Лекции.Орг


Поиск:




Зардап шеккендерді эвакуациялау.




 

Опырылып құлаудан, көшкіннен, селден, қар көшкінінен болған төтенше жағдайларда жер сілкіну, жарылыс, дауыл, құйын жағдайларында

 

Зардап шеккендерді эвакуациялау екі параллель лекпен жүзеге асырылуы мүмкін:

– төменгі этаждардың үйіндінің астындағы үй-жайдан, құрылыс конструкцияларының, жертөлелердің үйіндісінен;

– жоғарғы қабаттардан.

Зардап шеккендер блокадаланған орындарынан кезең-кезеңмен эвакуацияланады:

I-кезең – блокадаланған орындардан жұмыс алаңына дейін;

II-кезең – жұмыс алаңынан жарақаттанғандарды жинау пунктіне дейін.

Көрші блокадаланған үй-жайлардағы (қабаттар, деңгейлер) зардап шеккендердің көп бөлігін құтқару кезінде эвакуация үш кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде (мысалы, жоғары қабаттан құтқару кезінде) зардап шеккендерді қайта топтастыру жүргізіледі және олардың концентрациясы эвакуация жолдарына еркін кіре алатын қауіпсіз үй-жай болады, содан кейін (немесе қатарластыра) осы үй-жайдан жұмыс алаңына дейін, одан зардап шеккендерді жинау пунктіне эвакуациялау жолы ұйымдастырылады. Шұғыл жағдайлар туындаған кезде (мысалы, ғимараттың жоғарғы жағына тарап бара жатқан өрт, құрылыс конструкциялары сынықтарының құлауының қауіпі болғанда) эвакуацияға арналған алаң ғимарат шатырында (жоғарғы сау қабатта) жабдықталуы мүмкін, ал эвакуация тікұшақтарды пайдалану арқылы немесе көрші ғимаратпен жалғастырылатын жабдықталған арқан жолдарын пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Құлаған ғимараттардың үйіндісінен және үйінді ғимараттардан зардап шеккендерге эвакуация жүргізу кезінде тасымалдаудың келесі тәсілдері қолданылады:

– арқамен қозғалып, сүйреу;

– зардап шеккеннің қолдарын бір-біріне айқастырып немесе байлап сүйреу;

– матаның екі үшбұрыш қиындысының көмегімен сүйреу;

– иыққа салып тасу;

– арқаға салып тасу;

– отырған бойы арқада тасу;

– қолда тасу;

– екі құтқарушымен тасу;

– зембілдің көмегімен тасу;

– зардап шеккенді мата қиындысының көмегімен сүйреу.

Бұл ретте тасу үшін келесі құралдар пайдаланылады:

– медицина зембілдері;

– плащ-шатыр;

– тасымалдау бауы;

– қолдар бар материалдардан құралдар;

– мата қиындылары.

Әртүрлі факторларды ескере отырып, аталған құралдардың көмегімен зардап шеккендерді тасуға, көшіруге, түсіріп, көтеруге болады.

Қираған ғимараттардың жоғарғы қабаттарынан эвакуация жүргізген кезде келесі тәсілдер қолданылады:

– жиналмалы баспалдақпен жорғалап, зардап шеккенді төмен түсіру;

– шабандоздың отырысы сияқты зардап шеккенді жиналмалы баспалдақпен төмен түсіру;

– құтқару белбеуінің көмегімен түсіру;

– ілмектің көмегімен түсіру;

– кеудесін орау арқылы түсіру;

– зардап шеккенмен бірге ілінген баспалдақпен тігінен түсіру;

– қолайлы арқан жолының көмегімен зардап шеккенді түсіру;

– штурм баспалдағының көмегімен адамдарды эвакуациялау.

Бұл ретте келесі құралдар қолданылады:

– баспалдақ-штурмовкалар және жиналмалы баспалдақтар;

– альпинист құралдары.

Зардап шеккенді эвакуациялау тәсілдері мен құралдарын таңдау блокададағы зардап шеккеннің кеңістіктегі орналасқан орнына, зардап шеккенге жетуді қамтамасыз ету тәсіліне, зардап шеккеннің жарақат алуының түрі мен көлеміне, зардап шеккеннің дене және моралды жағдайына, зардап шеккендер мен құтқарушылар үшін ішкі қауіптің деңгейіне, эвакуация жүргізу үшін құтқарушылардың саны мен құралдардың жиынтығына, құтқарушылардың кәсіптік деңгейіне байланысты болады.

