Лекции.Орг


Поиск:




Сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардың негіздері




Оқыту әдістемесі

Ойынға 10-12 оқушы қатысады.

Тегіс жерге түзу сызық сызып, бір қатар бойына балаларды тұрғызады. Басқарушының «Тараңдар» деген командасын естісімен ойыншылар жан-жаққа жүгіреді, содан кейін «Бөлім,бір қатарға тұрыңдар!» -деген команданы естісімен барлығы тез бір қатарға тұрады. Қатарға кеш тұрған немесе сапта әңгімелескен бала, артқа қадам басып, ойыннан шығарылады. Қатарға тұрғанда әдейі жолдастарына кедергі жасаған оқушыларды да ойыннан шығарады.Ойынды(5-6)рет қайталайды. Ойынның аяғына дейін қатарда қалған балалар жеңіске жетеді.

Бұл ойынды өзгертуге болады. Бір бөлімнің орнына, екі немесе үш бөлім өз командаларымен жарысуына болады. Жеңіске ойын аяғында сапта балалары көп қалған бөлім жеңіске жетеді.

Бөлім тек бір қатарда ғана емес, екі қатарға да тұрады. Бұл жағдайда команда өзгереді:»Бөлім, екі қатарға тұр!»

Ойынның нәтижелі болуы, басқарушының ойын алдында әңгіме өткізуі, жауынгерлердің сапта тұруына мән беруі, ҚР Қарулы Күштерінің саптық жарлығымен таныстыруына байланысты.

Бір адым артқа басу

Ойынға 10-12 адам қатысады. Жерге ара-қашықтығы бір қадам екі параллель сызық сызады. Бірінші сызыққа бір қатардан бойлары бойынша тұрғызады. «Тараңдар!»деген команданы естісімен ойыншылар алаңға жүгіреді, содан кейін «Қатарға тұрыңдар!»деген

команда беріледі. Сапқа артынан тұрған бала, артқа қадам жасап, екінші сызыққа тұрады.

Содан кейін ойынды қайталайды. Қалып қойғандары екінші сызыққа тұра береді. Ойынды 5-6 рет қайталағанда бірінші сызықта қалғандарыжеңіске жетеді.

Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс.

Бұл ойынды 10-20 адам ойнайды. Ойыншылар екі қатарға тұрғызылады және аралықтары бір адым болады. Компасқа немесе күнге қарап ойыншыларға: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс горизонтарын көрсету керек. Мысалы: басқарушы қатты дауыстап

«солтүстік» десе,балалар тез және дұрыс бұрылып, солтүстікке бетерімен тұруы керек.

Кімде-кім қателесіп, басқа жаққа бұрылса штраф ұпайын алады. Басқарушы басқа горизонттарды айтады, ойыншылар сол айтқан горизонтқа бұрылады. Аз штраф ұпайын алған адам жеңіске жетеді.

Жалауға жүгіру

Ойыншылар өз командаларымен екі бөлімге бөлінеді. Әр бөлімге әр түрлі жалаулар беріледі. Әр ойыншы қай бөлімнен, туының түсі қандай екенін есте сақтауы тиіс. Сосын бөлімше алаңға тарайды. Басқарушы туды жоғары, жанына көтергенде, бөлім тез жалаумен көрсеткен жаққа сапқа тұруы керек, әрқайсы өз орнын табуы тиіс.Сапқа тұру бөлім командирінің»Бөлім, бір қатарға(екі қатарға)-тұрыңдар!» командасы берілгенде орындалады. Тез сапқа тұрған бөлімше жеңіске жетеді.

Ептілікпен өту

Терең емес шұңқырдың бетіне құммен қозғалмайтын бөрене бекітіледі. Қатысушылар шұңқырдың екі жағынан қарама-қарсы тұрады. Бөрененің үстімен бір-біріне қарсы жүреді, ортасында кездесіп,әр түрлі тәсілдер қолданып өтіп кетуге тырысады. Кедергісіз өтіп, алдына қойған мақсатына жеткен жеке парлар жеңіске жеткен болып саналады.

Туды іліп алу

Ойынға қатысушылар 10-15 адам. Туды дайындайды. Жерге диаметрі 8-10 шеңбер сызады.

