Мұсылман ақындарының ақындық шеберлігі сан мен емес адам жүрегіне әсер ете білуімен таңқалдырады. Бұл олардың жоғары ислам руханилығымен олардың тілінің әдемілігі түсіндіріледі. Сонымен қатар олар тамаша әуенге ие, сонда да мұсылман ақындарының көптеген өлеңдері ән негізінде айтылып жүр. Ол көбінесе махаббат, достық, қоршаған әлем, туыстық қатынас, жанұя өмірінің қуаныштары, ана бақыты туралы жырлайды. Әлі күнге дейін ислам ақындары Каба ибн Зухайра мен Аль – Бусиридің есімдері сақталған. Олардың касидтері құдіретті Алла Тағаланың ұлылығымен құдіреттілігі, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) жарқын образы туралы айтады. Олар баяғыдан – ақ классика болып қалыптасып, барлық поэзия мұсылманның ірге тасына негіз болып қаланды.
Барлық әлемге танымал „Хамсэ” поэмасының авторы – Низами Гянджеви (1141 – 1209 жж.), Махаббат лирикасының майталман шеберлері Мұхаммед Физуме (1494 – 1556 жж.), Алишер Новаи, Махтерикуш, Фирдауси, Саади, Хафиз кезеңінде адамзат сезімдерін керемет шеберлікпен жырлап берді. Олардың поэмаларда, өлеңдерінде, әндерінде, өмір, отан, өмір және махаббат туралы ойлар әр түрлі болды.
Қазіргі мұсылман ақыны қандай болу керек? Ең алдымен ол барлық уақиғалардан хабардар болуы тиіс. Ол тек бақылаушы ғана емес, сөз еліндегі, сонымен бірге бүкіл әлемде болып жатқан жағдайларға өз ұстанымын, өз қатынасын анық білдіре білуі керек.
Мұсылман ақынының басты мақсаты мен міндеті - өз халқының сезімдерін білдіру, оларға өз мақсаттарын дұрыс білуге және оған жету үшін батыл түрде күресе білуге көмектесу, басқаша айтқанда – оның ақылды кеңесшісі болу. Ол ешқашан өз мақсаттарын ұмытпауы тиіс. Ол сөзсіз құдайға сенуші, ислам дінін қорғаушы адам болуға тиісті және мұсылман руханилығы оның шығармашылық шабытының басты қайнар көзі болуға тиіс. Қазіргі ислам ақынын мәдениеттің қазіргі уақыттағы дағдарысы алаңдатуы тиіс. Ол өзі дінінен, өз халқынан алшақтау аластау адамзат тұлғасының рухани тұрғысынан сақтап, өз халқын түсінуі керек.
Мұсылман ақыны қарапайым халыққа аса зор сүйіспеншілікпен, аяушылық сезіммен қарауға, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға, халықты мейірімділікке, шынайы патриотизмге тәрбиелеуге міндетті. Өлеңді өз халқына түсінікті тілде жазуы керек. Поэзияға қарапайым халық әдебиетін, мақал – мәтелдер енгізіп, сол арқылы мұсылман поэжзиясының көкжиегін кеңейтуге тиісті. Өлеңнің классикалық мұсылмандық формасын шеберлікпен пайдалана отырып, ол өз халқының ауыз әдебиетін, оның ұлттық қолөнерін сақтауға тиіс. Халықтың рухани - өнегелік байлығын ашып көрсеткенін, жоғары азаматтық сезімді жырлауға міндетті. Ол өз шығармасы арқылы адал, еңбексүйгіш және талантты отандастарын қолдап, қолпаштауға тиіс. Кейбір ақындар батысқа жағынып, оның неоколоиализм саясатын жақтап өлең жазса, мұсылман ақыны өз замандастарында патриоттық сезімді оятуға, оларды азаматтық парызға, өз отаныңа деген махаббаттық сезімге тәрбиелеуге міндетті./9/
Яғни, қорыта айтсам, ислам көркем өнерінде „Хасида”, яғни бедеуиндердің исламға дейінгі поэзиясынан (ақындық өнерінен) келе жатқан өлең шығару жолы болып табылады. Араб көркем өнерінде алатын орны үлкен. Бұл Хасиданың мынандай ерекшеліктері бар: ол міндетті түрде:
1. бірінші батырды мадақтап, мақтау;
2. екіншісі табиғат пен жан – жануарларды сипаттау;
3. үшіншісі артта қалған туған елге деген сүйіспеншілік сезімін сипаттау.
Хасида діни немесе массикалық элементтерден. Адам бос су күйінде ол ислам өмірінде өз өміршеңдігін танытты. Сонымен қатар Хасида мұсылмандық діни киімдерді (өлеңдерді), (Пайғамбарларға арналған киімдерді) өз бойын сіңіре білді. Сонымен қатар мұсылман көркем өнерінде арабтың өлең шығару жолынан басқа парсылардың көне зороастризм дінінен келе жатқан өзіндік әдістер де бар. Бұл парсылық дәстүр мұсылман көркем өнерінде біртұтас поэтилақ бағытқа айналып ұлгерген. Ол дәстүрге шарап ішу, шарапты ішкеннен кейінгі адамның масаң болуы, сондағы көңіл күй, тіпті шараптың түр – түсін сипаттау және шарапты қалай ішу керектігі туралы нұсқаулары де бар. (Сол кезгі өлеңдерде қамтылған). Ол дәстүрдегі ақындар шараптың эстетикалық мәнін шынайы түсінетін тек мұсылман халықтары деп есептеген. Парсылық дәстүрге жақын орналасқан.
