Орта ғасырларда орта және таяу шығыста қалыптасқан "мұсылман әлемі" деп аталатын мәдени - саяси қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық орналасуы жағынан шалғай болғандықтан, едәуір шеткері болды. Сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы исламдандыру деңгейі де әр түрлі болды. Негізінен бұл әрекет Оңтүстік аймақтардан Солтүстік аймақтарға қарай бәсеңдеу болды. Исламдандыру негізінде Ислам мәдениеті қазақ даласына тереңірек бойлай түсті. Ең алдымен, бұл өрекеттер араб жазуымен араб тілінің қасиетті Құран тілі ретінде таралуымен кеңірек танылды.
Араб тілі негізінен ҮІІІ – ІХ - шы ғасырларда дамыған ірі қалаларда, мемлекетті басқарушы қызметкерлер, діни қызметкерлер ғана қолданып қоймай тарихи - географиялы әдебиеттер жазуда да қеңінен қолданылды. Бүкіл ислам әлемінде түгелдей дерлік араб тілі жергілікті аристократия, діни қызметкерлерге, ғылыми шеңбердегі қызметкерлерге түсінікті, жалпыға бірдей әдеби тіл қызметін атқарды. Осы араб тілінің арақасында түркі дүниесінің бірқатар ғалымдарының еңбектері бүкіл ислам дүниесіне мәлім болды. Сондай ғалымдардың біразы Әл - Фараби, Әл - Хорезми тағы басқалары.
Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәдениетінің негізгі бағыттарының бірі әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің әрі ең негізгілерінің бірі IX ғасырларда жазылған Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегі. Э. Наджиптің айтуынша: "бұл еңбек түркі дүниесінде ең алғаш ислам діні негізінде, ислам діни ілімдерін дәріптеуші көлемді шығарма болып табылады". Алайда мұнда араб - парсы тілдерінен енген сөздер де аз емес.
Ал мистикалық - сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына, түркі тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик, ақын әрі ойшыл Ахмет Иасауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның "Диуани Хикмет" еңбегінде берілген өлеңдер жинағы көне түркі тілінің оғыз – қыпшақ диалектісінде жазылған. Бірақ бұл еңбекте "Құтты білікке" қарағанда араб - парсы сөздері көбірек қолданылған. Сонымен қатар, бұл шығарма араб - парсы поэзиясының классикалық өлең сөз өлшемі аруз арқылы жазылған. Ең соңғы XIV ғасырларда "Алтын Орда" тұсында жарық көрген түркі поэзиясының ескерткіштері қатарына Хорезмидің екі вариантта (араб, ұйғыр тілдерінде) жазылған "Мұхаббат нәме" шығармасы жатады. Бұл әдеби шығарма араб - парсы әдеби жанры "нәме" жүйесімен жазылған.
Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық үшін, ең бір тиімді, кеңінен дамыған түрлерінің бірі ауыз әдебиеті. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз әдебиетіне де Ислам дінінің өзіндік әсері болды. Бұл жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде кеңірек қарастырған. Оның айтуынша көпшілік ақындар Исламдағы Алланы, Пайғамбарды мадақтаушы өлеңдерді халық әндеріне салып айтады. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлік поэзиясы да, оның ішінде бата жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Қазақ фольклорінде аса жиі кездесетін Ислам дінінің кейіпкерлері — олар бірінші кезекте Алла Тағала және Пайғамбар Мұхаммед, Ілияс, Сүлеймен, Дәуіт Пайғамбарлардың есімдері. Сонымен қатар Ислам әл - қиссаларында жиі кездесетін адам баласын аздырушы немесе керісінше қолдап - қорғаушы періштелер, шайтандар.
