Лекции.Орг


Поиск:




Арттардың құқықтары




Балалар құқықтары

Қазақстанда балалар құқығына көзқарас сонау кеңестік кезеңдегі олардың азаматтық құқықтарын ескермей балалардың әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, шынайы мұқтаждықтарды айқындау, өз пікірін құрметтеу тұжырымдамасына негізделеді. Алайда, бүгінде, елде адам құқықтарына көзқарас өзгерді, жалпы балалар құқықтарын қамтамасыз ету саясатына өзгерістер енгізу қажет.
1. Халықаралық құқық қорғау стандарттарын имплементациялау және бала құқығын қорғайтын маңызды халықаралық шарттарға қосылу мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы, оған Факультативті хаттаманы, Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және оларды жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы ХЕҰ №182 конвенциясы сынды қағидатты, еліміз ратификациялаған құжатты іске асыру арнайы ұлттық жоспарлау құжаттарын қабылдамай жүргізілуі мүмкін емес. Осыған байланысты, Қазақстанға Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитеті 2003 жылы ұсынған, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын іске асыру бойынша іс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзірлеу және мұндай іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы бірінші елдік есепті қорғау кезінде өтініш берілген ниетті осылайша іске асыру қажет. Конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзірлеу мынадай бірқатар маңызды іс-шараларды қабылдау қажеттігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді: бала құқықтарын қорғауды бақылайтын мемлекеттік органды құру, конвенция нормаларын сақтау мониторингі жүйесін жасау, индикаторлар әзірлеу, барлық балалардың жағдайының және барлық тіршілік әрекеті саласындағы жағдайы туралы жүйелі деректер жинау.
2. Балалардың денсаулыққа құқықтарын қамтамасыз ету тұжырымдамасын өзгерту қажет. Медициналық қамтамасыз ету олардағы қаржыны бөлу арқылы емес, денсаулық сақтау стандарттарын ескере отырып жасалуға тиіс. Медициналық қамтамасыз етудің “жалпыға ортақ” қағидаты іске асырылуға тиіс. Барлық балаларды, әсіресе барынша қауқарсыз топтардағы: босқын-балаларды, ауылдық жердегі, сондай-ақ шалғай және халқы аз облыстардағы балаларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету, балаларды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдігін іске асыруға және медициналық көмектің тегін кепілдік берілген көлемі және дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету туралы заңнаманы қолдану барысында бақылаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге ықпал ету қажет.
3. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы мәселелеріне қатысты да құқық қорғау көзқарасы енгізілуге тиіс. КУОБОО жүйесіне шұғыл реформалау жүргізу қажет, Қазақстанның келесі жылы ұсынуы жоспарланып отырған Бала құқықтары туралы конвенция бойынша кезеңдік есебі Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің бұдан бұрынғы ұсынымдарының қалай орындалғаны туралы ақпаратты қамтуға тиіс. Қазақстанға 2003 жылы берілген Ұсынымдарға сәйкес КУОБОО ерекше қамқоршы объект ретінде аталды, КУОБОО жүйесін реформалау қажеттігі атап көрсетілді. Алайда, КУОБОО-ға қатысты барлық соңғы реформалар жүргізілген кезде осы Ұсынымдар бұзылған болатын.
4. Интернат мекемелер желісін дамыту мәселелерінде тәрбиенің табиғи ортасының пайдасына таңдау жасау қажет. Еліміздегі патронаттық тәрбие жүйесі дамыған отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары тиімділігін және қажеттілігін дәлелдеді. Бүгінде балалардың отбасында өсуге және тұруға құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасай отырып, осы оң практиканы тарату ғана қажет. Балаларды интернат мекемелерінде орналастыру қысқа мерзімге ғана пайдаланылатын ерекше, шарасыз жағдай ғана болуға тиіс.
5. Кәмелетке толмағандарды ерекше жағдайларда ғана қамауда ұстау қағидатын заңды түрде бекіту қажет. Халықаралық стандарттар, атап айтсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 17 желтоқсандағы № 45/113 қарарымен мақұлданған Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты ереже кәмелетке толмағандарды сотқа дейін қамауда ұстау шарасын ерекше жағдайларда ғана қолдануды ұсынады. Осы қағидат кәмелетке толмағандарды СТИ-да, КУОБОО-да, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылатын өзге де мекемелерде ұстау жүйесін реформалау процесінде анықтаушы болуға тиіс. Баланың бостандығына қол сұғылмаушылық қағидатын балалармен жұмыс істейтін барлық қызметтер қамтамасыз етуге тиіс.
6. Қазақстанда балалар құқықтарын қорғаудың маңыздылығы мен басымдылығы жүйелі, тұрақты, инновациялық әдістер мен нысандарға бағытталған ағартушылық қызметті жүзеге асыру қажеттігін анықтайды. Азаматтық қоғам ресурстары бұл мәселені шеше алмайды. Балалар құқықтары бойынша ағарту саласындағы оң бағытты мемлекеттік саясат қажет. Бұрынғы тарихи кезеңдегі де, қазіргі кезеңдегі де балалар туралы қамқорлық Қазақстанның елдік ерекшелігі болып табылады және де біз балаларға қатысты құқық қорғау пікірін қалыптастыру мақсатында халықпен ағарту жұмыстарын дамыту үшін барлық күшімізді салуға тиіспіз. Осы мақсаттарда БАҚ, қоғамдық, діни, саяси, жастар ұйымдарының, жоғарғы оқу орындарының, орта мектептердің, ғылыми орталардың ресурстарын пайдаланған жөн. Бала құқықтарын қорғау қоғамдық-саяси өмірге әрбір қатысушының міндеті болуға тиіс.

