Лекции.Орг


Поиск:




Азақстан экономикасына инвестицияны тартудың жағымсыз факторлары




Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағында кəсіпкерлік қызметтің объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі азаматтық құқықтар дың, соның ішінде ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың жəне ақпарат нəтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүлік тік құқықтар объектісі түрінде шетелдік капитал салу. Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңажетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізужүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу əдісіретінде қарастырылуы жəне жаңа өндірістерді құруға көмектесуімүмкін.Шетелдік инвестиция:+ Халықарлық қаржы институтары;+трансұлттық компаниялар;+Коммерциялық банктер .Негізгі шетелдік инвесторлар – АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Еуропа мемлекеттері болып табылады.Əлемде 20000-нан астам трансұлттық компания бар. Қазақстанаумағында олардың қызметтері біріккен кəсіпорындардыңқұрылуымен байланысты дамыды.: 1. Ең ірі трансұлттық компаниялар Шеврон, Brіtіsh gas,Қытай Ұлттық компаниясы, Тексака, Филип Морис болып табылады. 2. Халықаралық қаржы институттары: 1) Халықаралық қайта құру жəне даму банкі;2) Азия қайта құру жəне даму банкі;3) Еуропа қайта құру жəне даму банкі;4) Жапонияның Эксим банкі;5) Жапонияның халықаралық серіктестік қоры. 3. Шетелдік коммерциялық банктер. Мемлекеттік портфельді инвестициялау кезінде олардың иесі үшін тек табыс маңызды болады, ал кəсіпорындарды бақылау олардың мүддесіне жатпайды. Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды тарту келесідей əлеуметтік-экономикалық дамудағы мəселелерді шешуге көмектеседі: Шетелдік инвестиция тартудың объективті алғышарты:нарықтық қатынастарға өту халықаралық қатынастардың қамтылуын жəне ұлттық экономиканың əлемдік экономикалық кеңістіктегі интеграциясын анықтайды. Осыған байланысты 1994жылы 27 желтоқсан айында «Шетелдік инвестициялар туралы»Заң қабылданды. Бұл заң шетелдік инвесторлардың құқығын жəне ҚР аумағында инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Негізінен барлық инвестицияның 80%-ы шикізатқа, мұнай өңдеу, газ, қара жəне түсті металлургия мен энергетика саласынакеледі.

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді.

Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт — бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.

Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік — экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан Республикасы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңының баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:

1) шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;

2) республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу;

3) инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;

4) либералды валюталық реттеу;

5) инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;

6) инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция, табыс дивиденттері мен құқықтарын қорғау;

7) Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде инвесторларға өз мүлкіне басқарушылық танытуға жол беру.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 737 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

776 - | 750 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.