Лекции.Орг


Поиск:




Шағын – ЖЭО қауіпсіздік техникасы және өрт профилактикасы

 

10.1. Қазандықтарды пайдаланып қызмет көрсететін ұйымдар туралы негізгі мәлімдемелер.

Қазандықтарды пайдалану ұйымдарының негізгі принциптері мынаған негізделеді, яғни қондырғының сенімді, үнемді және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету.

Ол үшін қажеттілері:

- қазандыққа қызмет көрсетілуін үйретілген қызметкерге тапсыру және оның біліктілігін көтеру;

- қызмет көрсетуші қызметкерді «қазандықтағы қондырғыға қызмет көрсету бойынша өндірістік нұсқамамен» және басқа да қызметтік нұсқалармен қамтамасыз ету;

- қазандықтың барлық қондырғыларының тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыру, техникалық есеп жүйесін, есептілікті және жұмысты жоспарлауды құру;

- барлық қондырғыларды, электр энергиясының, жылудың және отынның сақталуы үшін басқада амалдарды пайдалану және қыздырудың ыстық беттерінің жылулық оқшауламасын ұстай отырып, аса үнемді режімде дұрыс пайдалану;

- қосымша, жөндеу материалдарының және запастағы бөліктердің қажетті мөлшеріне ие бола отырып, қазандықтың барлық қондырғыларына күрделі мен ескертулі-жоспарлы жөндеулердің жылдық графиктерін құру және нақты орындау;

- жұмыстық қондырғының жөнделген жағдайына тұрақты бақылауды жүргізу және өз уақытында ақауларды жөндеу.

 

 

10.2. Қазандық операторының құқығы мен міндеттері.

 

Қазандыққа рұқсат етілген қызмет көрсетуінің тәртібі.

Қазандық агрегатынына қызмет көрсетуге, медециналық бақылаудан өткен, операторлар үшін бекітілген бағдарламамен оқытылған және осы бағдарлама бойынша емтиханды тапсырғандығы туралы оқу-курстық комбинаттың білікті комиссиясынан сәйкес келетін куәлікке ие болған, және жұмыс орнында тағылымдамадан және еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өткен, 18 жастан жас емес тұлғалар жіберілуі мүмкін.

Операторлардың білімі жылына бір реттен кем емес тексеріледі.

Қазандық операторының білуі керек:

- өзі жұмыс жасайтын, барлық қосымша қондырғылар мен қазандықты агрегаттарының жұмысы және тұрғызылуы;

- газ құбырларының сұлбалары (мазут құбыры);

- газбен жанатын аспаптардың құрылымдары және оларды реттеудің шектеулері;

- газды (сұйық) отындағы қазандықтың агрегаттарын қауіпсіз қолданудың ережесі және қазандықтағы қосымша қондырғылар;

- нұсқамалар:

а) қондырғыны өндірістік қолдануы бойынша;

б) өртке қарсы;

в) апаттарды болдырмау және ескерту бойынша.

Сонымен қатар, қызметкер кімге бағынышты екендігін, кімнің бұйрықтарын орындауы тиіс екендігін, апаттарды мен ақауларды, келесеңсіз жағдайлар мен өрт туралы кімге хабарлау қажеттігін білуі тиіс.

Қазандықтың операторы істей алуы керек:

- қазандықтың газды және жылу техникалық қондырғыларын, қазандықдың агрегаттарына қызмет көрсетуін және олардың дұрыстығын бақылап отыру;

- жылу механикалық қондырғылар мен қазандық агрегаттарының жұмыс әзірлеу;

- газ қондырғысын жұмысқа әзірлеу;

- газ оттығын қосу және олардың жұмысына қажетті режімді ұстап тұру;

- жылыту жүйелерін әзірлеу, резервті қоректенетін және айналатын сорғылардың кемшілігінің түзелгендігін тексеру;

- көрсету құралдарына және бу қазандықтарына суды үрлеп тазалауды жүргізу, ескертуші қақпақшалар және манометрлерді тексеру;

