Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


АлҒашҚы діни нанымдар жӘне олардыҢ мӘні 3 страница




Төрт кітап: ХІ ғасырда Сунг ақсүйектер әулеті кезінде топтастырылған бұл коллекция ел басқарушы топтың тәрбиелік негізін құрады. Қызметке алыну үшін жасалған емтихандарда ел билеушілері осы кітаптарды пайдаланып отырды. Аталмыш төрт кітап мыналар: 1. Конфуцийдің айтқан нақыл сөздері (Лунь Ю). 2. Менсиустың сөздері (Монг Це). 3. Орта жол доктринасы (Чонг Ионг). 4. Үлкен дерек-мәлімет (Та Хио).

Конфуцийдің өсиеттері Қытайдың ұлттық дініне айналуы – ұзақ уақыт даму кезеңінің нәтижесі. Конфуций өзіне «діннің негізін қалаушы» деген атақ бермеген-ді. Осыған қарамастан, оның доктринасы кейіннен дін ретінде қабылдана бастады. Оның басты мұраты – елдегі шиеленіскен саяси жағдайды реттеу үшін ескі салтанатты рәсімдерді қайта қалпына келтіру болды. Сол ғасырлардан бастап үкімін жүргізіп келген ұлттық діни дәстүрлерді қайта жандандырды.

Конфуцизм Конфуцийден бастау алатын, Қытайға тән наным-сенімдер мен діни ғұрыптардан тұратын дін. Қытайдың діни тарихында қай кезеңде болмасын, Ұлы Тәңір – Көк Тәңір туралы түсінікті кездестіруге болады. Мұны «тиен» деп атады. Аталмыш Көк тәңірі Тиен – аса жоғары Тәңір, Көктің қожайыны. Одан төменірек көрінбейтін жаратылыс әлемі, әуедегі жын-перілер, бұлттағы, судағы және таудағы жындар мен ата-бабалар аруақтары тұрады.

Конфуций адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығымен қоса, өмір және өлім құбылыстарының, атақ-абыройдың бәрі көктен келгенін айтады. Шанг-Ти деп аталған Ұлы болмысқа сенім онда да жалғасын тапқан. Бірақ ол бұл Ұлы болмысты түсіндіруде әуелгіде қолданылып жүрген «Тиен» сөзін таңдап алды. Оның пайымдауынша, «Тиен» сол уақыттағы түсінік бойынша көктегі жаман үкім берушілерді жазаландыратын, жаңадан ақсүйектер тобын құрушы және таралғылар беретін аталарға қойылған ат емес. Тиен - Ұлы болмыс табиғаттың жүйелі тәртібін басқарады, барлығынан биік тұратын болмыс – Жаратқан Құдіретті еді, бұл жайындағы тағы бір сөз Дао. Дао адамның жүретін тура жолы, яғни моральдық-этикалық принциптер. Конфуций өзін қорғайды және қызметке тағайындайды деп есептеген Ұлы болмысқа жан-тәнімен сенді. Оның пікірінше, ұлы билеуші болған Тәңірі – құрмет пен құлшылық етуге әбден лайықты зат. Әлемнің жүйелі заңдылығын орнатқан – Сол.

Конфуцийліктің белгілі сенім жүйесі, діни тобы жоқ, бірақ құрушысы, Тәңір түсінігі және қасиетті мәтіндері бар. Конфуцизмде, Тәңір әлсіз адамдарды қорғау үшін билеушілер «Тәңір жолында» жәрдемші болсын және өлкенің әрбір жерінде тыныштықты сақтасын деп оқытушылар жіберген. Ол Ұлы, жердегі адамдарға үкім беруші және жамандар көбейсе де үкімі мейірімділікпен болмайды, өлу мен тірілу, абырой байлық та Тәңірдің билігінде. Тәңір әрбір нәрсені толық көреді және барлық істерде адамдармен бірге.

Конфуцизмді діннен гөрі, моральдық-этикалық, философиялық хикметтерге толы жол деуге болады. Конфуцизмнің моральдық жүйесі жалпы қоғам мен ұлт игілігіне арналды. Мақсаты – ұлттың саяси санасын оятып, әрі тәрбиелеп, мәңгілік бақытқа жеткізу болды.