Бойында араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт, моншалары бар қала құрылыстары табылған. Нағыз мұсылмандық құлшылық орындары мешіттер құрылысына тоқталатын болсақ, олар алғашқы кездері, яғни ІХ - Х ғасырларда бұрынғы шіркеу ғимараттарын мешітке бейімдеп қайта өңделген. Ең алғаш салынған мешіт ғимараттары Оңтүстүк Қазақстан облысындағы Құйрық - Төбе (X ғ.) елді мекенінде табылған. Алғашқы медреселер де осы маңдарда ашылған. Қалай болғанда да Ислам түркі дүниесінде ежелден қалыптасқан құлшылық, ғибадат үлгілерін түбірімен ығыстыра алмады.
Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің басына кесенелер тұрғызып, оларға сиыну, жалбарыну дәстүрі қалыптасты. Ондай кесенелер атап айтар болсақ Қожа Ахмет Иассауи (ХІҮ ғ.), Арыстан баб, Бабажы - Хатун (X ғ.), Қара - Хан (XI ғ.) кесенелері.
Қазақ даласында кеңінен тараған ислам өнерінің үлгілерінің бірі шебер жазу өнері. Негізінде бұл жазулар геометриялық фигура немесе өсімдік бейнесінде куф, сулс деп аталатын араб классикалық жазу үлгісінде Құран аяттарын, әртүрлі тақырыптағы хадистерді шеберлілікпен, бояу арқылы немесе ойып, бедерлеп жазу. Мұндай жазу үлгілері жоғарыда атап өткен кесене, мешіттерді безендіруге қолданылған. Сонымен қатар мұндай куф араб жазуларымен безендірілген жезден жасалған майшам тұғырлары, ыдыс - аяқтар (ҮІІІ-ХІ ғ.) Қазақстан территориясынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Исламға тән өнердегі адам бейнесін бейнелемеу сияқты заңдылықтар қазақ жерінде де өз ықпалын көрсетті. Оған дәлел: XII ғасырлардағы адам бейнесінде тасқа қашалып жасалған балбал тастарда адам бетінің бедерлері нақты көрсетілмеген. Сол кездегі айналымда жүрген ақшалардың нысандары мен бет - пішіндері өзгертілді. Бұрын қытай технологиясымен әзірленген ақшалар (теңгелер) енді күмістен, жезден құйылған динарға, дирхамға ауысты. Көп метал ақшаларда құран аяттарымен қатар халифтердің аты - жөндері жазылды. Өкінішке орай, көп ұзамай халифаттың құлдырауымен ақша беттеріндегі халифтердің аты - жөндерінің орнына жергілікті әмір иелерінің аты - жөндері жазыла бастады.
Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан территориясында мистикалық - сопылық мәдени дәстүр нығая түсті. Бұл дәстүр бүкіл түркі дүниесіне ерекше қарқынмен тарап, түркі тіліндегі мистикалық поэзияның өрбуіне үдеу берді. Сопылық негізінен түркі дүниесінде бүған дейін қалыптасқан дүние таным заңдылықтарымен үйлесімділік тапты. Мысалы, түркі дүниесіндегі әлем бірлігі концепцияларын сопылықтың "уахдат ал - вужуд" (болмыс бірлігі) концепциясы қуаттай түсті.
Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда оның Исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған болды. Кеңес үкіметінің келуімен діни басқарма, басқа діни басқармалар сияқты репрессияланып, көптеген мешіт, медреселер жабылып талқандалды. Тек 1943 - ші жылдары ғана діни ұйымдарға деген көзқарас өзгеріп, Орта Азия және Қазақстан діни басқармасы қайта бас көтерді. Көптеген мешіттер қайта ашылып, діни қызметкерлер даярлайтын Бұқарадағы "Мир Араб" медресесі қайта ашылды./10/
Орта Азияның монументалды - сәндік өнері діни құрылыстардың сәулетімен тығыз байланысты. Исламның мемлекеттік ретінде орнығуына байланысты сан алуан ғибадатханалық құрылыстар ғимараттың негізгі түрі — мешітпен алмастырылды. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедерсуретпен, ағаш және ғаныш ойма суреттермен безендірілген. Мұндай құрылыстардың интерьеріндегі монументалды кескіндеме және сәндік пластика сәулетпен тұтасып, өнер синтезін (тоғыстығын) құрайды. Мешітті әшекейлеуде бейнелеу негізі ою - өрнек болды. Ою - өрнектің өсімдік, геометриялық бейнелеу түрлерімен қатар өрнектік өнер дәрежесіне көтерілген эпиграфика кең түрде пайдаланылған. Тор мен жиектерді құра отырып, геометриялық ою - өрнек интерьерде өсімдік өрнек үшін өзіндік бір арқау болып, бейнелеу жазықтығын ұйымдастырды және онымен ажырамас тұтастықта болды. Эпиграфикалық ою - өрнек ислам дінін насихаттаудың өзіндік бір түрі болып табылды. Жазу жолақтары михраб қақпасын айналып, мешіттің кіре берісіндегі қақпаны көмкеріп, орталық порталдың ауқымымен, күмбездің барабанын жиектеп, мешіттің интерьерін әшекейлегенде пайдаланылады. Мекке жағына қараған ішкі қабырға — михраб - интерьерде ең көп шамада сәулеттік сәндеуді шоғырландырады. /11/
Қолданбалы өнер түрлерінің өрісінің кеңеюі, ою - өрнек гаммасының баюы, өркендеуі және бейнелеу канондарының орнығуы Орта Азияда монументалды - сәндік өнердің дамуының нәтижесі болып табылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тарриториясында мешіттер құрылысы кеңінен дами бастады. Көпшіліктің кіруіне ашық болған, қоғамдық сипаттағы сәулет құрылысы - мешіт — әр қашан да өзіндік бір Олимп секілді болатын. Оны безендіруде суретшілер өз дәуірінің бейнелеу өнеріндегі технологиялық жетістіктерін пайдалануға ұмтылатын.
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты — Қазақстанның монументші суретшілерінің осы ерекше саладағы жетістіктерін ашьш, көрсету. Сонымен қатар, осындай істерді орындағанда туатын проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру. Автордың өз тәжірибелік ақпаратына негізделіп, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының мешіттерін безендіруші, бас суретші — Ешкенов Ғазиз Ағзамұлының жеке жинағының фотодеректерімен суреттемеленген. /12/
Осы күнге дейін жеткен, орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік бір тұмасы, құрылыс, сәулет өнері және кәсіпшілік салаларындағы жетістіктерді тоғыстырған ескерткіш. — Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи құрылыс кешені. Монғолдарға дейінгі кезеңде өнердің өркендеуі сәулет және қолданбалы өнерлерінің дамуында өз тоғысын тапқандай. Көп түсті жыланкөзді жылтырақпен қапталған керамика өндірісі дами бастайды. Көптеген құрылыста пайдаланылатын шикі қыш пен пасхамен қатар күйдірілген қыш кең таралды. Тұтқырлық материал ретінде ғаныш (алебастр) пайдаланыла бастады, және де одан сәндік бөліктер жасалды. Ғимараттардың қасбетін безендіруде кең түрде терракоталық және изразецтік тақтайшалар қолданылған. Қақпа көтеру әдісі жетілдіріле түсті. Күмбездерді құрастыру дами түсіп, олардың түрлі формалары, жебелік арқалықтардың түрлері пайда болды. Моңғол шапқыншылығына дейінгі саңлақ ескерткіштерге Бұхарадағы Ысмайыл Саманидің кесенесі, Тараз жанында орналасқан Айша бибі мен Бабажа қатынның кесенелері, Бұхара мен Самарқан аралығындағы жолда орналасқан Рабат – и - Мәлік керуен - сарайы, Уапкент пен Бұхарадағы мұнаралар, Мервтегі - сұлтан Санжардың күмбезді кесенесі жатады. /13/
