Педагогика және психология факультеті
Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және
студенттік сұрақтар бойынша проректоры,
п. ғ. д., профессор
Мальтекбасов М.Ж________________
«_____»________________2015ж.
«Тұлғаның психологиялық теориялары» пәні бойынша
Оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: 5В010300- «Педагогика және психология»
Оқыту формасы: күндізгі
Талдықорған 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасының аға оқытушысы Қ.Ж Малгождарова. құрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы кафедрасының отырысында қарастырылды
«____»__________________ 2015 ж., хаттама №_________.
Кафедра меңгерушісі___________________Бақтыбаев Ж.Ш.
ПжП факультетінің әдістемелік бюросында мақұлданды
«____»____________________2015 ж., хаттама № ________
ӘБ төрайымы____________________Ахмедиева К.Н.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 3 басылым | ||||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Силлабус | Ф.4.09-28 | ||||
28.05.2015ж. |
Педагогика және психология факультеті
Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Пән: Тұлғаның психологиялық теориялары
Мамандық: 5В 010300 «Педагогика және психология»
Оқыту түрі: күндізгі
Курс: 4
Семестр 7
Кредиттер саны: 3
Барлық сағат саны: 135
Лекциялар: 30
Практикалық сағаттар: 15
ОСӨЖ: 45
СӨЖ: 45
Аралық бақылаулар: 1
Емтихан: 7 семестр
Талдықорған 2015 ж.
Оқытушы туралы мәлімет
Малгождарова Қарлығаш Жемісқызы
Жас ерекшелік педагогикасы және психология кафедрасының аға оқытушысы.
Қатынас телефоны - 22-13-94, ұялы телефон - 87051277679
Сабақ өткізетін уақыты - сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – сәрсенбі, сағат -11.00
Пәннің пререквизиті:
«Психология және адам дамуы», «Мамандыққа кіріспе»
Пәннің постреквизиті:
«Тұлғаның психологиялық-педагогикалық психологиясы»
Пәнге қысқаша сипаттама. «Тұлғаның психологиялық теориялары» пәні МП-4 базалық модулінің таңдау компоненті болып табылады, пәннің коды –ТРТ 4311. Курс мазмұны тұлғаның белсенділік психологиясының бүгінгі күн талабына сай заманауи даму деңгейін қарастырады. Осы пән бойынша білім, білік, дағдыларды игеру болашақ маман иесіне іс-тәжірибе барысында келелі мәселелерді шешуде көмекке келеді. Білімгерлердің пән бойынша игерген ғылыми білімдері келелі мәселелерді шешіп қана қоймай, сондай-ақ оның даму деңгейін болжай алуын көрсетеді. Пәннің бағдарламалық мазмұны төрт модульге бөлінген.
«Тұлғаның психологиялық теориялары» курсы «Психология», «Этнопсихология», «Әлеуметтік психология» әдістемесіне негізделген. Оның бірізділігі педагогика және психология мақсатқа бағыттылықпен пәннің өзіндік логикасымен анқыталады.
Курстың обьектісі –болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау жүйесінде оларда тұлғаның психологиялық теориялары курсы жөніндегі білім, білігі.
Курстың пәні – ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ педагог-психологтардың бойында тұлғаның психологиялық теориялары курсының теориялық, практикалық білім, білік және дағдыларын кеңейту әрі тереңдету.
Курстың мақсаты:
Студенттерді «Тұлғаның психологиялық теориялары» курсынан сабақ беру әдістемесімен таныстыру арқылы пәнге деген шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру, озат тәжірибелермен таныстыру.
Курстың міндеті:
Тұлғаның психологиялық теорияларының бағыттары, тұлғаның психологиялық теорияларының зерттеу мақсаты мен міндеттері жайлы, оның мазмұны және негізгі психологиялық типологияларжайлы білімгерлердің түсініктері болуы.
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:
- әдістемелік ғылымның объектісі, пәні, тұлғаның психологиялық теорияларының зерттеу мақсаты мен міндеттері жайлы, оның мазмұны және негізгі психологиялық типологияларжайлы түсініктері болуы тиіс;
- қойылған мақсат пен міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстыра білумен, олардың сәйкестігін бағалай білумен және осы бағалауды ескере отырып, оқытуды әрі қарай жоспарлай білумен байланысты кәсіби біліктерді қалыптасуы тиіс;
-алынған білімді тәжірибеде дұрыс қолдануды білуі тиіс.
5В050103 –Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалаврының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Түйінді құзыреттерге:
-қалыптастырушы: қазіргі заманғы психология аймағы бойынша білім игеру, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
-жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, психологиялық, тұлғаның психологиялық теориялары бағдарламасына енгізілген білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық-психологиялық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;
-зерттеушілік: гнеосеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, психологиялық рефлексияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;
Пәндік құзыреттерге:
-коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, қарым-қатынастың психологиялық сипаты, конфликтология, психологиялық диагностика, коммуникациялық стратегия аймағы бойынша білім игеру, психологиялық қызметте іскерлік танытуды үйрену;
-технологиялық: қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, қарым-қатынастың психологиялық технологияларын пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, психологиялық іскерлікті дамытуға ұмтылу;
-бақылаушы: педагогикалық-психологиялық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық-психологиялық мониторингті іске асыру, өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау, бағалау материалдарын әзірлеу, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу, пән бойынша бақылау-бағалау материалын орындауды үйрену;
Арнайы құзыреттерге:
-бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты психологиялық болмысты ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларды игеру, болашақ профессионалдық іс-әрекет барысында теориялық білімді қолдануда білім мен біліктілікті танытуды меңгеру;
-пәнаралық: психологиялық интрегация теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық-психологиялық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру міндеттері мен дағдыларын меңгеру, жоғары профессионал педагогтың іс-тәжірибесін, іскерлігін қолдана білу;
-әлеуметтік: этникааралық қатынас, адам құқықтары саласы, тұлғаның психологиялық теорияларындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог-психологтың қадыр-қасиетін, педагогикалық-психологиялық этика нормаларын сақтау, стандартты емес және альтернативті шешім қабылдауды үйреніп, критикалық ойлауға, ұсынысты қолдануда креативті қадам жасай білуді игеру, педагог-психолог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, білімгерлердің азаматтық құқықтарын құрметтеу.
Пән білімінің жалпы баллдық бағасының бөлінуі
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
ӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісінің | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |