Лекции.Орг


Поиск:




Мектептегі 1-5 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.




Әскери-спорттық ойындар орта сыныптарда алғашқы әскери даярлық бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін, оқушылардың дене және әскери-патриоттық тәрбиелейтін оқушылар жұмысының маңызды формаларының бірі болып табылады.

Оқуға кіріскен бала күн сайын үстел басында төрт сағат мектепте және бір жарым сағатқа дейін – үйде отыруға мәжбүр. Алайда сабақтан бос уақытта осы жастағы балалар әліде көп ойнайды. Олар жеткілксіз жетілмеген болсада шынайы қозғалыстың барлық түрін меңгерген, сондықтан жүгірумен, секірумен, лақтырумен байланысты ойындар оларға қызықты. Бастауыш сынып оқушылары арасында қозғалмалы ойындар өткізу кезінде бұл жастағы баллардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, олардың ағзасының қоршаған орта әртүрлі әсерлеріне қатысты бейімділігін және тез шаршайтындықтарың ескеру қажет. Бастауыш сынып оқушысының сүйегі әлі қалыптасуда. Шеміршек клеткалары тобының бірқатар қабаттылығы икемділікті негіздейді, әсіресе, омыртқаның. Бұлшықеттер қатысты әлсіз (атап айтқанда, арқа және бел-қарын бұлшықеттері). Тірек апаратының мықтылығын да соншалықты емес. Сондықтан ұзақ бұлшықет күштеулерінсіз, әртүрлі қозғалысты қозғалмалы ойындар үлкен маңызға ие.

Күш пен эергияның көп шығындалу талап ететін секіру, жүгіру және т.б. әрекеттері бар ойындарда баллар зор қозғалыстық белсенділік танытады. Алайда олар жеткілікті тез шаршамайды, әсіресе бірдей әрекеттерді орындау кезінде жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, қозғалмалы ойындармен айналысу кезіндегі дене жүктемелерін қатаң түрде ретке келтіріп және шекте отыру керек. Ойын өте ұзақ болмау тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларында көңіл бөлу функциясы әлі жеткілікті дамымаған, олар жиі ұмытшақ, бір заттан екіншісі тез ауысады. Осымен байланысты уақыты бойынша қысқа қозғалмалы ойындарды ұсынған жөн. 10-12 жастағы балалар үшін қозғалмалы ойындар қиындай түспек. Орта мектеп жасындағы балалар ағзасы үлкен тұрақтылықпен сипатталады. Сүйек – байланыс аппараттары жеткілікті икемді, иілгіш. Бұлшық еттер өсіп, нығая түсуде, сондықтан балалардың күштері әлі де әлсіз; ағза біржақты жүктемелер мен үлкен дене күш салуларына даяр емес. Алайда осы жаста жүрек және қан тамырлар әрекеті біршама тұрақталған, өкпе сыйымдылығы ұлғайған. Сондықтан ойындарға осы жастағы балалардың жақсы дене дамуларына ықпал ететін ұзақ емес жүгірулер мен секірулер, әртүрлі энергиялық ұзақ емес қол, аяқтармен, кеудемен қозғалыстар енеді.

Өсімтал ағза оттегіні көп қажет етеді. Баллардың демалу жүйесі бастауыш сынып оқушыларына қарағанда үлкен дамығандықпен ерекшеленеді, алайда тыныстаудың өзі жеткілікті терең емес белсенді қозғалыстары бар ойындар демалу апаратын бекітуге ықпал етеді.

Қозғалмалы ойындар бар сабақтар үрдісінде балалар саналы еріктік күш салуды, машықтануды талап ететін көптеген қозғалыстарды меңгереді. 10-12 жастағылар үшін ойындар бастауыш сыныптарға арналған ойындарға қарағанда уақыты бойынша ұзақ. Кейде ойнаушылар шыдамдылықтың дамуына ықпал ететін үнемі қозғалыста ұзақ болғанға риза болады.

