын жоғарылау береді;

- ер мұғалімдер сүйкімді, сұлу қыз шәкірттерінің бағасын көтермелейді ж.т.б.

Педагогикалық ортақтасуға орай мұғалімдердің үш тобы анықталған: "белсенді", "көңілшек" және "әсіре белсенді". Біріншілері қатынас түзуде ынталы, әр оқушымен жеке қатынас жасауға шебер, тәжірибе, жағдайға орай әрекеттері ауысып барады. Өзінің қандай мақсат қойып, оған қалай жететінін біледі, түсінеді. Екіншілері де өз көрсетпе-талаптарын икемділікпен пайдалана алады, бірақ көңілшектіктен әлсіз. Қатынастар түзуде балалар жетегінен шыға алмай қалады. Мақсаттары күңгірт, мінезі - икемшіл, тұрақты көзқарасы, бағыты жоқ. "Әсіре белсенді" мұғалім өз оқушыларын шектен тыс жоғары бағалауға бейім, баламен қатынасының көбі шындыққа жанаспайтын кейіпке түсіп кетеді. Оның бағалауында сәл белсенді бала - бұзақы да тәртіпсіз, ал енжар оқушы - жалқау да ақымақ. Мұндай мұғалімнің қылық-әрекеті де өз шәкіртіне қойған бағасына сай: нақты оқушыны өз өлшеміне сәйкес көремін деп шектен шыққан қылықтарға бой ұрады.

Педагогтың басты қаруы - сөзден басқа оның құрал-жабдық қорында бір топ сөздік емес (вербалды емес) тілдесу-ортақтасу шаралары жинақталған. Олар: тұрпат кейпі, ым-ишара, қол, көз сілтемелері. Зерттеулерге қарағанда мұғалімнің міз бақпас бетінде ақиқаттың 10-15 %-ті жойылады екен. Балалар өз ұстазының қас-қабағын сезгіш-ақ. Оның бетінің бозаруы мен түксиген қабағынан істің қандай да насырға шапқанын сезіп, оқу қарқынын бәсеңсіріп, нәтижені алыстатады. Мұғалімнің бетін көлеңкелеп, назарын тайдыруы немесе кекірейе бой тіктеп, мықынын таянуы балалар тарапынан оның сенімсіздігі, келіспейтіндігі, қарсылығы ретінде қабылданады. Тік тұрғанда алақандары ашық болып, отырғанда аяқ-қолы жайбарақат жайласа, балалар мұны оқытушының сенімі, келісімі, өздеріне деген болымды қатынас деп сезінеді. Мұның бәрі оқушылар тарапынан бейсана қабылданады.

Шабыт, қуаныш не сенімсіздік жоғары дауыспен жеткізілсе, ашу, қорқыныш айқаймен бірге жүреді, ал қайғы мен шаршау жұмсақ та бәсеңсіген дауыспен жеткізіледі. Есіңізге түсіріңіз, кейбір мұғалімдеріңіздің шарбая не ысқырған дауысынан қаншалықты сескеніп, үріккеніңізді. Мұндай дауысты адам педагогикалық қызметке тіпті де жарамайды. Әлбетте, өзіндік тәрбиемен, тұрақты өзіндік жетілдіру жаттығуларымен адам бойындағы көп нәрсені өңдеуге болады. Сөйлеу желісі де мұғалім сезімін білдіреді: жылдам сөз - толқу мен күйзеліс, жай сөз - шаршағандықты, менмендікті, көңіл қараштығын та-нытады.

Бас сипау, жанасу, қол алысу, иықтан, жауырыннан қағу да өз мәніне ие. Мұндайда әсіресе бір жағы кем отбасы балалары жақсы қабылдап, педагогты жоқ әкесі не анасының кейпінде таниды. Тентек пен қыңырды не өкпелегіш баланы басынан сипап, қандай да бір басқа тәсілдердің бәрімен жетісе алмаған құрметке бөленесіз. Бұл әр педагогтың қолынан келе бермей-тін әдіс, мұны тек бала сеніміне толық кірген мұғалім ғана жасай алады.

