Лекции.Орг


Поиск:




Азаматтарының саны жөніндегі 20.11.41. мәлімет




 

Облыстық әскери комиссариат Өтініш бергендер Әскерге жіберілгендер
Алматы облысы Жамбыл облысы Оңтүстік – Қазақстан обл. Қызылорда облысы Гурьев облысы Батыс Қазақстан обл Ақтөбе облысы Қостанай облысы   - -   -
Солтүстік – Қазақстан облысы Қарағанды облысы Ақмола облысы Павлодар облысы Семей облысы Шығыс – Қазақстан облысы   -     - - - -
     

[39].

1939 – 1940 жылдары Қазақстанға жер аударылған поляк азаматтарының босатылған кездегі жағдайы ауыр болатын, өйткені республика қорынан барлық азық – түлік, қаржы майданға беріліп жатқан еді. Сондықтан Қазақстан облыстарының әскери комиссарлары Орта Азия әскери округының штабына поляк еріктілерін азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселесі туралы қайта – қайта хат жазумен болған. 10 – қарашадағы округтың штабынан келген хатта еріктілерді тек қана жолға қажетті құжаттармен қамтамасыз етіп, Поляк әскері жасақталып жатқан жерлерге жіберу туралы хат келген. Поляк әскеріне кіруге тек әскери адамдар ғана емес, тағдырдың айдауымен кеңес жеріне келген поляк азаматтарының барлығы дерлік өтініш білдірген. 11 – тамызда Қазақ кеңестік социалистік республикасының Әскери комиссары Орта Азия әскери округының штабына Алматыда тұратын бір топ поляк артистерінің жасақталып жатқан Поляк әскеріне кіру туралы өтініш бергенін хабарлаған [40]. Мұның өзі поляк азаматтарының өз отанын азат ету уақытын жақындатуға құлшынысын білдірумен катар, Поляк әскеріне кіруді кеңес өкіметінің қуғын – сүргінінен кұтылудың бірден бір жолы ретінде қарауын көрсетуі де мүмкін.

Кеңес Одағы жеріндегі Поляк әскерінің құрылуы мен әскери дайындықтан өтуіне айрықша еңбек сіңірген поляк офицерлері осы әскердің Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Владыслав Андерс, штаб бастығы полковник Леопольд Окулицкий " ол 1941 жылы НКВД ұйымдары тарапынан тұтқындалып түрмеге қамалған. 1941 жылғы ақтаудан кейін Андерс армиясының құрамында болып, 1944 жылы Польшаға келді. Сол жерде эмиграциядағы Польша үкіметінің құзырына бағынған астыртын Әскерді (Армия Крайова) құруға қастысып, сосын «Неподлеглость» ұйымын құрады. Олар Польшадағы халықтық билік пен кеңестік әскерге қарсы шықты. 1945 жылы осы ұйымның басқа да басшыларымен бірге кеңестік өкімет тұтқындап, КСРО Жоғарғы сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырды, кейін түрмеде қаза болады. ", 5 – ші дивизияның қолбасшысы генерал – майор Мечислав Боруто – Спехович, 6 – шы дивизияның қолбасшысы генерал Михал Карашевич – Токажевский, қосалқы полктың колбасшысы полковник Януш Галадык болды. Осы аталған жоғары шенді офицерлерге 1939 жылы Батые Украина мен Батые Белоруссияда «қарулы топ ұйымдастырды» деп айып тағылып, түрмеге отырғызылған болатын, олар ақыры 1941 жылы 12 - тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен босатылды. Кеңес өкіметі жасақталып жатқан Поляк әскерін, әсіресе оның қолбасшыларын үнемі бақылауда ұстады. Әрбір полк пен дивизияда Қызыл Әскердің байланыс офицерінен басқа НКВД мекемелерінің байланыс офицерлері болды. Қызыл Әскердің Жоғарғы Қолбасшылығының кеңес жерінде поляк әскерін құру мәселесі жөніндегі өкілетті өкілі генерал – майор А.П. Панфиловтың орынбасары Г.С. Жуков та НКВД офицері болды [41.16б]. Түрмелер мен лагерьлерде және шалғайдағы Сібірде, т.б. жерлерде айдауда жүрген поляк азаматтарынан армия жасақтаудың өзі үлкен қиындықтар туғызды. Сонымен қатар КСРО жеріндегі поляктарды жаппай армия қатарына шақыру жұмыстары барысында, кеңестер мен поляктардың арасында келіспеушіліктер өріс алып отырды. Мысалы поляк жаты 1939 жылы тамыздың 31 – не дейінгі Польша жерінің барлық тұрғындарын Польша азаматтары деп санады, ал Кеңес ұйымдары тек Польшаның азаматы ретінде поляк ұлтының өкілдерін ғана есептеді. Өйткені 1939 жылы қараша айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша Кеңес Одағының құрамына кірген еді.

