Лекции.Орг


Поиск:




Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер.




1.«Есіңде сақта»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.

2. «Бір сөзбен ата»

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.

3. «Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.

4.«Құлақ - мұрын»

Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

Қорытынды: осы ойынды ойнау мақсатында балалардың бойында зейінін тұрақтылығын, ұжымшылдық қасиетін дамыттым.

5.«Шапалақты тыңда»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлік (аист) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соққанда жүруін жалғастырады.

6. «Қанша дыбыс естідіңдер»

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетіп немесе ауызша айтады.

7. «Айна»

Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен ауысады.

8. «Зейінді бол!»

Мақсаты: Ырықты зейінің дамыту.

Ойынның түрі: топтық

Ойынның жүргізілуі: Балалар шеңбер бойымен жүреді.Содан кейін жүргізуші қандай да бір сөзді айтады,ал балалар әрекетпен жауап береді.Мыс: қоян- секіреді, «жылқы», аяқтарымен еденді ұрады. «аист» бір аяғымен тұрады.

9. «Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

10. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған бір баладан сұрайды: «Айнұрдың сол жағында кім отыр, ал оң жағында». Немесе шеңбердегі тек бір бала ғана көзін жұмады, сол кезде жүргізуші бір екі немесе үш баланың жаймен орындарын ауыстыруға ұсынады. Көзін жұмған балаға көзін ашуға рұхсат берілген кезде өзгерістерді табуға тырысады.

11. «Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр баланың өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайда шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

12.«Менің көңіл-күйім қандай»

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тайып айтады (көңілді-көңілсіз, қорқынышты, ренжулі,...т.б.). сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

13.«Теңіз жағасындағы түс»

Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады. (аудиожазба). Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.

14. «Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек, т.б.)

Менің қиялым бойынша осы сызықтардың алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береде екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысты бірге талдайды.

15. «Әріптер»

Мақсаты: қиялын дамыту

Ойынның түрі:топтық

Құрал-жабдықтар: қағаздар,түрлі түсті қарандаштар.

Ойын барысы: балалардан алфавиттегі әріптерді неге ұқсайтының сұрайды. Барлық әріптер қандай да бір нәрсеге ұқсайды.Мыс: «Г» әріпі кранға «О»-құтқару шенберіне ұқсайтынын айтады.содан кейін балалар әріпке ұқсас суретті салады.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

 

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан саладрында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін... анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетк е итермелейтін оның түрлі қажеттері. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдармен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені бұның бірінішісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет - іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекетінің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.

Дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.

Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1403 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

1306 - | 1259 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.