- пешті, газ ағымды және қақ пен күйеден қыздырудың жоғарғы беттерін тазалау;

- қондырғылармен жұмыс кезіндегі ақаулар мен мүмкін болатын апаттарды ескерту, ал егерде олар болған жағдайларда оларды болдырмау үшін тез арада шараларды қолдану;

- оттықтар мен газ қондырғыларын өшіру, сонымен қатар өндірістік нұсқамаға сәйкес апаттық және жоспарлық тәртіпте қазандықты тоқтату;

- үнемді түрде отынды, электр энергиясын және суды шығындау;

- құралдар мен аспаптарды ұқыпты ұстау;

- қауіпсіздік және реттеу автоматикасының құралдарын және БӨҚ пайдалану, олардың кемшілігінің түзелгендігін тексеру;

- жұмыс орнында болатын техникалық құжаттарды қолдану, пайдаланылатын құжаттарды жүргізу;

- өз бетінше аса үлкен емес жөндеу жұмыстарын жүргізу (тығыздаманы толтыру, төсемелерді ауыстыру, оқшауламаның басқа жерлерін жөндеу, қалау және т.б.);

- залал шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету.

Кезекшілікте болатын, қазандықтың операторына тыйым салынады:

- қазандықтың жұмыс істеуі кезінде, өндірістік нұсқамамен қарастырылмаған, кез келген басқа да жұмыстарды орындауға;

- жұмыс істеп тұрған қазандықтарды тіпті қысқа уақытқа бақылаусыз қалдыруға немесе бұл құқыққа ие емес адамдарға бақылауды тапсыруға.

Газды жіберу толықтай аяқталған кезде және бу қазандығында будың қысымы нөлге дейін жеткен жағдайда қазандықты адамның бақылауынсыз қалдыруға болады.

Қазандықтың қондырғыларын пайдалану кезінде қызмет көрсетуші жұмысшы қазандықтардың режімдік картамен және өндірістік нұсқамамен басшылық етуі керек. Осы құжаттар құбыр желілерінің оперативті сұлбасының қосымшаларымен жұмыс орнында ілінетін болады.

Қазандықтарда сағаттар мен телефон болуы тиіс.

Қазандыққа басқа адамдар кіргізілмеуі керек. Тиісті жағдайларда олар әкімшіліктен рұқсаттама алады және оның өкілімен бірге алып жүріледі

 

10.3. Ауысымды қабылдау және беру. Қазандықтың режімдік картасы.

 

Қазандықтағы операторлардың кезекшелігі графикке сәйкес жүргізіледі. Ауысымды қабылдау кезінде оператор жұмыс орнына уақытынан бұрын (10 ÷ 15 мин. бұрын) келуі керек, алдың үш ауысымда журналдағы жазбаларды ексеруі, негізгі және қосымша қондырғыны пайдаланудағы өзгерістермен, ақаулар мен және жөнделмегендермен танысуы керек.

Ауысымды тапсыратын оператор, кезекші алмастырушыға қондырғының жұмыс режімімен және жағдайымен, қазандықтардың жүктемесімен, жөндеуде және резервте тұрған, қондырғымен таныстыруы, және қандай жұмыстар жүргізілгендігі туралы ақпарат беруі және тағы да нені істеу керек екендігін айтуы тиіс.