Керек жабдыктарын алдырмай, азық-түліксіз Сібірге, Қазақстан мен Алтайдың сусыз қуаңшылықты даласына күштеп жөнелтілген мыңдаған адамдар поляк дивизияларына арып, жүдеп, әлсіреп болған сәтте келіп жетті. Үстінде жылы киімі, басында үйі, ішерге тамағы жоқ тұтқындар ауа – райы ауыр куаңшылықты жерлерге тап болып, ауруға шалдықты. Мыңдаған поляктар жарық дүниемен қоштасып, көбісі өлімші хәлге жетті. Әрине, өте қиын жағдайда денсаулықтарын жақсартып, өздерін толықтай жинап үлгермеген болашақ жауынгерлерден поляк әскерінің қабілетті бөлімшелерін жасақтау мүмкін емес еді. Сақылдаған сары аяз, казармалар мен ағаш материалдардың тапшылығы құрылыс жүргізуге бөгет болды. Азық – түлік жетіспеушілігі денсаулықтарын қалыпқа келтіруді созып олардың әскери дайындықтарын қиындата түсті. Генерал Андерс 1941 жылдың қараша айында күннің суықтығына байланысты пеші жоқ, от жағылмайтын шатырларда жатқан поляк жауынгерлерінің үсуде екенін және азық – түліктің тым тапшылығын хабарлап, осы мәселені шешу үшін қаулыда көрсетілген қарыз сомасының есебінен берілетін қаржыны жылдамырақ жіберуді дүркін – дүркін өтінумен болды [42]. Бұл кезеңде генерал Андерстің қолбасшы ретіндегі міндеттері жауынгерлерді жаттықтыруды ұйымдастыру, дивизияларды нағыз әскери бөлімдерге айналдыру болуға тиісті еді, алайда, ол әскерді жабдықтау мәселесімен айналысуға мәжбүр болды. Өйткені, жауынгерлерді азық-түлікпен, тұрақпен, күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз етпей тұрып, құрылып жатқан бөлімдерді толыққанды әскерге айналдыру мүмкін емес. Сондықтан генерал Андерс қажырлылықпен, табандылықпен, кеңес әскери басшыларына үздіксіз өтініш жасаумен, жар құлағы жастыққа тимей, Поляк әскерін құруға жанталасты. Сондай-ақ, осы кезде әскер қатарына шақырылуға тиісті бұрынғы поляк әскерінің жауынгерлері мен офицерлері әлі еңбекпен түзеу лагерьлерінде отырған еді. Ақтау туралы Жарлық жариялағаннан кейін де поляк әскери тұтқындары босатылмады. Бұған қоса, 20 – тамызда Л. Берияның лагерь тәртібін қатаң сақтау және барлық әскери тұтқындардың тікелей өзіне бағынатыны туралы бұйрығы шықты. Поляк әскери тұтқындарының басым бөлігі тек 1941 жылы қыркүйек айында ғана Андерс әскері жасақталып жатқан жерлерге жөнелтілді. Ал әскер қатарына шақырылғандарды баспанамен, қару – жарақпен камтамасыз ету қаншалықты қиын болса да, қысқа мерзім ішінде бұл адамдарды әскери ұйымдарға бөлу ісі қолға алынуы керектігі ескертілді. Дивизия генералы Андерс әскерді құру ісіне байланысты тағы бір ұсынысында: «КСРО Қарулы Күштер Бас қолбасшылығына Тоцк және Татищево лагерьлеріндегі поляк әскери қызметкерлері мен поляк азаматтарынан әскер құруға ақшалай несие бөліп, азық- түлікпен қамтамасыз етуін... құрылып жатқан поляк бөлімдерін жаңа аудандарға шоғырлануды сұраймын», - деп жазды [43]. Поляк әскері жасақталып жатқан жерлерге өз еркілерімен келген поляк азаматтарын жергілікті кеңестік ұйымдар тегін жол ақысы құжаттарымен ғана қамтамасыз етті. 1941 жылы 2 – желтоқсанда Қазақстанның барлық комиссариаттарында поляк әскери қызметкерлеріне қамқорлықтар жасау туралы шешім қабылданып, арнайы куәліктер тапсырылды, онда Польша үкіметімен болған келіссөзді негізге ала отырып, «кеңес үкіметі поляк әскери қызметкерлері мен олардың жанұяларына мемлекет тарапынан жеңілдіктер көрсетуге құқылы», - деген сөздер болды. Алайда поляктардың отбасылары ешқандай жеңілдіктер ала алмады. Сонымен қатар поляк әскери қызметкерлеріне мемлекет тарапынан несие беріле ме жоқ па, ол да белгісіз күйінде

