Лекции.Орг


Поиск:




Сумен қамтамасыз ету, канализация, жұмыс аймағы ауасы




 

Шаруашылықты сумен қамтамасыз ету, канализация шаралары бірнеше құжаттарда көрсетілген.

ЖЭС территориясында бөлек канализация болу керек: жұмыстық, өндірістік былғанбаған ағын суы, мұнай өнімдерімен былғанған ағын суы, көмір үгіндісі, тозаң мен былғанған өндірістік ағын су.

Су құбырлары, канализация құрылыстарын қолданған кезде қауіпті, зиянды факторлар болады: құралдардың қозғалмалы бөлшектері, ұшып кеткен, құлаған құралдар, заттар, газдардың атылыс қауіпті қоспасының құрылуы, ауаның төменгі t-сы мен ылғалдылығы, шу мен дірілдің жоғары деңгейі, кернеудің қауіпті деңгейі, зиян, улы әсер ететін газ қоспасы, ағын суға түскен жанғыш қоспалар, микроорганизмдер. Сондықтан ҚТ қатаң сақтау керек.

Су жүру, канализация құрылысына қызмет ететін қызметкер Еңбек қауіпсіздік техника ережелерін өтіп, медициналық тексеріс және микроорганизмдерге қарсы прививка алу керек. Бұл жұмыстарға рұқсат, жұмыс орнында нұсқау және наряд арқылы жүреді, сонымен қатар жеке қорғау құралдарын (қауіпсіз белдігі, противогаз, оттегі оқшаулама құралдары, газ индикаторлары, аккумуляторлы шам, қоршау, қауіпсіздік белгілері, қорғау көзілдірігі, каска, диэлектрлік қолғаптар).

Жұмыс аймағы ауасы – еденнен не алаңнан 2 м биіктікке дейінгі, жұмыскердің тұрақты не уақытша жұмыс орны. Жұмыс орны аймағының белгісі t, v, болу керек. Бұлар қолайсыз болған кезде, адамға ұзақ уақыт әсер етсе, еңбек өнімділігі төмендеп, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады. Ылғалдылық адам организімінің термореттеуішіне әсер етеді. Әртүрлі энергетикалық объект аймағының жұмыс аймағы әртүрлі. Басқару қалқаны операторының жұмыс аймағы, қазан, турбина, энергоблок машинист – операторларының жұмыс аймағынан бөлек кестеде t-pa, v, оптималды мәндері көрсетілген. осы мәндерде организмде қалыпты функционалды жылу күйі болады. Бұл параметрлерден басқа ауада зиянды заттар да болады.

Зиянды заттар организмге әсер етуіне байланысты 4 класқа бөлінеді: төтенше қауіпті, жоғары қауіпті, орташа қауіпті, аз қауіпті.

Ауадағы зиянды заттар бекітілген шекті рұқсат етілген концентрациядан аспауы керек. Мысалы: ацетон – 200 мг/м3, дихлорэтан – 10 мг/м3, тозаң аэрозолы: ыстық сланц күлі – 4 мг/м3, кокс – 6 мг/м3, тас көмір – 10 мг/м3.

Жылу сәулелену - t-pa абсолютті нөлден жоғары болғанда пайда болады: инфрақызыл сәулелену – 760-540 мкм. ИҚ сәулелену – бу генераторы, турбина, бу құбырларының қызған беттерінде. Бұдан қорғану үшін жылу оқшауламасы, жылу шығаратын беттерді суыту, сәуле шығару көздерін қалқандау, ЖҚҚ, дем алу мен жұмыстық рационалды кестесі.

Қалқалануға шағылысу материалдары альфоль, алюминий табағы, ақ темір, алюминий бояулар. Кей кездерде ауа душы қолданылады. Ол жұмыс орнына белгілі параметрлермен беріледі. Организмнің су – тұз тепе-теңдігін сақтау үшін бір жұмыскерге 1,5 – 3 л су жазда беріледі (газ-су, шай т.б.).

Газ-бу бөлінуден сақтану. Көміртегі тотығы – Ni, W, N, Si тотығы. Турбина цехында 0-70 мг/м3. Одан қорғану үшін жергілікті тарту желдеткіші қолданылады. Газ-тозаң аулау құралдары – дем алу органдарын қорғауға противогаз киіледі.

