Лекции.Орг


Поиск:




Брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасу.




Фьючерстік нарықта делдалдық қызмет атқаратын фирмамен клиент шарт жасайды. Шартқа сай клиент делдалдық фирмаға мынадай:

§ Фьючерстік шартты клиент атынан және оның есебінен сатып алу сатуға мәміле жасауға;

§ Фьючерстік шартты сатып алу- сатуға байланысты барлық есеп айырысуды клиенттің қаражаты есебінен есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы жүргізуге;

§ Фьючерстік нарықта барлық қажеті құжаттарды клиент атынан рәсімдеуге сенім көрсетеді.

Қызмет көрсету шарты бойынша тараптар (екі жақ) фьючерстік нарық жағдайына байланысты қауіп туралы хабардар екенін және болуы мүмкін шығындар бойынша бір-біріне шығымдары болмайтынын бекітеді.

3. Есеп айырысу палатасының мүшесімен қызмет көрсету шартын бекіту. Делдалдар фирмасы Есеп айырысу палатасымен ұзақ уақыт қызмет көрсету жөнінде шарт бекітеді. Әрбір жаңа клиентке қайтадан шарт бекітпейді.

4. Фьючерстік сауданың резерв қаражаты. Фьючерстік мәміле жасауға қажетті ақша қаражатын клиент төлейді Ол қаражат мәміле орындалуының кепілі. Бірақ ол «фьючерстік сауданың резерв қаражаты рөлін орындамайды. Резерв қаражаты алғашқы маржаны жабу үшін жететін болуы керек ондай соманы клиент делдалдық фирма арқылы есеп айырысу палатасының мүшесіне аударады.

5. Клиенттің тапсырмасы. Биржаның делдалы клиенттің тапсырмасын орындау үшін ең алдымен клиент оған биржалық саудада орындалатын белгілі – бір операцияларға мәлімдеме береді. Биржалық сауданың іс – тәжірбиесінде ондай мәлімдеме сауда тапсырмасы деп аталады. Сауда тапсырмасында мәміле түрі (сатып алу немесе сату), келісім шарт саны, жеткізіп беру формасы мен мерзімі, төлем формасы, сауда өткен күн және баға белгілеу жағдайлары көрсетілуі қажет. Әлемдік практикада сауда тапсырмасының ең көп қолданылатын түрлері:

§ Биржа бағасымен сатып алу немесе сату. Мәлімдеме бланкіде баға көрсетілмейді.

§ «күннің ең тиімді бағасымен» сатып алу немесе сату –ол күнінің нәтижесі бойынша сатып алу үшін ең төменгі, ал сату үшін ең жоғары бағамен орындалады.

§ белгілі бір бағамен сатып алу намесе сату. Оны брокер баға берілген деңгейге жеткен сәтте немесе оны алған бойда орындайды.

6. Тапсырманы орындау - ол биржалық сауда барысында, я болмаса сессия аралығындағы уақытта өтеді.

7. Өткен сауда туралы мәліметтер. Биржа бекітілген фьючерстік мәмілелер туралы мәліметтерді тиесілі ақпараттық жүйелерге беріп отырады. Сөйтіп баға белгілеу әлемге таратылады.

8. Мәмілелер бойынша есеп айырысу -оны Есеп айырысу палатасы орындайды. Оның жұмыс механизмі туралы жоғарыда айтылған.

9. Маржа бойынша қайта есептеу. Маржаның өзгерісі туралы мәлімет биржа күнінің соңында айтылады. Жаңа маржа ставкасы алғашқы маржа ставкасы негізінде жүргізіледі.

10. Маржа төлемі бойынша қосымша қаржыны салу. Қайта есептелген маржаның негізінде белгіленген оның жаңа ставкасы бойынша клиент делдалдық фирма және Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы клирингтік шотқа фьючерстік шарт нарығында жұмысты жалғастыру үшін қосымша қаржы салуы керек. Ол соманы айнымалы маржа деп атайды.

11. Фьючерстік шарт бойынша жеткізу. Фьючерстік мәміленің жалған сипатына қарамастан, кейде фьючерстік шарт бойынша тауар жеткізу де болып қалады. әлемдік практикада биржалық сауданың тауарын жеткізудің екі типі бар: алғашқы және екінші рет жеткізу. Алғашқы жеткізу деген тауарды бржа қоймасынан алу.

