Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лекция. Ислам діні және мәдениет 2 страница




Діни әдет - ғүрыптарды қалтқысыз орындап, яғни Алланың адамға қойған парыздарын орындау, яғни Алланның бірлігіне, пайғамбарларына сену, бес уақыт намаз оқу, ораза тұту, жегім - жесірлерге міндетті түрде зекетберуі жағдайына қарай қажылық жасау исламның біркелкі діни мәдениетін қалыптастырды. Бұл мұсылман адамдарын Аллаға бағыну, шариатты орындау тәртібіне тәрбиеледі. Ең басшсы шариатқа, Құран Кәрімге, хадистерге жеке тұлғаның «өзіндік пікірін, оларға өзгеріс ендіруге немесе одан алыс тастауға қатаң тыйым салып, оны қадағалады. Бұл парыздарды орындауда ешқандай бастық, ешқандай күш мұсылманға қанағат бере алмайды, яғни намаз уақытында орындалуына ешқандай күш кедергі бола алмайды, 30 күн ораза міндетті түрде тұтылады, егер қандай да себептермен тұтылмай қалған күндері болса, міндетті түрде кейін орындайды. Сол сияқты зекет беру міндетін ешқандай күш өзгерте алмайды. Бұл парыздардың барлығы Алланың құлына міндеттеген парызы, оны орындау - мұсылманға міндет. Міне, осы парыздарын орындау арқылы адам күнделікті, әр сағат, минут сайын өзінің Алла алдындағы жауапкершілігін, өзінің Алланың құлы екенін сезініп, Алла алдында сәжде жасап, табынуы мұсылмандарды біркелкі рухани тазаруға алып келді. Шындығында, мұсылманға парыздарын орындау, оның тұрмысты өміріне ешқандай кедергі алып келмейді, оның үстіне адамды ешқандай қызметтен, ол жай қара жұмыс болсын, одан оны тыймайды оған кедергі болмайды. Міне, бұл мұсылманды біріктіруге, дінді сыйлауға алып келді. Бұл жағдай діннің тез тарауына, оның нығаюына алып келді.
Ислам діні де басқа діндер сияқты теңдікті қадағалайды.

Бірақ христиан дінінде сөзбен ғана айтса, ал исламда зекет арқылы халықтың тұрмысын теңестіреді. Зекет беру әрбір мұсылманға парыз. Алла алдында әрбір адам тең, бірінде дүние көп болса, зекет беру арқылы жоқ адамға көмектеседі. Мұсылман - әлемінде туыстық сезім бұрыннан да жоғары бағаланатын болса, ол сезім тек туысқандар шеңберінде ғана емес, бүкіл адамзатқа бірдей деген исламдық нормада тарап, жиналған зекет бәріне ортақ болды. Бұл да дін мен зайырдын бірігуіне үлкен себепкер болды.
Муджтахидтер мен мутакаллимдердің жетістігі, олардың әулеттік негізінде немесе әлеуметтік байланысында қаралады, оның исламдағы тазалығына, білімділігіне, имандылығына қарай бағаланады.

Мұсылман халифатында ХҮ - ХҮІ ғасырда сырттан келі - егі басып алушылар әскерлерінің келуімен біркелкі ислами тәртіп бүзылды. XVI ғасырда халифаттың көп жері Осман империясының қол астына енді. Жекеленген күшті Сефевид мемлекеті шииттер орталығы болған Иран болып қалды. Үшінші орындағы ислам империясы Индиядағы Ұлы моғолдар империясы еді. Бұл үш империяда ислам өзіндік жеке бағыттағы саяси күш болып, әр жерде жергілікті тәртіпке қарай өрбіді.