Йелдер құқықтары

Қалыптасқан дәстүрге байланысты әйелдердің үй шаруашылығымен айналысу және бала тәрбиелеу қажеттігіне байланысты жұмыста оларға деген сұраныс аз, олардың кәсіби әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды. Мұндай жағдайды болдырмау үшін әйелдердің шешім қабылдаудағы мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Ерлер мен әйелдердің саяси және экономикалық басшылыққа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде күш-жігерді жалғастырған жөн.
Әйелдердің ауылдағы жағдайын жақсартуға күш жұмсау қажет. Ауылдық жерлердегі кедейшілікті азайту жөніндегі бағдарлама шеңберінде ауыл әйелдерінің жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. Бұл жеке құндылықтар мен мүдделерді іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Ауыл әйелдерінің экономикалық жағдайы, сондай-ақ жезөкшелік, оған ауыл әйелдерінің қатысуы, елде трафиктің даму деңгейі бойынша ахуалды бағалау жөнінде ұлттық зерттеулер жүргізген орынды.
Көптеген елдерде жезөкшелікке қарсы күрес жүргізу проблеманы шешуге ғана емес, оның алдын алуға бағытталған, жыныстық қызметті пайдаланатын ерлерді талқылау бойынша ұлттық ақпараттық компаниялар ашылған, мектептерде трафик, жезөкшелік сынды құбылыстардың алдын алатын әлеуметтік роликтер мен фильмдер көрсетіледі. Қазақстанда мұндай құбылыстардың алдын алумен көбіне тек үкіметтік емес ұйымдар айналысады, олардың жұмысы жүйелендірілмеген, олар елдің барлық өңірін қамтуға арналған қажетті ресурстарға ие емес.
Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласындағы білім деңгейін, әйелдердің өз құқықтары мен оларды қорғау мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылуын арттыру қажет. Сондай-ақ әйелдерді лидерлік технологияларға, өз мүмкіндіктерін қорғауға оқытуды жүзеге асырған орынды.
Біз алған өтініштердің басты проблемасы алимент төлеуді қамтамасыз ету болып табылады. Алимент алмайтын жалғыз басты ана оның құқықтары мен бала құқықтар кешені түгел бұзылатын жағдайда болады: қалыпты тіршілік ету деңгейіне құқығы, ерекше қамқорлық пен көмекке құқығы, білім алу құқығы. Толық емес отбасында ата-анасының функциясын орындауға мәжбүр әйел екі есе жүктеме алады, ерлер сияқты әйел де некені бұзу кезінде бірдей міндеттер алуға тиіс. Көбіне әйелдердің талабы шетелде тұратын бұрынғы жұбайларына қатысты болады: біз мұндай мәселелер бойынша өтініштерді Ресей Федерациясының омбудсмендерінен аламыз. Шетелде қалдырған отбасының алдындағы жауаптылық мәселесі отандық заңнамада реттелмеген. Сот әкімшілігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар алимент төлеу туралы сот шешімдерінің орындалуына оның шешілуіне әдеттегі рәсімдік талаптарды қолдана отырып, қатардағы мәселе ретінде қарайды. Өйткені, алименттер төлеу шұғыл назар аударуды, қаржыны өндіріп алудың барлық мүмкін тәсілдерін пайдалануды талап ететін мәселе.
Жалпы, әйелдердің қоғамның барлық салаларындағы рөлін арттыру жөніндегі, атап айтқанда, тең мүмкіндіктер бойынша омбудсмен институтын жасау жөнінде заңнаманы жетілдіру және институционалдық тетіктер жасау жұмыстарын күшейткен жөн.

