Көрерменді туған табиғатының қуанышты, өмірде бар образдарына ендіре отырып, оған дала мен тау пейзажының өзіндік әдемілігін, шексіз кеңістік пен тыңыштықтың ерекше поэзиясын көрсете отырып олар сол адамда табиғат пен адамның тұтастығын гуманистік түрде қабылдауды қалыптастырады. Туған өлкенің ұлылығымен қайталанбас тартымдылығымен негіздеуге ықпал етеді. Өкінішке орай соңғы кездері біздің елде де шетелдерде де өздерін суретші – мұсылман деп атайтын адамдар пайда бола бастады. Бірақ шын мәнінде олардың құр атынан басқа мұсылман көркем суретімен ешқандай байланысы жоқ. Осыған байланысты айта кету керек дәстүрлі исламға қарсы, әрине ол құдайлардың суретін, мұсылман дінінің арлық жауларын және де жалаңаш денені салу болып табылады. Бұндай адамдар мұсылман суретшісі болып қана табылмай, олар құдіретті Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды. Сонымен қатар еуропалық көркем суреттің көркемдік образдары, батыстың өмір сүру үлгісін насихаттайтын олардың талпыныстарымен идеяларын көрсететін картиналар исламға мүлде жат.
Батыс сурет өнерінде өмір сүруі ұзаққа бармайтын, алайда адам жанына үлкен зиян келтіретін формалистік бағыттар пайда болды. Олардың ішіндегі неғұрлым регрессивтісі - абстракционизм мен ақыл ойды жоққа шығаратын шынайылық алдындағы қорқынышпен білдіретін сюрализм болып табылатын суретші – обстракционистер шынайы әлемді көрсетпейді. Олар жеке адам әлеміне ену жолдарын іздестіреді, ал сюралистер өз „өнерлерінде” қорқынышты түстермен мистикалық көріністерді беруді мақсат етіп қояды. Абсурд олар үшін осы әлемнің шынайы заңдылығы болып табылатын және ақылдан алжасу шығармашылық процесс үшін өте тамаша күй.
Бұл өнердің мақсаты – өз көрермендерін еркі мен ақылынан ажырату, әдістілік мейірімділік пен адамның жоғарғы мағыналылығы туралы ойдан аластау. Мұндай шығарма соны жасаушы адамның ішкі жан дүниесін, оның санасын, яғни оның дүниеге деген көзқарасын көрсетеді.
Дүниетаным – ол суретшінің жалпы мәдениетін құрайтын философиялық, эстетикалық, діни өнегелік идеялардың жиынтығы. Дүниетаным суретшінің шығармашылығында көрініс табатын өмірлік құбылыстардың мән – мағынасын айқындайды. Сонда да оның жеке дүниетанымы қаншалықты терең (маңызды), рухани және гуманды болса, сол ғұрлым шығармасы мазмұнды болады. Мұсылман көркем суретінің дамуы жер шарының әр бұрышында әр түрлі болды. Алайда оның негізгі тенденциялары баяғыдан - ақ анықталған. Ол ислам руханилығының негіздеріне сүйенген. Осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектерде кремет шығармашылық талғам мен жоғары кәсіби шеберлік жатыр. Ислам суретшілерінің шыдамдылығымен еңбексүйгіштігі сурет өнерінің прогрессивті дәстүрлерін нығайтуға деген талпыныстары жаңа мұсылман мәдениетін жасауға белсенді түрде қатысуға тиісті барлық сенуші адамдарды қуанта түседі. Олардың шығармашылығының әр алуандылығы, өмірді танып білуге деген құштарлығы, махаббаттың жоғары патриоттық идеалдары, өз туған жері мен халқына деген мұсылман сурет өнерінің басты ерекшеліктері болып табылады. Өзінің бар өмірінде діни көзқарастарға деген сенімділігін сақтаған үлкен жастағы мұсылман суретшілері енді өз шеберлігін жас мұрагерлеріне үйретуі тиіс. Өз кезегінде руханилық ислам суретшілерінің ең жақсы шығармаларын, осы бағыттың мақсаттары мен міндеттерін қоғамға түсіндіріп, үнемі насихаттап отыруға міндетті. Қазіргі уақытта әлемнің кез – келген сурет өнерінің мұражайында мұсылман көркем суретінің залы болуға тиісті. Себебі сурет өнерінің барлық жанрларын қамтитын ислам суретшілерінің керемет шығармашылығы сондай айқын да, әр алуан, өте терң де мазмұнды. Сондықтан ол ислам әлемі қазіргі уақытта барлық адамзатқа беріп отырған мәдени құндылықтар арасында үлкен орын алады.