Бүкіл Орта Азияны біріктірген Темірдің орасан зор құрылыс қызметі монументалды салтанат стилін тудырды. Изразецтік мозаикамен мол сәнделген, әсерлі порталды және күмбездері биікке көтерілген айбынды құрылыстар әміршіні ардақтап, оның құрған әскери - феодалдық мемлекетінің ұлылығын көрсету үшін арналды.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесін безендіруде мозаикалық жұмыстар мол орын алады. Мозаика - монументалды - сәндік өнерінің мол қорының құралы болып келіп, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Материалдың мықтылығы және оның бейнелеу ерекшелігі уақыт өтсе де өзгермеген, тек оны пайдалану әдістері мен істеп шығару қоспалары өзгереді. Мозаика ежелден бері интерьерлердің, көбінесе діни сипаттағы қоғамдық кұрылыстардың экстерьерлерін безендіруде қолданылады. Бұл материалды дұрыс пайдаланып, барлық технологаялық әдістемелерін сақтай білсе, мозаика материалымен орындалған жұмыстар ұзақ уақыт бойы өзінің құндылығын жоғалтпайды. Мысал ретінде Қожа Ахмет Йассауи кесенесін, Самарқан қаласындағы Регистан алаңындағы діни құрылыс кешенін, Стамбул Қаласындағы Әулие София Соборының мозаикасын келтіруге болады. /14/
Тақтайшалар қалау технологиясы бойынша мозаика римдік және флоренциялық больш екіге бөлінеді. Мозаикамен ою - өрнектік жұмыстармен қатар реалистік бейнелерді суреттеуге болады. Бұған социалистік реализм өнерінің өркендеу кезеңінде монументал - суретшілердің орындаған мозаикалық паннолары керемет мысал бола алады.
Алматы қаласының мешітін безендірген кезде суретші Ғазиз Ешкенов мозаиканы қолмен теріп, қалау қажеттілігімен кездесті. Мозаика орталық порталда П тәрізді каллиграфияны құруы, яғни мешіттің орталық кіре берісін қоршаған жазықтығын қамтуы керек еді. Жұмыстарды орындаудың жалпы көлемі 60 кв.м. жуық болды. Каллиграфияны Стамбулдан келген шебер Хасан Челяби орындады. Бұл салада ол кісінің беделі бүкіл Еуропа мен Алдыңғы Азия бойынша өте жоғары. Жұмыстарды менімен бірге Мұхаметжан Сүлейменов және Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Монументалды кескіндеме" бөлімінің 1996 ж. түлектері орындады.
Жұмыс кейбір қиындықтардан басталды. Біздің мозаика қалау технологиясымен таныс екеніміз даусыз. "Монументалды кескіндеме" бөлімінің оку жоспарына мозаиканың жазықтықта қолмен теру жұмысы, сонымен қатар әр түрлі бедер суреттерді қолдану кіреді. Бірақ материалдың қымбаттығы мен басқа себептерге байланысты біз мозаиканы мұндай көлемде орындай алмадық. Сонымен бірге қодданылған материалда да айырмашылық болды. Егер бұрын отандық смальта пайдаланылса, бұл жолы материал ретінде бүкіл әлемге әйгілі "ВІZZASА" фирмасының итальяндық смальтасы болды. Ол бүйір жағы 2 см. тең шаршы модуль тәрізді. Қол еңбегі арқылы бұл модуль қажетті көлемге дейін өңделіп, теріледі. Мұндай жұмыстар Түркияда қалай жүргізілетіні туралы тиісті ақпаратты Ғазиз Ешкенов бізге толық түрде түсіндірді. Басқасы практикалық - тәжірибе жұмыс барысында меңгерілді. Біз орындаған жұмыстың түрік іскерлерінің жұмысынан негізгі айырмашылығы мозаиканың бар үстімен графье сызығының орындалуы. Түркияда мозаикалық графье тіке каллиграфия бойында сақталады. Бізде графье каллиграфия әріптері терілгенде де, каллиграфиядан бос алаңды мозаикалық модульмен толтырғанда да сақталды. Картонды масштабтау жұмыстарынан бастап, мозаиканы теріп, тікелей қабырғаға құрастыруға дейінгі жұмыстардың барлығы толық өтті. Жалпы, бар жүмыс жарты жылға созылды. /15/
