Лекции.Орг


Поиск:




Оқу пəнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

19. Пəнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 56 сағат, шығармашылық жұмыстар мен тіл ұстартуға 8 сағат, сыныптан тыс оқуға 4 сағат, барлығы 68 сағат бөлінген. 20. Оқу пəнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады. 1) «Кіріспе» (1 сағат). Көркем əдебиеттің адам өмірінде алатын орны. Əдебиеттің өнердің басқа түрлерімен (музыка, бейнелеу өнері, театр, кино) байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту (көркем шығарма, автор туралы материал, портрет пен безендірілуі, т.б.). 21. «Халық ауыз əдебиеті» (6 сағат): 37 1) «Батырлар жыры туралы түсінік. «Қобыланды батыр» жыры» (3 сағат). Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. Жырдағы халықтың тарихы мен салт-санасының көрініс табуы. Елдік идея мен ерлік сипаты. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Əдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пəнаралық байланыс: театр (М.Əуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша; 2) «Алпамыс батыр» жыры (3 сағат). Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығы. Сол арманның Алпамыс бейнесі арқылы көрінуі. Ұлтан образының көркем жинақталуы. Жырдағы асыл жар бейнесі. Қарагөзайымның айнымас достығы, Байшұбар тұлпардың иесіне адалдығы. Əдебиет теориясы: əсірелеу (гипербола), шендестіру (антитеза). Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, жатқа оқу, толық жəне қысқаша мазмұндау. Пəнаралық байланыс: бейнелеу өнері, театр, т.б. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жоямерген» жыры. 22. «XIX ғасыр əдебиеті үлгілері» (6 сағат): 1) «Дулат Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мəлімет. Ақтамберді жырауды ұстаз тұтуы. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата- тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Əдебиет теориясы: риторикалық сұрақ. Тіл дамыту: өлеңді мəнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс – ата-əже, ата- аналарының тілек-баталарын жазу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. «Тегімді менің сұрасаң»; 2) «Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мəлімет. Жетісу ақындарының көшбасшысы жəне Жамбылдың пір тұтқан ұстазы екендігі. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінде адам бойындағы қайшылықты қасиеттерді суреттеуі, адамгершілік ізгі қасиеттерді жоғары тұтып бағалауы. Тіл дамыту: өлең мазмұнының желісі бойынша адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман əдеттер туралы əңгімелесу. Пəнаралық байланыс: «Өзін-өзі тану». Өзіндік ізденіс жұмыстары: Сүйінбай Аронұлы. «Болыстарға баға»; 3) «Абай Құнанбайұлы. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Əсемпаз болма əр неге» өлеңдері, отыз бірінші қарасөзі» (4 сағат). Абай – ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ əдебиеті мен мəдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тəрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі жүйрік39 4) «Мағжан Жұмабаев. «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. «Мен кім?» лирикасының тақырыбы мен идеясы. Өлеңдегі алаш ұланының сөзбен сомдалған портреті. Жыр жолдарындағы метафоралық қолданыстар. Эпитет пен теңеу. «Қазақ тілі» өлеңіндегі ақынды толғандырған ана тілі тағдыры. Туған тілге деген құрмет, болашаққа деген сенімі. Тіл тағдырының ел тағдырымен біртұтас бірлікте екендігі. Өлеңдегі оптимистік асқақ үн, метафоралық шендестірулер, олардың өлең идеясын ашудағы мəні. Əдебиет теориясы: метафоралық шендестірулер. Тіл дамыту: мəнерлеп, түсініп оқу, ана тілі туралы шағын шығарма жазу. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаевтың «Күншығыс» өлеңі; 5) «Сəбит Дөнентаев. «Заман кімдікі?», «Бозторғай», «Ой» фельетондары» (2 сағат). С.Дөнентаевтың өмірі мен жазушылық қызметі (өткен сыныпта оқылған деректерді толықтыру). Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы. Ақын шығармаларындағы аллегория жəне астарлау. С.