Лекции.Орг


Поиск:




аңқа бұлшық етінің биомеханикалық қасиеті.




Талшықтың параллельді құрылысы бар бұлшық еттер мен қырлы бұлшық еттер дамытатын күштер қатынасы, келесі теңдеумен өрнектеледі:


Мұнда F1 – қырлы бұлшық еттің жиырылу күші; F2 – параллельді құрылысы бар бұлшық еттер; l – тыныштықтағы бұлшық ет ұзындығы; n – жиырылу уақытындағы сол ұзындықтың бөлігі; b – бұлшық еттің орташа қалыңдығы; а – қырлы бұлшық ет пен сіңір аралығындағы бұрыш.

 

Тек аздаған қаңқа бұлшық еттер алғашқы ұзындығынан ғана 70% дейін жиырыла алады, яғни n=0,7. Егер қырлы бұлшық еттің бұрышы 45° тең болса (sina=0,7), яғни күш сіңір бойымен таралып, 0–ге айналады, себебі жиырылған талшық сіңірге перпендикулярлы орналасқан. Әдетте қырлы бұлшық ет a< 30°. Ол параллельді құрылысы бар бұлшық еттен күшті болады, егер 0,9*l>b шарты орындалса.

Абсолютті бұлшық ет күші адамның қаңқа бұлшық етінде 106 Па, ал жазықта - 105 Па. Изометриялық жиырылу кезінде бұлшық ет ұзындығы өзгермейді (теория бойынша мүлдем өзгермейді) және барлық күш қысым дамытуға жұмсалады, яғни статикалық жұмыс жасалады. Мұндай бұлшық ет түрін зерттеу үшін оның ұшын қозу кезінде қалпын, тыным қалпындай қалдырады (сур.3а). Қозу экспоненциалді заң бойынша төмендейді.

Изотоникалық жиырылуда (сур.3 Б) бұлшық ет тұрақты сыртқы қысым күшінен қысқарады. Жылдам бұлшық ет қысқаруы босаңсуымен ауысады.

Қысым арасында (Р) және бұлшық еттің қысқару жылдамдығы (n) изотоникалық жиырылуда Хилл тәуелділік- теңдеуі орнатылады:


Мұнда а, b және Ро – тұрақты шамалар (сур.3 в). а*n көбейтіндісі бір бірлік уақытындағы жылу өнімін көрсетеді (жылулық қуаты), Р*n-пайдалы қуатты өрнектейді. Теңдеудің сол бөлігі изотоникалық бұлшық ет жиырылудың толық қуатын сипаттайды. Ро максимальді күш, изотоникалық тәртіптегі бұлшық ет. Қаңқа бұлшық еттерінің екі жиырылу түрін ажыратады: бір ретті және тетаникалық.. Алғашқысы (сур.4) бір ретті тітіркендіргішке жауап кезінде пайда болады. Мұнда айқын 2 кезең анықталады: 1)кернеу (қысқару) және босаңсу (ұзару). Бұлшық ет талшығының жедел және бпяу түрін снымен қатар жылдамдыққа байланысты-жылдам және баяу бұлшық еттер болып бөлінеді. бұлшық еттердің ішінде жылдам болып-көз алмасының қимылдатқыш бұлшықтары болып саналады, себебі олардың бір текті жиырылудың кернеу кезеңі 7-10 мс құрайды. Ең баяу қозғалатын бұлшық ет камбала тәрізді бұлшық еттердің қысқаруы 50-100 мс созылады. Баяу жиырылуда 10 Гц-тен төмен, ал жылдам жиілік 50 Гц-ке жетеді.

Тетаникалық жиырылуда белгілі ырғақтық тітіркенуге анықталған жиілікте жауап қайтаруда болатын жиырылуды айтады. Бұлшық ет бір ретті жиырылумен салыстырғанда 2-4 есе күштірек жиырылады.

Тітіркендіргіш жиілігінің жоғарылауына қарай алдымен тісшелі тетанус дамиды, тітіркендіргіш арасындағы қашықтық бұлшық еттің қысқару кезеңінен төмен болса, жазық тетанус дамиды (сур.4).

Келесі тітіркендіргіш әсері қозу әрекетіне сәйкес келсе олардың қосындысының әсері едәуір күшті болады. Тетанустық тәртіпте қозғалған бұлшық ет тез шаршауға әкеледі, бұл ең алдымен жиырылу күшінің төмендеуімен және босаңсу кезеңінің ұзаруымен, содан соң жиырылу қызметінің тоқталуымен сипатталады.Батырма (рычаг) деп айналу осі бар қатты денені атайды. Олардың екі түрін ажыратады: бірінші ретті батырмада күш бір бағытқа бағытталған және тірек нүктесі (айналу осі) күш салынған нүктелер арасында орналасады. Мысал ретінде бас қаңқасы мен бірінші жұлын арасындағы байланысты келтіруге болады (сур.5а). Мұндай батырманың тепе-теңдік шарты болып күштердің теңдігі болып саналады:


Р-бастың ауырлық күші; b-Р-ң иық күші; F-бұлшық ет пен байламдардың шүйде сүйегіне керілу күші;а- F-ң иық күші.

Екінші ретті батырмада күш кері бағытқа бағытталған, ал айналу осі қосынды күш нүктесінің бойында орналасқан (сур.5 б, в).

Буындар қозғалысын қарастырғанда айналатын дененің кинетикалық энергиясын (W) келесі формула бойынша есептейді:


мұндағы: I –айналу өсіне қатысты дене салмағының инерция моменті; w - оның бұрыштық жылдамдығы. I=S(mr2) I-жоғары болған сайын, айналмалы қозғалысқа келтіретін қозғалыстың кинетикалық күші де жоғары болуы тиіс.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1177 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

883 - | 790 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.