қалды [44].

Қызыл әскер қатарына шақырылған поляктардың қайтарылуы мәселесін де шешуде де әжептеуір қиындықтар туды. КСРО жерінде Поляк әскерін құру мәселесі бойынша құрылған аралас кеңес – поляк комиссиясының бірінші конференциясында генерал Андерс Қызыл Әскер қатарындағы поляктарды қайтарып, жаңадан жасақталатын Поляк әскеріне кіруге рұқсат беру туралы мәселені еске салған болатын, 19 – тамыздағы конференцияда Андерстің

өтінішін орындау туралы шешім қабылдаған еді. Алайда Поляк әскеріне кетуге тілек білдірген поляк жауынгерлерінің өтініштерін Қызыл Әскердің рота, полк, дивизия сияқты жеке бөлімдерінің қолбасшылары назарға алмай аяқсыз қалдырған жағдайлары жиіледі.

Андерс әскерін құру кезіндегі аса бір жағымсыз сәттер де болды, мәселен, кеңестік қауіпсіздік мекемелері поляк офицерлерінің көңіл – күйін, айтқан әңгімелерін унемі тексеріп отырды. 1941 жылдың 2 – желтоқсанында Қызыл Әскердің Бас штабының КСРО жерінде Поляк әскерін құру мәселесімен айналысатын өкілетті өкілі генерал-майор А.П. Панфилов пен мемлекеттік қауіпсіздік майоры Г.С. Жуков генерал В. Андерске хат жазып, Поляк әскері офицерлерінің Кеңес Одағына жағымсыз көзқараста екендігін хабарлады. Хатта бірқатар поляк офицерлерінің атын атап айтқанына қарағанда олардың арасына жансыздар жіберілген болуы мүмкін. Хаттың мәтініне көз жіберейік: «...Сонымен майор Рудановский: «Біз, поляктар, қаруды Кеңестерге қарсы бағыттаймыз. Бізді майданға алған бойда, біз қаруымызды Қызыл Әскерге қарсы бұрамыз» деп мәлімдеген....Майор Домань, капитан Рудковский, поручик Корабельский, поручик Вишневский, ротмистр Майзнер және басқалар да осындай көңіл – күйде» [45]. Поляк Әскерінің басшылары одақтас болып отырған Кеңес жағының ескертуін аяқсыз қалдырған жоқ. Генерал В. Андерс пен полковник Л. Окулицки поляк офицерлері мен жауынгерлеріне Кеңес Одағына дұрыс көзқараста болу қажет екендігін айтып, «1939 – 1941 жылдардағы болған оқиғаларға түбегейлі нүкте қоюға» шақырған. Кеңес өкіметінің кеше ғана өзі басып алып, лагерьлерге айдап, тұтқындықтың азабын көрсеткен адамдардан көзқарастарын жылдам өзгертуді талап етуі, әрине, ағаттық деуге болады. Тұтқындық азапты генерал Андерс те басынан кешірді, алайда, ол өз отанының болашағы үшін Поляк әскерін құру қажеттігін айрықша түсінгендіктен, өкпе – ренішін кейінге ысырып тастады. Қалай болғанда да Поляк әскерін құру қажет болатын, сондықтан генерал Андерс Кеңес Одағы туралы жағымсыз сөз таратқандарды жауапқа тарту, немістерге ниеттестерді анықтау, ал жергілікті халықты тонағандарды қатаң жазалау туралы бұйрық берді. Алайда 1939 жылы қыркүйек науқанындағы «тыртық таңбаны» бірден ұмыта қою, сол жылы гитлерлік Германиямен жан берісіп, айқасып жатқан қысылтаяң сәтте жон арқадан пышақ сілтеу зардабын жойып, жер – шекара мәселелеріне қатысты алауыздықты бір арнаға салу, дұшпандық ниетті достықпен алмастыру бірден мүмкін бе?

