Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру




І тарау. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тақырып Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері

Адам туралы ғылымдар жүйесінде педагогиканың алатын орны, оның басты ерекшеліктері: арнайы пәні, ғылыми-терминологиялық аппараты, зерттеу әдістері.

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, қазіргі қоғам дамуындағы көрінісі.

Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) және олардың өзара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жағдайы, Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңдары және олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдер құбылыстар байланысының жалпылама бейнесі тәрізді. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың өзара бірлескен әрекетінің диалектикасы. Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымдарының міндеттері. Мұғалімді кәсіптік дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы. Педагогика курсының құрылымы.

Негізгі ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық процесс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогиканың пәнаралық байланысы.

 

Тақырып. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

Тұлға туралы ұғым. «Адам», «индивид», «дара», «тұлға». Тұлға құрылымының көпқырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы. «Тұлғаны дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама.

Табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүшесі, адам туралы философиялық ережелер – тұлғаны педагогикалық тұрғыдан түсінудің әдіснамалық негізі, тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың факторлары.

Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер етуші негізгі факторлар (тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие). Субьектінің іс-әрекеті тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың факторы. Осы мәселені түсіндірудегі әртүрлі көзқарастар, оларға талдау жасау.

Қазіргі педагогика ғылымдары тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары.

Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға – тәрбие процесінің және өзіндік дамудың субьектісі.

Негізгі ұғымдар: индивид, жеке тұлға, дербестік, даму, тәрбие, қалыптасу, жеке тұлғаның даму және қалыптасу факторлары, субьект және обьект.

 

Тақырып. Балалардың жас және дербес ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу.

Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.

Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайаттары. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері. Оқушының оқуға деген шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесті ұйымдастыруда есепке алу (мазмұны, құралдары, түрлері, оқу-тәрбие іс-әрекетінің әдістері).

Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама. Оқушының дара ерекшелігі және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.

Негізігі ұғымдар: тұлға, жас ерекшелігіне байланысты жаңаша білім беру, дербес ерекшеліктер, даралап оқыту.

 

тақырып. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру

 

Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының рөлі. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама.

Зерттеуге жүйелі тәсіл – құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі. Жүйелі тәсілдің негіздері философиялық категориялар. Таным теориясы.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс-әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі, компетенттілік әдісінің мәні.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісінің мәні (теориялық-эмпирикалық, эксперименттік, математикалық).

Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.

Негізгі ұғымдар: ғылымдардың әдіснамасы, ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1810 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

763 - | 719 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.