Лекции.Орг


Поиск:




Жартылай өткізгіштер. ЖӨ меншікті өткізгіштігі. Фотокедергі.




Жартылай өткізгіштер изолятормен өткізгіштер арасында жатады. Алайда оған тән қасиет өткізгіштің температураға байланысты байланыстылығы, температура өскенде тез өседі, ал металды алсақ кемиді. ЖӨ меншікті ж/е қоспа болып екіге бөлінеді. Меншікті ЖӨ қатарына химиялық таза жартылай өткізгіштер жатады. Ал қоспасында табиғи түрде басқа атомдарды еңгізеді. ЖӨ-ң электрлік қасиетін қарастырғанда “кемтік” деген түсініктің маңызы зор. Температурасы жоғарылаған жағдайда, валенттік зонадағы электрондар өткізгіштік зонаға өтеді, бос қалған орынға басқа эл-р ие болады. Бұл валенттік зонадағы эл-дардың қозғалысын оң таңбалы заряды бар квазибөлшек ретінде қарастырып, бөлшекті “кемтік” деп атайды.

ЖӨ-ң меншікті өткізгіштігі. Меншікті өткізгіштік эл-дардың жоғары валенттік зонадағы деңгейден өткізгіш зонасына өтуімен сипатталады. Валенттік зонадағы бос қалған орынды кемтіктер өткізгіштігі деп атайды. Сондықтан меншікті өткізгіште (электроды мен кемтіктер) тоқ тасымалдайтын бөлшектер электрондар мен кемтіктер. Сыртқы өріс болмағанда бұл бөлшектер ретсіз қозғалыста болып тоқ туғызбайды. Егер сыртқы электр өрісімен әсер етсек эл-дар өрісіне қарсы, ал кемтіктер өріс бағытымен қозғалып топ туғызады. ЖӨ-р тобына Менделеев жүйесіндегі IV,V,VI тобына -Ge,Si,Te,Se сияқты элементтер ж/е окистер, сонымен қатар осылардың қорытпалары жатады. Өткізгіш зонасындағы электрондардың концентрациясы , егер деп белгілесек интеграл мәні осы сияқты кемтіктер концентрациясы Меншікті жартылау өткізгіштігіне өткізгіш зонасына өткен электрон валентті зонада кемтік қалдырады, олай болса электрондар мен кемтіктер концентрациясы тең . Жалпы концентрациясы мәндерін қойсақ , екенін ескерсек мұндағы рұқсат етілмеген зонаның ені. ЖӨ-ң меншікті өткізгіштігі мұндағы – электронмен кемтіктің қозғалғыштығы. Қозғалыстың
ал сондықтан немесе Берілген формуладан өткізгіштік температура б-ша экспонент заңымен өзгереді. Температура өскенде жылдам өседі. Егер -ның бойынша графигін сызсақ түзу аламыз. Ферми деңгейін мәндерін теңестіру арқ табамыз бұдан Екінші мүшесінің мәні өте аз, оны ескермесек ж/е Т=0 жағдайында . Ферми деңгейі рұқсат етілмеген зонаның жартысында жатады.

Жылулық сәуле шығару. Планк формуласы. Кирхгоф заңы.