Шаңнан қорғану

 

Көптеген технологиялық үрдістер кезінде ауа ортасына шаң бөлінеді. Шаң – бұл ауада немесе өндірістік газдарда біраз уақыт бойы қалқып жүретін ұсақ қатты заттар.

Шаңдар химиялық құраммен, бөлшектердің өлшемі мен пішінімен, олардың тығыздығымен, электрлік, магниттік және басқа да қасиеттермен сипатталады.

 

I. Жаратылуы бойынша

 
 

 

 


II. Жасалуы бойынша

көздер

 
 

 

 


 

 

III. Дисперсілігі бойынша

 
 

 

 


3.2-сурет. Өндіріс шаңының жіктелуі.

 

 


3.3-сурет. Өндірістік микроклимат түрлері.

 

Шаңның ұсақтану дәрежесі оның дисперстілігі деп атайды. Дисперстік құрам – бұл жалпы массадан пайыз (%) түрінде белгіленген белгілі бір өлшемді бөлшектер массаларының қосындысы. Бұл кезде бүкіл шаңның массасы бөлек фракцияларға бөлінеді. Фракция деп өлшемдері төменгі және жоғарғы шектер ретінде қабылданған мәндердің анықталған бір интервалында жататын бөлшектердің мөлшерін атайды.

3.1 кесте

Зиянды заттар қауіпсіздік кластары

Көрсеткіштер атаулары Қауіпсіздік кластары
       
Ауа жұмыс аймағының шекті рұқсат етілген (ШРЕ) концентрациясы, мг/м3 0,1 кем 0,1-1,0 1,0-10,0 100 көп
Ұлтабарға кіргендегі орташа өлім мөлшері, мг/м3 <<15 15-150 151-5000 >>5000
Теріге жаққандағы орташа өлім мөлшері, мг/м3 <<100 100-500 501-2500 >>2500
Ауадағы орташа өлім концентрациясы, мг/м3 <<500 500-5000 5001-50000 >50000
Мүмкіндігі ингаляция- лық улану коэффициенті 300 көп 300...30 29-3 3-тен аз
Әсер ету аймағы 6,0 аз 6,0...18,0 18,1-54,0 54-тен көп
Әр мезгілде әсер ету аймағы 10,0 көп 10,0-5,0 4,9-2,5 2,5аз

 

3.2 кесте

Оптималды және шекті өндірістік бөлменің жұмыс аймағының микроклимат параметрлері

Жыл мерзімі Жұмыс ауырлығы категориясы Ауа температурасы, оС Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, оС Қозғалу жылдамдығы, м/с
оптималды Шекті шекара Оптималды Шекті көп емес оптималды көп емес Шекті
жоғары Төменгі
Жұмыс орнында
тұрақты тұрақсыз Тұрақты тұрақсыз
Суық Жеңіл Ia 22...24             0,1 0,1көп емес
  21...23             0,1 0,2
  IIа 19...90         40...60   0,2 0,3
  IIб 17...19             0,2 0,4
  Ауыр III 16...18             0,3 0,5
Жылы Жеңіл Iа 25...25           55(28оС) 0,1 0,01...0,2
  22...24           60(27оС) 0,2 0,1...0,3
  Орта ауырлықты Iiа 21...23         40...60 65(26оС)    
  IIб 20...22           70(25оС) 0,3 0,2...0,5
  Ауыр III 18...20           70(24оС) 0,4 0,2...0,6

 

Бөлшектердің қалқып ұшу жылдамдығы деп олардың тынық ауада ауырлық күші әсерінен тұну жылдамдығын атайды. Қалқып ұшу жылдамдықты шаң ұстауына аппараттарды есептеген кезде қолданады. Шаң бөлшектерінің пішіні дұрыс емес болғандықтан, бөлшектердің өлшемі ретінде олардың эквиваленттік диаметрін қабылдайды. Эквиваленттік диаметр – бұл қалқып ұшу жылдамдығы нақты шаң бөлшегінің қалқып ұшу жылдамдығы мен шартты шар тәріздес бөлшектің диаметрі.