Конфуцийдің діни әрекеттері Қытайдың көне діни ой-пікірлерін, дүниетанымдарын қалпына келтірумен басталды. Қаншама дау тудыратындығына қарамастан, ол «о дүниенің» бар екенін жоққа шығармады. Ол істелген күнәлардың жазасыз қалмайтынын, ондай күнәлардың есесі о дүниеге қарағанда бұл дүниеде-ақ қайтатынын, жамандық істеген адамның өз қателігін мойындап, кешірім өтіну керектігін баса айтты. Дұға мен құлшылық – ол міндет, борышың. Бірақ үнемі жасалуға тиісті емес. Бұл діни тұрғыдан алғанда ораза тұтып, күнәдан арылғаннан кейін шалынған құрбандықтан тұрады.

Конфуций моральдық-этикасының негізгі принциптері «Үлкен деректе» өзіңді, үй-ішіңді, ұлтыңды басқару, бейбітшілікті сақтаудың жолын табу деп тізбектеліп келе береді. Конфуций «Сұхбаттар» атты кітабында дүниеде бес нәрсені бес нәрсемен жүзеге асыру қабілеттілігін – «кемелді адамгершілік қасиеттері» деп түсіндіреді. Бұл адамгершілік қасиеттер: байсалдылық, жомарттық, ақ пейілділік, туралық және инабаттылық. Осыларды былайша тарқатып түсіндіре кетеді: «байсалды болсаң, құрмет атаулыға ие боласың. Жомарт болсаң, қалағаныңа қол жеткізесің. Ақпейілді шыншыл болсаң, халқың саған сенім артады. Турашыл болсаң, көптеген жетістікке жетесің. Инабатты болсаң, өзгелерді өзіңе қызмет еттіре аласың». Ол абыройы биік адамды «қиналғандарға қол ұшын беретін, байлардың дүниесін арттырмайтын адам» деп түсіндіреді. Жоғары дәрежелі адам мен төмен адамның арасындағы айырмашылық мынада, – деп түсіндіреді: «Ұлы мәртебелі адам ізгілікті, адамгершілікті іздейді, ал рухы төмен адам өз рахатын ойлайды. Мәртебесі жоғары адам заңға бағынып іс атқарса, төмен адам өз пайдасын күйіттеп кетеді. Ұлық адам тек туралықты ойласа, рухы төмен адам тек пайданы ойлап тұрады». Сенімділік пен ақ пейілділікті алға қоюды және байсалды болмаған бір ғұламаға құрмет көрсетпеуден қайтарады. Өзі үшін былай дейді: «Қартайғандардың жағдайын жасау, достарға ақ пейілмен, жастарға ізеттілікпен қарым-қатынаста болғым келеді».

Одан үгіт-насихат сұраған бір басқарушыға «туралықтан айрылма, қателіктеріңді түзе», - деген. Тура болған бір нәрсені көру және мұны істемеу қайраттылықтың жоқтығының белгісі. Адамдар туралық үшін дүниеге келген. Бір адам тура жолдан айнып жақсы өмір сүрсе, өлімнен тек қана жолы болған адам ғана құтыла алады.

Конфуцийдің пайымдауынша, адам сыртқы сұлулықтан гөрі ізгілікке, адамгершіліккебаулитын моральдық-этикалық приниптерге көңіл бөлсе, жанұясына қызмет етуде күш-жігерін аямаса, қожайындарына өмір бойы бас исе, достарымен арасындағы қарым-қатынастары шынайы болса, егер жұрт оны «түк білмейтін надан» деп есептесе де, ол өте данышпан, білгір адам болып қала береді. Өзін білімге атағандар, ардақты әрі ұлы адам. Ардақты да ұлы адамдар іс-әрекеттерін ойланып әрі мұқият болуға, жүздерінде шынайылық, сөздерінде биязылық болады және абыройын жоғары ұстайды. Олар туыстары және ата-аналарымен жақсы қарым-қатынаста болады, халқының абыройын асқақтатады. «Егер ардақты әрі ұлы адам рәсімдерді жақсы көрсе, халыққа құрметсіздік жасауға батылы бармайды. Егер ол туралықты жақсы көрсе халық оның соңынан жүруге аянып қалмайды. Егер ол шынайылықты жақсы көрсе, халық адал болады. Міне осыларға қол жеткізгенде мемлекеттің әрбір жерінен халық балаларын арқалап оған келеді».