Мұғалімнің баламен нақты қатынастағы педагогикалық екеу ара қашықтығы (дистанция) келесідей белгіленген:

- тікелей жеке-дара сөйлесуге мұғалім - оқушы арасы 45-120 см-ге дейін;

- сынып тобымен ресми сөйлесуде - 120-400 см-ге дейін.
Сөйлесудегі аралық қашықтықтардың ұдайы өзгерістерде болуы педагогикалық еңбек ерекшеліктерінен, себебі педагог әрдайым нақты шарттар мен жағдайларға икемдесуі қажет.

Қол сілтемелерін де ұмытпаңыз! Қол ұшы қозғалысы мен шошайған бармақ әңгімеге жан береді не қатынасты қарапайымдастырады (не қиындастырады). Мысалы, ашық алақан адамды өзіне тартады. Айқастырылған аяқтар, артқа тартылған не қалтадағы қолдар - сұхбаттастар арасына кедергі салады. Сұқ бармақты көп шошаңдата бермеңіз -бұл басымдылық пен әміршілдіктің белгісі. Қаламыңызбен көзілдірігіңізді сипалақтап, бармағыңызбен столды тоқылдатып, аяқтарыңызды тықылдата бермеңіз бұл сіздің шыдамсыздығыңыз бен сенімсіздігіңізді байқатып, әңгіме желісінен ауытқытады. Мұғалім назары айнада не кітапта болмай, кезегімен оқушыларына бағытталғаны жөн. Сонда ғана балалар сіздің көңіліңіздің өздерімен бір екеніне сенеді, сізбен бірлікте жұмыс жасауға дайын тұрады.

Қорытындылай келе, айтарымыз - бәрі шеберлікке тәуелді. Ал шеберліктің өзі ұзаққа созылған тыңғылықты, өзін жасауға бағышталған мұғалім еңбегінің нәтижесі. Кейбір мұғалім оқушыларының қимылсыз тыңдап, тыныш отырғанын, жазып не оқып үлгеріп жатқанын қанағат тұтып, артық іс-әрекетке бара бермейді. Мұндай мұғалім еш уақытта да бала көңілін жылыта алмайды, оған бала жүрегінде орын жоқ. Мұғалім болдың ба - кәсібіңді арғымақша ерттеп, мін, өз ісіңнің шебері бола біл.

Иллюстративтік және таратылым материалдар

Негізгі әдебиеттер:1-5

Қосымша әдебиеттер:1-8

4-Тақырыбы: Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде

Жоспары:

1.Педагогикалық шеберлікті басқару техникасы

2.Педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика мен пластика

Қазіргі қоғам дамуы мұғалімнің жеке қасиетіне, гуманитарлық бағытына, мамандық біліктілігіне жоғары талап қойып отыр. Бұл тұрғыда табысқа жету, көбінесе, ұстаздың оқыту құралын, әдіс- тәсілін, жалпы сабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық технологиясын кәсіби шеберлікпен меңгеруімен айқындалады әрі мұның ішіндегі ең бастысы мұғалім сөзі болып табылады.

Соңғы жылдары педагогика ғылымын оқып- үйренуде мұғалім сөзінің құдыреттілігін айқындайтын жаңа тіркестер пайда болды.: «оқыту тілі» (Л. Клинберг), «сөйлеу шеберлігі» (В. Лихачев), «Оқу- педагогикалық тіл» (Ю. Рождественский), сондай- ақ Т. Ладыженскойдың зерттеулеріндегі «тірі сөз» метафора- тіркесі және т.б. Сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді және басты назарда адам тұрады. Өйткені адам- тілдің сақтаушысы, әрі ойлап табушысы. Міне, осыдан келіп мынадай түсініктер туындап отыр: «тіл даралығы» (Ю. Караулов), «тілдің өмір сүруі» (Жапония), лингвистикалық экология»(Л. Сковрцов), т.т.

