Лекции.Орг


Поиск:




Тімділікті басқару әдістері




Ө-к—банктің сенімділігін қам-з ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі. Банк ө-гі —салымшылар мен қарыз берішілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында ж/е шығынсыз орындау қабілеттігі. Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің маңызды элементі болып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелерінің дер кезінде өтеу үшін қолма-қол қаражаттарға деген қажеттілікті әрқашан қанағаттандырып отыру. Басқару әдістері: 1.«Қаражаттардың ортақ қоры»әдісі:банк рес-ң жалпы сомасын рес-ң құралу көздеріне қарамастан, акт-ң әр түрлі түрлеріне бөлу. 2.«Банктегі банктер»әдісі:акт-ң қалыптасуы жалпы сомаға ж/е тартылған рес-ң құрамына б/ты болатынын сипаттайды. 3. Акт-ді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі: ғылыми әдістер мен опер-ды зерттеу көмегімен банк балансындағы ж/е табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі б/ты талдау үшін қазіргі матем-қ аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады

Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

1. “Қаражаттардың ортақ қоры” әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр

Осы әдісте қаражат өтімділігінің адекватты деңгейінің, яғни “табыстылық-өтімділік” арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі келеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.

2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – “банктегі банктер” әдісі жатады. Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың кұрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын “табыстылық-өтімділік” орталары анықталады. Мұндай орталар “банктегі банктер” деп аталады, яғни банкте “талап ету салымдар банкі”, “мерзімді салымдар банкі” және “негізгі капитал банкі” болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан “талап ету салымдар банкісі” қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал, талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі. “Мерзімді салымдар банкі” мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы кағаздарға бағыттайды.

“Банктегі банктер” әдісінің “қаражаттардың ортақ қоры” әдісінен артықшылығы есептеудің аркасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

3. Активтерді басқарудың “ғылыми басқару” әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрактарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай нұсқалары бар? Нұсқалардың жақсысы қандай?

Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі – олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі үлгілерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, тиімді және ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.

Банк өтімділігін басқаруды отандық банк тәжірибесінде активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асырады.

Активтер мен пассивтерді басқару – дегеніміз банктің стратегиясы мен қаржылық менеджментінің стратегиясына жетуді қамтамасыз ететін банк активтері мен пассивтерінің құрылымдарын қалыптастыру және реттеу процесін білдіреді. Банк активтер мен пассивтерін басқару базалық және күрделі болып келу мүмкін.

Банк активтер мен пассивтерін базалық басқару – капитал жеткіліктігіне, өтімділікке және активтер мен пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің және валюталардың бағамдарының өзгерісіне сезімталдығына қолжеткізуге арналған реттеуші ұйымдардың талаптарын білдіреді.

Банк активтер мен пассивтерін күрделі басқару – банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағытталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді.

Банктер тәжірибесінде активтер мен пассивтерді басқаруды активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Комитет жүзеге асырады

Комитет мынадай қызметтерді атқарады:

Банк активтер мен пассивтерін басқару қызметін атқаратын әдістемелерді және регламенттерді даярлайды;

Қаражаттарды тарту және орналастыру параметрлері туралы шешімдер қабылдау;

Бекітілген стратегиялық жоспарларға банк балансы кұрылымының сай келуін бақылау;

Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты әдістемелерді жасау

Банк балансының өтімділігіне және өтімділік позициясын болжауға бақылау жасау, өтімді қаражаттарға деген қажеттілікті анықтау және балама қаражат көздерін таңдау;

Қаражаттардың көздері және бағыттары бойынша қысқа мерзімді болжамдар жасау;

Банктің баға саясатын жасау;

Нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің өзгерісінен туындайтын тәуекелге қатысты банк балансын бағалау;

Банк жұмысының рентабельдігін талдау және мониторинг жүргізу;

Қаражаттарды тартатын және орналастырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер арасындағы жұмысты үйлестіру;

Банк капиталын басқару;

Тәуекелдерге қатысты реттеуші ұйымдардың заңи және нормативтік актілерінің орындалуын бақылау.

Шетел тәжірибесінде ком-қбанктің өтімділігі мынадай 2 әдіспен бағаланады: *баланстың өтімділігін көрсететін ж/е баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэфф.-р негізінде; *сәйкес кезеңдеріндегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айналымдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға әлеуетті қажеттілігін анықтау негізінде. Коэфф.-к әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әртүрлі көрсеткіштерді пайдаланады. Алғашқы тобының 2 көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді: 1. алғашқы резервтер (касса+орталық банктегі корреспонденттік шот) / депозиттер. 2. (Алғашқы резервтер+екінші реттегі(мем-к бағалы қағаздар)резервтер) / депозиттер. 1-ші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5-10% дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15-25%-дан, Жапонияда 30%-дан төмен емес болуы міндетті. АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі – берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады. Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету деп.+жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады. Формуласы: Орталық банк ж/е басқа да банктерден алынған қарыздар / тартылған қаражаттар сомасы. Банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 827 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1416 - | 1429 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.