Су басу және су тасқыны жағдайында зардап шеккендерді эвакуациялау

Зардап шеккендерді эвакуациялау екі қатарлас лекпен жүзеге асырылады:

– су бетінен және жүзу құралдарымен су астынан;

– тікұшақтар мен жүзу құралдарымен су басқан аймақтардың жоғарғы қабаттардан, ағаштардан.

Зардап шеккендер блокадаланған орындардан екі кезеңде эвакуацияланады:

I-кезең – блокадаланған орындардан жүзу құралдарының бортына;

II-кезең – жүзу құралдарынан зардап шеккендерді жинау пункттарына.

Су басу аймағындағы зардап шеккендердің көп бөлігін құтқару кезінде эвакуация үш кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде (мысалы, су бетінен құтқару кезінде) зардап шеккенді судан шығару, эвакуациялау жолына еркін қатынауға болатын су баспаған қауіпсіз орынға орналастыру жүргізіледі;

Екінші кезеңде жүзу құралдарына тиеу жүргізіледі;

Үшінші кезеңде (немесе қатар жүргізу) осы учаскеден зардап шеккендерді жинау пунктіне жолдар ұйымдастырылады және жүзу құралдарына эвакуациялау жүргізіледі.

Шұғыл жағдайлар туындаған кезде (су баспаған аумақтарға тарай бастаған су деңгейінің тез көтерілуі; су басқан аймақта метеорологиялық жағдайдың нашарлау қауіпі) эвакуацияға арналған алаңдар ғимарат шатырларында және сау қалған жоғарғы қабаттарда жабдықталуы мүмкін, ал эвакуация судың көтерілуі мүмкін деңгейінен жоғарырақ аумаққа (шоқы, төбе және т.б.) немесе көрші ғимаратқа тікұшақты немесе жабдықталған арқан жолын пайдалана отырып жүргізіледі.

Су басқан ғимараттардың жоғарғы қабаттарынан эвакуация жүргізу кезінде келесі тәсілдер қолданылады:

– құтқару түтік құбырын пайдаланып түсіру;

– құтқару белбеуінің көмегімен түсіру;

– ілмектің көмегімен түсіру;

– кеудесін орау арқылы түсіру;

– арқан жолының көмегімен зардап шеккенді түсіру;

– тікұшақ бортына көтеру.

Зардап шеккендерді эвакуациялау тәсілдерін және құралдарын таңдау былай анықталады:

– адамдардың орналасқан орындарынан;

– олардың дене және моралды жағдайларымен;

– эвакуация жүргізу үшін құтқарушының құралдарының жиынтығы мен санымен;

– құтқарушылардың кәсіптік дайындығының деңгейімен, зардап шеккендер мен құтқарушылар үшін ішкі қауіптің деңгейімен.

Химиялық зақымдану және радиоактивтік ластану аймақтарынан зақымданушыларды эвакуациялау.

Зақымдану аймақтарына зақымданушыларды эвакуациялау оларға қатынау жолын қамтамасыз етуді қамтамасыз еткеннен кейін және алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүзеге асырылады. Эвакуациялау тәсілдерін таңдау зардап шеккеннің зақымдану түріне және ауырлығына, олардың жағдайларына, зақымданушы мен құтқарушы үшін ішкі қауіптің деңгейіне, тасымалдауға арналған құралдардың болуына, эвакуация жолының ұзындығына байланысты болады.

Зақымданушыларды тасымалдау үшін құтқарушыларда табельдік (зембілдер, белбеу, арқан) және қосымша құралдар болуы тиіс.

Зардап шеккенді зембілдің көмегімен эвакуациялау кезінде оның аяқтары тасымалдау жағына қарап тұруы тиіс (қауіпсіздіктен әрі қарай). Көтерілетін жол бойынша эвакуацияға ерекшелік бар. Бұл жағдайда зақымданушының басы эвакуация жаққа қарауы тиіс. Зембілді беру кезінде алдында тұрған құтқарушы команда береді. Құтқарушылар ауыстыру адымымен қатарласпай жүреді. Қалмай ілесу қозғалысына тыйым салынады.

Зақымданушыларды көтеру немесе түсіру тек табельдік құралдарды пайдалану арқылы жүргізіледі.

Жағдайларға байланысты зақымданушыларды эвакуациялаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады: арқамен қозғала отырып сүйреу, зақымданушының қолдарын білектеріне байлап және бір-біріне қосып сүйреу (бұл тәсілде зақымданушы құтқарушының желкесінен екі қолымен ұсталуы керек және сүйреткенде оның басын сәл көтеруі тиіс. Егер зақымдалушы ессіз болған жағдайда, оның білектері үшбұрышты мата қиындысының көмегімен байланады); екі үшбұрышты мата қиындысының көмегімен сүйреу; иықта тасу (зақымданушыны отырған немесе тұрған бойда); арқада тасу (зақымданушыны отырған бойда); қолда тасу; екі құтқарушымен тасу; зембілдің көмегімен тасу.

Зақымданушыны көлікке арту орындары зақымдану және өрттен тысқары, бірақ жақын жер таңдап алынады. Зақымдалғандардың шоғырланған орындарында шұғыл медицина көмек бригадасы келгенге дейін олардың күтіміне медициналық персонал бөлінеді.

Бір уақытта эвакуациялық-көліктік сұрыптау жүргізіледі және тиеу алаңы ұйымдастырылады. Эвакуация «өзіме» (жедел медицина көмегі машинасынан, емдеу-профилактикалық мекемелерден, өңірлік аумақтық шұғыл медициналық көмек орталықтарынан және т.б.) және «өзінен» (зардап шеккен объектінің транспортымен, құтқару отрядтарымен және т.б.) принциптері бойынша жүзеге асырылады.

ҚжБШЖ жүргізудің шарттары құрамалардың жеке құрамынан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды талап етеді. Ол ҚжБШЖ жүргізген кезде жазатайым жағдайлардың болмауына, құрамалардың жеке құрамының және жұртшылықтың тұтас болуына мүмкіндік береді.

Құрамалардың командирлері жеке құрамға алдағы болатын іс-қимылдардың сипатты ерекшеліктерін алдын ала түсіндіруге, оны жүргізілетін жұмыс тәртібімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстыруға, олардың орындалуын қатаң бақылауға міндетті.

Қауіпсіздіктің нақты шаралары жеке құрамға жұмыс учаскесінде міндеттерді қою барысында бір уақытта түсіндіріледі.

Жұмысты бастамас бұрын бұзылған жерлерді мұқият қарап шығу керек, бұзылған ғимараттар мен үй-жайлардың қауіпті орындарын белгілеу қажет.

Жартылай құлаған, жанып жатқан, түтін басқан ғимараттарда, үйінділерде құтқару жұмыстарын топтасып (екі адамнан кем емес), бір-бірін сақтандыра отырып жүргізіледі.

Құтқару жұмыстарының барысында машиналардың қозғалысы, зардап шеккендерді және халықты эвакуациялау барланған және белгіленген жолдар арқылы ұйымдастырылады. Қауіпті орындар ескерту таңбаларымен қоршалады.

Газданған учаскелерде (объектілерде) жұмыстарды жүргізу барысында оттың ашық көздерін пайдалануға тыйым салынады. Жұмыстар, әдеттегідей, оқшауланған демалу аппараттарында, түсті металдардан немесе мыстан жасалған құрал-саймандармен жүргізіледі. Жұмыс орындарына жарық түсіру үшін жарылудан қауіпсіз аккумуляторлар қолданылады.

Электр желілерінде авариялық жұмыстар электр қауіпсіздік шараларын (сымның бір ұшын жерге қосу, ескерту таңбаларын ілу және т.б.) сақтай отырып, резеңке перчаткалар мен етіктер киіп, бөлу пункттерінде (щиттерінде) зақымдалған учаскелерде желілерді сөндіргеннен кейін жүргізіледі.

Радиоактивті заттармен ластанған жерлерде сәулелену әсер ететін шектеулі уақытпен реттелетін режимді сақтау қажет. Барлық жеке құрам сәулеленуді бақылауға арналған жеке дозиметрлермен қамтамасыз етілулері тиіс. Радиацияның деңгейі 0,5 р/с және одан жоғары болатын шаң-тозаң жағдайында жұмыс газ тұтқыштарда (респираторларда) жүргізілуі тиіс.. технологиялық желілерде және ҚХЗ сыйымдылықтарында аварияларды жою кезінде, улы және агрессивті сұйықтықтарды залалсыздандыру кезінде авария орындарына оқшаулау демалу аппараттарында және қорғағыш киімдерінде жел соғатын жақтан келген жөн. Фильтрлендіретін газ тұтқыштарды ҚХЗВ-дың жоғары концентрациясы болмаған кезде пайдалануға болады. Ауа температурасына байланысты қорғану киімінде болудың шектеулі уақытын сақтау қажет.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы әрекеттерге тек қажетті қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген арнайы дайындалған құрамалар жіберіледі.