Индияда индуизммен қатар енуге қалыптасса, Иранда шиизмнің нығаюымен санасуға тура келді. Осман империясының қол астына бүкіл араб елдерінің жері де, халқы да енгендіктен бұл жерде ислам бұрынғы қалпында сақталып, әрі қарай өріс алды. Халифа орнына сұлтан келді, ислами тәртіп әрі қарай өркендеді.
Келесі ислам дінінің өркендеуі XIX ғасыр еді. Ол Голландиялық Индия мен Индонезияда еді. Ол өз жолымен жүрді. Ескертетін жай, әлемді жағрапиялық бөлшектеуге түсірген Европа экспансистерінің кезінде капиталистік жүйе өркендей бастаған шақта Шығыс елдері терең тамырдан жарылуға кезікті. Бұл, әрине, дінді де жанай келді. Дінге көп кесірі тимегенмен, бұл күйзеліс XIX ғасырдың өзінде - ақ ислам дінінің рухани басшылары, ғалымдары ислам дінінін тұрақтауына төнген қауіптен құтылу жолын іздеді. Діннің тазалығын, оның мәдениетін, әдет - ғұрпын сақтауға тырысты. Ізденісте түрлі ағымдар пайда болды. Оған террорлық жолмен енген сыртқы күштер де әсер етті. Ислам дінінің тез тарауына басқа Европа елдерінін ислам әлемінің бөлшектенуіне әрекет жасаған істерінен нәтижелер алғандары да болды.

Сол кездегі әлемнің көп жеріне өзінің қоластында ұстаған Англия империализмі және сол сияқты ірі мемлекеттер исламды ыдыратуға әрекет жасады. Сондай жолда, яғни Англия мемлекетінін қауіпсіздендіру орнының көп жылдар бойы араласуымен ХҮІІ - ХІХ ғасырда араб елінде ваххабизм ағымы пайда бөлды. Бірақ ол араб елдерінен әрі асқан жоқ, оны діннін өрбіген және жақсы сақталған аймақтарында қолдамады. Ал Иранда шиизм ағымы қалыптасты.

1844 жылдары, он екінші имамның ғайып болғанынан кейін мың жыл өткенде бабтар және бехаистер ағымы пайда болды. Өзін он екінші имам Махди деп хабарлаған Бабты қолдаушылар, оның соңынан ерушілер де аз болмады. Ол да шетел экстремистерінін әсерімен келген ағым еді. Оның жолы бостандық, теңдік, әйелдердің теңдігін қорғау еді. Міне, осы үрандардың өзі ислам дінін шынайы болмысымен түсіне алмайтын басқа діндегілердің араласуымен құрылғаны белгілі. Бостандықты кімнен алмақ, бостандық Алладан берілгенін шын мұсылман біледі. Теңдік - қандай теңдік? Алла алдында барлық адам тен. Ал, әйелдердің теңдігі жайлы айтсақ, бұл басқа діндегінің немесе дінсіздердің, яғни еркін ойшылдардың ықпалы екені белгілі. Исламда әйел тендігі шешілген, ол Құранда айтылған. Баб 1850 жылы тұтқынға алынып, ату жазасымен өлтірілді. Оның жақтастары жан-жаққа қашып кетеді. Олардың бір бөлігі Иракта тұрақтап, оның ішінде Бехаулла деген өзін Махди деп хабарлады. Бұл ағым бехаустер деп аталып, Батыс идеясын қабылдап, соғысқа, әлемдік бірігуге, шыдамдылыққа, махаббатқа, теңдікке, заңды түрде меншік затгы бөлісуге қарсы күресгі. Бабизм, бехаизм соншалықты үлкен нәтижеге жете алған жоқ, бірақ интеллигенттер арасында біршама қозғалыстар тутызып, исламда реформа, модернизация дегендерді туғызуға әсерін тигізді.

Тарихқа көз жүгіртсек орта ғасырларда орта және таяу шығыста қалыптасқан "мұсылман әлемі" деп аталатын мәдени - саяси қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық орналасуы жағынан шалғай болғандықтан, едәуір шеткері болды. Сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы исламдандыру деңгейі де әр түрлі болды. Негізінен бұл әрекет Оңтүстік аймақтардан Солтүстік аймақтарға қарай бәсеңдеу болды. Исламдандыру негізінде Ислам мәдениеті қазақ даласына тереңірек бойлай түсті. Ең алдымен, бұл өрекеттер араб жазуымен араб тілінің қасиетті Құран тілі ретінде таралуымен кеңірек танылды. Араб тілі негізінен ҮІІІ – ІХ - шы ғасырларда дамыған ірі қалаларда, мемлекетті басқарушы қызметкерлер, діни қызметкерлер ғана қолданып қоймай тарихи - географиялы әдебиеттер жазуда да қеңінен қолданылды.