Шаң адам ағзасына өте зиянды болып келеді. Шаңның әсерінен пневмоканиоздар, экземалар, дерматиттер, конъюктевиттер және т.б. сияқты аурулар пайда болады. Шаң ұсақ болған сайын оның адамға қауіпі жоғары болады. Бөлшектерінің өлшемі 0,2-7 мкм аралығында жататын шаң адам ағзасына ең қауіпті болып келеді, өйткені олар дем алған кезде өкпеде қалып қойып, жинақталғаннан соң аурудың себебі болады. Шаң адам ағзасына тыныс алу органдары, ішек-қарын жолы және тері арқылы түседі.

Өндірістік бөлмелердің әуе ортасының шаңмен ластануының алдын алу және жұмыскерлерді шаңның әсерінен қорғау үшін келесі шаралардың кешенің жүргізу қажет:

- өндірістік үрдістерді максимальді механизациялау және автоматтандыру. Бұл шара интенсивті шаң бөліну зоналарында болатын адамдардың санын не төмендетеді, не мүлде жолды.

- шаңдалатын материалдарды тасымалдау үшін герметикалық құрылғыларды, герметикалық жабдықтарды қолдану. Мысалы, сорғыш түріндегі пневматикалық көліктің құрылғыларын қолдану көліктік мәселелермен қоса санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешеді, өйткені бөлмелердің ауа ортасына шаң бөлінбейді. Осындай ұқсас мәселелерді гидрокөлікте шешеді.

- дымқылдатылған сусымасы материалдарды қолдану. Ең жиі форсункалар көмегімен суды шашырату қолданылыда.

- тиімді аспирациялық құрылғыларды қолдану. Құрыдыс материалдарын өндірістік заводтарда мұндай құрылғылар газобетонды, ағашта, пластмасы және басқа да материалдарды механикалық өндеген кезде пайда болатын қалдықтар мен шаңды жоюға мүмкіндік береді. Аспирациялық құрылғыларды құрылыс материалдарын үгіткен, тасымалдаған, араластырған кезде, бұйымдарды дәнекерлеген, кескен т.б. кездерде қолданылады.

- вакуумдық құрылғылар (жылжымасы немесе стационарлық) көмегімен бөлмелердің шаңның және жүйелі түрде жинап отыру. Ең тиімдісі стационалық құрылғылар, олар бөлменің шаңын өте сапалы жинайды.

- бөлмеге берілер және ауаға лақтырылар алдында вентиляциялық ауаны шаңнан тазалау. Бұл жағдайда лақтырылатын вентиляциялық ауаны атмосфераның жоғарғы қабаттарына әкеткен жоқ, онда ол жақсы таратылады және қоршаған ортаға кері әсері төмендейді.

- шаңнан жеке қорғану құралы ретінде респираторды, көзілдіріктерді және шаңға қарсы арнайы киімді қолдану.

Ауаны шаңнан тазалау үшін шаң ұстағыштар мен фильтрлерді қолданады.

Келесі шаң ұстағыштар аппараттар бар:

- құрғақ механикалық шаң ұстағыштар (қалқып жүрген бөлшектер газдар сыртқы механикалық күштің көмегімен бөлінеді);

- дымқыл шаң ұстағыштар (қалқып жүрген бөлшектер газдар сұйық жуу арқылы бөлінеді);

- электрлік шаң ұстағыштар (шаң бөлшектері газ ағынынан электр күштері әсерінен бөлінеді);

- аралас қосылған шаң ұстағыштар (бір уақытта тазалаудың әртүрлі принциптері қолданылады).

Функционалдық міндеттері бойныша шаң ұстағыш аспаптар екі түрге бөлінеді: 1) желдету және кондиционерлеу жүйелеріндегі сорып әкелген ауаны тазалау үшін; 2) өнеркәсіптік желдету жүйелерімен атмосфераға лақтырылатын ауа мен газды тазалау үшін.

