Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік психологиялық теориялары.




Жоспар:

1.Эрих Фромм: тұлғаның гуманистік теориясы

Фромм Эрих (1900-1980) - неміс-американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп» элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.

Эрих Фромм. Фромм еңбектеріндегі негізгі тақырып адамдағы жалғыздық пен адамдардан бөлектену жағдайы болды. Оның көзқарастарының қалыптасуына Маркстің идеялары әсер етті. Адам бір уақытта табиғаттың бір бөлігі, әрі жануар әрі адам, жануар ретінде адам биологиялық қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие.

Адамның бастан кешетін күйлеріне нәзіктік сезімі, қызығулар, махаббат пен бірге әсерлену, жауапкершілік, қатынастар, адалдық, идентификациялану, еркіндік пен трансценденция, құндылықтар мен нормалар жатады. Бес түрлі қажеттіліктерді көрсетті: трансценденцияға қажеттілік, қалыптасуға қажеттілік, идентификациялануға қажеттілік, бағдарланулар жүйесіне қажеттілік, басқаларға қажеттілік.

Трансценденцияға ұмтылу адамның жануарлық табиғаттан көтерілуіне қатысты қажеттіліктерге сәйкес келеді, жасалған емес, жасаушы болуға ұмтылу. Адам өзінің уникалдылығына, индивидуалдылығына ұмтылады. Басқа адаммен, топпен өзін идентификациялауға ұмтылады.

Бағдарлану жүйелері арқылы әлемді таниды. Адам тұлғасы қоғам беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамиды. Адамның қоғамға бейімделуі ішкі қажеттіліктер мен сыртқы талаптардың арасындағы компромисс ретінде түсініледі. Фромм әлеуметтік мінездің бес типін көрсетті: рецептивті, эксплуативті, жинақтаушы, нарық, продуктивті. Кейінірек Фром тағы екі типті атады: некрофильді және биофильді. Фромм үшін қоғам мен адамның қатынас мәселесі ең маңызды болды.

Оның ойынша адам табиғаттың туа берілген маңыздылығы, қоғам сол маңызды табиғат жүзеге асу үшін жасалады, осы уақытқа дейін бірде бір қоғам адамның базалық қажеттіліктеріне көңіл бөлген жоқ, ондай қоғамды жасауға болады деген негізгі ойларды бекітті. Ондай қоғамды Фромм гуманистік коммунитарлы социализм деп атады.

Фромм өз теориясын емдеу барысында адамдарды бақылау арқылы, тарих, экономика, социология, философия, әдебиет жайлы адамдардың білімдерін бақылап, эмпирикалық зерттеулер арқылы жасады. Әлеуметтік мінездің үш түрлі типін бөлді: продуктивті жинақтаушы, продуктивті эксплуативті, продуктивті емес рецептивті.

Карен Хорни (1885-1952). Психоаналитик ретінде практикадан өте жүріп ортоксалды психоанализден көңілі калды, «Психоанализдің прогресі үшін ассоцация» деген қоғамды негіздеді. Хорни Фрейдтің психологиялық жүйелерді ары қарай дамытушы болды. Хорни Фрейдтің әйелдер психологиясы жайлы айтқандарына қарсы болды. Проблемаларды иррационалды шешетін қажеттіліктерді невротикалық қажеттіліктер деп атады, оның он түрін көрсетті:

1. махаббат пен қолдауға невротикалық қажеттілік

2. «серік-қамқоршыға» невротикалық қажеттілік

3. өмірді тар шектеуге невротикалық қажеттілік

4. күшке невротикалық қажеттілік

5. басқаларды жұмсауға невротикалық қажеттілік

6. мәнділікке невротикалық қажеттілік

7. таңқалатын объект болуға невротикалық қажеттілік

8. жеке жетістіктерге жетуге невротикалық қажеттілік

9. өзіндік жету мен тәуелсіздікке невротикалық қажеттілік

10.жетілу мен мінсіздікке невротикалық қажеттілік

Хорни кейін қажеттіліктерді үш топқа бөлді: адамдарға қозғалыс көпшіл тип, адамдардан кету қозғалысы оқшаулану типі, адамдарға қарсы қозғалыс конфликт тип. Хорнидің пікірінше конфликт әлеуметтік шарттарды тұғызушы.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2805 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2047 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.