Конфуцизмде жақсылық, турашылдық, әдептілік, ақылдылық және сенімділік – бес негізгі адамгершілік қасиет болып табылады. Бұл бойынша табысқа, жетістікке жету шарт емес. Өйткені Конфуций: «Табыс, жетістік әрдайым адамгершіліктің бар екендігіне дәлел бола алмайды. Даналық пен адамгершілік дегеніміз – табысқа жетсең де, жетпесең де, ештеңеге қарамастан, жақсы, ізгі амалдарды қатаң жалғастыру», – дейді.

Конфуцийдің адамды өзіне төрт нәрсе арқылы иландырады:

Мәдениет.

Ел басқару. Жұмыс атқару.

Жоғары дәрежелі адамдардың алдында өзін дұрыс ұстау.

Сөзінде тұру

Конфуцизмде бес негізгі адамдық қарым-қатынас бар:

Бастық пен қызметкер арасындағы.

Әке-шеше мен бала арасындағы.

Ері мен әйелі арасындағы.

Бауырлар арасындағы.

Достар мен құрдастар арасындағы қарым-қатынас пен ізгі-құрмет.

Осы негізгі бес тұғырда адам өміріндегі қарым-қатынастардың барлығы қамтылды. Адамзат бейбіт өмір сүруі үшін өмірдің әр кезеңінде орта жолды ұстануға, шектен шығып кетпеуге, жақсылыққа – жақсылық, жамандыққа – әділеттілігін танытуы тиіс. Конфуций ысырапшылдыққа қарсы, ол үнемшілдікті дәріптейді. Көзге түсу үшін жасалған әрекеттерді құптамайды, қайырымдылықты және әділеттілікті ең маңызды екі ерекше қасиет деп біледі. Оның «Ий» деген әділет, белгілі бір жағдайда жасалуы міндетті болған әрекет. Бұл өзгермес бұйрық. Тұлғалар, көпшілік ортасында кейбір нәрселерді тек қана сол нәрселер үшін орындауы міндетті. Өйткені, ол нәрселер ахлақ қайтарымы үшін жасалуы тиіс, ахлақтан басқа нәрселер үшін жасалған болса бұл әділеттілік болмайды. Әділеттіліктің орнауына пайда кедергі болады. Конфуций әділет пен пайда мәселесі жайлы былай дейді: «Ұлы адам әділетті, төмен адамдар пайдасын ойлайды».

Басшының назарда ұстауы тиіс алғашқы негіздер, қарамағындағылардың сенімі мен сүйіспеншілігіне қол жеткізуі. Егер адамдар қорқыныш пен үрей арқылы мойынсұнуға мәжбүрленсе, басшы мен қарамағындағылар арасындағы байланыс үзіледі, жағдай қиындай түседі, әдепсіздік орнайды, адамдарда жөнсіздік пайда болады.

Конфуцизмде адам, әке-шешесіне турашыл, басқа үлкендерге құрмет көрсетуі керек. Оларға сүйіспеншілік пен бағыныштылық, қарсы шықпау арқылы болады. Адамның әкесінің жолын қууы, тек қана оған берілгендік болғанда ғана мүмкін. Ежелгі Қытай аталар культінде ұлының данышпандығы қаншалықты болса да әкесінен бұрын ұсынылғанды жей алмайды, дастарханға отыра алмайды.

Жұбайлар, бауырлар, жолдас және достар арасындағы байланыс белгілі ережелерге тәуелді. Үйдің отағасы, жанұясы бар болса оларды тастап ұзақ жерлерге кетпеуі керек. Жанұясына қызмет барысында оларға ескертуі сыпайы болуы, оларға тәрбие тиісінше берілуі керек, жанұя қиыншылыққа тап болған жағдайда жас балалары жәрдемші болулары тиіс. Ұлы және жоғары адам өзін тиісті нәрселерге атайды, бұл негіз пайда болғанда принциптер дамиды, ата-анаға деген турашылдық және ағайын сүйіспеншілігі өзін көрсетеді. «Өзіне сай келмейтіндермен жолдас болмау» Конфуцийдің өсиеттерінің бірі. Бұл жолдастықты пайдалы және зиянды деп екі топқа бөлуде. «Әділ, адал және ұғымтал бір жолдас пайдалы. Екі жүзді, айлакер және көп сөйлейтін жолдас зиянды».

