Валюта нарығының түсінігі және оның құрылымы
Лекции.Орг

Поиск:


Валюта нарығының түсінігі және оның құрылымы




Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастыру­шыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл тетіктің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәтілеперді орындауға түткіндік туады:- бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клиентпен сату-сатып алу барысында өзара тікелей әрекеттеседі;- банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекеттеседі, нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Мәселен, несие беруші банк бос ресурстарды ссудаға өзінің табыстылығын қажетті деңгейде ұстап тұру мақсатында немесе басқа банктермен корреспонденттік қатынасты қамтамасыз ету үшін береді. Дамудың бастапқы сатысында тұрған жас банктер салыстырмалы түрде артық ресурстарға оларды жұмсаудың игерілген сенімді және табысты салаларының жоқтығынан ие болуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті олар өз мүдделерінде пайдала­нады. Олар банкаралық нарыққа шығып, оны басқа банктерге ұсынады.

Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңмен анықталған елдің валюталық қатынасын ұйымдастырудың формасын білдіреді. Оны мынадай негізгі элементтер сипаттайды:- ұлттық валюта бірлігі;- ресми алтын валюта резервінің құрамы;- валюталардың бірдейлігі (паритет валюты) және валюта бағамын қалыптастырудың тетігі;- валюталарды қайта қалпына келтірудің шарты және валюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;- елдің сыртқы есеп айрысу тәртібі;- Ұлттық валюта нарығының және алтын нарығының режимі, елдің валюта қатынасын реттейтін ұлттық меке­мелердің мәртебесі.

Мұндай жүйенің ерекшеліктері ел экономикасының даму шарттарымен және деңгейімен, сондай-ақ, оның сыртқы эконо­микалық байланыстарымен анықталады. Халықаралық сауда-саттық мәмілелері екі және одан да көп ұлттық нарықтардың арасында жүзеге асады. Онда әр түрлі сауда орталықтарының банктері бір-бірімен өзара әрекетеседі. Олар екі немесе бірнеше нарықтардағы арбитраждық операцияларды қамтиды.

Валюта –кез келгентөлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражаттың және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқығына ие. Валюта нарығының негізгі тауары – шетелдік валюта мәніндегі кез келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген.

Валюталық айырбас – бұл бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау. Валюта нарығының негізгі қатысу­шылары – банктер, экспорттаушылар, трансұлттық компания­лар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкімет агенттіктері, кәсіп­орындар мен жеке тұлғалар. Валюта нарығында ашық ұстанымды хеджерлеудің, әлемнің әр түрлі аудандарына қаражатты инвестициялаудың қажеттіліктерін және сатып алу қабілетін бір елден екіншісіне табыстаудың мүмкіндіктерін қоса алғанда қатысушылардың әр түрлі қажеттіліктері болады.

Валюта нарығының қатысушылары ақша аударымы, хед­жерлеу, клиринг және несие секілді функцияларды жүзеге асырады. Олардың ішіндегі ең жай операцияға ақша аударымын жатқызуға болады. Хеджерлеу барысында валюта нарығының қатысушылары әлеуетті залал шектіруі ықтимал валюталық ұстанымдардан қорғануға ұмтылады. Мұндағы әлеуетті залалға, мәселен, мынаны жатқызуға болады: долларға қатысты теңге бағамы өсуі мүмкін және осыған байланысты тауардың дол­ларлық құны артады. Бұл жағдайда валюта нарығының қаты­сушысы теңгені сатып алу арқылы хеджерлеуді жүргізуі мүмкін. Теңгені осылайша форвардтық тұрғыдан сатып алу арқылы тауардың долларлық құнын бекітеді (тұрақтандырады) әрі валюта бағамының өзгерісі барысында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Валюта нарығы басқа қаржы орталықтарында орналасқан корреспонденттік банкте сақтаулы шетелдік валютадағы депозиттер айналымы арқылы әрекет ететін халықаралық төлем­дерді жүргізу барысында клиринг тетігін қамтамасыз етеді.

Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:- мерзімі шектелмеген салым ақша (талап етілмелі депозит) қаражатының телеграфтық немесе электрон­дық аударымдарын;- ұсынушының банктік векселдерін;- коммерциялық тратталарды.

Кез келген елдің ішкі ақша айналымында валюта ақшаның барлық функциясын орындау тұрғысынан ғана емес, бұдан әлдеқайда кең аспектіде – халықаралық экономикалық қатынастар мен есеп айрысулардың қатысушысы ретінде алға шыққанда ғана валюта болып табылады.

Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда, ақша айналысы­ның жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.

Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі фак­торлар бөліп көрсетіледі:- жалпы ұлттық өнім;- сатып алу қабілетінің бірдейлігі бойынша валюта бағамы;- пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;- инфляция;- өнеркәсіп өндірісінің индексі;- жұмыссыздық.

Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы ретінде тұлғаланады.

Кез келген мемлекетте “валюта” ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былайша жіктеледі:- ұлттық валюта – мемлекеттің ақша бірлігі.- шетелдік валюта – шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі.- резервтік – халықаралық төлем резервінің қаражаты мәртебесіне ие қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.

Төлем құралы ретінде ұлттық валютаның қабілеті мынада: ол басқа валюта түрімен дереу әрі ең аз шамадағы шығынмен айырбасталады, яғни оның қабілеті өзара қайтарымдылығында және айырбасталатындығында. Осы критерия (өлшем) бойынша барлық валютаның жіктеуін үш топқа бөлуге болады:- еркін айырбасталатын;- ішінара айырбасталатын;- айырбасталмайтын (жабық).

Резиденттердің де, резидент еместердің де кез келген опе­рация түрі бойынша валюталық мәміледе белгіленген заң шеңберіңдегі еркін валюта айырбасы еркін айырбасталатын валю­таны белгілеу барысында жүзеге асырылады. Ішінара айыр­басталатынға валюта мәмілесі бойынша мөлшер жағынан шек­теу қойылған елдің валютасын жатқызуға болады.

Валюта нарығының қатысушылары арасында валюта айыр­басы болмаса және қандай да бір ел валютасының басқа елдің валютасына пропорционалды байланысы анықталмаса, валю­талық операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай тетікті валютаның құнын белгілеу арқылы жүзеге асыруға болады.

Валютаның құнын белгілеу – елдер арасындағы валютаның бағамдарын анықтау, осының негізінде айырбасқа ұсынылған олардың ақша бірліктерінің арақатынасы белгіленеді. Бұл ара­қатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай ұдайы өзгеріп отырады.

Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктеледі:- оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген (біріктірілген) бағам;- өзгермелі бағам;- тұрақты немесе жұмсақ валюта.

Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұс­қасы “тіркеу” сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми белгіленген арақатынасын бейне­лейді. Өзгермелі бағамға тоқталатын болсақ, ол валюта биржа­ларындағы сауда-саттық барысында қалыптасады әрі қандай да бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс-тәжірибенің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде-бір ел осы келтірілген валюта жүйесіндегі элемент­тердің тек біреуін ұстанып, сонымен ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық элементі бар.

Валюта нарығы тұрақты түрде қолданылатын әрі ақшалай қаражаттың қажетті шоғырландырушысы болып табылады. Ол қандай да бір нақты орында шектеліп қалмайды, керісінше, байланыс құралдарының күрделі жүйесі­мен, атап айтқанда, телефондық, телекстік, тіпті электрондық жүйелері арқы­лы байланысқан операциялық залдардың желісін білдіреді.

Билет





Дата добавления: 2017-01-28; просмотров: 1243 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.