Сөзге деген бүгінгі көзқарас бұрынығы тарихи- дидактикалық дәстүрде де бар. Я. Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» жалпы өнер ішіндегі барлығына бәрін үйретеетін тіл туралы «негізі заттардың өзіндік табиғатынан алынатынын, оның шынайылығы механикалық өнерден алынған мысалдармен де дәлелденетінін» атап көрсетсе, ал одан ары дамып, қалыптасуында (И. Песталоцци, А. Дистерверг) ол нормативті табиғи үрдісінде қалып қоймай, түсіндіру міндетін де атқаратындығы айтылады. Білім беру ісінде «формалді» және «материалды» теориясын жақтаушылар оның мазмұнын, әдісін, ұйымдастыру формаларын негізге алады, И. Гербарт табиғи психиканы төрт түрлі құрылымға (айқындық, ассоциация, жүйе, әдіс) бөліп қарастырады, ал К.Ушинскийдің дидактикалық жүйесінде біілмді кім қанша бойына көбірек сіңірсе, ол сонша ақыл- ойға бай әрі дамуы да жоғары болады дейді. Сондықтан да мұғалім оқушының қабілетін, еркін ойлау жүйесін, қабылдау зерделілігін дөп баып, осы қасиеттерін жетілдіре түсуге ұмтылуы үлкен мәнге ие.

Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қана қоймай, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, оқып- білгенін терең түсінуге және психикалық- зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, нақтылытан, шынайылыққа алмсу үрдісіндегі аралық буын болып табылады. Бұл жөнінде А. Лосев мына фактіні атп көрсетеді: адам сөзі өзінің жеке тар шеңберінен шығып, әлмге үн қатады. Демек, ол субъкт пен объект арасындағы көпір, қабылдау мен қабылдатудың- өзара кездесу айнасы және бірлігі.

Дидактика «сөз» түсінігі екі құрылымды элементтен тұрады:

1) мұғалім сөзі (вербальді тәсілі мен оқытуды ұғындыруы),

2) оқушы сөзі (вербвльді тәсілі мен оқуды ұғынуы).

Оқыту мен оқудағы вербальді тәсіл деп сабақ кезіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы жан- жақты сөйлеу түрлерін айтамыз (ой пікірлерін білдіру, әр- түрлі сұрақ- жауаптар алмасу т.б.)

Ендеше «мұғалім сөзі» және «оқушы сөзі» деп жіктейтін болсақ, онда оны ғылыми түрғыдан былай қарастырамыз:

—философия, социология — мұғалім мен оқушының, жеке мен топтың өзара қарым-қатынасы;

—коммуникация теориясы, сөз қызметінің теориясы— қатынас түрі, сөйлесу қатынасы;

— еңбек психологиясы және мұғалімнің жеке қасиеті — мұғалімнің жеке-даралығын жүзеге асыру тәсілі;

— шешендік өнер психологиясы мен сахналық өнері — шешендік өнерінің түрлері.

Мұғалім мен оқушының вербальді қызметі психология-педагогикалық әдебиетте бірнеше классификацияға жіктеледі:

— мұғалімнің сөйлеу категориясының жүйесі (А. Гардин);

— Н. Фландерстің интеракция талдауының жүйесі;

— шетел зерттеулеріндегі Н. Фландерстің модификацияланған жүйелері.

Сабақтағы вербальді қызметті мұғалім және оқушы сөзі деп бөлу қабылданған. Мұнда дидактикалық қарым-қатынас басшысы ретінде мұғалім сөзіне басты назар аударылады. Біз мұғалім сөзі деп сабақ үстіндегі және еркін жұмыс кезіндегі ұстаздың шәкірт сұрақтарына жауап беруін, сондай-ақ сұхбат, дәріс, әңгіме өткізу, сабақ түсіндіру, т.б. формалар барысындағы сөз жүйелерін түсінеміз.