Екінші рет (қайтара) жеткізу деген тауардың қоймадағы партиясын қоймадан шығармай-ақ ағымдағы айдың ішінде биржалық шарт бойынша қайтадан жеткізіп беру. Биржаларда бұл жеткізудің үлесі 20-40 пайызын құрайды. Биржалардың көбіне сатушы тек ресми оның қоймасындағы тіркеуден өткен банктердің сейфіндегі және заводтан тиісті сертификатын алған тауарды ғана жеткізуіне болады. Сатушы оған қоса, тауар туралы мынандай мәліметтерді беруі керек:

§ тауарды жеткізіп беретін көліктің түрі;

§ шығатын елі;

§ қораптардың, қаптардың, бумалардың, будалардың және т.б. буып – түйілген саны;

§ биржа бекіткен тауар сақтау қоймасы;

§ тауарды қоймаға жеткізу датасы;

§ тауар партиясының жалпы салмағы;

§ қайта өлшеген датасы;

§ варрант номері;

§ үлгілерін алған дата және т.б. мәліметтер.

Сатушы айтылған осы мәліметтермен бірге Есеп айырысу палатасы арқылы нотис, яғни жеткізу туралы хабарлама жіберуі керек. Әрбір нотисте шарттың бағасы, датасы, сондай-ақ Есеп айырысу палатасының нотисті алған уақыты және оны сатып алушыға берген уақыты көрсетіледі. Есеп айырысу палатасынан өткен барлық нотистерді сатып алушы міндетті түрде орындау үшін қабылдап алады. Содан соң белгілі бір уақыт аралығында тауар үшін толық мөлшерде қолма-қол ақша төлегені туралы варрант немесе қойма куәлігін, яғни биржа қоймасындғы тауарға меншік құқығын білдіретін құжат алады. Нотис қойған датадан бастап туындаған барлық шығындарды сатушы төлеуі тиіс.

Фьючерстік шартқа баға құру. Бір биржалық активтің физикалық нақты нарықта және фьючерстік нарықта әртүрлі бағасы болады. Себебі физикалық нарықта активті нақты сатып алу-сату дәл сол кезде жүреді де, ал фьючерстік нарықта ол процесс бірсыпыра уақыттан кейін яғни бірнеше айдан жылдан кейін болады.

Өз кезегінде кез келген нарықтың бағасы тәрізді фьючерстік шарт бағасының обьективті негізі – құн. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан фьючерстік шарт бағасының дәстүрлі түрде қалыптасуы. Фьючерстік шарттың құрамына мына факторлар әсер етеді:

§ физикалық нарықтағы активтің бағасы;

§ фьючерстік шарттың әрекет мерзімі;

§ проценттік ставка активті қолдануға (сақтау, қауіпсіздендіру) байланысты шығындар.

Сонымен, фьючерстік шарттың құнына әсер ететін факторларды екі топқа бөліп (яғни тұрақты әсер етуші факторлар)

Фьючерстік саудадағы қаржылық есеп айырысу. Фьючерстік шартпен сауда төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

Біріншіден, шартты сатушы әрдайым шарттың бағасын төмендету үшін ойнайды, яғни егер олар шартты сатқанынан гөрі сатып алғанда төмен бағамен алса, онда ол пайда табады;

Екіншіден шартты сатып алушы әрдайым шарттың бағасын жоғарылату үшін ойнайды, яғни егер ол шартты сатып алғанынан гөрі жоғары бағамен сатса, онда ол пайда табады.

Себебі фьючерстік саудадағы қаржылық есеп екі баланс теңдігінен құралады:

§ егер шартты сатып алушы ұтса ол міндетті түрде шартты сатушы ұтылады, сондай-ақ керісінше де болады;

§ есеп айырысу палатасының және оның клиенттерінің бір мүшелеріндегі ұтыс сомасы Есеп айырысу палатасының басқа мүшелеріндегі ұтылыс сомасына тең болады.

Фьючерстік шартты сатып алу – сату бойынша есеп кезеңіне шартты бекіткен күн кіреді. Шарт орындалмай немесе жабылмай қалған кезең және шартты жабу немесе оны орындау кзеңі қаржылық есеп күні болып есептеледі. Осы айтылған кезеңдерде жүргізілетін қаржылық процедураларды қарап өтелік.

1 кезең:

§ шартты бекіту күні (позицияны ашу);

§ есеп айырысу палатасында шартты тіркеу;

§ шарт үшін кепілдік жарна (алғашқы маржа) төлеу;

§ шартты тіркегені үшін төлем.