Кеңес жағы генерал Андерстің өзін де айрықша тексеріп отырды. Сонымен қатар генерал Андерстің бүкіл жан – тәнін салып, жасақтап жатқан әскерінің қатарын көбейтуге рұқсат бермеуі, кеңес лагерьлеріндегі поляк офицерлерінің ұшты – күйлі жоқ болып кетуі де оның көңілін құлазытқанымен, ол Кеңес өкіметі туралы артық сөздер айтқан жоқ, өйткені отанының азаттығы үшін барлық қиыншылыққа төзді. Сонымен қатар Поляк әскерінің жасақтау барысындағы поляктардың өз ішіндегі пікірталастар кезінде де генерал Андерстің дұрыс позицияда болғанын айта кету қажет. Кеңес Одағындағы Польшаның елшісі С. Кот Андерстен жасақталып жатқан Поляк әскерінің қатарынан легиондарда болған барлық офицерлерді шығаруды талап етті. Легиондар – бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрылған, Үштік Одақ (Орталық державалар) жағында соғыс қимылдарына қатысқан қарулы бөлімдер. Андерс 1939 жылы иық тіреп бірге соғысқан поляк офицерлерін бөліп – жарғысы келмеді, өйткені олардың барлығы енді отанының егемендігін қалпына келтіру үшін күресуге ұмтылды. Жалпы алғанда бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі поляктардың жағдайы айрықша күрделі болғандығын ескеру қажет. Польша жері бірнеше бөліністерден кейін Ресей, Австро – Венгрия, Германия империяларының құрамына кіргізілді. Бұл үш мемлекет бір – біріне қарама-қарсы екі соғыс одағына (Ресей – Антантаға, Австро – Венгрия мен Германия – Үштік Одаққа) кірді де, осы мемлекеттердің әрқайсысы өз иелігіндегі поляк жерінің тұрғындарын әскерге шақырды. Осылайша поляктар соғыста екі жарылып, бір бөлігі Антанта елдерінің, екінші бөлігі Үштік одақ мемлекеттерінің тұтқынында болды. Алайда қай жақта соғысса да, поляктар бірінші кезекте өз отанының – Польшаның тәуелсіздігін қалпына келтіруге ұмтылды. Taп осындай жағдай екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қайталанды. Армия Крайова Польшаның эмиграциядағы үкіметіне бағынған ресми әскері болды, ад Кеңес Одағына бағдар ұстаған коммунистер Армия Людова деп аталған жеке әскер құрды. Мұндай трагедияны ірі державалардың басқыншылық саясатының кұрбаны болған, бөлініске түскен немесе отар болған елдердің барлығының тарихынан кездестіруге болады. Генерал Андерс барлық мақсат – тілектердің ішінен ең бастысын – Польшаның тап сол сәттегі тағдырын шешетін мақсатты бөліп алған, ол Польшаны нацистік Германияның канды, тырнағынан жұлып алу болатын, бұл үшін қажет мүмкіншіліктердің барлығын пайдалану керек еді. Генерал Андерстің осы жағдайды жақсы түсінгенін байқаймыз.

Кеңес жерінде Поляк әскерін құру барысындағы аса күрделі мәселе – тәжірибелі офицерлер санының жетіспеушілігі болды. Барлық соғыс тұтқындары лагерьлері мен түрмелерден поляк азаматтары босатылған кезде 1939 жылы тұтқынға алынған поляк офицерлерінің аса үлкен тобының кайда екені белгісіз болып шықты. Генерал Андерс өзінің естеліктерінде кеңес өкілдерімен кездесулердің бірінде А.П. Панфиловтың әскери тұтқындардың саны жөнінде берген мәліметіне таң қалғандығын жазды. А.П. Панфиловтың айтуынша, екі лагерьде барлығы 20 мың жауынгер, 100 офицер бap болып шықты. «Қалғандары қайда? Старобельск, Козельск және Осташков лагерьлерінде 11 мыңға жуық офицердің бар екенін білетін едім ғой, одан басқа Осташковта бірнеше мың унтер – офицерлер бар болатын» [19.253б].