Мұғалімнің дәрістегі шағын мәтіндерінің қай-қайсы да дидактикалық оқыту циклінің барлық буындарына кіреді. Мұны профессор Р. Лемберг әлдеқашан атап көрсеткен. Ол былай деп жазды: сабақ өту кезінде мектепте оқытылатын барлық пәндерде және оқу-танымдық үрдісінің бәрінде қолданылады, сондай-ақ жаңа тақырыпты хабарлағанда, білімді бекітіп, байытқанда, оқушы үлгірімін бақылағанда, үй жұмысы мен оның орындалуын қадағалағанда да жүзеге асады. Сонымен бірге автор бұл еңбегінде оқу хабарламасын қабылдау бейімділігінің психикалық үрдістеріне негіз қалап, қарастырған.

Шындығында, оқу мөлшерінің өлшемі көрсеткендей оқу материалының 40 процентке жуығы мұғалімнің сабақ түсіндіру үрдісінде өтетіндігі белгілі болып отыр, нәтижеде сан сапаға айналмай, сабақта берілген ауызша хабарламаны оқушылардың 75 проценті қабылдамай қоюы мүмкін. Сондықтан сабақты тыңдата білудің тиімділігіне жету үшін түсінбеуден түсінуге бару жолдарын және негізгі механизмдердің бұзылуына әкеп соғатын кедергілерді анықтап білу керек.

Бірінші кедергі — тыңдатуға көңіл бөлудің жоқтығы. Мұнда оқушы-
ның назарын мұғалімнің аударта алуы айрықша орын алады. Оқушыны
бұған тәрбиелеу — оқыту тиімділігінің алғышарты. Ол үшін оның тың-
дау қабілетін жетілдіріп, сабақты ұғынуды қалыптастыруға жағдай жа-
сау керек. Яғни оқушының бүкіл назарын мұғалім өзіне және өтіп жат-
қан дәрісінің мәтініне бағыттай білуі тиіс.

Екінші кедергі — дауысты хабарламаны қабылдата білуді игермеу салдары. Өйткені, тыңдата білу бір жағынан тіл құралы — сөйлеу мәнері арқылы түсіндіріп, қабылдатуды, екінші жағынан сөзбен жеткізілген сабақ мазмұны ойлантып, толғантуды талап етеді.

Барлық фонологиялық тіл құралын қабылдату қабілеттері мен сөз саптау ерекшеліктері сөйлеу бейімділігі деп қарастырылады. Демек физика-лық, фонетикалық, интонациялық компоненттерді жетілдіру — мүғалімнің дәрісті тыңдата білудегі тиімді екінші шарты болып табылады.

Тыңдаудағы басты механизм — айтылған сезге ой жүгірте білу. Мәселен, Л. Выготский, Н. Жинкин, т.б. психологтердің зерттеулерінің нәтижесінде сөздің ойға айналатынын білеміз. Ал, ойлау үрдісінде әр нәрсені талдай білу қажеттілігі ерекше рөл ойнайды. Соның негізінде адам ойы одан ары өркендеп, жетіле түседі.

Орыстың белгілі лингвисті А. Потебня: «Сөйлеушінің ойы тыңдаушының түсінік түйсігіне жете бермейді: бірақ соңғысы, сөз төркінін ұга келе

өзіндік ой құрайды... Егер сөзді сол күйінде айтушыиың ойы ретінде кабылдай берстін болса, онда ол өзі болудан да калады» деп жазған болатын.

Демек, тыңдаушы айтылған сөздің мәнісін ұғып қана қоймай, одан өзіндік ой тудырып қорытуға міндетті екенін білеміз. Дегенмен, бұл көрсетілген психологиялық үрдістерді қабылдау бейімділігінің гиімділігі дидактикалық шарттарға да қатысты (Л. Зорина). Мұғалімнің өтілетін сабақты толық меңгеруі тыңдатудың басты дидактикалық шарты болып табылады. Мұндағы негізгі көрсеткіштер: ойлау қабілеттілігі мен айқындылығы, мақсаттылығы, көрнекілігі, өмірмен байланыстылығы, т.т.

