Лекции.Орг


Поиск:




ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру




ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Меншік. Бүкіл экономикалық жүйенің және экономика тетіктерінің қызмет ету заңдылықтарын түсінуде меншік қатынастары ерекше маңызга ие. Нарықтық және нарықтық емес экономикалық жүйелердегі меншіктік қатынастардың бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы бар. Орталықтандырылған, нарықтық емес экономика мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке негізделеді, ал нарықтық бәсекеге құрылған экономика, ең алдымен, жеке меншікке негізделеді.

Жеке меншікке тек мүлік қана емес (киім, үй, автомобиль), адамдар арасындагы экономикалық қатынастар да жатады. Жеке меншік мүліктің (өндіріс құралдары, тұтыну заттары, ақша) белгілі бір субъектіге тән екендігін көрсетеді. Демек, ол сол мүліктің қожасы, иесі немесе толық билік жүргізушісі болып табылады. меншік — жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталдық басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы. Өндіріс факторларына (құрал, еңбек заты, ақпараттық және интеллектуалдық ресурстар, жер және басқалар) жеке меншік жөніндегі қатынастар әрқашанда өндірісті ұйымдастыруда айтарлықтай рөл атқарған. Меншіктік экономикалық қатынастар өндіріс факторларын пайдалану жөніндегі өндіріске қатысушылар арасындагы қатынастармен сипатталады. Демек, меншіктік экономикалық қатынастар тек меншік кіріс көзі ретінде қызмет ететін жағдайда ғана пайда болады.

Түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар.

Кәсіпорын дегеніміз—қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект. Кәсіпорындар қызметін өзінше жүргізеді, шығарған өнімін, түсірген пайдасын өзі жұмсайды.

Жалгерлік кәсіпорындар—мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арасындагы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылады. Мемлекеттік көсіпорындардың мүлкі бюджеттік қаражат есебінен құрылады. Акционерлік қоғамдар — заңды немесе жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері — меншіктің аралас нысанындағы кәсіп­орындардың бір түрі болып табылады. Акционерлік қоғамдардың мүлкі қоғамның жарғылық қорына қосқан акционерлердің салымдарынан құрылады. Әр акционер өз салымының мөлшерінде ғана тәуекелге барады және акционерлік қоғамның алан міндеттемелері бойынша жауап бермейді

Жекешелендіру. Жетпіс жылдан астам Қазақстанда әміршіл - әкімшілік экономика үстемдік жүргізді. 80-жылдардың басында Кеңес Одағын түгел қамтыған дағдарыс экономиканы реттеуді, мемлекеттік деңгейде қайта құруды, нарық қатынастарына өту қажеттігін алға тартты.

Нарыққа өту шаруашылық жүргізудің ескі жүйесін түбірімен қиратуды, соның ішінде, ең алдымен, меншік қатынастарын қайта қарауды көздейді. Өндіріс құрал-жабдықтарына монополиялық мемлекеттік меншік экономиканың дамуын тежейтін, өзінің әрекетімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделілігін төмендететін негізгі факторға айналды.

Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік меншікті беру немесе сату арқылы меншік қатынастарын қайта құру жекешелендіру деп аталады. Жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға өткен кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.

Бекіту кезеңі:

1. Меншіктің қандай түрлері болады?

2. Кәсіпорындардың түрлерін атаңызда?

Сабақты қорытындылау: Жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға өткен кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §14, 61-64 б.б.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық
Сынып: 9 Сабақ: 18 Күні:

Тақырыбы: Экономикадағы адам факторы

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адам және нарық туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: 1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 649 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1033 - | 847 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.