1939 – 1940 жылдары кеңес лагерьлерінде болып, енді Поляк әскері құрыла бастаған кезде із – түзсіз «жоғалып» кеткен поляк офицерлері мәселесін анықтауға Польша үкіметінің басшысы В. Сикорски араласты. Кейіннен осы поляк офицерлерінің кеңес лагерьлерінде жаппай өлтірілгені белгілі болды.

1941 жылы 1 – қарашада Кеңес Одағындағы поляк елшісі С. Кот В. М. Молотовқа жолығып, Польша эмигранттық үкіметінің премьер – министрі В.Сикорскидің Кеңес Одағына сапары туралы сөйлесіп, Осы сапардағы поляк басшысының кеңес жағымен талқылайтын сұрақтары көрсетілген үндеуді табыс етті. В. Сикорскидің Премьердің бұл сапары барысында Ұлыбритания үкіметі және басқа да одақтас мемлекеттермен келісе отырып, Кеңес үкіметімен төмендегідей мәселелерді шешу мақсаты көзделген: 1) Кеңес үкіметімен арадағы 1941 жылғы 30 – шілдедегі саяси келісімнің талаптары мен 1941 жылғы 12 – тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша жарияланған барлық поляк азаматтарына кешірім беру туралы бұйрығы шыққанмен поляк әскеріне адам шақырудың әлі шектеліп отырғандығы; 2) КСРО жеріндегі әскер қызметіне жарайтын поляк азаматтарын түгел әскерге шақыру; 3) 1941 жылдың 23 – қазанындағы Халық Комиссариатының өтініші бойынша поляк әскерін қару – жарақ, азық – түлік, киім – кешекпен қамтамасыз етудің қиындығына байланысты КСРО жеріндегі Поляк әскеріндегі мұндай ауыртпалықтарды Ұлыбритания үкіметі өз мойнына алғандықтан барлық поляк бөлімдерін Кавказға немесе Иранға ауыстыру керек; 4) Бірінші кезекте КСРО жерінен 15 – 20 мың поляк жауынгерлерін Ұлыбританиядағы поляк бөлімдерін толықтыру үшін Египетке жіберу қажет [20.237-238бб]. В.Сикорски Кеңес Одағына келердің алдында Иранға барды, ол жаққа генерал Андерс те барып, сол жерде үкімет басшысына кеңес жеріндегі Поляк әскерінің құрылу жағдайларын, әскердің кеңес үкіметі белгілеген санының тым шектеулілігін, басқа қиындықтарын түсіндірді [19.230-232бб].

1941 жылдың 4 – желтоқсанында кеңес – поляк

декларациясына қол қойылды. Декларацияда гитлерлік неміс империализмі адамзаттың ең зұлым жауы болып табылады, онымен ортақ тіл табысу мүмкін емес, екі мемлекет те басқа одақтастарымен бірге соғысты жеңіп шыққанша жүргізетін болады және неміс басқыншыларын түп тамырымен құртады, соғыс кезінде біріне – бірі толық әскери көмек көрсетеді, Кеңес Одағы жеріндегі Поляк Републикасының әскерлері, кеңес әскерлерімен тізе қоса отырып, неміс басқыншыларына қарсы соғысады деген сөздер болды. Құжаттың соңғы бөліміне әділетті және берік бейбітшілік орнатудың негіздері көрсетілді: соғыс жеңіспен аяқталып, гитлерлік қылмыстыларды жазалаған соң демократиялық ұлттардың берік одаққа бірігуіне негізделген халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі жасалуға тиісті деген мәлімдеме енгізілді [9.204б].