Беттерін ортаға қаратып балалар шеңбер бойына тұрғызады. Қолына туды ұстап басқарушы центрге иұрады. Тез ойыншының бірінің атын атап тудың сабын түсіреді.Басқарушы атын атаған ойыншы тез жүгіріп барып туды жерге түсірмей іліп алу керек. Егерде ол іліп алса, ол туды ұстап, басқарушының орнына тұрады және келесі жолдасын шақыруға құқық алады. Егерде ту құласа, туды ұстап үлгермеген ойыншы бір штраф алып, тұрған орнына келеді. Ойының ұзақтығы барлық ойыншылардың бір немесе екі рет шақырылып, құлап бара жатқан туды іліп алғанына байланысты.

Штраф ұпайын алмаған бала жеңіске жетеді.

Жоғалған зат

Бұл ойынды тоғай ішінде ойнаған дұрыс. Ойынға қатысушы 400-600м алдыға кетіп, қандай да бір затты тығады: қарудың макеті, жорық жол көлік сумкасы, конверт, компас т.б. Жолдарына әр түрлі белгілер қалдырады: Жерге сызық, сынған шыбық, ағаштың қалдығы, ағаш қабығы. Бұл белгілер тықан затты табуға көмектеседі.

Басқарушы ойыншыларға белгілер, ойын ауданын көрсетіп, белгі сигналын береді. Ойыншылар затты іздеуге беттейді, кім бірінші тапса сол жеңіске жетеді.

Орнында тырп етпеу

1-вариант. Басқарушының белгісі бойынша барлық ойынға қатысушылар,ешқандай қозғалыс жасамай 30-60 сек тырп етпей (маса шағып жатса да)тұруы керек. Осы талаптарды орындағандар жеңіске жетеді.

2-вариант. Отряд басқарушының соңынан шашырап, жүгіріп немесе еңбектеп отырады.

Басқарушыуақыт сайын тоқтап, бұрылып қолын көтеріп немесе дыбыстап белгі береді.

Барлығы орнында 30-60 сек тырп етпей қалуы керек. Егерде кімде-кім ыңғайсыз жағдайда немесе аяғын суға тығып алса да тырп етпеуі керек.

Туды іздеу

Ойынды қар жауғаннан кейін ойнаған дұрыс. Ескі шаңғыныңіздеріжойылғаннан кейін. Ойынды тоғайдың шетінде бастаған жөн. Ойыншылар екі бөлімге бөлінеді. Төреші алға кетіп, ізін жасырып, орманның ішіне туды жасырады. Бірақ қарды қазып жасырмайды. Ағашқа іліп, қардың үстіне10-20 қадамннан көрінетіндей қадап жасырады. Туды жасырып төреші орман шетіне қайтып келеді. Төрешінің ізімен ойыншылар туды іздеуге кіріседі. Туды бірінші тапқандар жеңіске жетеді.

Қараушыны алу

Бұл ойында балалардың жақсы естуі, дыбыссыз қозғалуы жақсы дамиды. Ойын ағаштың айналасында ойналады. Жан –жағына жаңғақ, жерге түскенжапырақтар, қағаздар лақтырады. Ойынға қатысушылар саны 15 болуы мүмкін. Ойынға қатысушылардың бірінің көзін байлап, оны ағаштың жанына қарауылшы қылып қояды. Қалғандары диаметрі 20-30 м шеңбер жасайды.

Қарауылшы шеңбердің ортасында болады. Ойыншылар жекелеп постыға жақындайды. Кімде-кімнің қолы ағашқа немесе қарауылшыға қолы жетсе, сол қарауылшыны ауыстырады. Егерде қарауылшы дыбыс естісе, ол «Тоқта»деген команда беріп дыбыс шыққан жаққа қолымен көрсетеді. Қарауылшы дұрыс тапса, өзін дыбыспен білдіруші ойыннан шығады. Басқарушы ойынды жақсы көрінетін жерден бақылап тұрады.

Бүркемелей білу.

Ойынды шөбі, қалың ойлы – қырлы жерде өткізеді.

Вариант 1. Ойын басқарушы ойыншылар арасынан бақылаушы сайлайды. Оған көзін байла деп бұйрық береді. Белгі берген кезде, балалар жан-жаққа жүгіріп, тығылады. 40-60 сек өткеннен соң басқарушы белгі беріп, көзін байлаған орамалды шешуге рұқсат береді. Бақылаушы жан-жағына қарап тығылған ойыншыларды іздейді. Артынан табылған ойыншы жеңіске жетеді.

