Лекции.Орг


Поиск:




Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары




 

Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалы саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрлымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес админстрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канада да бизнесті дамытудың федералды банк арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992ж 4-ші шілдеде қабылданған. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында елімізде ҚР Президенттінің бастамасымен 5 заң заңды күші бар 7 қаулысы, бірнеше бағдаламалар қабылданды (шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002жж арналған бағдарламалар). Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күні мемлекетіміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұрғыдағы негізгі мақсат – шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.

Бүгінде, ҚР-нің аса назар аударып жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаумен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемалардың мүмкінігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет:

Біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу;

Екіншіден, кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;

Үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;

Төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік обьектілерінің тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.

Сондықтан бұл мәселе тіпті ҚР-дің Президентінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: мұндай экномикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты - оны даыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдықтар:

- мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы;

- несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;

- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту;

Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіп отыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында елімізде 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекетік бағдарламасы қабылданған (07.05.01ж.). Бұл бағдарлама шағын бизнесті қабылдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі ҚР-ның Агенттігі негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамасыз етуінің белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру.

Бағдарламаның негізгі бағыттарына:

- шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында құрылған инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін көтеру;

- шағын кәсіпкерлікті қолдау саясатының қаржылай несие және инвестициялық механизмдерін дамыту;

- шағынкәсіпкерлікті кадрлық, ғылыми-методикалық жәнеақпараттық қамтамасыз ету;

- шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту;

Бұл бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 22% -ке дейін өседі деп болжам жасайды.

ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларарының бірі «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы». ҚР-ның Президентінің жарлығы (06.03.97 ж). Бұл жарлық бойынша:

- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті: (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген);

- «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және басқа заңдар қабылданды;

- мемлекеттік тексеруші органдар саны азйтылды;

- шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылды;

- екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субьектілеріне минималды көлеміне несиелендіру бекітілді.(банктің несиелік портфелінің неізгі қаражаттарының / қарызының 10% кем емес мөлшерде);

Сонымен қатар, Қазақстандағы шгағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлкеттік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті болып табылады. Оның құрамында екі сараптау кеңесі құрылған:

Біріншісі – нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кәсіпкерлік құрылымын өкілдерінен;

Екіншісі – кәсіпкерлік қызметі жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық, министрлік өкілдерімен;

Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлкет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретіндегі заңдар мен құқықтық – нормативтік құжаттар мен қатар қаржылай, салықтық, инветициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Ақша несие саясатын ынталандырудың кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуына ықпалы өте маңызды. Шағын кәсіпкерліктідамыту мен қолдау туралы мәселе қозғалғанда несие мәселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі. Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі қырықтан астам банктердің несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу жүйесі жүзеге асырыған. Мысалы, «Казкоммерцбанк» жеке тұлғаларға 500 доллардан жоғары көлемде және мерзімі 12 айдан асатын уақытқа белігілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Еуропалық Қайта құрумен Даму Банкі Қазақстан Републикасының шағын бизнесі қолдау қорымен бірлесе отырып шағын бизенсті несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпорындарға орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету.

Несиелік линия көлемі 775млн. долл. Сонымен қатар, несиенің үш түрін беруді ұсынады:

1) mikro (10 мың доллорға дейін) – бұл теңгемен шетел валютасымен беріледі; 12 айға дейін беріледі;

2) large – mikro (10 нан 30 мың долларға дейін) – шетел валютасымен 12 айға дейін, теңгемен 18 айға дейін беріледі;

Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыстар атқарады: «БанкЦентрКредит», «Казкоммерцбанк», «ТуранАлемБанк», тағы басқа.