арттардың құқықтары

Қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттің қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мәселесі үнемі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің назарында. Зейнетақы төлемдері жыл сайын көтеріледі, соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінің ең төменгі өсуі тұтынушылық баға индексі өсуінің алдын алды. Алайда, зейнетақымен қамсыздандырудың кейбір кемшіліктері де сақталып отыр. Бұдан бұрын айтылып өткеніндей, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келіп түскен өтініштерді талдаудан зейнеткерлікке 1995 жылғы 1 қаңтарға дейін шыққан адамдарға зейнетақы тағайындау кезінде зейнетақы адамның нақты алған жалақысынан емес, жалақының орта есебінен есептелгені мәлім болды. Мұндай тәсілді өзгертіп, адамдардың көрсетілген санаттарының зейнетақы төлемдерінің мөлшерін нақты жалақыны негізге ала отырып қайта есептеу қажет деп санаймыз.
Уәкіл өңірлерде болған кезде үнемі мемлекеттік органдардың назарын қарт адамдардың интернат үйлерінде тұру жағдайларын жақсарту қажеттігіне аударады. Қарттар туралы қамқорлықтың бүгінгі жүйесінің негізгі кемшілігі қарттар мен мүгедектер бір интернат үйлерінде тұруды жалғастыруы деп білеміз.
Қарт адамдардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар санының аз болуына байланысты мұндай қоғамдық ұйымдарды үнемі қолдап, бүгінде үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының назарынан тыс қалып отырған интернат үйлеріндегі қарттардың құқықтары мониторингі бойынша жұмыс істеуге жұмылдыру қажет. Қоғамдық ұйымдардың волонтерлік күші мен жұмысы дәл осы салада мемлекетте қажет, бұл жерде мемлекет үкіметтік емес секторға бірқатар функцияларды жүктей алады. Көптеген елдерде қоғамдық қозғалыстардың жемісті серіктестік көмегі қарттарға қамқорлық саласында орын алды.
Сондай-ақ қарттармен жұмыс істеуге халықаралық ұйымдардың техникалық және сараптамалық мүмкіндіктерін тартқан жөн. Бүгінде Қазақстанда жұмыс істейтін бірде бір халықаралық қор қарттардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс жасамайды, қорлардың бірқатар басқа құқық қорғау проблемаларын шешу кезіндегі жұмысы қайталанады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 441 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

784 - | 786 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.