Лекции.Орг


Поиск:




Дақпыртқа сүйенген басылым




«Дабиқтың» бір ерекшелігі – ол тұрақсыз шығатын басылым. Журналдың алғашқы саны 2014 жылдың шілде айында, ИМ-нің әскери тұрғыдан дәурені жүріп тұрған шақта жарық көрген. Келесі нөмірі 22 күннен соң шықса, одан кейінгілері араға 30-50 күн салып басылып тұрды. Тамыз, қараша айларында тіпті жүз күн дегенде жарық көрді. Соңғы саны да сәуірдің 13-інде, 85 күндік үзілістен соң шыққан. Басылымның бұлайша ұзақ шықпай қалуының себебі – бұл кездерде ИМ тобы соғыстан ойсырай жеңіліп жатты, сондықтан «нашар жаңалықты» жеткізуге онша құлықты болмады. ИМ желтоқсанда Рамади қаласынан айырылды, АҚШ жүргізген рейд кезінде ұйымның бірнеше жоғары дәрежелі басшысын қолға түсірді, қалғандарын атып өлтірді, күрдтер олардың жеріне солтүстіктен басып кірді. Сондықтан, журналдың қарашадағы санының Париждегі шабуылдан бірнеше күн өткеннен соң, ал сәуірдегі санының Брюссель жарылысынан үш апта өткен соң жарық көруін кездейсоқтық деуге келмейді.

«Дабиқтың» соңғы сандарынан журналдың маркетингтік стратегиясын қалай өзгертіп жатқанын байқау қиын емес. Париждегі жарылыстан бір апта өткенде жарық көрген санына «Тек террор» деп ат қойып, нөмірді түгелдей сол оқиғаға арнаған. Ал Брюссель оқиғасынан үш апта өткенде жарық көрген соңғы санында Бельгиядағы оқиға туралы мақала ИМ экстремистік тобының идеологиясына қатысты материалдар тасасында қалған. Мұнда Брюссель қырғыны ИМ-нің көп жеңісінің бірі ретінде сипатталған. Олардың мақсаты – Батыс баспасөзі Брюссель туралы неғұрлым көп жазған сайын ИМ-нің дақпырты соғұрлым арта түспек. Ал шын мәнісінде жарылыстардан кейін болған тұтқындау, тергеу шараларынан соң олардың бұл қалалардағы күштері әлсіреп қалған болуы ықтимал.

Тіпті Брюссельде жарылыс ұйымдастырғандардың өмірбаянын айтқанда да журнал олардың Еуропадағы шабуылын емес, Сириядағы «ерліктеріне» көбірек тоқталған. Яғни, олардың айтуынша, Париж бен Брюссельдегі жарылыс – терроршылар соғысып жатқан көп «майданның» бір бөлігі ғана.

Идеологиялық майдан

Бір мақалада ИМ терроршылары «адасқандарға» қарсы соғысып жатқан «майдандардың» бәрі тізбеленген. Мұндағы маңызды нәрсе – журнал Сириядағы нағыз соғысты да, Еуропадағы жарылысты да «адасқандарға» қарсы жаһандық соғыстың «майдандары» деп атайды. Мақала авторларының айтуынша, терроршылар «Алланың әмірін» орындап, «адасқандардың» көзін жойған. Мақалада ИМ тобының Таяу Шығыстағы соңғы жеңілістері туралы ештеңе жазылмаған, демек журналдың бұл саны Иракта да, Сирияда да кері шегініп жатқан жақтастарын жігерлендіріп, олардың сенімдерін арттыруды мақсат еткенге ұқсайды.

ИМ жасағының жеңіліп жатқаны рас, бірақ бұл процесс ұзаққа созыла ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Пальмира қаласының Асад коалициясы қоластына өткеніне бір айға жуық уақыт болды. Содан бері Асад пен оның жақтастары ИМ тобын одан әрі қарай тықсыратын сыңай танытқан жоқ. Терроршылар болса осы сәтті пайдаланып, Түркия шекарасына жақын маңда күш жинап үлгерді. Ал АҚШ коалициясының Мосулда қандай нәтижеге жетері де әлі айқын емес. Есесіне, ИМ осы күні Ливияда біраз орнығып алған. Оның үстіне, Нигериядағы аса ықпалды террорлық ұйым «Боко Харам» ИМ-ге қосылатындарын хабарлаған. Яғни, терроршылардың «Дабиқ» журналының басты идеясы – «ИМ – рухани тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да бар мемлекет, бірақ оған «адасқандар» мен «крест жорықшылары» қауіп төндіріп, құрсаулап жатыр» дегенге саяды.

Ақпарат құралдары терроршылардың жеңіліске ұшырағанын жаппай жаза бастағанда «Дабиқтың» үні бәсеңдеп, сөзі өтпей қала ма, жоқ па, ол жағын тап басу қиын. Бір анығы – террорлық шабуылдарды ұйымдастырып, Таяу Шығыстағы үлкен аумақты бақылап тұрғанда тым сенгіш, өмірден түңілген адамдардың оларға қосыла беретіні анық.

«Дабиқ» журналының тағы бір маңызды стратегиясы – идеологиялық фундаментализм. Олар дінді өте қарабайыр түсіндіреді: кәпірлердің бәрі өлтірілуі керек, ал оларды өлтіргісі келмейтін «сенушілер» - сатқындар немесе адасқандар әрі олар да өлтірілуі тиіс. Яғни, өлім – олардың идеологиясының бір бөлігі болғандықтан, террористердің көзін жойған күннің өзінде бұл «ажал культінің» тамырына балта шабу өте қиынға түспек. Сондықтан, ИМ экстремистік тобымен соғыс «идеологиялық майданда» да жүруі тиіс. Әзірше өркениетті қауымдастық бұл салада әскери ұрыстағы сияқты көп жетістікке жетіп жатқан жоқ.

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 415 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

960 - | 873 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.