Бүкіл ислам әлемінде түгелдей дерлік араб тілі жергілікті аристократия, діни қызметкерлерге, ғылыми шеңбердегі қызметкерлерге түсінікті, жалпыға бірдей әдеби тіл қызметін атқарды. Осы араб тілінің арақасында түркі дүниесінің бірқатар ғалымдарының еңбектері бүкіл ислам дүниесіне мәлім болды. Сондай ғалымдардың біразы Әл - Фараби, Әл - Хорезми тағы басқалары.

Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәдениетінің негізгі бағыттарының бірі әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің әрі ең негізгілерінің бірі IX ғасырларда жазылған Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегі. Э. Наджиптің айтуынша: "бұл еңбек түркі дүниесінде ең алғаш ислам діні негізінде, ислам діни ілімдерін дәріптеуші көлемді шығарма болып табылады". Алайда мұнда араб - парсы тілдерінен енген сөздер де аз емес.

Ал мистикалық - сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына, түркі тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик, ақын әрі ойшыл Ахмет Иасауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның "Диуани Хикмет" еңбегінде берілген өлеңдер жинағы көне түркі тілінің оғыз – қыпшақ диалектісінде жазылған. Бірақ бұл еңбекте "Құтты білікке" қарағанда араб - парсы сөздері көбірек қолданылған. Сонымен қатар, бұл шығарма араб - парсы поэзиясының классикалық өлең сөз өлшемі аруз арқылы жазылған. Ең соңғы XIV ғасырларда "Алтын Орда" тұсында жарық көрген түркі поэзиясының ескерткіштері қатарына Хорезмидің екі вариантта (араб, ұйғыр тілдерінде) жазылған "Мұхаббат нәме" шығармасы жатады. Бұл әдеби шығарма араб - парсы әдеби жанры "нәме" жүйесімен жазылған.

Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық үшін, ең бір тиімді, кеңінен дамыған түрлерінің бірі ауыз әдебиеті. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз әдебиетіне де Ислам дінінің өзіндік әсері болды. Бұл жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде кеңірек қарастырған. Оның айтуынша көпшілік ақындар Исламдағы Алланы, Пайғамбарды мадақтаушы өлеңдерді халық әндеріне салып айтады. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлік поэзиясы да, оның ішінде бата жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Қазақ фольклорінде аса жиі кездесетін Ислам дінінің кейіпкерлері — олар бірінші кезекте Алла Тағала және Пайғамбар Мұхаммед, Ілияс, Сүлеймен, Дәуіт Пайғамбарлардың есімдері. Сонымен қатар Ислам әл - қиссаларында жиі кездесетін адам баласын аздырушы немесе керісінше қолдап - қорғаушы періштелер, шайтандар.

Қазақ аңыздарына Құран Кәрім, хадистерде баяндалған бірқатар көріністер толығымен енгізілген. Бұлар көбіне Исламға дейінгі Талмудтық, Інжілдік көріністермен үндесіп жатады. Бойында араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт, моншалары бар қала құрылыстары табылған. Нағыз мұсылмандық құлшылық орындары мешіттер құрылысына тоқталатын болсақ, олар алғашқы кездері, яғни ІХ - Х ғасырларда бұрынғы шіркеу ғимараттарын мешітке бейімдеп қайта өңделген. Ең алғаш салынған мешіт ғимараттары Оңтүстүк Қазақстан облысындағы Құйрық - Төбе (X ғ.) елді мекенінде табылған. Алғашқы медреселер де осы маңдарда ашылған. Қалай болғанда да Ислам түркі дүниесінде ежелден қалыптасқан құлшылық, ғибадат үлгілерін түбірімен ығыстыра алмады.

Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің басына кесенелер тұрғызып, оларға сиыну, жалбарыну дәстүрі қалыптасты. Ондай кесенелер атап айтар болсақ Қожа Ахмет Иассауи (ХІҮ ғ.), Арыстан баб, Бабажы - Хатун (X ғ.), Қара - Хан (XI ғ.) кесенелері.
Қазақ даласында кеңінен тараған ислам өнерінің үлгілерінің бірі шебер жазу өнері. Негізінде бұл жазулар геометриялық фигура немесе өсімдік бейнесінде куф, сулс деп аталатын араб классикалық жазу үлгісінде Құран аяттарын, әртүрлі тақырыптағы хадистерді шеберлілікпен, бояу арқылы немесе ойып, бедерлеп жазу. Мұндай жазу үлгілері жоғарыда атап өткен кесене, мешіттерді безендіруге қолданылған. Сонымен қатар мұндай куф араб жазуларымен безендірілген жезден жасалған майшам тұғырлары, ыдыс - аяқтар (ҮІІІ-ХІ ғ.) Қазақстан территориясынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Исламға тән өнердегі адам бейнесін бейнелемеу сияқты заңдылықтар қазақ жерінде де өз ықпалын көрсетті. Оған дәлел: XII ғасырлардағы адам бейнесінде тасқа қашалып жасалған балбал тастарда адам бетінің бедерлері нақты көрсетілмеген. Сол кездегі айналымда жүрген ақшалардың нысандары мен бет - пішіндері өзгертілді. Бұрын қытай технологиясымен әзірленген ақшалар (теңгелер) енді күмістен, жезден құйылған динарға, дирхамға ауысты. Көп метал ақшаларда құран аяттарымен қатар халифтердің аты - жөндері жазылды. Өкінішке орай, көп ұзамай халифаттың құлдырауымен ақша беттеріндегі халифтердің аты - жөндерінің орнына жергілікті әмір иелерінің аты - жөндері жазыла бастады.

Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан территориясында мистикалық - сопылық мәдени дәстүр нығая түсті. Бұл дәстүр бүкіл түркі дүниесіне ерекше қарқынмен тарап, түркі тіліндегі мистикалық поэзияның өрбуіне үдеу берді. Сопылық негізінен түркі дүниесінде бүған дейін қалыптасқан дүние таным заңдылықтарымен үйлесімділік тапты. Мысалы, түркі дүниесіндегі әлем бірлігі концепцияларын сопылықтың "уахдат ал - вужуд" (болмыс бірлігі) концепциясы қуаттай түсті.

Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда оның Исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған болды. Кеңес үкіметінің келуімен діни басқарма, басқа діни басқармалар сияқты репрессияланып, көптеген мешіт, медреселер жабылып талқандалды. Тек 1943 - ші жылдары ғана діни ұйымдарға деген көзқарас өзгеріп, Орта Азия және Қазақстан діни басқармасы қайта бас көтерді. Көптеген мешіттер қайта ашылып, діни қызметкерлер даярлайтын Бұқарадағы "Мир Араб" медресесі қайта ашылды./8/

Лекция

Жоспар:

1.Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы.

2. Ислам көркем суреті.

Көркем шығармашылық әлеуметтік іс - әрекеттің ерекше түрі болып табылады. Оның өнімдері арнайы рухани және эстетикалық құндылықтар болып қалыптасады. Қазіргі уақытта ислам өнерге қарсы деген сөздер көп айтылып жүр, ал шын мәнінде бұл олай емес. Адамдардың әдемілік туралы көзқарастарының әр түрлі болуына қарамастан, кез – келген адамға жаратылыстың әдемілігін шынайы түрде сезіну тән және бұл құдіретті Алла тағаланың, Адам атаның барлық ұлдары мен қыздарына берген сыйы. Осының арқасында біз қоршаған ортаны тамашалаудан үлкен эстетикалық ләззат аламыз. Міне сондықтан да жердегі барлық адамдар әдемілікті бірдей қабылдайды. Себебі адамның ішкі өмірі неғұрлым интенсивті рухани бай болса сол ғұрлым онда табиғат пен өнердегі әдемілікті қабылдау күштірек дамиды. Сонымен қатар өнердің арқасында біз өз өміріміздегі көптеген қиыншылықтарды уақытша болса да ұмыта тұрамыз.
Оқыған білімді адамға осыншама бай мәдениетті жасаған мұсылмандарды өнерге қатысты қандай да бір жау пиғылда деп айту қиын. Себебі бұл өнердің өте көп элементтеріне керемет мұсылмандық сәулет өнері, декор мен калиграфия, тігін өнері мен барлық мүмкін болатын қол өнер, сонымен бірге халық қол өнері: ағашты ойып жасау, кілем тоқу, тұрмыс заттармен тағы да басқа заттарды әшекейлеу тән.