Ислам мен өнердiң бiр-бiрiмен сыйыспайтын жерi бейнелеу мен сурет, мүсiндеу екенi айқын, бұл да исламнан бұрынғы пұтқа табынушылыққа қарсы қолданған күрестен туындаған. Тiптi сурет пен мүсiн былай тұрсын фотографияны харамға жатқызған ғұламалар да баршылық. Ал өзге мұсылман ғұламаларының пiкiрiне қарағанда ибн Аббастың риуаятына қарай: “Егер сен өнерiңдi жалғастыруға мәжбүр болсаң, ағаш пен жансыз болмыстардың суретiн сал”.
Қажетiнше ағаш, гүл, үй сияқты жансыз заттардың сурет салу – мүбах, ал жандылардың суретiн салу – харам.
Мұхаммед пайғамбардың жәһилие дәуiрiнен қалған пұттарды қиратқанын назарға ала отырып, мұсылман хұқықшылары мүсiн жасаудың ислам дiнi бойынша тыйым салынғанын жақтайды. Мұсылман хұқықшыларының пiкiрiне қарай құс сияқты жандылардың бейнелерi киiм, ақша сияқты заттар, палас, кiлем және жастық сияқты биiктеу жерлерде емес, яғни қараған адамға құрметтiлiк сезiмiн қоздырмайтын жерде болса мүбах. Ал үй қабырғаларына салынса харам. Жандылардың басы кескiнделмеген суретке шариғат рұқсат етедi. Ал басы бар болса оны құртқын лазым.
Сурет жайындағы соңғы уақыттардағы жұмсару әрекетi оның күнделiктi өмiрiмiзде айрылмас бөлшегi болуымен байланысты. Соңғы жүз жылдықта дүниеге келген фото сурет, паспорт суретi, шақыру билеттерi табыну сипатына ие болмау шартымен - жайыз. Кейбiр ғалымдардың көзқарасы бойынша табыну Аллаһтың құдiретiне шек келтiру сипатына ие болмаса жандылардың суретiн салуға болады.
1. Исламның негiзгi эстетикалық категориялары: жамал, жалал және сыфат;
Ислам дінінің тарихи даму процесінде діни, көркемдік мәнге ие белгілі символдар жүйесі пайда болған. Бірақ исламдық сенімдердің категориялары мен түсініктері пайда болған алғашқы кезеңде эстетикалық, көркемдік мәнге ие символдар жиындығы әлсіз байқалған. Алайда кейінгі мұсылмандық архитектураның дамуы кезінде діни-көркемдік символдар дүниеге келген.
Мәселелен, «жамал» сөзіне сәйкес құдайдың сұлулығын білдіретін символ мешіт күмбезі болды. Құдайдың ұлылығын білдіретін «жалал» сөзіне сәйкес мешіт мұнаралары символданды. Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ (сыфат) ретінде мешіттің сыртқы қабырғаларындағы жазудар болды. Сонымен қатар Аллаһ жолының мәңгілік көктеуін білдіретін түс – жасыл түс орасан зор символдық мағынаға айналды.
Каллиграфияның ислам көркем өнерiндегi орны ерекше. Бейнелеу, мүсiндеу өнерiне тыйым салған исламдық өнер араб әрiптерiнен құралған көркем жазудың дамуына жол ашты. Мүмкiн Құран жазуының араб әрiбi болғандығы бұған себеп болса керек және бұл каллиграфияның жеке бiр өнер саласы болуына жол ашқан.