Қолмен терілген мозаика тек Алматы қаласының Орталық мешітінің орталық порталында көрсетілген. Экстерьердің бірінші қабатының арқалық сипатты қуыстары мен күмбездің барабаны түрік іскерлерімен оқтау мозаика әдісі арқылы Түркияда өндірілген смальтадан құрылған. Ол жағы I см тең модуль болып келеді. Осы модульдер әдетте 50 х 50 см көлемдегі арнайы таспаларға оқтау әдісімен бейне (сурет) терілу арқылы жасалады. Бұл әдіс - кілемдегі бейнені жүн түйіндерін оқтау арқылы терген секілді. Қазақстанда құрылымы мен мүмкіндіктері бойынша шетелдік аналогтардан еш кемшілігі жоқ, өз материалдарын өндіруге мімкіндік баршылық. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін қайта құру жұмыстарының барысында археологтар мен реставраторлар мозаикалық және изразецтік материалдарды өндіру технологиясын толық көлемде жаңадан жасаған. Келешекте монументалды - сәндеу жұмыстарын жүргізгенде бұрын Қазақстан территориясында пайдаланылған материалдар мен технологиялар іске асырылса деген тілек білдіргіміз келеді. Біздің мемлекетте мұндай ерекше жұмыстың, айта кетсем, мешіттерді безендіру қажетгілігі тұғанда кереюі мамандар табыла қойды. Негізінде бұл "Монументалды кескіндеме" бөлімінің түлектері, және де олар қойылған міндеттерді ойдағыдай игерді.
Түркияда қалыптасқан дәстүр бойынша, мозаика саласында жұмыс істеуге маман шеберлер өз тәжірибесін тек отбасылық әулеттік бағытпен жеткізген. Бейтаныс адам мұндай ерекше күрделі салада арнайы білімсіз меңгере алмайды. Бізде Т. Жүргенов атындагы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Монументалды кескіндеме" мамандығының студенттерінде болашақта қоғамдық ғимараттардың сәулетті - кеңістіктік ортаны әсемдеуге қажетті болатын практикалық машықтар мен әдістерін толық көлемде игеріп алуға мүмкіндіктері бар. Мешіт секілді ғимаратты көркемдейтін суретші монументал - суретшінің жан - жақты біліміне ие болуы керек. Өнердің сәулет, материалдар технологиясы, кескіндеме сияқты салаларының біліміне ие болған, және май, темпера, фрескамен жан - жақты жұмыс істеу машықтарына ие болған монументал - суретші ғана бұл мәселені сауатты түрде шеше алады.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастырғанда бөліп айта кететін мәселе бар, ол - мешіттің эскиздік бөлімін болашақ безендіру жұмысына суретшіні қатыстырмайтындығы. Егер болашақ монументалды - көркемдік жұмыстардың жобалау - сәулеттік жөне эскиздік бөлімдері бірге орындалса жөн болар еді. Әрине, монументал - суретші сәулеттік жобалау тәжірибесіне ие болу керек екені сөзсіз. Өткен жұмыстардың тәжірибесінен, ең жоғары нәтижеге жоба бойынша бас сәулетші мен безендіру бойынша бас суретшінің творчестволық бірігуі арқылы ғана жетуге болатыны белгілі. Социализм уақытында мұндай әдіс бірнеше рет жүзеге асырылып, өзінің келешегі бар екендігін дәлелдеді. Суретші безендіруге объектінің әлі де жобаланып, сәулеттік эскиздер түрінде болғанынан бастап кірісуі керек. Монументалды - көркемдік жұмыстарды атқарудың эскиздік - жобалау бөліміне нақты объектінің болашақ сәулеттік - кеңістіктік ортасының кешенді көрінісін безендіру үшін суретшінің барлық жерде қажет еткені ескерілуі керек. Егер эскиздер мұқият түрде жетілдірілсе, болашақта тәжірибелі түрдегі проблемалар азая түседі. Жаңа экономикалық уақыттың келуімен бірге тендер ұғымы пайда болды. Менімше, мұның өзінде бір заңды қажеттілік бар сияқты. Тендер - елеуіштей ең жақсысын елеп алады. Тендерге қатысушы творчестволық ұйымдар мен суретшілер оның шарттарымен, орындау мерзімімен таныса отырып, өз эскиздік жобалары мен сметаларын ұсынып, әр бір кезеңде ең жақсы даярланғандарды анықтайтын сайыстан өтеді. Тапсырыс беруші, өзгеше айтқанда, тендер ұйымдастырушының тендер шарттары бойынша ұсынылған эскиздік және жобалау материалдарынан таңдап алуы керек, сондықтан бұл жүйе қажет.