2 кезең:

§ ашық позицияны сақтау күні (кезі)

§ айналым маржа бойынша есеп

§ егер Есеп айырысу палатасы маржаның ставкасын өзгерсе, онда алғашқы маржа бойынша есеп.

3 кезең:

§ кері мәміле жасау (немесе офсеттік) жолымен шартты жабу күні немесе шартты орындау күні (оның мерзімі аяқталған күн);

§ жабылған позиция бойынша пайданы (зиянды) есептеу;

§ кері мәмілені тіркегені үшін төлем;

§ есеп айырысу палатасының палата мүшесіне (клиентке(төлейтін немесе Есеп айырысу палатасы мүшесінің (клиенттің) палатаға төлейтін ақша сомасын есептеу;

§ фьючерстік шарттың негізі болған биржалық активті беру (алу);

Осы атап өткен кезеңдерден есеп айырысу палатасының қызметі құралады. Олар

§ алғашқы маржаны есептеу;

§ жабылған позициялар бойынша ұтыс және ұтылыс сомасын анықтау;

§ ашық позицияларды есепке алып және айнымалы маржаны есептеу.

Алғашқы маржа деген Есеп айырысу палатасы мүшесінің өз шотынан есеп айырысу палатасы шотына (немесе алғашқы маржа сомасының есебінен) фьючерстік шарттың бағасы ол үшін қолайсыз бағытта өзгеретін ашық позиция болған жағдайда аударатын ақша сомасы.

Биржалық опцион деген биржалық активті (фьючерстік шартта кіреді) сатып алуға немесе сатуға құқық беретін стандартты биржалық шар, басқаша оны еркін айналыстағы опциондық шарт деп те атайды. Құқықты сатып алу үшін белгіленген датаға дейін (мысалы, 5/х) шарт орындалатын (мысалы, 30/х) баға бойынша сыйақы деп аталатын белгілі бір сома төленеді. Фьючерстік шарттарда қолданылған терминологияның опциондармен операциядағы мағынасын қарастыралық. Опционды «сатып алу» деген сатып алушының шартымен келісуді, ал опционды сату деген сатушының шартымен келісуді білдіреді.

Іс тәжірбиеде опциондық және фьючерстік шартпен жасауға болады. Биржалық опциондар фьючерстік шартпен саудада жасалған ережелер мен механизмдердің негізінде биржаларда еркін сатылады және сатып алынады. Әдетте биржалық практикада опционның екі түрі – сатып алу («колл» опционы) және сату («пут» опционы) – қолданылады.

Бірінші жағдайда сатып алушы биржалық активті сатып алу міндеттемесін емес, опционды иемдену құқығын алады. Ал екінші жағдайда сатып алушы сол активті сату міндеттемесін емес, опционды сату құқығын алады. Опционды сатып алушы – оны ұстаушы немесе иемденуші деп те аталуы мүмкін, ал опционды сату құқығын алады. Опционды сатып алушы – оны ұстаушы немесе иемденуші деп те аталуы мүмкін, ал опционды сатушыны оған жазалаушы немесе оны «жазып алдырушы» деп атайды. Орындау мерзімі бойынша опцион екі типке бөлінеді. Біріншісі американдық – ол опцион мерзімі біткенше кез келген кезде орындалуы мүмкін опцион. Екіншісі еуропалық, - ол тек опцион мерзімі бітетін датада орындалуы қажет опцион.

Опционның негізі болатын биржалық активтер түрі бойынша опциондар төртке бөлінеді:

§ тауарлы оның негізі – кез -келген тауар (металл, астық мұнай, және т.б.

§ валюталық, олардың негізі шетел ақша бірліктері;

§ қор опциондары, олардың негізі акция, облигация индекстер;

§ фьючерстік немесе фьючерстік шарттарды сатып алу-сату опциондары.

Фьючерстік шарттың бағасын негізгі-биржалық активтің бағасы, ал опционның бағасы- оны орындау құқығын алғаны үшін сатып алушының төлейтін сыйақысы. Егер опцион тиімді болса оны орындайды, ал егер зиян келтірсе оны орындаудан бас тартады. Міне бұл бағасы бойынша фьючерстік шарт пен опционның бір бірінен айырмашылығы.