Құрылымы тiк бұрышты және домалақ пiшiмiндегi Набат жазуынан туындаған араб жазуы исламға дейiнгi дәуiрде қолданған өлкеге қарай әртүрлi аталған. Жәһилие дәуiрiнде “жәзм”, “мәшк” деп аталған осы жазулар арқылы исламның алғашқы кезеңiндегi «меккелiк” және “мединелiк” деген атқа ие болған Құранның алғашқы мәтiндерi жазылған. Хазiретi Алидiң халифалығы тұсында мемлекеттiң орталығы Куфаға ауысуына орай, “куфи” деп атала бастаған әлгi жазу Үмеуилер дәуiрiнiң соңына қарай формасы жағынан өзгерiске ұшырай бастаған және әрiптерiнiң тiк бұрыштық формасы жоғала бастаған.
Аббасилер заманындағы ғылым мен өнердiң қарыштап дамуы каллиграфия саласына да едәуiр ықпал ете бастады және осы сала бойынша ибн Мукла (ө. 940 ж) белгiлi бiр әдiстерге қарай әрiп пiшiмiн өзгертiп, “мәузун” немесе “мәнсуб” каллиграфия түрiн ойлап тапқан. Әсiресе Құран мәтiндерiнде ерекше қолданып келген куфи жазуы каллиграфияның дамуы нәтижесiнде ескерткiштердi әшекейлеу, декорациялық қызмет атқарған. Сонымен қатар геометриялық пiшiмге ие каллиграфия түрi - “ма’қили” немесе “беннаи” деп аталған “шахматтық куфи” жазуы да ескерткiш ретiнде қолданылған жазу өнерiнiң келесi бiр түрi.
Шамамен ибн Мукладан бiр ғасыр кейiн өмiр сүрген ибн әл-Баууаб (ө. 1022 ж.) араб жазуының едәуiр дамуына ат салысқан. Ал Яқуту-л-Муста’сыми (ө. 1298 ж.) “ақлам ситте” деп аталатын “сулус”, “насих”, “мухаққақ”, “райхани”, “тәуқи’” және “риқа’дан” тұратын алты каллиграфия түрiнiң дүниеге келуiне ықпал еткен. Яқуттың қолынан дүниеге келген осы жазу түрлерi Бағдаттан Анатолияға, Сирия, Иран және Орта Азия өлкелерiне кең таралған.
Каллиграфия өнерiнiң дамуына османдық хаткерлердiң еңбектерi ерен. “Құран Кәрiм Хижазда түстi, Мысырда оқылды және Стамбулда жазылды”, - деген халық арасындағы қанатты сөзге қарай, каллиграфия өнерiнiң классикалық кезеңіне Осман империясы заманын жатқызсақ әбден болады. Османдық хаткер Шейх Хамдуллаһ (ө. 1520 ж.) Яқуттың мұрасына жаңа бiр жазу түрiн қосқан. Мiне, осы кезеңнен бастап, Яқут каллиграфиясының орнына “Шейх әдiсi” деп аталатын османдық каллиграфия дүниеге келген. Алайда Яқуттың жазу түрлерi iшiнен сулус пен насих Шейх әдiсiне жақын келгендiктен оның да қолданысқа еркiн енуi көп уақытқа созылды.
Поэзиядан өзге музыка жайындағы iлiм мұсылман халықтарының музыкалық практикаларын талдау және антикалық оқымыстылар - Аристотель, Аристоксен, Птоломей және пифагоршылдардың музыкалық концепцияларын игеру барысында мұсылмандық Шығыста дамытылды. Осы iлiмдер және осыған байланысты эстетикалық идеялар арифметика, геометрия және астрономиямен қатар математика шеңберiнде ерекше дамыды. Атақты музыка теоретиктерiнiң қатарына әл-Кинди, Ихуану-с-Сафа, әл-Фараби, Ибн Сина, Сафи ад-Диндердi жатқызуға болады.