Дөнентаев шағын сюжетті өлеңнің шебері, көсемсөз шебері. Əдебиет теориясы: аллегория, сатира туралы ұғымдарды кеңейту. Тіл дамыту: шағын шығарма жазу. Пəнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Дөнентаевтың мысал өлеңдері; 6) «Сəкен Сейфуллин. «Далада» (арнау өлең)» (1 сағат). Сəкен туралы сөз. Туған жерге деген махаббат. Бостандықтың, азаттықтың оңай келмейтіндігі, оған тек қана күрес арқылы қол жеткізуге болатындығы. Ақынның кең далаға, бабалар салған ерлік дəстүріне деген мақтаныш сезімі. Асаудың символдық образ екендігі. Романтикалық көңіл күй. Жастарды еркіндік, əділдік үшін күреске шақыруы. Əдебиет теориясы: дамыта суреттеу. Тіл дамыту: ақынға еліктей отырып, өз еліңнің бүгіні мен болашағы туралы ойтолғау жазу. Пəнаралық байланыс: география, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. «Тау ішінде», «Біздің жақта»; 7) «Бейімбет Майлин. «Түйебай» əңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. «Түйебай» əңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Тəрбиелік мəні. Қаламгердің ескіше оқуды сынауы. Əңгімедегі Түйебай образы. Əңгіменің реалистік сипаты, көркемдік ерекшелігі. Əдебиет теориясы: əңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқып, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар əзірлеу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Əуезов. «Жетім» əңгімесі; 8) «Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Əдебиет теориясы: градация. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу, ана тілі / домбыра / күй өнері туралы өзіндік пікірі бар ойтолғау жазу. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка (күй өнері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: І. Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі; 9) «Мұхтар Əуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» роман- эпопеясынан үзінді) (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Абай40 жолы» роман-эпопеясы туралы қысқаша мəлімет. Ұлы ақын Абай мен атақты əнші Біржан сал туралы оқушыларға хабардар ету. Қазақтың екі ұлы өнерпазының кездесуі. Шығармадағы өнер тақырыбы. Өнердің адам өмірінде алатын орны. Оны Абайдың əн тыңдау, əсем сазды иірімдерді терең талғаммен түсініп, қабылдауы арқылы түсіндіру. Жазушы сомдаған образдар жүйесі. Əдебиет теориясы: типтік образ туралы. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау. Пəнаралық байланыс: электрондық оқулық («Бөрліге саяхат» телесабағы), музыка (қазақ сал-серілері, олардың кино өнерінде көрінуі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: І. Жансүгіров. «Əнші» өлеңі; 10) «Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық əңгіме» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. «Автобиографиялық əңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағылымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Əңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Əдебиет теориясы: автобиографиялық шығарма. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікір алмасу, шағын шығарма жазу. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы), театр: деректі фильмдер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танау» əңгімесі, Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі; 11) «Əбу Сəрсенбаев. «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мəлімет. «Туған жер» өлеңінде ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімі. Азаматтық борышы. Өлең мазмұнындағы отаншылдық рух. «Сен құрметте оны, қарағым» өлеңі арқылы ақынның кейінгі ұрпақты соғыс ардагеріне құрмет көрсетуге шақыруы. Өлеңнің тақырыптық, идеялық ерекшелігі, құрылымдық сипаты. Өлеңдегі сөз орындарының ауысу себептері. Өлеңнің тəрбиелік мəні. Əдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікір алмасу, шағын шығарма жазу. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы; 12) «Бауыржан Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы» («Қанмен жазылған кітаптан» үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. Үзіндіде суреттелген соғыс кезіндегі жауынгерлердің табандылығы, батырлығы. Батыр Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі. Үзіндінің деректілік сипаты. Жазушының стилі. Əдебиет теориясы: деректі шығармалар туралы алғашқы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, ерлік, батырлық туралы пікір алмасу. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында), электрондық оқулық («Ерлер есімі – ел есінде»), халық батырының өз даусы жазылған үнтаспа, «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя» повесі (үзінді); 13) «Сансызбай Сарғасқаев. «Тəмпіш қара» повесінен үзінді» (1 сағат). Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі. Повестегі41 Ертай, Шаншатай, Бейсекүл образдары. Шаншатайдың бойындағы батылдық, əдептілік, ұстамдылық, ұйымдастырушылық қасиеттері. Балалардың білімі мен күш-қайратын пайдалы еңбекке бағыттауы. Иманбектің мінезіндегі жағымсыз қасиеттер. Шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымы. Идеясы. Əдебиет теориясы: балалар əдебиеті. Тіл дамыту: түсініп оқу, мазмұндау, əдептілік, ерлік, батырлық туралы пікір алмасу. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сарғасқаев. «Біз төртеу едік» повесі; 14) «Мұзафар Əлімбаев. «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңдері» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы. Ақынның балаларға арналған жырлары. Ақынның «Ана тілім ғажап деп айта аламын» лирикасындағы ана тілінің қадірі мен қасиеті туралы ойлары. «Биіктер» өлеңіндегі бала танымы, адам ойының өсуі, тереңдеуі туралы толғаныстары, оны М.Əлімбаевтың қарапайым тілмен əсерлі баяндауы. Əдебиет теориясы: қара өлең ұйқасы. Тіл дамыту: өлеңді түсініп оқу, жаттау. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазақ тілі туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері; 15) «Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» (хикаяттан үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. Оқиға жəне характер. Шығарманың бас кейіпкері Қожа мінезінің қалыптасуына мектептің, өскен ортасының, отбасының əсері. Қожаның қиялшыл, сезімтал, зейінді бала екендігі. Хикаятта бала табиғатына тəн мінездердің көрінуі. Кейіпкер сана-сезімінің өсіп, өзгеруі, рухани жан дүниесінің баюы. Қаламгердің баяндау тілінің жасөспірім бала психологиясына сай екендігі. Хикаят оқиғасының тартымдылығы, шынайылығы. Шығармадағы юмор. Əдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар бойынша əңгімелеу. Пəнаралық байланыс: кинофильм («Менің атым – Қожа»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Бердібек Соқпақбаев. «Жекпе-жек» хикаяты; 16) «Мұқағали Мақатаев. «Қайырлы түн», «Қара өлең», «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мəлімет. «Қайырлы түн». Ақынның бейбіт өмір мен гуманизмді насихаттауы. Ақын пайдаланған бейнелі сөздер. Өлең тілі. Арнау, оның поэзиядағы рөлі. «Қара өлең». Қазақ поэзиясының негізі жыр жəне қара өлең екендігі. Өлеңдегі мазмұн мен пішін. Ақынның қара өлең үлгісін пайдалана отырып өлеңмен тың ой, айшықты соны сурет сала білуі. «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңіндегі қыс көрінісі. Табиғатты адам кейпінде суреттеу – көріктеудің бір түрі екендігі. Əдебиет теориясы: қара өлең ұйқасы туралы түсінік. Тіл дамыту: мəнерлеп оқу. Пəнаралық байланыс: ақынның өз даусы жазылған үнтаспа. Музыка (М.Мақатаев өлеңдеріне жазылған əндер). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Мақатаев шығармалары (мұғалімнің ұсынуы бойынша); 17)«Шерхан Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді)» (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. Шығармадағы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың балалық шағы. Тағдыр асулары. Бала Тұрардың қиындыққа төзімділігі мен қайсарлығы, алғырлығы мен зеректігі. Жазушының бала образын42 жасаудағы ізденістері. Кейіпкер бейнесін ашып тұрған көркем детальдар, тіл көркемдігі. Жазушының əңгімелеу, баяндау шеберлігі. Əдебиет теориясы: диалог. Тіл дамыту: шағын шығарма жазу. Пəнаралық байланыс: «Асуда атылған оқ» фильмінен жеке көріністер; 18) «Əбділхамит Марқабаев. «Ғарыштағы қымыз» əңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Тəрбиелік мəні. Автордың фантастикалық шығармада қазақтың ұлттық сусыны қымыздың қасиетін сипаттауы. Фантастикалық əңгіменің жанрлық сипаты, образ жасаудағы ерекшеліктері. Əдебиет теориясы: фантастикалық шығармалар туралы ұғым. Тіл дамыту: фантастикалық шығармалардағы кейіпкерлер бейнесін, олардың ерекшеліктерін сипаттау. Пəнаралық байланыс: география, биология. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ə.Марқабаев. «Күнге тағы дақ түсті», М.Гумеров. «Жұмбақ сəуле» фантастикалық əңгімелері; 19) «Сайын Мұратбеков. «Қылау» əңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мəлімет. Əңгімедегі балғын сезімнің алғашқы ұшқындары. Өмір шындығын көркем бейнелеудегі жазушы шеберлігі. Образдар жүйесі. Шығарма тілі. Шығармадағы нəзік лиризм мен жылы юмор. Əдебиет теориясы: кейіпкер туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: кейіпкерлерге мінездеме беру. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Мұратбеков. «Жусан иісі» повесі (үзінді); 20) «Əбіш Кекілбай. «Шыңырау» повесі (үзінді) (3 сағат). Жазушының өмірі жайлы қысқаша мəлімет. Шығармадағы адам өмірінің сыр-сипаты. Қаламгердің табиғат суреттерін бейнелеудегі ізденістері. Көшпелі тұрмыс бейнесінің көркем жинақталуы. Жазушы стиліне тəн адам психологиясының терең қатпарларын ашу əдістері. Диалог пен монолог. Əдебиет теориясы: мінездеу түрлері. Тіл дамыту: кейіпкер іс-əрекетіне қатысты шағын шығарма жазу. Пəнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж. Молдағалиев. «Құдық» өлеңі; 21) «Мұхтар Мағауин. «Бір атаның балалары» (хикаяттың жеке тараулары)» (3 сағат). Жазушының өмірі туралы қысқаша мəлімет. Повестің тақырыбы мен идеясы. Шығармадағы образдар жүйесі. Соғыс қасіретінің ауыл тіршілігіне, адамдар психологиясына əсері. Ұлттық қасиетімен ерекшеленетін Ахмет секілді адамдардың панасыз қалған балаларды ұлтына, тіліне, түріне қарамай, жатсынбай қамқорлыққа алуы. Қазақ халқының кеңпейіл, мейірімді, қонақжай қасиеттері. Əңгіме негізіндегі шындық, тарихи деректілік. Əдебиет теориясы: көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы. Тіл дамыту: повестегі əр кейіпкерге мінездеме беру. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. (М.Қозыбаев. «Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Тазының өлімі» повесі (үзінді); 22) «Дулат Исабеков. «Ата үміті» повесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі туралы қысқаша мəлімет. Повестегі табиғатқа қиянат жасаған Омаш43 қылықтары. Жазушының ондай жат əрекеттерден жас ұрпақты сақтандыратыны. Əңгімедегі ізгілік, адамгершілік мəселелері. Табиғат пен адам арасындағы қатынас. Əдебиет теориясы: əңгіме құрылысы. Композиция. Пəнаралық байланыс: өзін-өзі тану. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мұғалім қалауымен шығармаға үндес басқа көркем əдебиет үлгілері. 24. «Əлем əдебиеті үлгілері» (4 сағат): 1) «Манас жыры». «Манастың балалық шағы» (үзінді) (2 сағат). «Манас жыры» көлемі жағынан аса ауқымды, қырғыз халқының фольклорлық мұрасы, дүниежүзілік мəдениеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Жырдың жеңімпаз Манас бастаған қырғыз батырларының шетел басқыншыларына қарсы жорықтарын сөз етуі. Іштен шыққан жау көзқамандардың (түркілерге күйеуге шыққан қытай əйелдерінен туған балалар) сатқындығы. Өз халқының бақыты мен бірлігі үшін ішкі, тысқы жаулармен аянбай күрескен Манас бейнесі. Манас – халық даналығы, арманы, қиялы туғызған кейіпкер екендігі. Əдебиет теориясы: жыршы туралы ұғым. Тіл дамыту: қазақ батырлар жырының кейіпкерлері мен Манас бейнесін салыстыра суреттеу; аудио/бейне таспадан жыр тыңдау. Пəнаралық байланыс: қаһармандық эпос. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алпамыс батыр» жыры; 2) «Джек Лондон. «Мексика ұлы» əңгімесі» (2 сағат). Жазушы туралы қысқаша мəлімет. Əңгіменің сюжеті мен негізгі кейіпкерлері. Əңгімедегі өмірге деген құштарлықтың берілу сипаты, ерлік пен жігер. Шығарманың тəрбиелік мəні. Əңгімеде көзге ашаң, əлсіз көрінген Ривераға қуат, күш берген өзі сияқты қара нəсілдер намысы, ана үміті екендігі. Ривераның атаққа, ақшаға сатылмаған биік тұлғасы. Ривера мен Денни портреті. Рингтегі айқас суреті. Тіл дамыту: жоспар бойынша əңгімелеу, талқылауға арналған сұрақтар əзірлеу. Пəнаралық байланыс: Қазақстан спорты. 25. Қорытындылау (1 сағат)



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Елімнің табиғаты | Молитва о спасении и крещении Святым Духом
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1442 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

968 - | 947 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.