Вариант 2.Барлаушылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Бірінші команда өз басқарушыларымен ойын ауданынан басқа жерде болады. Екінші команда белгісін алысымен, өздерін бүркемелеуге кіріседі. Бұл ойында жолдастары бір-біріне бүркемелеуге көмектеседі. Ойын барысында білдіртпей орындарын ауыстырып жасырынуларына болады. 10-15 сек кейін басқарушы бірінші командаға, екінші команданы іздеуге бұйрық береді. Содан кейін екінші команда орын ауыстырады. Қай команда барлаушыларды көп ұстаса, сол жеңіске жетеді.

Басқарушы жасырынып жатқан команданы екінші команда көріп қоймауын бақылайды. Ойынның нәтижелі болуы басқарушының балаларға қалай жасырыну, бүркемелене білу түрлерін ойын алдында жақсы түсіндіруіне байланысты.

Мен сені көріп тұрмын

Ойын шөбі өсіп тұрған алаңда ойналады. Ойыншылар екі отрядқа бөлінеді. Бір команда 150-200 м қашықтыққа кетіп, тастар, ағаштар, бұталар, орларды пайдаланып жасырынады.Бұл уақытта екінші команда оларға артымен тұрады. Белгі берген соң ойыншылар бұрылып 3-5 мин алаңды бақылайды. Әр табылған жасырынушыларды тапқан сайын бір ұпай алады. Сосын отряд бір-бірімен орын ауыстырады. Көп ұпай алған отряд жеңіске жетеді.

Орнында білінбей қалу

Ойнаушылар саны 20 адам. Ойыншы группа тұрған жерден 100-150 м қашықтықта қалың шөпті, бұталы жерге жалау орнатылады. Оның қасында басқарушы болады. Ойыншылар басқарушыға білдіртпей туға қарай еңбектейді. Кімде-кім ұсталып қалса ойыннан шығады. Біраз уақыттан соң басқарушы ысқырықпен белгі береді. Қалғандары орнынан көтеріледі. Туға жақын барғаны жеңімпаз болады.

Жасырын қозғал

Басқарушы орманда, шөбі қалың өскен бұталы жерде бақылаушыға білдіртпей ізінен 50-60 м қашықтықта жүріп отыруды міндеттейді. Әр уақыт сайын бақылаушы тоқтап, артына бұрылып, жан-жағына қарайды. Ойыншылардың бірін көріп қалса,ол басқарушының жанына барады. Бақылаушы өз қажетіне қарай аялдайды. Басқарушыға көмекші балалардың ойын ережесін бұзбауына бақылауға көмектеседі.

Ізімен

Ойынға 2-3 звена қатысады. Басқарушы бөлім командиріне жеке маршрут, старт, жиналатын пункт және міндеттер береді. Бөлім командирлеріне жүрген жолдарына, шөпке,ағашқа, қарға қандай із қалдыру керек екендігін түсіндіреді(ағаштың үгіндісі, қағаз қалдығы, шыбықтар шашу.)

Командирлердің белгісі бойынша өз маршруттары мен кетеді. 15минуттан кейін командирлердің ізімен бір уақытта барлық бөлім кетеді. Басқарушы мен көмекші артарынан жүріп отырған ойыншылардың ережені бүзбауын қадағалаиды.Жолдан адаспай, басқаларынан бұрын белгіленген пункіттарға командирлеріне жеткен бөлім жеңіске жетеді. Қыста ойында шаңғымен өткізуге болады.

Жалау үшін күрес

Ойынға қатысушылар 20-30 адам. Олар тең екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Ойын тал-шөбі сирек тоғайда өткізіледі. Егерде жақсы болар еді, ойын үшін таңдалған жер ағашты кесіп салынған тоғай жолы, сүрлеу, ауыл арасы жолы,орлы, жалғыз аяқты болса.

Әр команданың қолында, не арқасында өз белгілері және жалаулары болады. Оларды 20-30м көрінетіндей етіп тағады. Ойын басқарусышысы міндетерін бөледі: бірі барлаушы, басқалары- күзетушілер. Олардың алдына міндетер қояды:

-барлаушылар жауларының участігіне өтіп, жалауды тауып алып,өз территориясына әкелу.

