Лекции.Орг


Поиск:




Картоп түйнектерінің аурулары




Түйнекті жемістердің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы

1 Ілеспе құжаттарды тіркеу.

2 Органолептикалық зерттеу.

3 Құрамындағы нитраттарды анықтау.

4 Зерттеулер нәтижесі және сараптама актін беру журналына тіркеу.

Картоп іске асырылу мерзіміне қарамастан ерте (1 қыркүйекке дейін іске асырылатын ағымдағы жылдың өнімі) және кеш (1 қыркүйектен бастап іске асырылатын) болып екіге бөлінеді.

Ерте және кеш картопты сапасына қарамастан, бірінші және екінші етіп екі тауарлық сортқа бөледі.

Картоп 4 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес келуі керек.

 

4 кесте – Картоптың сипаттамасы және нормасы

 

Көрсеткіш атауы Картоптың сипаттамасы және нормасы
ерте кеш
Тауарлық сорты
бірінші екінші бірінші екінші
Сыртқы көрінісі Түйнектері тұтас, таза, сау, құрғақ, өсіп кетпеген, солмаған
Пішініне және түсіне қарай біртектес Пішініне және түсіне қарай біртектес немесе әртектес Пішініне және түсіне қарай біртектес Пішініне және түсіне қарай біртектес немесе әртектес
Иісі және дәмі Аталған сортына тән, бөгде иіссіз және дәмсіз
Түйнектің аса үлкен көлденең диаметрі мм-мен, аспауы керек:        
Майда түйнектердің болуы, пайызбен: Рұқсат етілмейді 5,0 Рұқсат етілмейді 5,0
Түйнекте ауданы 2 шаршы см-ден асатын, бірақ түйнектің 1/4 бөлігінен аспайтын көгерген өскіндер мен өсінділердің болуы Рұқсат етілмейді 2,0 Рұқсат етілмейді 2,0
Түйнектің 1/4 бөлігінен аса көгеруі Рұқсат етілмейді
Түйнектің жеңіл бүртпелері болып, солуы, пайызбен, аспауы керек: өткен жыл өнімінің картобын іске асыруда; ағымдағы жыл өнімінің картобын іске асыруда     Рұқсат етілмейді         5,0
  Рұқсат етілмейді
Түйнектің 5 мм тереңдіктен және 10 мм ұзындықтан аспайтын механикалық зақымдалуы (кесілу, қиылу, жарылу, езілу), пайызбен, аспауы керек: 2,0 5,0 2,0 5,0
Езілген, жарты және бөлек түйнектер Рұқсат етілмейді
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен зақымдалған түйнектер, пайызбен, аспауы керек: кеміргіштердің бірден көп жолдарының болуы   Рұқсат етілмейді     2,0       Рұқсат етілмейді         2,0    
    Рұқсат етілмейді
Аурумен зақымдалған түйнектер, пайызбен, аспауы керек:   Рұқсат етілмейді
Үскен және «буынған» белгілері бар буланған түйнектер   Рұқсат етілмейді
Түйнектерге жабысып қалған топырақтың болуы, пайызбен, аспауы керек: Рұқсат етілмейді 1,0 Рұқсат етілмейді 1,0

 

Картоп түйнектерінің аурулары

1 Фитофтора - паразиттік саңырауқұлақпен келеді. Түйнекті кескенде шетінен ортаға қарай беттеген сұрғылт немесе қоңыр дақтар кездеседі. соң зақымдалған түйнектерде құрғақ немесе ылғал шіріктер пайда болады.

2 Фузариоз (құрғақ шірік) - түйнектерді сақтау кезінде оларды зақымдайды. түйнектің сыртында қабығы бүдірленіп, қоңыр терең дақ пайда болады. Түйнек мұндай жағдайда бүршіктеніп, көлемі кішірейеді, кескен кезде (крахмал бидайларымен арасқан) құрғақ сары - ақ жолақтар пайда болады. Картопты ылғал жерде сақтау барысында зақымдалған түйнектер ылғал шірікке айналады.

3 Парша - түйнекті топырақта зақымдайды. Әуелі түйнектің қабығында ақшыл, кейін келе қараятын жуан дақтар пайда болып, жарылып, қоңыр лас түске айналады. Кейін бұл дақтардың орнында жаралар пайда болады. қатты зақымдалған түйнектер кейін суланып кетеді.

4 Қара парша (резоктониоз) - сабақтар мен түйнектерді зақымдайды. Түйнекте оңай алынатын қара сүйелдер - паразит шелдері пайда болады. Кейін олар түйнектің жұмсағына еніп, ішін шірітеді.

5 Қара кішкентай аяқ - әуелі картоптың сабағы мен жапырағын, соң түйнегін зақымдайды. Ауру түйнектерді сақтау барысында күшейе түседі. Оларды тексерген кезде қоңыр және қара дақтар байқалады. Мұндай дақтар түйнектің сыртында байқала қоймайда, ал оның ішінің көп бөлігі шіріп кетеді.

6 Шығыршықты шірік - түйнектің тамырлы шығыршығын зақымдайды. Ауру түйнекті кесу барысында байқалады. әуелі түйнекте сарғыш бос жерлері пайда болып, соң олар қоңыр немесе қара түсті шығыршыққа айналады. Бұл ауру картопты ылғал жерде сақтағанда байқалады.

7 Түймелі ауру - зақымдалған түйнектерде сығылған бүртпеш тәрізді қоңыр дақтар байқалып, дақтарда майда қара нүктелер - пикнидтер пайда болады. Осы дақ арқылы түйнектің ішіне күйе мен бактериялар еніп, оны шірітеді.

8 Рак - түйнектің көзшелеріне жақын жерде үлкендігі орман жаңғағындай өсімшелер өседі. Олар әуелде ақшыл болып, соң қараяды, кейін олардың орнында қалған түйнектің қабаты бұзылып, жұқпалы микроорганизмдерге айналады.

Абылдау ережелері

Картопты партиямен қабылдайды. Партия деп бір транспорт құралымен келіп түскен және төмендегі мәліметтерді көрсету арқылы оның сапасын куәлайтын белгілі нысандағы бір құжатпен ресімделген, картоптың кез келген бір ботаникалық сорты немесе сорттығы, бір түрдегі ыдыспен қапталған немесе қапталмаған бір тауарлық сорты есептеледі:

- құжаттың нөмірі және оның берілген күні;

- жіберушінің атауы мен мекенжайы;

- өнімнің атауы және тауардың сорты;

- көрсеткіштер бойынша сапасын анықтау нәтижелері;

- қапталған бірліктер саны;

- салынған, қапталған және тиелген күні;

- транспорт құралының нөмірі;

- улы химикаттармен өңделген күні және олардың атауы.

Картоптың сапасын анықтау үшін оның қапталмаған бөлігінен нүктелік сынамалар іріктеледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1076 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

999 - | 820 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.