Осы жастағы баллар сындарлы ойлауды бастайды, оларды абстрактілі ойлануға қабілеттіліктер дамыйды, осының барлығы көптеген ережелері бар күрделі ойындарды меңгеруге мүмкіндік береді. Эмоцияларды бақылауды күшейту ойындағы жолдастарына қатынас бойынша тактикалыққа, тәртіліптілікке ықпал етеді. Көптеген қозғалмалы ойындар ойыншылар расындағы күрделі өзара қарым-қатынастарға құрылады. Бұл ойыншыларды бір мақсат-өз командасының жеңісі үшін күрес жасау-біріктіретін ұжымды топтарға (командаларға) бөлуі бар ойындарға тән.

Қозғалмалы ойындарға балалар әрекеті келісілген, дәлірек бола түспек, олардың ойын тактикасы жетіледі. Аңдып келе жатқан ойнаушылардан шапшаңәрі епті бұлтарып кетуі қабілеті айтарлықтай жоғарлайды; шартты қарсыластан жалтарып кету тәсілдерін таңдау еркі молая түседі. Әрекеттерді орындау шарттары күрделенеді, ойнаушылар алдына қойылған тапсырмалардың орындалу қиындығы жоғарлайды; ұжымдағы ойнаушылардың өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптар маңызы көтеріледі. Ойын ережелері күрделенеді, ойын канфликтілерін шешу қатысушылардан жеткілікті дамыған еріктік қабілеттер мен шыдамдылықты талап етеді.

10-12 жастағы балаларға біріккен күштері бірегей мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ойындар қызықты. Оларды әрбір команда алдына нақты міндеттер қойылатын ойындар көп тарта бастайды, ол міндеттер: күш біріктіре басқа командадан басым түсу, ойында жеңіске жету.

Осы жас кезеңінің соңына қарай балаларды өзіндік қозғалыс әрекеттерін жетілдіруге мүмкіндік беретін ойындар ерекше қызықтыра бастайды. Оларға нәтиже ғана емес өздерінің ептілігін, мергендігін, шыдамдылығын, күштері мен тапқырлықтарын көрсете алатын ойын үрдісінің өзі қызық. Олардың ойындарында хороводтар, әндетулер, бейнеге еліктеулер жиі қолданылмайды. Бұл жастағы балалар шаңғымен жүруге және коньки тебуге үйрене бастайды; алынған дағдылар ойындарда қолданылады.

Әрекет сипаты мен қозғалыс түрлері бойынша осы жастағы балалардың қозғалмалы ойындары алуан түрлі. Бұл қуып жете жүгіруі, қозғалыссыз және қозғалыстағы кедергілерден секіріп өтуі, доп және ұсақ заттарды алысқа лақтыру, қағып алуы бар ойындарға тән. Ойындарда қозғалыстың бірнеше түрлерін үйлестіруге де болады.

Ұйымдастыруы бойынша күрделі өзара әрекеттестіктер, екі жақты ойындар балалардың өзінділігін ұмтылысын қанағаттандырады, өз ұжымының, өз командасының спортық мәртебесі үшін күресу қызығушылықтарына жауап береді. Алайда, жетекші қозғалмалы ойындарды дұрыс емес ұйымдастыру кезіндегі балалар мінез-құлқындағы тұрақсыздық, олардың өз күштерін шамадан тыс бағалаулары қаламаған істерге әкелуі мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.

4. Бақылау сұрақтар:

1. Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны.

2.Әскери – спорттық ойындардың жалпы міндеттері.

3. Әскери – спорттық ойындардың жалпы мақсаты.

4.Дене ойындарының дайындығына командирлер жауапкершілігі.

5. Әскери адамдардың әскери – спорттың комплекстің жалпы тапсырмалары.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Мектептегі әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен, міндеттері.

2.Оқыту әдістері.

7. Үй тапсырмасы: Мектептегі әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен, міндеттерін оқыту әдістері.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Министерство обороны РК «Методическое пособие по физической подготовке и спорту в ВС РК» Алматы 2002г.

2. А.А. Бурков В.И., В.И. Никитюк «Воин, будь сильным» М.-2005г.

3. В.Б.Спекторов «Военно- спортивные игры» М.-2015г.

4. П.Д. Лукашов «Военно- спортивные игры школьников на местности» М.-2008г.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 682 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1032 - | 878 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.