Денелердің қыздырған кезде жарық шығаруын температуралық жарық немесе жылулық сәулелену д.а. Жылулық сәулеленудің тепе-теңдік сипатын дененің сәуле шығару нәтижесінде энергиясы қанша кемісе, өзі жұтқан сәулелік энергия мөлшері де сондай болумен түсіндіруге болады. Сөйтіп, жылулық сәулелену 3 тепе-теңдік күй өзінен-өзі орнауы керек. Сондадене не аз, не көп энергия жұтқан жағдайларда шығарылатын сәуле интенсивтігі күшеюі немесе бәсеңдеуі нәтижесінде жүйе қайтадан бұрынғы күйіне оралады да, тепе-теңдік орнықты болады. Дененің бетінен бірлік уақытта шығарылатын сәулелік энергия мөлшері дененің сәуле шығарғыштық қабілеті немесе энергетикалық жарқыраушысы д.а. Егер дененің сәуле шығарғыштық қабілеті () спектрлік аралықтың бір алқабына есептелінсе, оны дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті деп атайды. Сөйтіп дененің сәуле шығарғыштық қабілеті мынаған тең: Егер дене мөлдір болмаса, онда дене бетіне түскен сәулелік энергияның біраз бөлігі жұтылады. Осы жұтылған энергияның түскен энергияға қатынасы дененің сәуле жұтқыштық қабілеті д.а. Демек, бұл шама түскен сәулелік энергияның қандай бөлігі жұтылғанын көрсетеді. Сонда толқындар ұзындығы λ және λ+dλ аралығында сәулелер энергиясының белгілі температурада дененің беті жұтқан бөлігін көрсететін шама дененің спектрлік сәуле жұтқыштық қабілеті д.а. Егер дене бетіне түскен сәулелік энергияны талғамай толық жұтатын болса, онда ондай дене абсолют қара дене д.а. Осындай дененің сәуле жұтқыштық қабілеті бірге тең (). Ал абсолют қара дененің толық сәуле шығарғыштық қабілетін алдағы формула арұылы табуға болады. Ондағы абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті, ол сәуле толқын ұзындығы λ мен температура Т-ға тәуелді болады, яғни . Неміс ғылымы Кирхгоф 1895 жылы термодинамика заңдарына сүйеніп, дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің сәуле жұтқыштық қабілетіне қатынасы дененің табиғатына байланысты болмай, барлық денелерге бірдей, сәуленің толқын ұзындығы (λ) мен температурасына тәуелді әмбебап ф-я болады деген қорытынды жасады, яғни: . Осы қағида Кирхгоф заңы д.а.

Планктың кванттық болжамы-жарық үздік-үздік, белгілі бір мөлшерде энергия порциялары н/се энергия кванттары түрінде шығарылады(жұтылады) ж/е энергия квант тербеліс жиілігіне пропорционал мұндағы һ-6,62 1 Джс-Планк тұрақтысы. Сәулелену энергиясы квантталғандықтан, сәуле шығаратын осциллятор(атомдар) энергиялары квантталған деген сөз. Статистика заңдарын қолдана отырып кванттық осциллятордың орташа энергиясын қорытып шығарайық. Классикалық физикада энергияның мәні үздіксіз болғандықтан, орташа мәнін іздегенде интегралдық, ал кванттық физикада энергияның мәндері дикрентті болғандықтан, дикрентті деңгейдегі энергияның қосындысын аламыз. ˂ ˃= геометриялық прогрессияның қосындысын береді. Онда ˂ ˃= мұнда Олай болса ˂ ˃= Абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің толқын жиілігі мен температураға тәуелдігі былай жазылады: ˂ ˃= Бұл Планк формуласы. Берілген формула толқын жиілігінің 0-ден -ке дейінгі аралықта тәжірибе нәтижесімен сәйкес келеді. Планк формуласының физикалық мағынасы. Планк формуласына энергия тығыздығы жиіліктің кіші ж/е үлкен мәндерінде нөлге ұмтылады ж/е дененің температурасы өскен кезде энергия максимумы жиіліктің өсу жағына ұмтылады. Бұлай болу себебі Планк формуласы екі көбейткіштен тұрады ж/е . Бірінші моданың(тұрғын толқындар) санын, ал екіншісі олардың пайда болу ықтималдығын береді. Кіші жиілікте моданың саны нөлге ұмтылады (өте аз), ал үлкен жиілікте моданың пайда болу ықтималдығы нөлге ұмтылады.Сондықтан бір жиілікте максимумға ие болады. Максимумның температураға байланысты ығысуы мынада: температура жоғарлан сайын моданың пайда болу ықтималдығы артады, жоғарғы температурада үлкен жиілікті модалар пайда болады. Моданың пайда болуы Планк формуласының екінші мүшесі температура артқанда жиілікте артып экспонент мүшесі өзгермейді, ал өседі, олай болса максимум жиіліктің өсу жағына ығысады. Планк формуласы жылулық жарық шығарудың негізгі заңы болып табылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1249 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

747 - | 705 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.