Ауысымды қабылдап алатын оператор, тексеруі қажеттілер:

- жарықтандырудың жөнделгендігін (апаттық және жарылысқа қауіпсіз орындауда);

- суды дайындау жұмысын және деаэратордағы судың деңгейін;

- жұмыстық қазандықтардағыдай, резервте және жөндеуде тұрған, ажырататын құралдардың жағдайы және күйі;

- таратқыш газ құбырларының және қазандықтардың алдында газ құбырларында газдың шығуының болмауы;

- су көрсеткіш құрылғылары және олардың жұмысының дұрыстығы (үрлеу амалымен) бойынша бу қазандықтарындағы судың деңгейі;

- манометр бойынша қазандықтағы будың қысымы, оның жөнделуі және бітемелерінің болуы;

- қопару амалы бойынша сақтандырғыш қақпақтардың әрекетінің сенімділігі, бақылаушы қақпақта бітеудің немесе құлыптың болуы;

- қазандықты жағуды қарайтын терезе арқылы көрінген, қыздыру бетінің жағдайы; булану, сорғылау, адырақтар және т.с.с. жоқ екендігін көру;

- айналмалы және резервті қоректендіретін сорғылардың жөнделуі (қысқа мерзімге сөндіру амалымен);

- газды жанарғылардың жұмысы (қажет болған жағдайда жануды ретке келтіру);

- қазандықтың пешінде күштің болуы;

- ауыр үрленетін құралдардың жұмысы және жағдайы, майлы ванналарда майдың температурасы мен деңгейіне, мойынтіректердің қызуына және үрлегіш желдеткіштерді және жұмыс істейтін түтін сорғыларда шу мен дүбірдің болуына назар аудару.

Ауысымды қабылдау және тапсыру, ауысымдық журналда тексерістің нәтижелерін көрсетумен рәсімделеді, және қабылдаушы мен тапсырушының және ауысымды тапсырушының қолымен куәландырылады. Бірінші қабылдаушының, содан кейін ауысымды тапсырушының қолы қойылады.

Қазандықтың апатын жою кезінде ауысымды қабылдауға немесе тапсыруға тыйым салынады.

 

Карталық режімдер.

Қазандықтардың жұмыстық режімімінің картасы жүргізіліп отырған жылу техникалық сынақтардың нәтижесі бойынша жөндейтін ұйымдар жасайды.

Олар өнімділіктің тиісті диапазондарында қауіпсіз және үнемді жұмысты қамтамасыз ететін сақталымдарда болатын параметрлердің мәндерін сыйғыза алады. Сынақтамалар үш жылда бірден кем емес жүргізіліп отырылуы керек.

Режімдік карта қазандықтың 30 %, 50 %, 75 % және 100 % өнімділігінде құрылады және қазандықтың жұмысы өзгерген кезде сәйкесінше қолданушы жұмыскер оның өнімділігін реттейтін, негізгі оперативті құжат болып табылады. Қазандықтағы әрбір қазандарда, өндірістің бас инженерімен бекітілген және жөндеуші ұйымның өкілімен қол қойылған, оның құрылу күні көрсетілген режімдік картаның көшірме нұсқасы болуы керек.

 

10.4. Қазандықты жағуға дайындау.

 

Қазандықты жақпастан бұрын оператордың мұқият тексеруі қажеттілердің тізімі:

а) қазандықты жағу туралы қазандық бастығының бұйрығы, ондағы жағудың уақыты, қазандықтың толтырылуы қажет болатын, судың температурасы, сонымен бірге жағудың ұзақтылығы көрсетілген болуы керек;

б) пештердің және газағымының, толтырылған және реттеуші құралдардың түзетілуі;

в) желдеткіштің, түтінсорғының, қоректенуші құралдардың, гарнитурдың, темір арқаудың және бақылаушы-өлшеуіш құралдардың жөнделуі;

г) газ тәріздес (сұйық) отынды жағу үшін қондырғының жөнделуі;

д) төменгі жұмыстық деңгейді белгілеу кезінде қазандықты сумен толтыру.

Ауаны жібере отырып, толтыруларды жүргізу;

е)) қазандықта судың деңгейін ұстап тұру, оны өткізу темір арқаулармен, ернемек люктері арқылы жүргізілу керек;

и) қоректенетін, үрленетін және түсірмелі желілерде, бу және газ өткізгіштеріндегі сақтандырғыш қақпақтарға дейін немесе кейін бітеуіштердің жоқ екендігін тексеру;

ж) пештерде және газағымдарда адамдардың немесе басқа заттардың болмауы;

з) мазутты форсункалардың немесе газды жанарғылардың жұмыс істеуі үшін отынның тиісті қысымының болуы

Тікелей қазандықтарды тұтандырудан бұрын газағындарды және пештерді 10 ÷ 15 мин аралығында мұқият түрде желдендіріп алынуы тиіс..