Опциондық стратегияның негізгі топтарының сипаттамасы. Стратегия бір істі жүргізу өнері. Опционның түріне, бағасына және оны орындау датасына байланысты опциондық стратегияның саны да көптеп саналады. Оның негізгі топтарын қарастырып өтелік:

§ жай стратегия – ол біркелкі опциондық позицияны ашу, яғни колл, пут опционын жай сатып алу немесе сату;

§ спэрд – ол бір опцион түріне және сол активке бір уақытта екі қарама-қарсы позицияларды ашу. Басқаша айтқанда, ол бір және сол активке колл немесе пут опционын бір уақытта сатып алу және сату;

§ құрастырылған (комбинированная) стратегия- ол опционның әр түріне бір уақытта екі бірдей позиция ашу. Басқаша айтқанда, ол колл опционы мен пут опционының (бір активке бір уақытта сатып алу (сату).

§ Синтетикалық стратегия – ол біріншіден, опционның әр түріне (бір активке) бір уақытта қарама қарсы позиция ашу екіншіден, активке физикалық нарықта бір уақытта позиция ашу. Бұл стратегия өзінің мәні жөнінен жай опционндық стратегияға сай келеді.

Аталған стратегия топтарының көптеген түрлері бар. Мысалы, жай стратегияның төрт түрі «спэрдтің» - үш құрастырылған стратегияның – екі және синтетикалықтың екі түрі болады.

Биржалық опциондарға баға белгілеу. Опционның құнын айқындаушы факторлар фьючерстік шарттың құнына әсер етуші факторлардан өзгеше болады. Себебі опциондарға баға белгілеу механизмі опционның негізі болған активке баға белгілеу механизміне сай келмейді.

Опционның бағасына әсер ететін факторлар мыналар:

§ физикалық нарықтағы активтің бағасы;

§ опционды орындау бағасы;

§ опционның әрекет мерзімі (уақыты);

§ проценттік ставка (бұл жерде тәуекелсіз проценттік ставка, мысалы, бірінші класты банктердегі немесе мемлекеттік облигациялар бойынша айтылады);

§ опционның негізі болған актив бағасының өзгермелілігі.

Опциондық физикалық нарық деген кез- келген сатып алу сату нарығы, мысалы бағалы қағаздарнарығы (яғни қор нарығы). Сондай- ақ, егер опционның негізі фьючерстік шарт болса, онда фьючерстік нарықта опциондық физикалық нарық болуы мүмкін.

Опционның құны екі бөлектен құрылады: ішкі құны және уақытша құны. Ішкі құны бар опцион «ақшалы»деп ал онысы болмаса «ақшасыз»опцион деп аталады.

Опционның ішкі құны – ол егер мәміле дәл бүгін (мәмілеге келген күні) аяқталатын жағдайда опцион үшін түсетін сома. Ішкі құны активтің нарықтық бағасы мен орындалу бағасының ара қатынасымен анықталады. «Колл» опционның (сатып алу) ішкі құны – ол активтің бағасы опционның орындалу бағасынан артық болатын шама.

«Пут» опционның (сату) ішкі құны - ол опционның орындалу бағасынан артық болатын шама.

Опционды сатып алушы «ақшасыз» опционды алуға ұмтылады. Себебі бұл жағдайда ол активтің тиімді бағасын пайдалана алады. Сонда, оның ішкі құны нольден кем болмайды. Опционның уақытша құны – ол опционның бағасымен (сыйақы) оны ішкі құнының айырмасы. Опционның әрекет мерзімі ұзақ болса опционның уақытша құны да көп болады. Себебі уақыты ұзарған сайын қуіп те өте түседі.

Қорыта айтқанда, американдық сипаттағы опцион бағасына әсері бар бес фактор туралы сөз етіледі.

Әдебиеттер:

1. «Ақша Несие Банктер» Ғ.С. Сейітқасымов оқулық --Алматы: 2005-ж 416 бет.

2. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. и др. Рынок ценных бумаг Казахстана: проблемы, формирования и развития. Алматы – 1998 ж.

3. Дуглас Л.Г. Анализ рисков операции с облигациями на рынке ценных бумаг. М.: -1998 ж.

4. Семенкова Е.В. Операции с ценнами бумагами. М.: - 1997 ж.

 

 

Теориялық білімдердің бақылау сұрақтары:

1. Фьючерістік сауда және фьючерстік шартдегеніміз не?

2. Биржалық опцион дегеніміз не?

3. Опциондық стратегияға сипаттама беріңіз.

СОӨЖ на арналған тапсырма:

1. Фьючерстік шартты сату және сатып алу тәртібін ретімен көрсетіңіз

2. Фьючерстік шартқа баға құруға сипаттама

3. Опционның бағасына әсер ететін факторларға мысал келтіріңіз.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 849 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1103 - | 866 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.