Шаң ұстағыштар мен сүзгіштердің өнеркәсіптік қолдануын сипаттайтын негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері келесі:

- уақыт бірілігінде шаңнан тазартылатын ауаның көлемімен анықталатын өнімділігі (немесе аппараттың өткізу қабілеті м3/сағ, м3/с);

- тазартылған ауаның өтуіне аппараттың аэродинамикалық қарсыласуы (Па). Ол аппаратқа кіруіндегі және одан шығуындағы толық қысымдардың айырымымен анықталады, атап айтқанда:

- тазалаудың жалпы коэффициенті немесе шаң ұстаудың жалпы тиімділігі. Ол аппаратпен ұсталған шаң массасының сол аппаратқа ластанған ауамен бірге түскен шаң массасына қатынасымен анықталады, ол салыстырмалы бірліктерде немесе %-да өлшенеді:

- тазалаудың фракциялық коэффициенті, атап айтқанда аппараттың шаң ұстануының ірілігі әртүрлі фракцияларға қатынасы (бірлік бөлшектерінде немесе %-да өлшенеді):

Мұндағы Фкіру, Фшығу – ауадағы фракцияларының болуы (сәйкесінше шаң ұстаушыға кірудегі және одан шығудағы).

Құрылымы және пайдалануы бойынша ең қарапайым болып келетін – шаң тұңдырғыш камералар, олардың ауадан шаң бөлшектерінің бөлінуі сол камерадан ауа өткен кезде ауырлық күшінің әсер етуінен жүреді. Бұл құрылғылар шаңды дөрекі тазалайды, олардың шаң ұстау тиімділігі 50-60% құрайды. Камерадағы ауаның қозғалу жылдамдығы ламинарлы қозғалысты қамтамасыз ету шартынан таңдалады және әдетте 0,2... 0,8 м/с құрайды. Камералардың аэродинамикалық кедергісі жоғары емес 8,0... 10 Па тең.

Шаң ұстағыштар камераларының тиімділігін жоғарлату мақсатында оларды биіктігі бойынша тақталармен бөлінеді, олар тұнған шаңнан қағылып тұрады. Осы мақсат үшін лабиринт тәріздес шаң тұндырғыш камералар қолданылады.

Орталықтан сыртқа тебуші шаң бөлгіштер циклондар кеңірек қолданылады, олардың құрылымы қарапайым болғандығымен ауаны шаңнан тазарту дәрежесі жоғары болады (80... 90%).

Циклонның құрылымы: цилиндрлік корпус, оған тангенциальдік әдістер кіретін құбырша жалғанған; төменгі конустық бөлігі; шығатын құбырша. 16-20 м/с жылдамдықпен циклонға кіретін шаңдалған ауа айналмалы қозғалып, төменге түседі. Бұл жағдайда шаң бөлшектері инерция күштерінің әсерінен аппараттың іргелеріне лақтырылады және олардан тайғанап, бункерге түседі. Тазаланған ауаның ағымы жоғарыға қарай бұрылып, шығатын құбырша арқылы циклоннан шығады.

Шаң ұстау тиімділігі циклонға кірер ауаның жылдамдығы жоғарылаған сайын өседі, бірақ өте үлкен жылдамдық кезінде ауа ортасының турбуляциясы жоғарылайды да циклонның тиімділігі төмендейді. Ауаның максимальді жылдамдығы 20 м/с-тен аспау керек. Осы аппараттардың тиімділігі олардың диаметрлеріне де байланысты диаметр ұлғайған сайын тиімділігі төмендейді, сондықтан циклондардың диаметрі 1 м-ден аспау керек.

Циклондардың гидравликалық кедергісі 500... 1100 Па шамасында болады, ол аппараттың құрылымы мен оған кіретін ауаның жалдамдығына байланысты.

Жеңдік сүзгіштер құрғақ жабыспайтын шаңдарды ұстау арналған. Олардың негізгі жұмыс істейтін элементтері – мата жеңдер, олар сілкитін құрылғыға ілініп, герметикалық металл корпуста орналасады. Жеңдердің төменгі ашық шеттері бункермен жалғанған. Жеңдердің маталары арқылы өтетін ауаның шаңы солардың бетінде қалқып, тазартылған ауа вентилятормен сүзгішпен шығарылады. Матаның бетіне жиналған шаңның өзі де сүзгіш болып келеді де, шаң ұстау тиімділігі жоғарылайды. Жеңдер матасын шаңнан тазарту оларды сілку арқылы орындалады, ол үшін автоматты түрде жұмыс істейтін сілкитін механизм орналастырады. Фильтрлердің көбісінде жеңдерді сілку мен қоса, оларды қайта үрлеу орындалады – шаңнан жақсырақ тазарту үшін.