Тыңдатудағы және бір дидактикалық шарт — тақырыптың мазмұн-дылығы мен жаңашылдығы. Егер дәріс мазмүндылығы жағьнан оқушылар сұранымын қанағаттандырмаса, қызығуын оятпаса, жаңашылдығымен ерекшеленбесе олар тыңдауды қояды. Осыған байланысты дидактикалық үшінші шарт — оқулықтағы тақырып мазмұнын мұғалімнің байыптап, ерекшелендіре білуі. Л. Занков оқулық тақырыбы мен мұғалім сөзінің инварианттік дидактикасын негізге ала отырып, оқушылардың сауалнама жауаптарын талдайды. Нәтижеде ол мынадай қорытындыға келеді: «оқушылар оқулықтағы үй жұмыстарын жеңілдететін дәрісті мұғалімнен тыңдауды қалайды». Мұнда тақырыпты түсіндіруде мұғалімнің сөйлеу мәнерінің ерекше орны бар. Өйткені, мұғалім сөзі оқушы үшін тақырьпты ашып беруде, оны игеруде бірден-бір әсер ететін педагогикалық күшті құрал болып саналады. Ежелгі Римнің педагогикалық ойшыл ірі өкілі Марк Фабий Квинтилианның «мұғалім дауысы әрбір оқушыға күн нұрындай әсер етеді» деуінде үлкен мән жатыр. В. Капинос, Д. Розенталь, М. Теленкова, И. Полякова, Н. Шестакова еңбектерінде де тілдік сөздің байлығы, айқындылығы, нақтылығы, қысқа да нұсқалығы, әдемілігі әрі шынайылығы тағы сол сияқты қасиеттері туралы ғылыми тұрғыдан бағалар берілген. Метафора, аллегория, риторикалық сұрақтар, салыстырмалар, сөз басындағы инверсия, градация, т.т. пайдалану тілдің көркемділігін күшейтеді және есте сақтап қалу қабілетін жетілдіреді. Ой тек сөз және оның мәнімен жеткізілмейді, дауыс ырғағына да қатысты қабылданады. Эмоцияға толы сөздер тыңдаушылардың көңіл-күйін көтереді, қызығушылықтарын тудырады, сөздің мазмұнын қабылдауға жәрдемдеседі. А. Леонтьевтің пікірінше, оқыту үрдісінде эмоцияға көңіл бөлмеу оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын өшіруі әбден мүмкін.

Оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндеттеріне байланысты дәріс кезінде сөйлеу мәнерінің түрлі жобаларын біліп, қайсысын қолдануды айқындау керек. Жаңа тақырыпты игертуде хабарлама сөйлем тиімді болса, оны нақтылау мен терең сіңіртуде мұғалімнің дәлелге толы сөздері әсерлі келеді. Сондай-ақ педагог өз монологіне сабақ өтудің декларативті және императивті формаларында пайдалануға болады, яғни мұнда ауызша сабақ үрдісінде мұғалім мен оқушы арасындағы дидактикалық міндет жүзеге асып, бүкіл сыныппен байланыс орнайды. Бұл жерде, әрине, мұғалімнің жеке басының қабілеті ерекше орын алады. Ол үшін мұғалімнің жеке сапалық қасиеттері жоғары болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушыларының ішкі жан-дүниесіне үңіле алады, бойында бар адамгершілік қасиеттерін оятады және ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, т.т. Оқушыларды өзіне тарта, қызықтыра тәрбиелеп, басқару олардың білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, ілгері қарай жылжып, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қабілеттерін ашады. Қысқасы, мұғалім сөзінің, жалпы бала тәрбиесіндегі өзіндік орны айрықша. Сондықтан бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарап, әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы, педагогикалық техникаларды толық меңгеруі шарт. Ал педагогикалық техника дегеніміз — мұғалімнің өзін-өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сезімталдығы, сөзге шешендігі. Мұның ішіндегі ең бастысы — мұғалім сөзі. Өйткені, мұғалім сөзінің оқыту-тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды және ол арнайы зерттеулерді талап етеді.