Исламды ұстанушыладрдың айтқан сөздеріне көз жеткізу үшін ең болмағанда қол жазбалардың безендірілудің мұсылмандық өнерін еске түсіруге болады. Әр түрлі кітаптардың оюлары сондай шеберлікпен жасалып, әдемі бояулармен боялған кезде оларды нағыз асыл затқа айналдырған. Ислам сәулет өнерінің декоративті жинақтылығымен шеберлігін бағалау үшін кез – келген мұсылмандық сарайға көңіл аударыңыз. Сәулет өнерге деген құрал – жабдықтарының қарапайымдылығымен түр пішіннің айқындылығын тамашалай отырып, сіз кез – келген мұсылман мешітті – бұл қараңғы, көлеңкелі үй емес, керісінше ислам руханилылығының нұр шапағаты төгіліп тұрған жарық құрылыс нышаны екеніне көз жеткізесіз. Тұтастай бәрімізге белгілі сурет өнерінің негізгі түрлері: скульптура (мүсін), графика және тігін сурет болып табылады. Бірақ олардың арасындағы шекараны анық белгілеу өте қиын. Себебі олар өзара байланысты. Бұл жерде шығармашылығы әр түрлі түрлі – түсті материалдар мен бояулардың көмегімен жасалынатын сурет өнерінің бір түрі – көркем суретке тоқталғым келеді. Барлық көркем сурет монументальды болып бөлінеді. Алғашқы мекемелердің негізгі формасын қабырғаларымен төбелерінің сызба нұсқасын жасау болса, ал екіншісі өз картиналарын салу, бұның негізгі жанры болып пейзаж табылады, яғни табиғатты бейнелеу, ауылдың, қаланың, тағы басқа да пейзажы; Нарюрморт, сюжетті тематикалық композиция тағы басқа. Бұл жерде сонымен қатар миниатюра үлкен орын алады. Ол қағаз, сүйек, ағаш немесе фарфордан жасалынған әдетте акварель, май, лак, гуаш немесе темпер мен істелінетін шағын форматтағы көркем сурет. Біздің әңгімеміз ислам сурет өнерінің басты бағыты болып табылмасада, осы мұсылмандық көркем сурет туралы болмақ.

Мұсылман өнерінен алшақ адамдар әдетте ислам көркем суреті деп оншақты кітаптың беттерін безендірген шағын миниатюралардың жинағы деп түсінеді. Әсіресе орта ғасырлық шығыс ақындарының шығармаларында, тек өз пайдасын ойлап, сол үшін исламның қасиетті қағидаларын аттап өткен адамдардың суретті салынған. Пейзаж, сәулет өнері, натюрморд және басқа да нәрселерді салуда ешқандай қарсылық болмаған. Қасиетті Пайғамбар (с.ғ.с.) өте қатаң түрде барлық мұсылмандарды адам мен жануарларды бейнелеуге болмайды деп ескертті. Ол өз хадистерінде „періштелер тірі жанның сереті бар үйге кірмейді” деп айтқан болатын. Осыған байланысты барлық құдайға сенуші адамдар бұрында және қазіргі уақытта да осыны ұстанады. Оның ішінде өздерінің ең сүйіктісі Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) суретін салудан бас тартады. Ислам өз сенушілеріне тірі жанның суретін бейнелеуді олардың жеке (өз) игіліктері үшін және басқа да мәдени – конфессионалды жүйелердің спецификалық ерекшеліктерін силай отырып тиым салады. Бұл тиым салулар сенуші адамдардың рухани тепе – теңдігін сақтау мақсатында айтылған, олардың түп тамырын алыстан іздеу керек. Бұл тыйым салудың ұрпақтан ұрпаққа дейін жалғасып өмір сүруі, мұсылмандарды өз ойларын шығармашылық негізде білдірудің жаңа дәстүрлі емес формалары мен амалдарын іздестіруге мәжбүр етеді. Сондықтан да оларға адамның толықтай сипатын көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары техникалық шеберлік пен терең психологизм тән.