6 – желтоқсанда КСРО Сыртқы істер халық комиссары А. Я. Вышинский мен Польшаның Кеңес Одағындағы елшісі С. Коттың арасында Сикорски – Сталин кездесуі туралы әңгіме болды. С. Коттың екі елдің үкімет басшыларының кездесуінде талқыланған Поляк әскерін жабдықтау мәселесі туралы айтқан сөздері дипломат үшін тым артықтау болған сияқты. Кеңес жеріндегі Поляк әскерінің санын көбейткісі келмегенін айта келіп Кот былай деді: «Біз мұны Кеңес Одағының жерінде біздің әскерімізді көру ниеті жоқ деп ұктық. Біз азық – түлік және қару – жарақ жөнінен көмектесу туралы Англия мен АҚШ-қа өтініш жасадық. Олардың екеуі де көмек беруге дайын екендіктерін айтты, алайда біздің әскерімізді жабдықтауға қажетті заттарды тасып жеткізетін жолдарға жақын жерге, мысалы Иран мен Иракқа орналастыруды талап етті. Сондықтан ғана біз әскерімізді КСРО – дан көшіру туралы мәселе көтердік» [20.262-263бб]. Егер Сикорскидің Сталинмен кездесудегі сөздері мен Коттың сөздерін салыстырсақ, аса үлкен айырмашылықты көреміз. Сикорски Польшаның мүддесі үшін қандай да бір мүмкіндіктерді толық пайдалануға тырысады, бірақ өте шебер дипломатикалық тактика ұстайды. Сикорски одақтас болып отырған үш ірі мемлекет арасына от түсірмеуге тырысады, мұның өзі Польшаның мүддесі үшін де тиімді. Ал поляк елшісінің айтқан сөзіне қарасақ, батыс одақтастар мен Кеңес Одағы арасында салқындық туғызуы мүмкін ойларды ашық айтады, бұл одақтастар арасында салқындық туғызуға ұмтылу ма әлде дипломатиялық шеберліктің жетіспеушілігі ме?

Қалай болғанда да бұл кездесуде В. Сикорски мен В. Андерс әжептәуір табыстарға жетті. Осы кездесу кезінде Сталин А. П. Павловты шақырып алып, поляк әскерін Кеңес Одағының басқа жеріне ауыстыру мәселесін сөз етті, онда Кавказ, Өзбекстан, Түркмения аталды. Поляк әскерінің Кеңес Одағындағы жаңа мекені туралы мәселе 1941 жылғы желтоқсан айының соңына қарай түпкілікті шешілді.

1941 жылдың 25 – желтоқсанында КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті

«КСРО жеріндегі поляк әскері туралы» қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, Поляк әскерінің жалпы құрамына 96 мың адам кіреді деп белгіленді: 6 жаяу әскер дивизиясының әрқайсысында 11 мың адамнан, штабта, офицерлік мектепте, қордагы бөлімде, күшейтуші бөлімдерде 30 мың адам болмақ. Қаулы бойынша, 1939 жылға дейін Батыс Украина мен Батыс Белоруссияда тұрған поляктарды жасақталатын Поляк әскерінің қатарына шақыруға рұқсат берілді. Аталған аудандарда тұрған басқа ұлттар өкілдерін Поляк әскеріне шақыруға тыйым салынды [46]. Қаулыда Поляк әскерінің барлық 6 дивизиясы, штабы, офицерлер мектебі, қордағы (запас) бөлімі Қазақстан мен Орта Азия жеріне орналастырылатындығы көрсетілді. Атап айтқанда:

а) армия штабы мен ғимараты - Янги-Юль* (Өзбек КСР)

б) офицерлер мектебі - ст.Веревская (Өзбек КСР)

в) қосалқы бөлімше - Гузар (Өзбек КСР)

г) күшейтілген армия бөлімшесі - ст.Отар (Қазақ КСР)

Кара-Балты (Қырғыз КСР) ст. Кара-су (Қырғыз КСР)

д) 5-ші жаяу әскер дивизиясы - Жалал-Абад (Қырғыз КСР)

е) 6-шы жаяу әскер дивизиясы - Шахрысябз (Өзбек КСР)

ж) 7-ші жаяу әскер дивизиясы - Кермине (Өзбек КСР)

з) 8-ші жаяу әскер дивизиясы - совхоз Пахта-Арал (Қазақ КСР)

и) 9-шы жаяу әскер дивизиясы - Маргелан ((Өзбек КСР)

к) 10-шы жаяу әскер дивизиясы - ст.Луговая (Қазақ КСР)





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 472 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

1461 - | 1257 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.