Газ сияқты отында жұмыс істейтін қазандықтардың газағыны мен пештерін желдету үшін түтін сорғыны қосқанға дейін, түтін сорғының сыртына ротордың жанасып тұрмағандығына көз жеткізуіміз керек, сондықтан да ротор қолмен бұралып бекітіледі.

Газда жұмыс атқару кезінде, қазандықтың тұтануынан бұрын тиістілер;

- газ құбырының және оған орнатылған темір арқаудың (газ құбырларындағы барлық ілмекті темір арқаулар жабық, ал үрленетін «білтелер» - ашық болуы тиіс) түзетілгендігін қадағалау;

- газ құбырын, қазандықтағы газ құбыры тарамдарындағы жапқышты біртіндеп ашып, үрленетін «білте» арқылы үрлеу, үрленіп біткеннен кейін «білтені» жабу;

- темір арқауда, газды қондырғыларында және газ құбырларында газдың шығып жатпағандығына көз жеткізу;

- оттықтан бұрын газ бен ауа қысымының жоқ екендігін манометр арқылы бақылау;

- 1 ÷ 1,5 мм. су.бағ. деңгейінде пештің жоғарғы жағына минималды сиретілуді қондырып, тұтанатын қазандықтың күшін ретке келтіру.

Сұйық отында жұмыс атқаратын, қазандықты жағудан бұрын, отынның температурасын нұсқамамен орнатылған шамаға келтіріп алу қажет.

Форсункаларда булы желіні жылыту қажет.

10.5. Газ тәріздес және сұйық отынды жағу кезіндегі қазандардың жағылуы

 

Қазандар әлсіз отта, азайтылған күш кезінде, жабық бу желдетуінде және ашық сақтандырғыштық қақпақшада немесе ауаны шығаруға арналған желдеткіште әкімшілік орнатқан уақыт аралығында жағылады. Қазандықты жағу кезінде оның құрамдас бөліктерінің бірқалыпты жағылуын қамтамасыз ету керек, егер қазандардың төменгі барабанында суды қыздыруға арналған құрылғы болса, онда оны іске қосады.

 

 

Газдық оттықтарды жағу

Газдық оттықтарды жағылуын келесі реттілікте жүргізу ұсынылады:

- пешке (люк арқылы) газ шығарғыш саңылауларға жағылған оттықтарды енгізу;

- оттық алдында жұмыстық кранды (ысырманы) баяу ашу арқылы газ беру және осы газдың жағылуын бақылау керек;

- оттықта газ қысымын орнату (режимдік карта бойынша 30%);

- жануды түсі және алаудың сипаты бойынша (ауаның берілуі және ажыратылуды реттеу арқылы) реттеу;

- тұрақты алауды алғаннан кейін жаққышты сөндіру керек және пештен шығару керек.

Егер жағу кезінде жаққыш алауы немесе оттық сөнетін болса, онда газдың оттыққа берілісін бірден тоқтату керек, оттықты сөндіріп және пештен шығару керек, орынды және газ жолдарын 10-15мин аралығында желдету керек. Тек осы шарадан кейін ғана оттықтың жағуына кірісуге болады.

Қазандықта бірнеше оттықтың болуы кезінде, олардың тұтанылуы іс жүзінде келесі реттілікпен яғни пеште температуралық қателіктерді жасамау мақсатында орындалады.

 

Егер қазандықтың жағылуы кезінде оттықтың барлығы немесе бір бөлігі сөнетін болса, онда дереу оларға газдың берілуін тоқтату керек, жаққышты сөндіру керек және пештен шығару міндеттеледі, газ орны және газ жолдарын 10-15мин аралығында желдету керек. Тек осыдан кейін ғана оттықтың жағуына кірісуге болады.