-күзетшілер барлаушыларды ұстап алып, жалауды ұрлатып алмау.

Барлаушы ойынан шығады, егер дұшпанның қолы тисе. Жау жақтан өз территориясына жалауды әкелген отряд жеңімпаз аттанады.

От нүктесіндегі жарылыс.

Ойынға 10-15 адам қатысады. Ойынға қатысушылардың жартысы төбешіктің басына немесе үстірттің үстінде, шығуы қиын және қорғаушыларға жақсы көрінетін жерге орналасады. Бұл от нүктесі. Оның айналасына 10 қадам қашықтықта жалаушалар жерге қадалған. Басқа ойыншылар от нүктесінен алыс орналасады. Жару керек деген бұйрық алысымен жалау тұрған жерге танкіге қарсы 5граната лақтырады.(граната пакет не қап түрінде іші ағаш сүріндісі, шишка, басқада ауыр заттар толтырылған түрінде болады)

Жоспарды талқылап, әр түрлі амалдар жасап от нүктесіне жақындайды. Күзетшілер көріп қалып, жақындап қалған шабуылшының фамилиясын қатты айтып, қайда тұрғанын айтады немесе көрсетеді. Танылып қалған ойыншы ойыннан шығады. 10-30 мин ішінде басқарушының берген міндеттемесін ойында қалып, орындаған шабуылшы жеңіске жетеді.

«Тіл» алу

Ойын желсіз, қараңғы түскенде ойналады. Жәй дыбыстың, шырпының ақырын сынғаныда барлаушыны білдіріп қоятындай болуы керек.

Ойнаушылар қару макетерімен қаруланады, ақырын қозғалып, немесе еңкейіп, не еңбектеп, ешқандай сыбыс білдірмей қозғалады. Түрегеп жүруге болмайды. Тез көрініп қалуы мүмкін.

Ойында барлық жерде жүргізуге болады. Басқарушы ойынға қатысушы 3 баланы тағайындап, оларды учаткіге жібереді. Ойын өткізілетін жер болуы мүмкін және әр жерде жасырынады, оларға бір орнынан екінші орынға қозғалуға болмайды. 15 минуттен соң қалған ойыншылар ойын ауданына беттейді, Тілді іздеп, білдіртпей ұстап алу үшін бұл мақсатты орындалу үшін 30 минут уақыт беріледі. «Тілді» болып жасырынған бүкіл баланы үстап алғаннан кейін барып, ойын аяқталған болып саналады.

Түнгі іздеу.

Ойын қас қарайған кезде өткізіледі: ойыншылар екі тең отрядқа бөлінеді. 15-20 адам қатысады. Әр отрядта 5адам күзетші, қалғандары барлаушылар.

Тоғайдың ішінен 2 алаң таңдалады, бір-бірінің ара қашықтағы 200-300м орналасқан.Алаңға орналасқан отряд басқыншыларынан 10 кішкентай ақ қағаздан жасалған жалауша алады. Бір отрядқа – квадратты, екіншісі – үшбүрышты жалауша алады. Жерден онша емес алаңдағы бұталарға іледі. Дауыстап белгі берілісімен ойынбасталады. Барлаушылар білдіртпей қарсыластарының алаңына кіріп, шамалары келгенше қарсыластарының жалаушаларын алып, өз лагерлеріне әкеледі. Алаңды қорғап тұрған күзетшілер барлаушыларға қарсы шығып көріп қалғандарын ойынан шығарады, Күзетшілерге жалаушаны сақтап қалу оңай емес: әр күзетші ойынның басынан 2 жалаушаны күзетеді. Екі жалаушаның арақашықтығы алыс болады. Шабушылардың барлаушылары әр түрлі тәсілдермен күзетшіні алаңдатып, жалаушаны алып кетуге тырысады.

Жалауды көп алған отряд жеңіске жетеді

Бірақта барлаушылардың міндеті оңай емес, күзетшінің көзінше жалаушаны алып кетуге, оны өз алаңына алып бару оңайға түспейді. Жақындап қалғанда қарсыластарының барлаушыларына соқтығысып қалып ойыннан шығып қалуы мүмкін.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 531 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

840 - | 710 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.