Лекции.Орг


Поиск:




ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру




ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Еңбек және тәртіп жауапкершілігі. Еңбекке қабілетті әр адам қайда және қандай жұмыспен шұғылданатының өзі шешеді. Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке меншік мекемелерде жұмысшының құқық мен міндеттері еңбек туралы зандарға сай шешіледі. Конституция азаматқа еңбек бостандьның, мамандықтың, кәсіптің түрін таңдауға еркіндік құқығы береді. Азаматтар заңды түрде тыйым салынбаған еңбектің кез келген түрімен шұғылдана алады.

Заң еңбекпен байланысты салада алалаушылыққа тыйым салады. Әр азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең пайдалана алады. Ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірілмейді, жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды.

Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын жағдайлар да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсіпті меңгеру шеберлігі ескеріледі. Жұмыс үрдісінде азаматтың іскерлігі, жұмысының сапасы, нәтижесі есепке алынуы мүмкін.

Адам жұмысқа қабылданарда немесе жұмыс үрдісінде алалаушылыққа душар болса, онда ол сотқа шағынуға құқылы. Сот алалаушылық фактісін тапқанда, азаматты арашалайтын шешім қабылдайды, кінәліден жапа шегушінің зияны өндіріліп алынады.

Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Еңбектің бір түрін атқарған адамдар бірдей еңбекақы алуы керек. Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен белгіленеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшы демалыс күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы кезінде демалуға құқылы. Жұмысшының өз қалауынша мамандығын өзгертуге, біліктілігін көтеруге құқығы бар.

Заңда белгіленгеніндей, азамат 15 жасқа толған соң еңбек ету туралы жұмыс берушімен шарт жасасуға құқығы бар. 14 жасқа толғандар еңбек туралы шартты ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімімен жасаса алады.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қысқарған жұмыс уақыты бойынша еңбек ете алады және еңбек ақысы қысқартылмайды. 15-тен 16 жасқа дейінгі жұмысшылар, сондай-ақ 14-тен 15 жасқа дейінгі оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы — 36 сағат. 18 жасқа толмаған жұмысшыларды түнгі жұмысқа және жұмыс уақытынан тыс жұмысқа пайдалануға болмайды.

Жүмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:

—заңға сәйкес еңбек шартын жасасуға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;

— ұжымдық шарт жасасуға;

— еңбек шарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуын талап етуге;

— өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге.

Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:

— жұмысшыға қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;

—еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін сақтау;

—жұмысшыны ұжымдық шартпен, еңбек туралы нормативтік актімен таныстыру.

Әр жұмысшы өзінің:

- еңбек міндетін сапалы және адал орындауға;

- еңбек тәртібін сақтауға;

- жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға;

- еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын орындауга міндетті.

Жұмыс тәртпібін бұзушылықтың мынадай белгілері бар:

— жұмысшының еңбек тәртібі ережелерін бұзуы;

— өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе нормативтік актіде, өзінің еңбек шартында көрсетілген міндеттерді нашар орындауы;

— жұмыс берушіге, ұжымға, қоғамға немесе мемле­кетке зиян келтіруі.

Еңбек тәртібін бұзушыға жаза қолданылады. Бүл жерде бір тәртіп бұзушылық үшін бір рет қана шара қолданылатынын ескерген жөн. Тәртіптік жауапкершіліктің екі түрі бар: жалпы және арнайы.

Арнайы тәртіптік жауапкершілік жұмысы ерекше сипаттағы мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы т.б.), сондай-ақ ерекше жұмыс санаттарын атқаратын мекемелердің жарғыларында белгіленеді.

Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек ережелерінде белгіленеді. Заңда жалпы тәртіптік жазалардың сөгіс беру, айып салу (егер ол еңбек шартында көрсетілген болса), жұмыстан босату түрлері көрсетілген. Тәртіптік шара тәртіп бұзушылық айғағы анықталғаннан кейін, бір ай ішінде қолданылуы тиіс.

Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік. Заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқықты бұзғандар тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз — мемлекеттік басқару институттарында, мекемелер мен кәсіпорындарда, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіптерді бұзудың салдарынан болатын, адам құқықтары мен бостандықтарына кесел келтіру формасында көрініс беретін құқық бұзушылықтың ерекше түрі.

Әкімшілік жаза — адамның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мүлкін тәркілеу) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Заң жүзінде әкімшілік жазаның төмендегідей түрлері қарастырылған: ескерту; айып салу; тәртіп бұзушының айлық табысын еске ала отырып, ол келтірген шығынды өндіріп алу; тәртіп бұзушыдан құндылықты қайтарып алу; тәртіп бұзушының жұмсаған құралын мәжбүрлеу жолымен алу; тәркілеу; тәртіп бұзушыны арнайы құқығынан айыру; еңбекпен түзеу; әкімшілік тұтқындау (соттың шешімі бойынша).

Әкімшілік жазаны арнайы органдар, жаза қолдануға құқылы лауазымды адамдар, жол полициясы, санитариялық инспекция, балық күзеті және т.б. сондай-ақ, сот тағайындайды.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 46

 

 

Пән:Адам, қоғам, құқық Сынып:9 б Сабақ: 51 Күні:

Тақырыбы: ІІІ тоқсандық сынақ «Конституция»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: 1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 457 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

835 - | 699 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.