Өрт және түтін басқан аймақтарда жұмыс жүргізу барысында жеке құрам газ тұтқыштармен және оларға көміртегі оксидтерінен қорғайтын қосымша патрондармен, сондай-ақ арнайы киімдермен және каскалармен қамтамасыз етіледі.

 

Орытынды

Қорыта айтқанда, «Төтенше жағдай кезінде іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты дипломдық жоба тақырыбына сәйкес көптеген ғылыми зерттеулер мен қосымша материалдарды пайдалана отырып, тақырыбымның өзектілігі мен мақсатын аша білдім деп ойлаймын.

Қазақстан динамикалық тұрғыда дамушы экономикасы бар мемлекет болып табылады, дегенмен мемлекеттегі басты құндылық – адам өмірінің қауіпсіздігі саласының сәйкес дамуынсыз елдің тұрақты дамуына жету қиын, себебі адам өмірі мемлекетіміздегі ең маңызды, әрі шешуші фактор болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз елі ішінде төтенше жағдайлар департаменті қызметінің дамуына көп көңіл бөлуде.

Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі қазіргі мемлекеттің рөлі өте зор. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі азаматтық сана-сезім деңгейінің, адамгершіліктің және қоғамның барлық мүшелері мәдениетінің маңызы да аз емес. Ғылыми-техникалық прогрестің, қоғамның игілігі мен зияткерлік потенциал өсуінің табиғи және техногенді сипаты пайда болатын алапаттар санының және одан келетін зиян ұлғаюына әсері.

Диплом жобада төтенше жағдайларда іздестіру – құтқару жұмыстары қызметін пайдалану тәртібі мен ұйымдастыру жұмыстарына жеке зерттеу әдістемесін енгізу және қолдану әдістері мен тәсілдерін зерттегенде тиімді қозғалыс қимылдарды машықтарды, дағдыларды игеруді, жоғары моральдық психологиялық және физикалық қабілеттерді пысықтай білуді, нақты әрекеттер мен әдіс тәсілдерді меңгере білуге баулу.

Тұрғын халықтың өмірі мен деңсаулығына қауіп-қатер, мемлекет аумағының тұтастығын бұзу, қаруланған күрес бағытында ғана емес, техногенді апаттар мен күйреулердің деректерін қатты әсер ететін табиғаттың апатты күштерінің тікелей әсер етуінде жүзеге асырылатындығы туралы отандық және шетел тәжірибесі дәлелдейді,

Төтенше жағдайларда тұрғын халық пен аумақтарды қорғау жалпы мемлекеттік, Қазақстан Республикасы АҚ және ТЖМ жүйесіне кіретін барлық құрылымдық бөлімшелердің шешім қабылдау үшін міндетті мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі АҚ және ТЖМЖ жүйелері арқылы ТЖ алдын алуға, олардың ауқымын азайтуға, салдарын жоюға, тұрғын халық пен аумақтарды ТЖ-дан қорғау бойынша дайындыққа бағытталған нормативтік, ұйымдастырушылық, инженерлі-техникалық, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және басқа шаралардың күрделі жиынтығын өмірде жүзеге асырады.

Соңғы кезде елімізде адам өміріне, қауіпсіздігіне көп назар бөлінуде. Бұл осы саладағы, яғни құтқару қызметі саласында жаңа заманауи технологияларды, жаңашылдықтар мен жаңа әдістерді қолдануды қажет етеді. Ал бұл тікелей осы құтқару қызметі саласын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

Осы аталған салада артықшылықтарды қолдану елімізге құтқару саласында бәсекелік артықшылық пен жақсы көрсеткіштердің өсуіне, аталған саланың жан-жақты дамуына, ал ең бастысы адам өмірін сақтап қалуға және оған келуі мүмкін зардаптың алдын алуға ықпал етеді. Сондықтан бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі мен маңызы ерекше деп айтсақ болады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, төтенше жағдайлар қызметі жоғары дамыған, құтқару жұмыстары мен өзге де кезек күттірмейтін жұмыстар жақсы деңгейде жүргізілетін елдерде халық қауіпсіздігінің деңгейі де жоғары, төтенше жағдайлар шығыны мен көрсеткіштері төмен болып келеді.

Алдынғы қатарлы мемлекеттермен бір қатарда тұру үшін және халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін біздің елде де шетелдік тәжірибені қолдану қажет. Сондықтан таяудағы онжылдықта жедел әртараптандыру және ұлттық қауіпсіздіктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өнімділікті арттырып, құтқару саласына инновацияларды ендіру керек. Өйткені инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1419 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1102 - | 863 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.