Мемлекетті басқаруда Конфуцийдің моральдық-этикалық идеясын қолдануға әбден болады. Оның пайымдауынша, мемлекетті ізгілікпен басқарған адам Темірқазыққа ұқсайды. Мемлекетті басқару – халқын болашағы жарқын жолға жетелеу деген сөз. Егер халқы туралықпен, әділеттілікпен басқарылып жатса, онда кім-кімнің де қателікке ұрынып, қарсы шығуға батылы бармас еді. Отанына қызмет етуден бас тартқан адамды ақылды деп әсте айтуға болмайды. Бір елді басқаруға шақырыла қалсаңыз, істі ең әуелі неден бастар едіңіз? – деген сұраққа, Конфуций былай деп жауап берген болатын: «Әуелі тілді түзетер едім. Тіл түзелмесе, айтылған сөздер ойды дұрыс жеткізе алмайды. Ал егер ой дұрыс жеткізілмесе, атқарылуға тиісті істер оң нәтиже бермейді. Істер жөнді атқарылмаса, этика мен мәдениет тоқырай бастайды. Этика мен мәдениет тоқырауға ұшыраса, әділетсіздік үстемдік құрады. Ал егер әділет тура жолынан тайса, халық күш-қайратынан айырылып, әлсіздікке бет алады, ессіздікке ұрынады, халық не істерін және қайда бет алып бара жатқанын білмей дал болады. Міне сол себепті адам айтатын сөзін тура сөйлеуге тиіс. Сондықтан да ешбір нәрсе тілден артық маңызды бола алмайды» (198).

Конфуцийдің пікірінше, үкіметті дұрыс басқару үшін ел билеген тұлға бес ұлы қасиетке аса мән беріп, төрт жаман қасиеттерден аулақ болуы керек.

Бес ұлы қасиет:

Асыра сілтеп жұмсаудан іргеңді аулақ салып, пайдалы болу.

Ашкөздікке салынбай, керектісін алу.

Такаппарлыққа белшесінен батпай-ақ, абыройға, құрметке ие болу.

Халқына масқаралықққа ұшырамайтындай қызметтер көрсету.

Қорқақтыққа салынбай-ақ ұлы болу.

Төрт жаман қасиет:

Халқына түк үйретпей тұрып, өлімге үкім шығару. Мұны «зұлымдық» деп атайды.

Халқына бейхабар күйде күтпеген жерден жұмыс тапсыру. Мұны «зорлық, қысым» дейді.

Жедел орындалуы тиіс емес бұйрықтар шығарып, кейіннен мұның дереу орындалуын талап ету. Мұны «қатігездік, мейірімсіздік» дейді.

Жалпылама адамдарға бір іс тапсырғанда немесе оларға сыйлық тағайындағанда сараңдық таныту. Мұны «орынсыз әрекет» деп атайды.

Конфуцизмде әке-шеше сүйіспеншілігі: Балаға деген сүйіспеншілік маңызды орын алады. Бұл адамның жақындарына, туыстарына деген қарыздарлығынан бастау алады. Қоғамда үйлесімділік көзделеді. Үйлесімділіктің басты ұйытқысы – жанұя. Жанұяда әке-шеше сүйіспеншілігі – адамгершіліктің басты шыңы болып табылады. Конфуцизмде моральдық-этикалық жағы – өзгесіне қарағанда басымдау келеді. Бұл жүйе басшылар үшін – ел басқару өнеріне, тектілер үшін – саяси моральдық-этикаға, халық үшін – салт-дәстүрге байланысты.

Конфуцизм жанұяға қатысты абзалдылықты, жүйелі, қоғамдық тәртіпті, ағайын сүйіспеншілігін және халықтың тәрбиесін ішінде қамтиды. Сондықтан да, Конфуцийдің моральдық-этика жүйесінде мына төрт артықшылық орын алады: Адамгершілік, әділеттілік, қарым-қатынас және мәлімет.

