Лекции.Орг


Поиск:




Сынаманы іріктеу әдісі




1 Нүктелік сынама картоп үйіндісінің биіктігі бойынша әр түрлі (жоғағы, ортаңғы және төменгі) қабатынан, ені және ұзындығы бойынша бірдей қашықтықтарынан іріктеледі. Үйіндінің әр қабатынан бірдей мөлшердегі сынамалар іріктеледі.

2 Нүктелік сынаманы іріктеу түйнектерге механикалық зақым келтірмес үшін ағаш күректермен немесе ағаш қалақтармен өткізіледі. Топырақ және қоспаның болуын анықтау әдісі

Әдістің маңыздылығы бос топырақ мен қоспаларды: түйнектерге жабысып қалған топырақты; картопты ыдысқа тиегеннен кейінгі транспорт құралында немесе қоймада қалған топырақ пен қоспаларды (олар партияның жалпы массасына енген жағдайда) анықтау болып табылады.

Бос топырақ пен қоспаларды анықтау

Қосылған сынамаларды өлшеп, түйнектерді таза жерге немесе брезентке қояды. ал қалған бос топырақ пен қоспаларды жинап, бөлек өлшенеді.

Сынаманың қосылған массасынан пайызбен есептеліп алынған, бос топырақ пен қоспаның болуы, анықтау нәтижесі болып табылады.

Түйнектерге жабысып қалған топырақты анықтау

Түйнектерге жабысып қалған топырақты анықтау үшін бос топырағы мен қоспалары бөлінген әр түрлі жерлерден 5 кг картоптан кем болмайтындай етіп сынамалар іріктеледі. Іріктелген және өлшенген 5 кг картопты су құйылған үлкен ыдысқа салады (түйнектен топырақты қолмен алып тастауға рұқсат етіледі). Таза түйнектер тор табаға 2-3 минутқа қойылады, суы сырқылған соң түйнектер өлшенеді.

Талдауға алынған топырағы бар түйнектердің массасынан таза түйнектердің массасын алынып, түйнектерге жабысқан топырақ массасы есептеп шығарылады. Түйнектер көлемін анықтау әдісі

Барлық біріккен сынамадағы жуылған немесе топырақ пен қоспалардан қолмен тазаланған түйнектерді салмағын өлшеп, тексеріп, шамасына сәйкес көлденең диаметрін өлшеп, мынадай жіктерге сорттайды:

- өлшемдері картопқа стандартпен белгіленген нормаларға сәйкес картоп түйнектері;

- стандарттық нормаларға сәйкес рұқсат етілетін картоп түйнектері;

- белгіленген стандарттық нормаларға сәйкес емес және рұқсат етілмейтін картоп түйнектері.

Әр жіктегі картоптарды жеке өлшеп, оларды талданған сынаманың массасынан пайызбен есептеп алынады.

Аурулармен, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен, механикалық зақымдалған, жеңіл бүртпелері бар және солған, көгерген, өсінділері мен өскіндері бар түйнектердің сыртқы көріністерін анықтау әдістері

1 Өлшемдері бойынша белгіленген стандарттық нормаға сәйкес және стандарттық нормаға рұқсат етілетін картоп түйнектері былай ажыратылады.

- еш зақымдалмаған және ауырмаған картоп түйнектері;

- зақымдалған және ауырған картоп түйнектерін түрлеріне қарай жеке түрде қаралады.

2 Аурулармен, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен, механикалық зақымдалған, жеңіл бүртпелері бар және солған, көгерген, өсінділері мен өскіндері бар түйнектердің сыртқы көріністерін түйнектің сыртын тексеру арқылы, ал аурудың жасырын түрлерімен ауырған (фитофтороз, темірлі шұбар) картоп түйнектерін кесу арқылы анықтайды.

3 Картоп түйнектеріндегі нысанындағы жасырын ауруларды (фитофтороз, темірлі шұбар) анықтау үшін біріккен сынамадан 50 түйнек алынып, олардың іші, яғни жұмсақтары тексеріледі. Көрсетілген аурулардан біреуі табылған жағдайда біріккен сынаманың 10 пайызы қосымша кесіліп, тексеріледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 875 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

1490 - | 1293 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.