Фильтрлер көп секциялы болып орындалады. Бір секция ағытылған кезде басқалары жұмыс істей береді. Фильтрлер сорғыш және үрлегіш типті болады.

Жеңдік сүзгіштердің шаң ұстау тиімділігі 90... 99%. Матаға келетін ауа жүктемесі 50... 80 м3/(м2·сағ) шамасында болады. Сүзгіштің гидравликалық кедергісі жеңдердің шаңдалу дәрежесіне қарай 1... 2,5 кПа шамасында болады.

Электрлік сүзгіштер құрылыс өнеркәсібінің мекемелерінде кең тараған. Бұл аппараттарда шаң бөлшектерінің ауадан бөліну кернеулігі жоғары статикалық электрлік өрістің әсерінен жүреді. Іргелері жерге жалғанған және тұндыру электродтары болып келетін металдық корпуста тұрақты тоқ көзімен жалғанған корондаушы электродтар орналасқан. Түзетілген тоқтың кернеуі 30... 100 кВ.

Кері зарядталған электродтар айналасында электр өрісі пайда болады. Электр сүзгіш арқылы өтетін шаңдалған ауа иондалады, оның салдарынан шаң бөлшектері кері зарядталады, олар сүзгіш іргелеріне қарай жүреді де соларға тұңады, тығыз қабат пайда болады. Тұндырғыш электродтар қазу немесе діріл арқылы тазартылады, кейде сумен жуылады.

Электр сүзгіштердің шаң ұстау тиімділігі өте жоғары – 99,9%, бұл сүзгіштер өлшемдері әртүрлі бөлшектерді ұстайды. Бұл аппараттардың артықшылықтары: төмен гидравликалық кедергі 100... 150 Па, пайдалану үнемділігі, газдардың жоғары температуралары кезінде оларды тазалау мүмкіндігі (450оС дейін).

Дымқыл шаң ұстағыштар терең тазарту аппараттары болып келеді, олардың шаң ұстау тиімділігі өте жоғары. Бұл аппараттарды ұсталатын шаң сумен жақсы араласып, қатаймай, қатты тұңбаларды пайда болдырмайтын кезде қолдану керек.

Осындай типті аппараттардың ішінен ең жиі қолданылатыны су қабыршығы бар циклон (ЛИОТ). Оның тік цилиндрлік корпусы бар, бұның төменгі жағына тангециальдік жолмен тазартылатын ауа әкелінеді, одан ол шығу құбыршасы арқылы атмосфераға лақтырылады.

Ауа ағыны айналған кезде одан ортадан тебуші күштер әсерінен шаң бөлшектері бөлінеді, олар аппараттың іргелерінен үстіден ағып тұрған сумен жуылады. Су аппараттың іргелеріне су беруші сақина және бірнеше тангенциальдік орналасқан құбыршалар арқылы беріледі, және аппараттың іргелерімен жатпай су қабыршағы ретінде ағады. Пайда болатын қоқыс (шлам) бункерге жиналады. Бұл аппараттардың тиімділігі 99,0... 99,5%, қысым шығындары 400-800 Па. Аппараттың металл іргелерін бұзатын агрессивті газдарды шаңнан тазалаған кезде, іргелер ішкі жағынан қышқылға тұрақты заттармен жабылады.

Көбіктік шаң ұстағыштардың да пайдалану көрсеткіштері өте жоғары. Мұндай аппараттар цилиндрлік металл корпустан тұрады, оның ішінде көлденең тор орналасқан. Торға су беріледі, оның астынан тазартылған ауа өтеді. Бұл кезде торда көбік пайда болады, оның биіктігі ағызу іргешенің биіктігіне байланысты, әдетте оның биіктігі 80-100 мм. Су тамшысы ретінде аз кетуі үшін, аппараттың үстінгі жағында тамшы ұстаушы орналасады, ол лабиринттік каналдары бар тор ретінде орныдалған.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2155 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

748 - | 705 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.