Ортағасырдағы музыкаларды аспанға және жерге тән деп бөлу, әсiресе, музыка ғарыштық жүйе негiзiн құрайды және аспан сферасын бөлiп тұратын қашықтық арасында болатыны сияқты қатынасқа ие болған деген пифагоршылдардың жорамалдағанынан соң Ихуану-с-Сафа тарапынан қуатталған. Алайда, Ихуану-с-Сафа негiзгi назарын жерге тән музыкаға аударған. Мелодияның функционалдық категорияларын былай бөлген: дiни қызмет барысында храмдарда орындалатын – рухани мелодия, адам рухына ержүректiк пен өжеттiлiктi оятатын – соғыс мелодиясы, аурудан қиналуды жеңiлдететiн және дерттен айықтыратын емдiк мелодия, қаралы адамдарды жұбататын – жерлеу мелодиясы, физикалық және психикалық шаршағандығын басатын еңбек мелодиясы, неке және өзге де көңiлдi әндер, жануарларға байланысты орындалатын мелодия (түйе айдаушы әнi, сауыншылар, аңшылар әндерi, т.б.), бесiк жыры.
Өнер мен ислам арасындағы тарихи байланысқа анализ жасағанда рухани, әсiресе көркемдiк мәдениеттiң жалпы тарихи дамуы заңдылығы байқалады. Осы процесте мына екi бағыттың рөлi мен қызметi ерекше: халық мифологиясы, әлеуметтiк-өзектiлiк. Арабтың ежелден келе жатқан көркемдiк мәдениетiнiң бiр мысалы – ақындық өнер (қасида). Исламнан бұрынғы арабтар сөз мәнерiне ерекше мән берген. Өлең, шешендiк сөз надандық дәуiрi арабтары үшiн баға жетпес асыл маржан есептелген. Бәдәуилердiң асыл қазынасын құраған қасидалар негiзiнен мына тақырыптарда өрбiген: 1. Батырлықты дәрiптеу; 2. Жануарлар мен табиғатты суреттеу; 3. Туған өлкесiне деген сүйiспеншiлi, сағыныш сезiмi.
Ислам дiнi дүниеге келгеннен кейiн де сөздi көркемдеу өнерi мен қасидалар жалғасын тапты. Надандық дәуiрiнде қасидалар мистикалық, дiни мәнге ие болмаған және ерекшелiгiмен ислам дiнi үстем болған өлкелерде өзiнiң маңызын жоймады. Тiптi кейiнгi дәуiрлерде мадақтау объектiсi бiршама өзгерiске ұшырады, мәселен, дәстүрлi қасидаларда тiзбектелген түйе керуенiмен қатар пойыз қолданысқа ендi, тiптi мұсылмандық ренессанс кезеңiнде дiни сипат алды. Әсiресе, хазiретi Мұхаммедтiң құрметiне сай өлеңдер дүниеге келдi. Бүгiнде ардақты пайғамбардың көркем мiнезi мен асыл тұлғасын мадақтайтын көптеген дiни өлеңдер дүниеге келген.
Мұсылман халықтары поэзиясы тек араб әдебиетiмен ғана шектелмей өзге халықтардың, әсiресе иран, түркi халықтары әдебиетiмен толысты. Мұсылмандық поэзиядағы iрi тақырыптардың бiрi - ирандық әдебиет ықпалында қалған “шарапты жырлау” дәстүрi сонау парсизм немесе зороастризм дәстүрiнен бастау алса керек. Осы парсы дәстүрiндегi мас болудың өзiн ғана емес, шараптың сапасын, оны iшу мәдениетiн дәрiптейтiн поэтикалық бағыт исламға дейiнгi және исламның пайда болуынан кейiнгi дәуiрге тән. Поэзияның осы бiр жанрын жырлайтын ақындар шараптың эстетикалық мәнiн Шығыс халықтары ғана түсiнетiнiн жырлаған.