Синтоизм -Жапонияда орныққан дін жүйесін европалық ғылым синтоизм деп атайды. Бірақ, бұл дәл атау емес. Синто – жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың өздері оны каминомити (“құдайлар жолы”) деп атайды.

Жапондықтардың діни сенімдері ҮІІІ ғасырда Кодзики және Никонги деген жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер-дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болады. Жер бетіне шығатын батпақ құдайы, оның қарындасы – құм құдай, т.б. құдайлар туралы мифтерді жапондықтардың өздері мекен ететін аралықтардың пайда болуы жөніндегі қияли түсініктері тұрғысынан қарастырған дұрысырақ тәрізді.

Жапон мифологиясындағы тұңғыш антроморфтың (адам бейнесіндегі) құдайлар – Идзанаки мен Идзанами. Кейде оларды Адам-Ата мен Хауа-Анамен салыстырып, Жапонияда пайда болған бірінші адамдар ретінде де қарастырады. Аңыз бойынша олар көпірдің үстінде тұрып, найзаларының ұшын мұхитқа батырып, қайта тартып алғанда ілесе шыққан тамшылар қайтып, құрлыққа айналған. Осылай жапон аралдары пайда болған. Олардан жел, ағаш, тау, тұман құдайлары, тағы басқа құдайлар туған. Идзамани өлген соң қара ниетті күштерді бейнелейтін жер астындағы ажал патшалығы құдайына айналған. Ал Идзанакидің сол көзін жуған судың бір тамшысынан күн құдайы Аматэрасу, оң көзін шайған судың тамшысынан түн құдайы Цукуеми, мұрнынан тамған тамшыдан тентектігімен белгілі су құдайы Сусаноо жаралған.

Жапондықтардың ең сүйікті құдайы – барлық жасампаздық игі істердің бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм пантеонында бұдан өзге мыңға жуық құдай бар. Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.

Синтоистер табиғат күштерінің бәрінен, тау-тастан, орман-тоғайлардан құдай сипатын көреді, олардың әрқайсысының өз ками, яғни рухы немесе құдайы бар деп сенеді. Кейбір ағаш түрлері мен өсімдіктерді, жәндіктер мен құстарды қасиетті деп ерекше құрметтейді. Мәселен, қораз Аматэрасу құдайының құсы саналса, егеуқұйрық молшылық символы есептеледі. Фудзияма тауын құдайлар мекенінің бірінен санайды.

Синтоизмнің басты элементі – императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, қастерлеу. Жапонияның тұңғыш императоры Дзимму Нинигидің шөбересі саналады. Аңыз бойынша ол біздің жыл санауымызға дейінгі 660 жылы 11 ақпанда таққа отырған. 1868 жылы осы Дзимму императордың билікке келген күнінен басталатын жапон жыл санау жүйесі енгізілді.

Императордың тақ мұрагерін сайлау және оның үйленуі – бәрі синтоизм ережелеріне сай ұйымдастырылды. 1989 жылы алпыс үш жыл таққа отырған Хирохито өлген соң, оның орнына қазіргі император Акихито отырды. Жапондықтар өздерінің ұлттығы мен мемлекеттігінің іргетасы болып саналатын діни нанымдарын бүгінге дейін берік ұстанады. Олардың өзге халықтардан ерекшелігі – көнедегі діни нанымдарына негізделетін дәстүрлі мәдениеті мен қазіргі заманғы өркениет үлгілерінің керемет үйлесімін таба білгендігі.

Жапондықтар адам өлімін сырт көзге бей-жай, салқынқандылықпен қабылдайды, қатты қиналып, аз тұтпайды. Әр адам туысының (ата-анасының) өлімін тек өз басының ғана қайғысы деп санайды.

Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң үш қатар қоршалған үлкен алаң болып келеді. Оның ішінде жуынып, тазалану үшін хауыз жабдықталады, садақа үлестіру салтына нұсқайтын өрім-өрім қағаздар байланған бамбук таяқшалар шаншылады. Құлшлық рәсімін атқаратын басты орын – үшінші қоршаудың ішінде. Онда Аматэрасу құдайлардың белгілері ретінде қылыш, айна және яшмадан жасалған әшекей сақталады. Олар даналық, адалдық және қайрымдылық символдары болып саналады. Елде осы тәрізді ондаған мың храмдар тұрғызылған. Олар қатарынан бірнеше камиге (құдайларға) немесе сол жерде ерекше құрметтелетін біреуіне арналады. Синтоистік храмдарды жиі қайтадан салып, жөндеп отыру салты орныққан. Бас храм Исэ қаласында. Ол ҮІІ ғасырда тұрғызылған.

Синто дін қызметшілері сегіз сатыға бөлінеді. Олар әдетте діни орынға мұрагерлік жолымен ие болады, үйленуге, діни қызметті өздері қалаған уақытта тастап жүре беруге хұқылы. Храмдарда кейде дін қызметшісінің өз атынан, кейде әлдебір ками атынан уағыз айтылады. Бұл жағынан, синтоизмнің христиандықпен шамалы ұқсастығын аңғаруға болады.

Храмдарда әншілер, музыканттар мен бишілер қызмет етеді. Түрлі музыкалық аспаптар пайдаланылады. Синтоизмде көне салт-дәстүрлер берік сақталады. Әсіресе тазалану рәсіміне көп көңіл бөлінеді. Діни түсінкте қан, өлім, ауру, шіріп бүлінетіннің бәрі лас болып саналады. Олардан храмдардағы хауызға барып, аяқ-қолды, ауызды шаю арқылы тазаруға болады. Ласталған заттарды тұзбен тазартуға болады деп есептеледі.

Синто дініндегілер мереке қарсаңында ұзақ ораза тұтады. Бұл уақытта олар мүрдеге жоламайды, науқастардан айналып жүреді және өздері де ауырмауға ұмтылады, зиратқа бармайды, музыка аспаптарында ойнамайды және кейбір тағамдардан тартынады. Осылай тән және рух тазалығын сақтайды. Мейрамдарда храмға ас және ішімдік (күріштен жасалған сакэ арағы) әкеледі. Оны көбіне жерге көміп кетеді.

Синтоизмнің басты мерамдары – желтоқсанның соңғы екі күніндегі “арылу” мерамдары. Жаңа жыл салтанатпен қарсы алынады. Көктемде және қараша айында күріш мерамдары тойланады. Бұл күндері храмдарға адамдар ерекше жиналады. Бірақ, жапондықтардың басым көбі діни рәсімдерді дәстүр ретінде қабылдайды. Осыдан, мерекелерде құдайға құлшылық ойын-сауықпен ұштасып жатады.

Синтоизмнің догматикасы мейлінше қарапайым және көбіне буддизмнен келген. Мұнда құдай жөнінде айқын, орнықты түсінік деген жоқ. Олар адамдармен бірге, адамдардың ортасында “өмір сүреді”. Күнә, жаза, о дүние туралы ілімдер соғылған. Барлығы осы дүниедегі үйлесімділік пен жарастыққа негізделеді.

Синтоизмнің тағы бір ерекшелігі – онда этикалық ілім дамытылмаған. Сусанооның қияңқылықтарын еске түсіретін істерге – суландыру жүйелерін бұзуға, қасиетті жерлерді ластауға, жануарларды азаптауға тыйым салынады. Өзгедей дін жолымен қатаң тыйым салынған нәрселер жоқ. Адамшылық нормалары көбіне конфуцийлік қағидаларымен реттеледі және ғасырлар бойына салт болып қалыптасқан көнбістік, үлкенді сыйлау, борышты сезіну мен қатаң тәртіп сияқтыларға негізделеді.

 

Лекция 5

1.Үндістан дәстүрлері

2. Индуизм, джайнизм, буддизм

Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар); адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену).

Индуизмнің тұңғыш қауымы – “ адживака” тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. “Адживака” діни идеяларын “ бхагаватами” толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты.

XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін “ Махабхарата” және “Рамаяна” эпостары – Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленді. “Рамаянада” Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалды. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан “Махабхарата” эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін “Бхагават-Гита” (“Жаратушы өлеңі” немесе “құдіретті өлең”) философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретінде пракрит (материя, табиғат) туралы және одан дербес таза рух – пуруша (кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құдайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 748 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2212 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.