Лекции.Орг


Поиск:




Көркем шығармадағы психологизм мәселесі




Жалпы дүние жүзінде психологизм ұғымына баса назар аударған ғалымдар өте көп болды. Оның ішінде, кеңес дәуірінде А.Н.Леонтьев – іс-әрекет, сана, тұлға, психологиядағы іс-әрекет мәселесіне тоқталса, С.Л.Рубинштейн – әрекет, әрекет пен қозғалыс, әрекет және дағды мәселесіне тоқталды. Л.С.Выготский психологиядағы сана әрекетін назарға алды.

Психологияны зерттеп жүрген бұл психологтар еңбегі көркем шығармадағы психологизмнің ашылуына көптеп мүмкіндік беретіні сөзсіз ақ. Біз қазақ әдебиетінде кездесетін психологиялық аспектілерді осы психологтардың еңбегіне сүйеніп зерттейтініміз даусыз. Көркем шығармада кездесетін іс-әрекет, эмоциялар, мотивация, ситуация, түс көру, әуестік, сағыну, аңсау т.б психологиялық іс-әрекеттер жүйелі түрде зерттелген десек қателеспеген болар едік. Осы еңбектер әдебиеттегі психологиялық аспектілерді ашуға жол ашады десе де болады.

М.Горький, Ш.Айтматов, М.Әуезов, Э.Хемингуей, Т.Драйзер т.б жазушылар шығарманы сөз өрнегімен өрнектеп, психологиялық аспектілерді ұтымды қолдану нәтижесінде шыңға шығара білді.

Орыс әдебиетінде психологиялық аспектілерді зерттеу ісі өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастау алады десек қателеспеген болар едік. Бұл кезде 1970 жылы Ленинград қаласынан жарық көрген «Проблема психологизма в советской литературе», 1983 жылы Мәскеу қаласынан шыққан «Проблема психологического анализа в литературе», Гинзбург «О психологической прозе», «О литературном герое», А.Есина «Психологизм русской классической литературы». Бұл еңбектер көркем шығармадағы психологиялық аспектілердің негізгі жүйелері мен әдісін, компоненттерін көрсете білді. Ал қазақ әдебиетіндегі психологиялық аспектілерді зерттеп кеткен: З.Ахметов, З.Қабдолов, Е.Ысмайылов, Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б ғалымдарымыз болды. Бұл ғалымдардың еңбектерінен қазақ әдебиетінде кездесетін түрлі психологиялық аспектілерді байқауымызға болады. Мәселен, Бақытжан Майтанұлының «Қазақ романы және психологиялық талдау» деп аталатын еңбегінде қазақ жазушыларының шығармалары ұтымды түрде талданып кеткен. Ғалым бұл еңбегінде әрекет кеңістігі, дәстүр және шеберлік, жан сырын талдау, жаңашыл арна, тарихи сана иірімдері, мүсіндеу өнері, нақты әлем және оны қабылдау, диалогтағы сезім шынайылығы, ішкі монолог мәселелерін талдап, анықтап көрсетіп кетті. Бұл ғалымның психологизм әдісін зерттеп жүрген ғалымдарымыздың бірі болғандықтан, «Психологизм художественной литературе» еңбегінде де психологиялық параллелизм, пейзаж, монолог, т.б мәселелер қозғалғаны даусыз. Бертін келе Ержанова Гүлдарияның Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм еңбегі 1994 жылы жарық көрді. Бұл еңбекте негізінен психологизм түрлері, пайда болу кезеңдері жақсы көрсетілген. Сонымен қатар, Пірәлиева Гүлзияның «Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм», «Ішкі монологтың кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік қызметі» деп аталатын еңбектері жарық көргені бәрімізге белгілі. Бұл еңбектерде психологиялық аспектілер шығарма барысында талданып, жүйеленіп көрсетілген. Қ.Әшірбекованың «Қазақ романындағы адам мен табиғат байланысының көрінісі» деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте романдарда кездесетін психологиялық параллелизм әдісі жақсы зерттелген десе де болады. Әрине табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Адам табиғаттың бір бөлігі ғана. Осыны ғалым осы еңбегінде нақты ашып көрсете білген.

Қазақ әдебиетінің бастауы болып саналатын Орхон Енисей жазба ескерткіштерінде психологиялық аспектілер көрінеді. Бірақ бұл ескерткіштердегі психологиялық күйлер халық ауыз әдебиетінде кездесетін ертегідегі психологиялық күйлер сияқты, тереңнен ашылған жоқ. Тек, адам қуанса қуанды, жыласа жылады деп қана қойды. Одан тереңін ашып көрсете білген жоқ. Психологизм ұғымы әдебиеттің дамуынан пайда болған ұғымдардың бірі десек қателеспеген болар едік. Біз әдебиеттегі психологиялық аспектілердің қалай және қай дәуірде пайда болғандығын айқындаймыз. Психологияның пайда болуын қарастырмаймыз, бұл психология ғылымының еншісінде болып табылады. Яғни, мұнда да аспектінің екі түрін байқай аламыз қайғыру мен қуану аспектілері..

Біздің зерттеп отырған жұмысымыз – көркем шығармадағы психологизм ұғымы болғандықтан, көптеген дастандарды емес, бір ғана Бозжігіт дастанынан психологиялық аспектілерді тауып көрейік.

«Бір түнде ұйықтап бір түс көреді,

Алдында сұлу, жақсы қыз көреді.

О дағы бір патшаның жалғызы екен,

Бір жалғызға бір жалғыз дос болады»

Байқап отырсақ, бұл жерден түс көру құбылысын аңғарып отырмыз. Егер де бұл дастанды толық оқитын болсақ, түс көру мен қатар жалғыздық ұғымы да қатар жүретінін аңғарамыз. Сонымен қатар, бұл дастанда аңсау, сағыну, қалау, тілеу сияқты психологиялық аспектілерді де байқауымызға болады екен. Ал Ләйлі-Мәжнүн датаны да осындай лиризмге толы. Ләйлінің табиғатпен сырласуы, аңсауы, сағынуы психологиялық аспектілер қатарына жататын ұғымдар болып табылады екен. Бұл ұғымды психологиялық параллелизм деп айтсақ, қателеспеген болар едік.

Жыраулар поэзиясының шығармаларынан да жан туралы мәселе бойынша сөз қозғағандығын аңғара аламыз. Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар т.б жыраулар шығармашылығынан да жан мәселесіне сөз қозғағанын аңғара аламыз.

Бұл ұғым көптеген зерттеушілердің пікірінше бірден қалыптаса қойған жоқ. Қазақ әдебиетіне бұл ұғым даусыз ақ, ХХ ғасырдың басында көзге айқын көріне бастады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл ұғымға қазақ әдебиетінде назар аударғандар: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев т.б.

Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетіндегі психологизм ұғымының қай кезде пайда болғандығын, қай кезде нақты ғылым саласы болып қалыптасқанын айтып кеттік.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1605 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

756 - | 697 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.