Жалпы шағын кәсіпорындарға несие берушілердің:

- 37%-ті коммерциялық банктер;

- 21%-жеке қарыз берушілер (достары, туыстары);

- 18% Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау қоры;

- 12% Ұлттық Банк қаражаттары құрайды;

1998-99жж облыс бойынша 3750 адам 119,6 млн. теңге саласында микронесиелер алған. Сол сияқты әр облыстар мен қалада тиісінше кәсіпкерлерді қаржылық қолдау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты нарықтық экономикадағы сектордың негізгі бөлігі болып келетін жеке меншік кәсіпкерлік қызметінің мемлекеттік тиімді кірісуін қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздегі кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін оған қолайлы жағдай тұғызып, ынталандыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Ол үшін мемлкет тарапынан тиісті іс шаралар, әртүрлі бағдарламалар мен реформалардың кәсіпкерлік қызметінің бағыттарының жандануына ықпал етуі тиіс. Соның бір дәлелінің бірі ретінде – шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ынталандыруға бағытталған несиелендіру бағдарламасының ұйымдары қалыптасуда: «Кәсіпкерлерге қызмет ететін Қазақстандық Қор» қоғамдық ұйым. Бұл қор 1999 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде және ауылшарушылығын несиелендіру жүйесі шеңберінде пайда болған ұйым. Қордың негізгі қызметінің мәні микронесиелер беру арқылы фермерлік шаруашылықтарға қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

 

 

Орытынды

 

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 % құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің 70 % оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстардың жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді.

Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.

Алакөл ауданында кәсіпкерлікті жүйелі түрде жүргізіп, оны одан әрі өркендету үшін 2008 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалды. Осы бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамда халықтың орташа тобын қалыптастыру жолында жұмыс жасалуда.

Азаматтар жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел қол жеткізеді. Соның нәтижесінде 2009 жылы ауданда 9 дүкен, 1 қонақ үй, 1 сауда үйі, 2 мейрамхана, 2 монша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Шағын кәсіпкерлік саласындағылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. 2008 жылы шағын бизнеспен 13551 адам айналысса, бұл көрсеткіш былтыр 16315 адамға жетті. Соған байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемін айтарлықтай арттырды. Атап айтқанда, 2008 жылы 598,5 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2010 жылы бұл нәтиже 1 млрд.218 млн. 375 мың теңгені құрады. Бұл жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдай. Дағдарысты толық еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түскен кезде шағын бизнестің болашағы айтарлықтай болатыны күмәнсіз.

Дегенмен, табыс өздігінен келген жоқ. Осы орайда, салық комитеті, басқа да мекемелермен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге, әсіресе, жұмысын жаңа бастаған адамдарға нарықтың талаптары мен ерекшеліктерін, салық төлеудегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, бизнесті дамытудың жаңа жолдары туралы жиі-жиі сабақ өткізіп, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруы өз нәтижесін беруде. Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі жөнінде екінші деңгейлі банктермен бірлесе жұмыс жасауда.

Бүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғына тұрып, көпшілігі бизнесін шыр айналдырып әкетті. Бұл ретте несие беретін ұйымдар мен банктердің ауыл адамдарына көмегі айтарлықтай.

2010ж екінші деңгейдегі банктерден 50 кәсіпкер 190 млн.теңге несие алды. Шағын несиелік ұйымдар 15 адамға 20 млн.теңге несие берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауданда 19 жобаға 25 млн.теңге, 13 кәсіпкерге 21 млн., 7 мемлекеттік емес ұйымға 10 млн.теңге несие берді.

Істің ілгері басуына оң ықпал ететін факторлардың бірі – инвестиция тарту. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 2010 жылы 270 млн.512 мың теңге инвестиция тартылды.

«Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» қорлар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірлесе отырып ұйымдастырған «Кәсіпкерлік экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады және куәліктер табыс етілуде.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында Қытайдағы «Достық–Алшаңқай» орталық сауда кешеніне күнбе-күн визасыз кіріп-шығу мәселесі қарастырылып, ол шешімін тапты. 2009 жылы 23 желтоқсанда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі ашылды. Бүгінде ауданда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі бойынша «Достық-тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсетеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»

2. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы»

3. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»

4. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері»

5. www.group-global.org





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4374 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

820 - | 677 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.