 

10.6. Қазанды жұмысқа қосу

Қазанды жұмысқа қосу алдында орындалуы керек:

а) сақтандырғыш қақпақшаларының әрекетінің дұрыстығын, су көрсеткіш аспаптарды, манометрді және қоректік сорғыларды тексеру;

б) қауіпсіздік автоматикасын, реттелулерді және сигнал беруді тексеру және іске қосу;

в) қазан үрлеуі.

Жұмысқа ақауы бар арматурасы, қоректік құрылғалар, қауіпсіздік автоматикасы және апатқа қарсы қорғаныс және белгі беру құрылғыларын қосуға тыйым салынады.

Қазанның жалпы қазандық бу коллекторына қосылуы толыққанды қызыдырылу және коллектордың үрленуінен кейін баяу жүргізілуі керек. Қыздыру кезінде конденсатты шығару үшін дренаждық желіде вентильді ашу қажет. Негізгі булық вентильді бәсең ашу және 50 % артық емес. Бу құбыры қызған кезінде, басты бу вентилін толықтай ашу керек.

Қыздыру кезінде коллектордың, оның тіректерінің ақаусыздығына тексеру, және сонымен қатар, оның бірқалыпты кеңейтілуін тексеру. Дірілдің пайда болуы кезінде немесе жылдам соққылар кезінде қыздыруды белгілі бір дефекттерді анықтағанға дейін тоқтату керек.

Қазанның әрекеттегі бу коллекторына қосылуы кезінде қазандағы қысым әрекеттегі бу құбырының қысымына тең болуы керек немесе 0,5 кгс/см2 бу құбырындағы қысымнан аз болуы керек, бұл кезде пештегі жануды азайту керек. Егер бу коллекторында қозғалулар немесе гидравликалық соққылар пайда болуы кезінде қазанның іске қосылуын тез арада тоқтату керек және жалпы қазандық бу коллекторының үрлеуін арттыру керек.

Жағудың басталу уақыты, және қазанның жұмысқа қосылуы ауысымдық журналға жазылады.

 

 

10.7. Жұмыс істеу кезінде қазандарға қызмет көрсетілуі

Кезекшілік кезінде қызметкер негізгі және де қосымша қондырғылардың ақаусыздығын бақылау керек және қазанның орнатылған жұмыс режимдерін ұстануы керек.

Жұмыс үдерісі кезінде туындаған, анықталған ақаулықтарды ауысымдық журналға жазу керек. Қызметкер бірден қондырғының қауіпсіз және апаттық емес жұмысына қауіп төндірмейтін, ақаулықты жоюға арналған шараларды қолдануы керек.

Егер ақаулықты өзінің күшімен жою мүмкін болмаса, онда бұл туралы қазандықтың қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлғаға айту керек.

Жұмыс істеу кезінде ең маңызды назар аударатын мәселе:

а) қазандағы қалыпты су деңгейін сақтау және оның бірқалыпты сумен қоректендірілуі. Бұл кезде су деңгейі рұқсат етілген шамадан төмен түспеуі немесе жоғары көтерілмеуін бақылау керек;

б) бу қазандығы арқылы өндірілетін, қалыпты жұмыстық қысымды және бу температурасын сақтау. Рұқсат етілген мәннен жоғары қысымды арттыру немесе температураны жоғарылатыу шартты түрде рұқсат етілмейді.

в) су экономайзерінен кейін қоректік судың қажетті температурасын сақтау;

г) оттықтардың қалыпты жұмысын сақтау.

Басты назар аударатынымыз қазандық қондырғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика жүйесінің ақаусыздығы.

Манометр жұмысының дұрыстығын тексеру үш жүрісті кран арқылы немесе вентиль арқылы ауысымына бір реттен кем емес жүргізіледі.

Сақтандырғыш қақпақшаларын тексеру жұмыстық қысымындағы қазандарға орындалады: 24 кгс/см2 дейін — әрбір қақпақша ауысымына бір реттен кем емес.

Су көрсеткіш аспаптарын тексеру қазандарға арналған үрлеу арқылы орындайды, олардың жұмыстық қысымы 24 кгс/см2 дейін — ауысымына бір реттен кем емес.

Қоректік сорғылардың ақаусыздығын тексеруді әрбір қазанның қысқа уақытты жұмысқа қосылуымен орындайды, олардың жұмыстық қысымдары: 24 кгс/см2 дейін — өндірістік нұсқаулықтағы көрсетілген мерзімде. Барлық көрсетілген тексерулер өткізу мерзімі көрсетіліп, ауысым журналына жазылады.

Табиғи газда жұмыс істейтін қазан жүктемесін арттыру кезінде, алдымен газ содан кейін ауа берілісін сатылап жоғарылату кереу және тұтануларды реттеу керек, төмендету үшін – бірінші кезекте ауа берілісін, одан кейін газ берілісін төмендету керек; содан кейін тұтануды реттеу керек.

Егер қазан сұйық отында жұмыс істейтін болса, онда жүктемені жоғарылату мақсатында бірінші ретте, тұтануды, сосын ауаны, содан кейін мазуттың берілісін (бу форсункаларында мазуттың берілісін жоғарылатудан бұрын, бу берілісін жоғарылатады) жоғарылатады; ал төмендету үшін – алдымен мазут, (бу таралуы үшін) және ауа берлісін төмендетеді, одан кейін тұтандырады.

 

10.8. Қазанның мерзімдік үрлеп тазартылуы

Қазанның мерзімдік үрлеп тазартылуы белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылады және қождану мен ластануды жоюға қызмет атқарады: барабанда, коллекторда.

Үрлеп тазарту қазандық суын қысқа уақытта салқындатуға арналған, және ол өзінің қозғалысында барабанда және коллекторда болатын, ластануларды алып кетеді және оны кеңейткіш (барботер) құрылғысына шығарып, қазандық суының көп тасталынуымен жүргізіледі. Судың салқындатылуы салқын су құбырлы судың 60-70°С температурасына дейінгі мәнімен, яғни оны канализацияға шығаруға мүмкін болатын араласумен жүзеге асырылады.

Мерзімдік үрлеп тазартуды ауысымына бір реттен кем емес орындайды. Қоректік судың нашар сапасы кезінде су дайындаушы зертханашының нұсқаулығы бойынша қайта үрлеуді жүргізеді. Бұл операцияның ұзақтығы және кезектілігі әрбір қазан үшін өндірістік нұсқаулықта көрсетіледі. Үрлеу шарасын жүргізу туралы қазандық қызметкері ескертеді, және сонымен қатар көрші қазандар жөндеуімен айналысушылар ескертеді.

Мерзімдік үрлеп тазарту шараларын келесі реттілікпен жүргізеді:

а) Үрлеу желілерінің ақаусыздығын сипап тексереді. Бірінші вентильге дейін құбыр ыстық болуы керек, ал екінші вентильден бастап – суық болады. Арматураны вентиль тісті тәждерінің жеңілдігіне тексереді.

б) Қоректік сорғылардың ақаусыздығын тексереді және қоректік судың жеткілікті деңгейінің болуын тексереді.

в) Су көрсеткіш аспаптарды үрлеп тазартады.

г) Қазанды жоғарғы жұмыстық деңгейге дейін немесе ¾ су көрсеткіш аспабына дейін қоректендіреді.

д) Пештегі жануды тоқтатады.