Мұсылман арабтардың Таяу және Орта Шығыс, Солтүстiк Африка, Пиреней түбегiн жаулап алғаннан соң, мұсылмандар ислам өркениетi атымен танымал жаңа мәдениеттi дүниеге әкелдi. Византия мен Сасанидтер империясы құрамына енген ежелгi Сирия, Мысыр, Ирак, Иран мәдениетiн одан ары дамытқан ислам мәдениетiне араб, парсы және түркi халықтары өз үлестерiн қосқан. Аталған мәдениет үшiн мұсылмандық сенiм мен араб тiлi (кейiн парсы тiлi) әсiресе көркемдiк шығармашылық саласында жетекшi рөлдi ойнады, тiптi мұсылман әлемiндегi өнердiң ерекше стилi, халықтардың этникалық, саяси шарттарына қарай емес ортақ сенiмге негiзделдi. Ислам мәдениетi белгiлi бiр жағдайдағы қатынас нәтижесiнде Үндiстан, Визания мәдениетiмен, Испания мен Сицилиядағы роман халықтарымен жақын араласу нәтижесiнде Шығыс пен Батыс мәдениеттерi арасындағы көпiр қызметiн атқарды.
Эстетикалық ойды дамытқан шығармалар – философиядағы, теологиядағы, филологиядағы, сыни әдебиеттегi және өнертанудағы интеллектуалдық шығармалар аумағында өрбiдi. Сонымен қатар осы сала бойынша ортағасырлық кезеңнен алуан түрлi мұралар қалдырылды, тiптi осы алуан түрлi ағымдар мен мектептер арасында идеялық қақтығыстар мен қайшылықтар болып отырған.
Үмеуи халифалығы заманынан бастап, ислам территориясы кеңейiп, мұсылмандар өзге мәдениет әсерiнде қалуына байланысты сәулет өнерi де көркемдiк мәнге ие болып, дамудың жаңаша сатысына көтерiлдi. Византия, Иран т.б. сәулет өнерi үлгiсiндегi мешiт, медресе, сарай, керуен сарай құрылыстары дүниеге келдi. Мүмкiн бұл алғашқы кездегi архитектор мен ұстаның басқа халық өкiлi болуымен байланысты болса керек. Ислам сәулет өнерi орналасқан өлкелерге қарай пiшiмi жағынан ерекшеленген: Мысыр, Шам өлкелерiнде дүниеге келген мұсылмандық құрылыс Визмнтия архитектуралық пiшiмiмен ұқсас келсе, Иран, Хорасан өлкелерiндегi сәулеттiк ескерткiштер ирандық пiшiмге келтiрiлген. Ал Испанияда соғылған сәулеттiк ескерткiштер готтық үлгiге сәйкестендiрiлген. Өйткенi, арабтар аталған өнерден бейхабар болатын. Дегенмен, көп уақыт өтпестен сәулет өнерiн меңгерiп, мұсылмандар шығыстық үлгi мен ислам дiнiне лайық кейбiр өзгешелiктердi енгiзiп, жаңа бiр сәулеттiк пiшiмдi дүниеге әкелген. Алайда осы сәулеттiк пiшiм өлкелердiң, мемлекеттер мен кезеңдердiң ерекшелiктерiне орай әртүрлi топтарға бөлiнгенмен, олардың барлығы мына үш топ төңiрегiне жинақталған: византиялық, ирандық және арабтық. Соның Византиялық үлгісі:
Византия-араб дәуiрi: iргетасы Византия архитектуралық пiшiмiмен жарыққа шыққан осы тектес ескерткiштер ислам сәулеттiк туындылардың ең ескiсiн құрайды. Ислам өркениетi шеңберiндегi осы архитектуралық пiшiм беске бөлiнедi:
Сирия сәулеттiк пiшiм: Құдiстағы мешiт Ақса (Үмеуилер тарапынан тұрғызылған), Шамдағы Үмеуи жамиi (Үмеуилер тарапынан тұрғызылған)
Мысыр архитектуралық пiшiм: Фустаттағы Амр мешiтi(Амр бин әл-Ас тарапынан тұрғызылған).
Африка сәулеттiк пiшiм: Кируан мешiтi
Сицилия сәулеттiк пiшiм: Зиза және Жуба бекiнiстерi
Андалусия сәулеттiк пiшiм: Кордова мешiтi т.б.
Эстетикалық мәселелерге қатысты концепциялардың негiзгi мазмұны пайдакүнемдiк ойда ада ләззат алуға шақыратын құрал ретiндегi сұлулық категориясы төңiрегiнде өрбiген. Сұлулықтың осындай түсiнiктемесi түрлi идеялық бағыттардың өкiлдерiнде кездеседi, алайда оның жүйеленген формасы әл-Ғаззалидiң “Ихиа-у-улуми-д-дин” атты шығармасында орын алған.
Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сұлулықтың мәнi мен онда болатын ләззат алу себептерiн дүниеден тыс әлемнен iздеген. Әсемдiкке қатысты эстетикалық мәселелердi зерттеу барысында олар эстетикалық әсерленудiң объектiсi мен субъектiсiн терең зерттей отырып, метафизикалық принциптерге қарағанда натуралистiк принциптерге көп сүйенген. Қандай да бiр затқа эстетикалық көзбен қараған адамның көңiл қою механизмiн ашқан ибн Хазмның шағырмаларындағы, көрiнетiн формаларды қабылдаудың психофизиологиялық негiздерiн қарастырған ибн әл-Хайсама трактаттарындағы объекттiк эстетикалық құны бар субъекттiң психикалық қуатына олардың назары аударылған
Бәрімізге белгілі сәулет өнері – бұл қандай да бір қоғамның эстетикалық көркемділігімен техникалық мүмкінділігіне сәйкес адам өмірі мен іс - әрекеті үшін қажетті мекемелермен құрылыс нысандарын жасау және жобалау.
Өнердің бір түрі ретінде ол рухани мәдениет саласына жатады. Адам айналасындағы кеңістікті қалыптастырады. Әр халықтың сәулет өнерінің бейнелеу құралдары – композиция, тектоника, масштаб, пропорция, ритм, көлем пластикасы, фактура және материалдардың түстері бір – бірінен қатты ерекшеленеді. Бірақ тұтастай барлығына ортақ сәулет өнерінің үш негізгі түрі бар:
· ірі құрылыс нысандарының сәулеті – бұл тұрғын үй, мәдени және қоғамдық мекемелер;
· Ландшафты сәулет өнері. Ол бау мен саябақтардың ұйымдарымен байланысты;
· Қаланың құрылысы.
Сәулет өнерінің негізгі мақсаты – мекеменің эстетикалық аяқталған шығармашылық көркемдік формасын беру, басқаша айтқанда адамдардың өмірін ыңғайлы да әдемірек ету.
Әсемдік сәулет өнеріне қайталанбас ерекше сәулет стилін жасаған, яғни өте қиын көркемдік әдіс құралдарды пайдаланған мұсылман сәулетшілері үлкен үлес қосты.
Мұсылман сәулет өнерінің тілі өте бай, әралуан және күрделі. Себебі ол әрқашан ислам қоғамының дүниетанымы мен идеяларымен байланысты болды. Олардың басты қызығушы күші жоғарғы ислам руханилылығы болып табылады. Алла тағаланың атымен мұсылман сәулетшілері тасқа қашап шынайы үйлесімділікті жасады. Мұсылман сәулет өнерінде үлкен мағынаға ритм ие, яғни мекеменің жеке элементтерімен бөліктерін өте айқын етіп бөліп көрсету. Симметриялық және ассиметриялық композицияларды қолдана отырып көркемдік құралдарды мекеменің формасы мен элементтерін пайдалана отырып мұсылман сәулетшісі өзінің көзқарасы бойынша бұл формаларды ауыр немесе жеңіл, тыныш немесе динамикалық бір түсті немесе түрлі түсті етіп жасай алады. Құрылыс жүріп жатқан жердің климатын ескере отырып, ол жарық пен көлеңкені өте тиімді орналастыра отырып, оған көркемдік түр береді.
Ислам сәулетшілерінің еңбектері оюлармен безендіріліп, өз формасы мен байлығымен ерекшеленеді. Исламның мәдени құрылыс нысандарына әдемілік, қапырық күннің, ыстық құммен тыныш оазистің образдары тән. Мешіттің көгілдір күмбездері, минареттің тамаша мұнаралары, фантандағы судың сылдыры адам жанына жеке өз сенімділігін ұялатады және оған жарқын да қуанышты дүниетанымдылықты сыйлайды.