Иллюстративтік және таратылым материалдар

Негізгі әдебиеттер:1-5

Қосымша әдебиеттер:1-8

5-Тақырыбы: Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде

Жоспары:

1.Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымы

2.Сөз сөйлеу техникалары

Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат

алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас- айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.

Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді.

Шығыстың эл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген. Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға толы «Қүтадғу білік (Құтты білік)» атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөй.ле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісітіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тәрбиелік мәні кандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.

Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды. Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде.

Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындагы байланыстарды орнатудың және даытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады.

Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастьң түрлі аспектілерін жан-жақты қарастыруда. Бұл феноменнің философиялық негіздері ретінде B.C. Библердің, М.М. Бахтиннің, М.С. Коганның, Ж.М. Абдильдиннің, Қ.А. Абишевтің, Ш. Қасабековтың және тағы басқа ғалымдардың құнды еңбектерін атауға болады. Жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктері Б.Г. Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгілі ғалымдармен зерттелген.

Ал педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мәселелері А. А. Леонтьсвтің, А. А. Бодалевтің, А.В. Мудриктің, В. А. Кан-Каликтің, Н.Е. Щуркованың, А.И. Щербакованың, В.А. Сухомлинскийдің, Ш.А. Амонашвилидің, С.Л. Соловейчиктің, А.Б. Добровичтің, И.А. Зимняяның, Я.Л. Коломинскийдің, А.А. Реанның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес.

Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.

Л.И.Рувинский болашақ мұғалімдерге кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігін байқату үшін мынандай тренинг ұсынады.

Сабақта отырған барлық студенттер жұптасып кез келген еркін такырыпта өзара 1-2 минут әңгімелессін. Уақыттары аякталған соң отырғандардың ішінен біреуін ғана аудитория алдына шығарып сол айтқандарын көпшіліктің алдында қайталап беруі сұралады. Сонда кәсіби қарым-қатынас пен жәй қарым-қатынастың айырмашылығы тез сезіледі. Аудитория алдына шығып сөйлеушіде мынандай сезімдер байқалуы мүмкін:

1) Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.

2)Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжудың пайда болуы.

3)Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

4)Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттілігі жайлы түйсік.

5) Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажеттігін түсіну, бірақ не екені онша айқын еместік.

6) Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

7) Бұрын үйреншікті болып келген дене қимылының, қозғалысының, жалпы мінез құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

8)Өзгерген қарым-қатынас формасында мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.

9) Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған ақпаратты неғұрлымсол қалпында жеткізуге талпынушылық.

10) Тыңдаушыларды қызықтыруға тырысу

11) Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және жеткізу формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.

Енді әр студент кәсіби-педагогикалық карым-қатынас жасай алу үшін өз бойларында барынша нені жаттықтыру қажет екенін анықтайды. Атақты педагог А.С.Макаренконың мынандай сөздерін есте сақтаған абзал: «Біз көп жагдайларда дұрыс сөйлей алмаймыз. Мұғалім сөйлегенде оның сөзінен оның мәдениеті, еркі, саналылыгы байқалып тұруы керек. Бұган әдейі үйрену қажет».

Тағы бір ескеретін жағдай адамдардың өздеріне жақын адамдармен әңгімелесулері қызықтырақ болып, ал бейтаныс адаммен тез әңгімелесіп кетудің оңай еместігі. Ал жас мұғалім үшін өзіне таныс емес балалар сыныбына келгенде олармен қарым-қатынасты дұрыс орнату тіпті қиынырақ болуы мүмкін. Сондықтан балалар аудиториясын жақсы біліп, жақсы танып, жақсы көру арқылы ғана педагогикалық қарым-қатынастың табысты нәтижесіне қол жеткізуге болады. Осыған орай белгілі педагогВ.А.Сухомлинскийдің:«Гәрбмегй/ өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Әрине, бұндай өнерді меңгеру үшін тартынбай талаптану, ерінбей еңбектену керек.

В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.

Педагогика ғылымында коммунңкативтік міндеттерді шешудің негізгі кёзеңдері анықталған:

- қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныпты&





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 934 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

822 - | 781 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.