 

е) Нұсқаулықтар бойынша бірінші реттік үрленіп тазаланылуы қажет желіде, алдымен қазанда үрленетін жолы бойынша екінші болатын үрлегіш вентильді ашады, осыдан кейін қазанға жақын үрлеу вентилін үрлеп тазалайтын желіні жылыту мақсатында аздап босатады. Қыздырғаннан кейін оны баяу ашады. Екінші оператор бұл уақытта қазандағы су деңгейімен және барабандағы бу қысымын бақылап тұруы кереу. Үрлеп тазалау желісінде гидравликалық соққылардың пайда болуы кезінде, құбыр желісіндегі дірілдер немесе басқа да ақаулар пайда болғанда үрлеуді бірден тоқтату керек.

ж) Судың деңгейін төменгі жұмыстық деңгейге дейін төмендету кезінде (екінші оператордың белгісі бойынша) біртіндеп қазанға жақын үрлеу вентилін жабады (бірінші реттік), ал содан кейін – екіншісі орындалады.

з) Осы себептен басқа желілерді үрлейді, және су деңгейін бақылайды.

и) Қазанның үрлеп тазалауы аяқталғаннан кейін үрлеу арматурасының сенімді жабылғанына көз жеткізеді және қазанды қалыпты жұмысқа қосады.

к) Ауысымдық журналында үрлеп тазартудың басталуы мен аяқталуын көрсетіп жазба қалдырады.

л) 30 мин кейін үрлеу арматурасы қаншалықты толық жабылғанын тексеру керек. Егер арматура суды жіберетін болса, онла бұл туралы қазандық басшысына айтып және қазандағы су деңгейін бақылау керек.

 

10.9. Қазандардың қалыпты тоқтатылуы.

 

Қазанның тоқтатылуы қалыпты болады – қазандыққа жауап беретін адамның жазба бұйрығы кезінде, және апаттық кезінде – әкімшіліктік хабарлауы бар бұйрығынсыз жүзеге асырылады.

Қалыпты тоқтатудың реттілігі:

- қазан жүктемесін мүмкіндігінше бірнеше сатыға төмендету (100%, 75%, 50%, 30%), сол арқылы қазанның және пештің салқындатылуына қол жеткізу;

- газдық оттықтарды ажырату – «жұмыстық» кранды (ысырманы) жабу, олардың арасындағы «білтені» ашу;

- газ құбырындағы қазан алдындағы ысырманы жабу және қазанның газдық коллекторының үрлеу «білтесін» ашу;

- қазанды жалпы қазандық бу коллекторынан ажырату;

- егер қазандағы бу қысымы рұқсат етілген мәннен асып кетсе, онда оны сақтандырғыш қақпақша арқылы ауаға жіберу;

- қажеттілік шаралары кезінде судың деңгейін қазанда жоғары және төменгі деңгей арасында ұстау;

- 10-15 минуттан кейін желдеткішті және түтін сорғыны сөндіріп, пештің ары қарайғы суытылуын табиғи жолмен жүргізу керек. Қайталанбалы пештің жасанды желдетуң тек 6-8 сағаттан кейін ғана орындалады;

- ауысымдық журналында қазанның тоқтатылуы туралы уақытын көрсетіп жазба қалдыру.

Қазанның салқындатылуын баяу түрде табиғи суытылу есебінен жүргізу керек: есіктер, люктер және тесіктерді жабық ұстау керек.

Жылдам салқындатылу қазанның герметикалық бұзылуына алып келеді.

Қазаннан судың жіберілуін тек қысымның нөлге жақындауы кезінде, температура 70-80°С дейін, және қаптау орнының суығанынан кейін орындау керек. Жіберілуді ақырын және көтерілген сақтандырғыштық қақпақшада орындайды.

Судың жіберілуінен кейін қазан агрегатының бу, қоректік, үрлеу және жіберу желілерінде бітеуіш орнатады, ол басқа жұмыс істеуші қазандық агрегаттарынан ажырату үшін қажет. Тек осы шарадан кейін, қазанда кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады.

 

10.10. Қазандардың апаттық тоқтатылуы

Қазан өндірістік нұсқаулықтарда көрсетілген жағдайлар кезінде, тез арада қорғаныс әрекеті арқылы немесе қызметкер арқылы тоқтатылуы немесе ажыратылуы керек.