Уақыт үнемі алға қарай жылжуда, сонымен бірге өркениет дамып, үлкен көлемдегі құрылыстар салынуда. Қазіргі өмірді сәулет өнерінсіз, құрылыссыз елестету мүмкін емес. Құрылыс процесі де өзгеріп, қазір ең ауыр құрылыс жұмыстары машинаның көмегімен жасалынады. Машиналар адам еңбегін жеңілдетіп, штукатурлап бояйды, метал қорытып, шеге қағады. Сонымен қатар жаңа, берік, жеңіл және өміршеңді құрылыс материалдар мен конструкциялар жасалынуда. Көптеген құрылыс жұмыстарын жасаудың әдістері жетілдіріліп, құрылыстың жаңа тәсілдері пайда болды. Ал бұл өз кезегінде сәулет өнерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, көлемін үлкейтті.
Қазір жүздеген жаңа материалдар пайда болып мекемелер салудың күрделі процесі жеңілдендірілді. Тек сәулет өнерінің негігі принциптері өзгеріссіз қалды. Пайда, мықтылы пен әдемілік композициялық әдістердің жаңа түрлерін іздеу әлі күнге дейін жалғасуда. Болашақтың құрылыс алаңдары қазірге мүлдем ұқсамайтын болады: будозерлермен эксковаторлардың орнында ултрадыбыстық электрлі, пневматикалық және лазерлік болады. Ешқандай трантраншея болмайды. Себебі арнай жер қазатын машиналар адамның қатынасынсыз – ақ түннен жасап, оған кбелмен трубаларды орнатады. Сәулетшілер әр түрлі формалар жасайды – жеңіл, көптүсті, ыңғайлы, әдемі және мықты мекемелерді жасайтын болады. Заман өзгеріп, әр ғасырдың сәулет өнері тарихтың куәгері ретінде, сол заманның символы ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып қалып отырады.
Мұсылман поэзиясы.
Шығармашылық шабыт ұзаққа созылмайды – небары бірнгеше күн, сағат, кейде тіпті минутты қамтиды. Сол уақыт арасында адам өз туындысын немесе болашақ шығармасын ойлап табады. Ай, бұлбұл, раушан гүлі де, беттегі меңге дейін бір сөзбен әдемілікті түсініп туындыларды жасауға мүмкіндік беретін Құдіретті Алла Тағаладан басқа барлық нәрсе шабытты тудыруға себеп болады.
Мұсылман поэзиясы жалпы әлемдік мәдениетке бағаланбас үлес қосты. Ол ақындық сөздердің ұлы шеберлігін көрсетеді. Мұсылман ақындары өз заманының алдыңғы қатарлы және білімді адамдары болған. Қазіргі көптеген ақындардың шығармашылығы солардың ықпалымен дамуда. Мұсылман ақындары өз еңбектерінде бақыт, әділеттілік үшін күре туралы жырлаған және пара алушылық, зұлымдық, әділетсіздікке, талан – таражға қарсы шығып варварлықпен қаталдыққа қарсы күресті. Бұл қайырымды адамдар өз хлқының қайғы мұңына кінәлі адамдардың өзекті сатиралық портреттерін жасады. Олар бай атақты адамдардың ақымақтылығын, мейірімсіздігін қатты сынады. Мұсылман ақындары артта қалушылыққа, діни фанатизмге қарсы, бостандық, прогресс, халықты ағарту үшін күресті. Олардың поэзиясы мұсылман қоғамының алдыңғы қатарлы дүниетанымын қалыптастыруға үлкен ықпал етті. Мұыслман ақындарының шығармаларында жәй халықтың мұң – мұқтажы терең айтылған. Үлкен махаббатпен олар қарапайым мұсылмандардың ауыр еңбектерін суреттеді. Халыққа қайғы әкелетін, өміріне қауіп төндіретін барлық нәрсеге қарсы шықты. Исламның ұлы ақындарының ар намысы, адамгершілігі, руханилылығы, адамзаттағы халық арасында шынайы сезімнің әділдігін көрсете білді. Біреулері адамдарды қалай өздері көргісі келеді, солай салды. Ал, біреулері оларды тап сол күйінде бейнеледі.