Жоспар:
1. Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт
Адамды өзін жүзеге асыруға ұмтылатын теңдесі жоқ индивид, бір тұтас тұлға ретінде қарастырады. Гуманистикалық теорияның дауына Абрам Маслау (1908-1970) ең үлкен үлес қосты.
Оның теориясына сәйкес, әрбір адамға бес деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыруға көмектесетін мотивациялық (дәлелдемелік) топтама бар:
1. ғұмыркешу, немесе биологиялық қажеттілік;
2. қауіпсіздік және болашаққа сенімділік;
3. махаббат және нақты социалдық топқа жату (социалдық статус);
4. өзіндік баға;
5. өзін таныту.
Оларды қанағаттандырып, адам творчестволық және тәуелсіз тірі жанға айнала алады.
Абрахам Маслоу:гуманистік бағыт және гуманистік теориясы | Негізгі принциптер: ЖТ трактовкасы біртұтастықта, зерттеулердің жануарларға жасалынуына келіспеушілік, адамды жағымды және жасампаз жан ретінде қабылдау, психикалық денсаулықты зерттеуге акцент. Адам мотивациясын қажеттілік иерархиялар терминімен көрсетеді (физиологиялық, қауіпсіздік пен қорғаныс, махаббат пен тиістілік, өзін-өзі сыйлау, өзін өзі актуализациялау). | «Өзін-өзі актуализациялаудың қысқаша индексін» зерттеу мақсаттарымен қолдануға тиімді. | Эмпирикалық зерттеулер негізінен өзін-өзі актуализациялау концепциясына шоғырланған. Зерттелушілерді таңдауда Маслоу субъективті критерийлерді қолданды. |
Гуманистік психологияда тұлғаны өзін көрсетуге қабілетті, жоғары нәтижелерге жету қабілетін игерген деп қарастырады. А.Маслоу бойынша адам ішкі табиғатпен сипатталады, ол инстинктоидты болады, туа беріледі, адам оны өз өмірінде жүзеге асыруға міндетті деп санайды.
Алайда барлық адам бірде өзіндік маңызданбайды, жоғарғы жетістіктерге жетпейді, өз қабілеттерін тарата аламайды. Егер ол болмаса адам ауру болады, зиян шегеді. Өзіндік маңыздануға ұмтылмаған адам психопатологиясы бар адам, алайда туа берілген қабілеттерде, творчествосы, өзін көрсету арқылы жазыла алады деп көрсетті А. Маслоу.
Өзіндік маңыздануды ұғынылған әрекет, бағытталатын мақсат деп қарастырды деп А. Маслоуды сынады, яғни Маслоудың теориясында адам өзі өзіндік маңыздануға ұмтылады, өз қабілеттерін ұғғынып ашады, В.Франкл бойынша өзіндік маңыздану, творчестволық қабілетгерге ену жоспарланбаған нәтиже емес, ал мақсатқа сәйкес бағыттылық творчествоға кедергі келтіреді.
Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі:«клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық» өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.
Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.
Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі- ол индивидтің тұтастығы.
1. Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды –ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.
2. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.
3. Творчестволық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.
Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретіндепсихикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады.
Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналды. Иерархиядағы қажеттіліктерінің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанның негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.
1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияғ деген қажетіліктер.
2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.
3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.
4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.
5.Өзін-өзі өзектерндіру деңгейіндегі қажеттіліктер, метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.
Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді.
Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты солай, сол күйінде қабылдауы.Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.