Мұсылман суретшілерінің картиналары әрдайым өз кейіпкерлерінің ішкі жан – дүниесін, адамзаттың сезімдік әлемін және адамдардың психологиясын терең түсінуге мүмкіндік береді. Діни өмірдің және өз кейіпкерлерінің күнделікті тұрмыс – тіршілігінің сипатты белгілерін анық бере отырып, мұсылман көркем суретінің шеберлері, рухани - өнегелік бағыты бар, өз мәнерлігі бойынша керемет жасайды, оның композициясы бірегей ойлаудың ерекше тереңділігімен, саналы шынайылығымен ерекшеленеді. Гуманистік идеалдар, жоғары Исламдық руханилық, білімге деген құштарлық, ақылдың қуатты күші, әдемілік пен қоршаған әлемнің әралуандылығын тамашалау, адамның ұлылығы мен жоғары сағыналығына сену, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тура білу қабілеті – мені бұлар, мұсылмандарында айқын көрсете білген мәселелері.

Исламдық сурет өнерінің қайталанбас тартымдылығы оның керемет жылылығымен шуақтылығында, суретшінің өзінің көркемдік әсерін айқын көрсете білуінде жатыр. Өмір, оның үндестілігі, ұлылық, әдемілік, суретшіні жайма шуақ хабарлы образдарды жасауға шабыттандырады. Сонымен бірге ислам көркем суреті – бұл қазіргі жағдайларды барлық конфликтерге көңіл аударатын үлкен әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шеше алатын және қазіргі өміріді, ондағы қоғамдық оқиғалардың динамикасымен қоса ерекше сипатын білдіретін, адамның сезімімен уайым – қайғысын көрсете білетін көркем сурет. Әрине, ислам суретшілері үшін ең көріп салатын суреттері – ол кез келген мұсылман үшін қасиетті Ал – Каба, исламның екі қасиетті қаласы – Мекке мен Медина, қасиетті құранның суреті және сонымен бірге арабша жазылған Құдіретті Алла Тағаланың аты.
Ұлттық шығармашылық дәстүрлерге байланысты айырмашылықтарына қарамастан, әртүрлі мұсылман халықтарынан шыққан қыл қалам шеберлерінен шыққан шығармаларында тап осы исламдық руханилық, оның күрделі де көпжақты өнерлерін біріктіріп, олардың керемет еңбектерінде тікелей немесе жанама түрде көрініс тауып олардың шабыттарының күнделікті қайнар бұлағы болып қалыптасты. Олардың рухани өнегелік тақырыпқа жазылған картиналарының композициясы әрқашан терең ойластырылған және онда ешқандай кездейсоқтық жоқ. Оларға түстің ашықтығы, айқындылығы, дұрыс таңдалып алынған жарықтың үйлесімділі тән. Бұндай шығарма суретшінің діни философиялық мән - мағынасы бар өзіндік ұстанымын білдіреді. Бұдан басқа, ислам суретшілері туған табиғатын салғанды ұнатады. Олардың картиналарында адамның сезімі мен уайым қайғысы өте терең көрінеді. Табиғаттағы ерекше сәттерді білдіретін еңбектері сол шығарманы қоршаған ортамен бөлінбес тұтастықта қабылдауға, одан табиғаттан даму заңдылықтарын іздеуге көмектеседі. Негізгі көңіл аударған мәселелері тек жабайы қолданылмаған табиғат ғана емес, сонымен қатар адам еңбегі саналған егістік, жайылым жерлерде туған табиғаттың әдемілігі мен және қайталанбас тартымдылығымен шабыттанған. Олар үндестігі мен түстің ашық айқындылығы бойынша өте таңқаларлық картиналар жасады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 795 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2239 - | 2103 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.