Лекции.Орг


Поиск:




Оқу әдістемелік қамтамасыздандыру картасы




 

Астана – 2016

Кітапханадағы оқулықтар, оқу құралдары және электронды оқулықтардың атауы Авторлардың аты-жөні Баспа, шыққан жылы Білім алушылар саны Кітапханада кітаптар саны Қамтамасыз ету деңгейі, %
             
  Мемлекеттік бюджет Өтебаева Б.С. "Экономика"2006      
  Корпоративтік қаржы Кадерова Н.Н. Экономика 2008      
  Корпоративтік қаржы Ібірішів Н.Н. «Экономика»2012      
  Қаржы: Оқулық Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Алматы 2009      
  Русско-казахский финансовый словарь Сейткасимов Г. Экономика-2007      
  Финансы и кредит. Учебник Галяпина Л.В. «Дашков и К*»-2007      
  Финансовый анализ: Учебное пособие Утибаев Б.С. КазУЭФиМТ:ИПЦ-2008      
  Финансовый анализ в коммерческом банке: Курс лекций Сейткасимов Г.С., Мауленов К.М. КазУЭФиМТ:ИПЦ-2008      
  Финансовая система Казахстана: становление и развитие: монография Зейнельгабдин А.Б. КазУЭФиМТ:ИПЦ-2008      
  Финансово-инвестиционный процесс в жилищном секторе Казахстана и перспективы его развития Искакова З.Д., Курманалина А.К. Караганда-2009      
  Рынок ценных бумаг: учебное пособие Искакова З.Д., Маргацкая Г.С. Караганда-2008      
  Рынок ценных бумаг: учебное пособие Иванов В.В., Никифорова В.Д. КНОРУС-2007      
  Финансы, денежное обращение и кредит: учебник Галанов В.А. ФОРУМ-2008      
  Ценные бумаги: учебник Галанов В.А. ФОРУМ-2008      
  Финансы, денежное обращение и кредит: учебник Янин О.Е. «Академия»-2007      
  Финансы и кредит: Учебное пособие Под ред. О.И. Лаврушина КНОРУС-2009      
  Финансы и кредит: Практикум: Учебное пособие Рудская Е.Н. Феникс-2010      
  Финансы предприятий. В схемах и таблицах. Кондратьева Т.Н. «Высш. школа»-2010      
  Корпоративные финансы: учебное пособие Бочаров В.В. Питер-2010      
  Финансовый надзор: учебное пособие Шаяхметова К.О. Қазақ университеті-2010      
  Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу. Оқу құралы Таубаев А.А., Конакбаев А.Г., Кантарбаев Ж.К. Караганда-2009      
  Бағалы қағаздар нарығы Искакова З.Д. Борисова Е.И. Курманалина А.К. Караганда-2010      
  Бағалы қағаздар нарығы Көшенова Б.А. Экономика-2009      
  Финансовая грамотность и математика: теория и практика. Элективный курс Лысенкер Л.Ш., Сапарова Г.К., Лысенкер В.Л. Астана-2008      
  Қаржылық институттар қызметін басқару. Оқу құралы Тлеужанова Д.А. Алматы-2008      
  Настольная книга по Исламским финансам   Астана-2007      
  Кредитное дело. Учебное пособие Абдрахманов Г.А., Абдукаимова Г.. Экономика-2009      
  Теория международных финансов. Учебное пособие Калиева Г.Т. Астана-2009      
  Финансовые рынки и посредники. Учебно-методическое пособие Калиева Г.Т. Астана-2009      
  Қаржы: Оқулық Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Экономика-2009      
  Корпоративные финансы: учебное пособие Кадерова Н.Н. Экономика-2010      
  Корпоративтік қаржы: Оқу құралы Кадерова Н.Н. Экономика-2008      
  Финансы, деньги и кредит: Практикум Комекбаева Л., Карибаев Е., Альжанова Ж. Фолиант-2009      
  Қаржы бойынша практикум Мұқашева А., Оразғалиева А., Зарипова А. Фолиант-2008      
  Финансовые рынки и посредники. Учебник Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Экономика-2008      
  Финансовые институты Республики Казахстан Сейтказиева А.М., Жамаубаева Е.К. Экономика-2009      
  Финансирование и кредитование инвестиций Кадерова Н.Н. Экономика-2008      
  Қаржы-экономика сөздегі Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. "Зияткер"-2007      
  Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу Омарова А.К. Таугуль – ПРИНТ-2009      
  Финансирование и кредитование инвестиций Омарова А.К. Таугуль – ПРИНТ-2009      
  Рынок ценных бумаг: учебное пособие Алексеева Е.В. Феникс-2009      
  Русско-англо-казахский финансово-банковский словарь Е.Б. Жатканбаев "ИздатМаркет"-2006      
  Қаржы нарығы және делдалдары Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Экономика баспасы-2008      
  Халықаралық қаржы теориясы Калиева Г.Т. Хамитхан Н. Астана-2012      

Кітапхана менгерушісі ________ ______________________

(қолы) (А.Ж.Т)

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

 

 

В050900 – Қаржы мамандығына арналған

Аржы саясаты және құқығы» пәнінен

 

ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ

Астана – 2016


Тақырып ҚАРЖЫ САЯСАТЫ – БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

Сабақтың мақсаты: Қаржы саясатының түсінігі, қаржы ресурстарын жинақтап оны әлеуметтік-экономика саласында қайта бөлінуін анықтау

 

Дәріс жоспары

1.Қаржы саясатының мәні және оның әлеуметтік-экономикадағы рөлі

2. Қаржы саясатының қаржы ресурстарымен байланысын анықтау.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: қаржы саясаты, қаржы механизмі,бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын, қаржы стратегиясы, қаржы тактикасы

 

Қаржы саясаты және қаржылық механизмі саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл.атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша

оларды бөлудің міндеттерін шешеді.

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс.

Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын тек асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

Мезгілдің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.

Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

1 шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;

2 дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;

3 халықты әлеуметгік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.

Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дай дайындалады.

Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:

1 жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;

2 инвестициялаудың ауқымы;

3 негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары;

4 еңбек өімділігінің өсуі;

5 халықтың тұрмыс деңгейі;

6 мемлекет бюджетінің тапшылығы.

Тұжырымдамалар: Қаржы саясатының басқару саласымен байланысын, сонымен қатар экономикалық-әлеуметтік саладағы рөлін елдің 2030 және 2050 стратегиялық бағдарламаларымен танысу.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 537 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

820 - | 677 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.