Апаттық қазан тоқтату ретін өндірістік нұсқаулымалықтарда міндетті түрде көрсету керек. Апаттық тоқтатулар себебі ауысымдық журналда көрсетілуі керек.

Қазанның апатты тоқтатылуы кезінде рұқсаттаманы алмай талап етіледі:

а) отынның және ауаның берілуін тоқтату, күшті жылдам әлсіздендіру (жұмыстық «бақылау» крандарын (ысырманы) жабу және қауіпсіздік «білтесін» жабу);

б) одан кейін пештегі жану тоқтатылғаннан кейін біраз уақыт аралығында түтіндік саңылауды жабу;

в) қазанды басты бу коллекторынан ажырату;

г) егер қажет болса, онда буды көтерілген сақтандырғыш қақпақтар арқылы шығаруға болады, тек кейбір жағдайлардан басқа уақытта: су деңгейінің рұқсат етілген деңгейден асып кетуі және барлық қоректендіру сорғысының әрекетін тоқтату.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Нормы технологического проектирования тепловых электрических

станций., М. 1981 г.

2. Рыжкин В.Я. Тепловые электрические станции. М., Энергоатомиздат,

1987 г.

3. Смирнов А.Д., Антипов К.М. Справочная книжка энергетика. М.

Энергоатомиздат, 1984 г.

4. Тепловой расчет котельных агрегатов (Нормативный метод), под ред.

Кузнецова Н.В. и др., М. Энергия, 1973 г.

5. Липов Ю.М. и др. Компоновка и тепловой расчет парового котла. М.

Энергоатомиздат. 1988г.

6. Ривкин С.Л., Александров А.А. Теплофизические свойства воды и

водяного пара. Справочник. М. Энергоатомиздат. 1984г.

7. Никитина И.К. Справочник по трубопроводам ТЭС. М.Энергия. 1983г.

8. Теплотехнический справочник, под ред. В.Н. Юренева, т.1, 2.

М., Энергия. 1975 г.

9. Правила технической эксплуатации электрических станций и сетей. М.

Энергоатомиздат. 1989г.

10. Щегляев А. В. Паровые турбины. Кн. 1, М., Энергоатомиздат, 1993, 384 с.

11. Паровые и газовые турбины. Под. ред. А.Г. Костюка и В.В. Фролова, Энергоатомиздат,1985, 350с.

12. Занин А. И., Соколов В. С. Паровые турбины. М., «Высшая школа», 1988, 208с.

13. Установки турбинные паровые стационарные для привода электрических генераторов ТЭС. Общие технические требования. ГОСТ 24 278-89.

14. Шелепов И.Г., Заруба В.К., Яцкевич С.В. Теплоэнергетические установки электростанций (исследование и расчет низкопотенциальных комплексов ТЭС и АЭС). УМКВО, 1993, - 200с.

15. Рихтер Л.А. Охрана водного и воздушного бассейнов от выбросов ТЭС.

М. Энергоиздат. 1981 г.

16. Охрана окружающей среды. Под ред. С.В. Белова. М.1991 г.

17. Дюсебаев М.К. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к дипломному проектированию. Алматы: АИЭС, 2003. – 28 с.

18. Тонконогий А.В., Дюсебаев М.К., Панченко С.В. Энергетика и экология. Алма-Ата. - «Мектеп». 1985. – 128 с.

19. Парамонов С.Г. Экономика отрасли. Методические указания к курсовой работе. Алматы: АИЭС, 2007. – 16 с.

20. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.2000.

21. Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса. М. 2003.

22. Чернухин А.А., Флаксерман Ю.Н. Экономика энергетики. М.1985.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Бу шығыр қондырғысының техника-экономикалық көрсеткіштерін және шартты отын шығынын есептеу | Понятие сторон в гражданском процессе, их процессуальные права и обязанности.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1154 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

596 - | 545 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.