Ешкенов Ғазиз - Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы орталық мешіттердің интерьерлерін безендіру жөніндегі бас суретші. Аталған ғимараттардың интерьері монументалды - сәндеу құралдарының мол қорымен таныстырады. Әр түрлі материалдардың қолданылуы: бұл глазурьлік нақыштауы бар сәнді керамикалық кірістірмелер, іргелік, күмбездік нақыштау мен мозаикалық панно, ағаштан оймыштап жасалған сәнді панельдер, ойылған терезелік торлар мен есіктер. Бұлардың түтастығы ғимаратқа Храмға сай ерекше салтанатты - мерекелік түрін беріп тұрғандай.
Монументалды - сәндік өнерінің құралдарының икемді пайдалануы бейнелеу міндеттемесін шеше отырып, сәндеу элементтері ерекшеленбей, өз салмағымен сығымдық етпей, сәулет пен интерьер бойынша суретшінің өнері жене Құдай храмы — мешітте тұрған адам арасында қысқаша үйлесім құрастырады. Ғазиз Ешкенов безендірген әр бір мешіттің интерьерінде өзіне ғана тән ерекшелік, сәулеттік және көркемдік стилі бар. Алматы қаласының Орталық мешітінің михрабы осындай ерекшелікке ие. Ол михраб негізінде П тәрізді болып, Мекке жаққа бағытталған іргеден түгелдей томпая шығып тұрып, ортасында ойықшасы бар дәстүрлі стильде шешілмеген. Ол орталық панно және екі жағындағы панно - жармалармен бір өзіндік жазықтық құрайды.
Астана қаласындағы Орталық мешіттің күмбезі және күмбез астындағы жайды нақыштауы өзіне ерекше назар аудартады. Өрнектік масштаб пен түсті колористиканың ара қатынастығының ұтымды қалануы күмбезге қайталанбас сипат бергендей. Ол адамның назарын тартып, ой - қиялдарын Құдайға зейіндеюін секілді.
Қарағанды қаласының Орталық мешітінің қабырға, төбе, күмбезінің нақыштауы адамның назарын бейнелеу байлығымен таңдандырады. Бұл Қазақстанда өзінің ішкі жасау - жабдығымен Орталық және Орта Азияның ортағасырлық мешіттерінің сәнді безендіруін еске салатын жалғыз мешіт. Мұның өзі бұл мешіттің интерьерін безендірген суретшілердің кәсіптік шеберлігінің көрсеткіші.
Нақыштауларды орындағанда, бүгінде қоладанылатын материал — акрил. Өзінің техникалық қасиеттері бойынша ол темпера әлде сулы эмульсиялы бояуға ұқсайды. Дымқылдылық беріктігі мен иілімдігі сияқты тиімді қасиеттерімен басқа материалдардан ерекшеленеді. Колористикалық реңдерді таңдау шексіз. Жаңа материалдар пайда болуымен бірге монументалды – сәнді өнер саласының дамуы үшін жаңа өркендер ашыла бастайды. Өкінішке орай, жаппай түрде интерьерлердің безендіруінде "евроремонт" деп аталатын әдіс пайдаланылады. Эстетакалық - практикалық жақтары жақсарғанымен, әрбір сәулеттік ортаның көркемдік ерекшелігі жойылады. Интерьерлер түссіз, демек, жансыз болады. Ал негізінде моунментал - суретшілер дизайнерлермен бірігіп, дүкендер, кафелер, ресторандар, офистер, клубтар, театрлардың интерьерлерін безендіру арқылы адамның күнделікті өмірін әсемдей алады.