Сопылық дәстүрде шарап экстазға жетудің құралы ретінде бүкіл жердегі күйбең тіршіліктен басын ала қашуға және сөйтіп абсолютті құдайлық бастамамен бірігуге апаратын жол деп есептейді.
Мұсылман халықтарының поэзиясындағы гиданистік қатынас (ләззат алатын қатынас) исламның да суфизмнің де әсерінен бөліне қойылған жоқ. Сондықтан да көркем поэтикалық дәстүрге шарап туралы түсінік қашанға эстетикалық маңызды және өмірлік маңызды бейнеге айналды.
Құранның өзінде тірі жаны барларды суретке салмау керектігі туралы анық айтылған тйымның болмағынан ислам әлеміндегі бейнелеу өнеріне қойылған кедергілерді құранды талқылаушылардан іздеу керек. Бұл құранға берілген түсініктемелер Мұхаммед пайғамбардың қайтыс болғаннан кейін жазылған хадистерде пайда болуы мүмкін. Хадистер табғатты, ланшафтты суретке салуға болатындығы туралы айтады. Бірақ хадисте адамдарды, құдайларды, әулиелерді бейнелеуге болмайды деп түсіндіреді. Себебі құдай таза рухани болып есептелді. Сондықтан да оны адамдық кездейсоқтык бейнелерінен шатастырмау деп түсіндірген.
Алла идеясы рухани субстанция. Сондықтан да оны рухпен қоса тәннің ықпалындағы адам ешқашан жеткілікті мөлшерде бере алмайды. Нәтижесінде бейнелеу өнерінің орнына ою - өрнек, безендендіру кезеңі келді. Бейнелеу өнері жаңа көркемдік тілді яғни, символикалық ойдап тапты. Суретін бере алмай ою - өрнек арқылы бейнелеуге тырысқан. Адамды бейнелеу – ислам үшін бұтқа табынушылықпен, келісумен бірдей болу. Дегенмен мұсылмандық көркем өнер бір келкі арабтық пен аяқталмайды. Мұсылмандық арасында парсылық, зороастрлық бар. Парсылықтар арасында жан – жануарлар, құстар немесе тасқа салынған адам бейнелері де бар. Ол туралы деректер бар. Мысалы, ҮІІ – ҮІІІ ғасырларды Пенжапта табылған қабырғадағы бейнелер және кітап минатюраларды, да жан – жануарлардың да, адамның да, бейнесінің бейнеленгенін көреміз. Сондықтан да қазіргі заманда исламның жаңартылуы жүүріп жатыр.
Алғашқы кино өнері көптеген араб мұсылман әлемінде өте бір жаугершілікпен қабылданған. Олар кино көретін жерлерді шайтан үй делінген. Өте жаман көзқараста қалған. Бірақ бірте – бірте кино өнері өзінің дегенін алмай қоймады. Киноны мойындауға мәжбүр болды. Пайдалануға жол қойды. ХІХ – ХХ ғасырлардағы діндегі мұсылман дініндегі реформаторлар және солардың басшыларының бірі Мұхаммед Әбд (1849 - 1905) Уақыт талабына сай жаңа мәдениет үлгілерін қабылдау керектігі туралы ойларын сенімді дәлелдей білді. Соның нәтижесінде кино, театр өнерінің жаңашылдығы қабылдана бастады.
Ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебинеті жайында айтар болсақ, мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесы жоқ үлес қосты. Жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосты. Ислам өркениетінің атақты ақындарының бірі Кабайын Зуқайра әл - Бусири оған қоса Низами (1141 – 1209 ж. өмір сүрген). Бүкіл әлемге әйгілі Қамсе поэзиясының авторы Мұхамма Жизули (1494 – 1556 ж.ж.) Алишер Науаии (1441 - 1501ж.) аралығында. Міне осылардың барлығы ислам әлемінен шыққан өнер иелері. Олардың поэмаларында, өлеңдерінде, өмір туралы ойлар, отан, өлім мен махаббат сүйіспеншілік мәселелері қамтылады. Олар жан - жақты тақырыптарды қамтығанмен де, бүкіл шығармашылықтары түгелдей дерлік мұсылман руханилығынан туындайды. Олардың түсінігінде ақын болу халқының мұқтаждықтарын өлеңге салып жеткізе білу дегенді білдірді. Өлең саптаудың, өлең жазудың классикалық мұсылмандық формаларын, асқан шеберлікпен пайдалана отырып аталған ақындардың барлығы да өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне сай шығармашылық қалыптастырды. Олардың барлықтарының өлеңдерінде адам жанының рухани байлығы жоғары азаматтық сезімдер, әйелге деген құрмет, сүйіспеншілік, ғашықтық толғаныстары тән.
Мұсылмандық көркем әдебиетке келетін болсақ, онда оның басты элементтерін Құраннан да, суннадан да табуға болады. Өйткені онда адам өмірінің ақиқат суреттелуіне орын бар. Мұсылман жазушыларының ең үздіктері қашан да ауызы дуалы ойшылдар болады екен. Өздерінің замандастарының өмірін бақылайды және тұлғалардың, тағдырының түгелдей халық тағдыры мен тығыз байланыстығын көрсетуге тырысқан
Лекция
Жоспар: