Лекции.Орг


Поиск:




Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали.




Экстерналия (сыртқы эффект) экономикада нарықтық транзакциялардың үшінші жаққа әсер етуі. Сыртқы эффект (экстерналии) өндірісті өндірушілердің толықтай емес иеленуі барысындағышығындар мен пайдалардың арасындағы айырмашыл пен қалдықтар. Экстерналийдің мынадай түрлері бар:

Оң экстерналий- агенттер үшін пайдалылығы трансакцияға қатыспайтынпайдалардың өсуі. Ал теріс экстерналий үшінші жақтың шығындары немесе пайдаларының төмендеуі. Экстерналии өндіруші мен тұтынушылар арасында да қарастырылады.

Ішкі эффектілерді (интерналии) – шығындар немесе пайданың келісімге келу барысында ескертілмеген сонымен қатар бір жаққа келісімге келу барысында ақпараттың жеткіліксіздігі мен ақпараттың түсініксіздігі.

Экстерналии (сыртқы эффектілер) –индивидуымдардың не фирмалардың әрекеті басқаларға әсері салдарынан,басқа индивидуымдар не фирмалар төлемеу тиіс, не ақыланбайды. Нарықтық түрдің компаниялардың қалайша кемшілігі болса,солайша артықшылық әрекеті.Олар басқа қоғам мүшелеріне әсер етеді.Бұл «сыртқы эффектілер»,оларды экономистер экстерналийлр деп атайды.Ал,сыртқы эффектілерді реттеу мемлекет өз қолына алу керек.

Нарықтық механизмнің шектеулігі жеке тұлғалардыің әлеуметтік-экономикалық құқығымен байланысты, ең алдымен еңбек құқығына.Мемлекеттің бұл салада еңбекпен қамту болып.Ал, мақсаты нарықта еңбек күшін эффектілі реттеу,әлеуметтік реттеу арқылы оларды қолдау,жұмыс орнынан өз ниетімен кетпегендер,жобларды жүзеге асуымен жаңа орындар құру.

 

21Бәсекелестергеқолайсызнарықтықжағдайларынзерттеунәтижелерініңталдауы (Алматы қаласыныңфирмасыныңмысалында)

Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.

Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.

ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.

1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.

Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.

2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.

3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 819 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

741 - | 762 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.