Қазақстан территориясында тек мешіттердің интерьерлерін безендіруінде жалпы үйлесімді тұтастық сақталады: ортағасырлық мешіттерді қараңғы, күңгірт түстерде шешілген безендіруінен айрықша, қолданылатын сәндеу элементтері оюлы болып келеді. Мешіттерді жер - жерде құрып, олардың безендіру жұмыстарын жүргізген уақытта бұл құнды тәжірибені жоғалтып алмасақ деген ой келеді. Монументалды - суретшінің ісі күрделі де қызықты. Жұмыс барысында туатын әр түрлі практикалық проблемаларды шешуге тура келеді. Мысалға, кейде құрылыстық бөренелерді құрып, айырып - тануға мәжбүр болғандықтан ағаш ұстасына балташы да бола білуі қажет. Объектідегі жұмыстар жоғары биіктікте жүргізілетіндіктен қауіпсіздік техникасын мұқият сақтаған жөн. Әдетте мұндай жұмыстар барысында уақыт шектеулі болады. Бірақ монументалды - көркемдік жұмыстарын жүргізу машықтарын игерген суретшілердің шағын ұжымы шектелген уақыттың аралығында жұмыстың үлкен көлемін орындауға қабілетті.
Тағы бір айта кететін мәселе бар, ол - оқу шеберханаларында материалдық базаны ұйымдастыруға байланысты туындайтын қиыынықтар. Студенттер оқып жүріп практикалық машықтарға үйреніп қана қоймай, оқу - өндірістік практика барысында тікелей сәулет объектілерінде жұмыс істеп, өз тәжірибелерін одан әрі жетілдірсе деген тілек білдіреміз. Сонда келешекте, оқу орнын бітіргеннен кейін, өздерінің білімдері мен жиған - терген тәжірибелерін толық түрде пайдалана алар еді. Әрбір өнер өз уақытына сай дамып, өзінің бейнелеу тілі үшін бұрынғы ескі әдістермен қатар ең жаңа технологиялық жетістіктерді қолдануы керек. Оларды практикада қолданса, жаңа техникалық әдістерді өндірсе, монументалды - сәндік өнері көркемдік бағыттардың арасында озат болуы мүмкін. Халықтың көпшілігіне бағытталған көрнекі насихат секілді болғандықтан, социализм кезеңі уақытында монументалды - сәндік өнер мемлекет тарапынан ерекше қолданысқа ие болған. Өнердің бұл саласы биліктің тоталитарлық тәртіп уақытында дамып, діни не саяси идеяларды насихаттау үшін бағытталғаны ештемге құпия емес. Мысалға, Еуропаның Қайта Өркендеу дәуірін, Темірдің кезеңіндегі ғибадатханалық ғимараттар құрылысының дәуірлеуін, Мексикадағы буржуазиялық революциядан кейін монументалды кескіндеменің өрлеуін, Гитлер билік еткен уақыттағы нацистік өнерді және Кеңестік социалистік реализмді келтіруге болады. Қандай билік тәртібі болмасын, монументалды өнер адамдардың ақыл - ойлары мен жан - дүниесіне әсер ететін кұрал. /16/
Адамға көру мүмкіншілігі арқылы әсер етуге ие болған монументалды өнер қазіргі күні де өзінің қолданылуына кең өріс таба алады және табуы қажет. Ал, өкінішке орай, біздің суретшілеріміз мешіттерді безендіру жұмыстарынан басқа істерге шамалы түрде тартылған. Ұзақ уақыт өткенімен, ғасырдан ғасырға өтіп, бізге дейін жеткізген ежелгі шеберлердің өз храмдарын асылдандыру дағдыларының әсемдігі мен әсерлілігіне біз таңданып, бас иеміз. Біздің қазіргі суретшілерге осындай жетістіктерге жетуін тілейміз. Өтпелі кезеңге қарамастан, Қазақстандағы монументалды – сәндік өнер дамып, болашақ ұрпақтарға жарарлық сәулетті ескерткіштер қалдырады деп сенемін білдіреміз.
Лекция
Жоспар: