«Дүниетану» пәні. Бастауыш сынып. 1-сынып | ||
8--бөлім: Дені саудың – жаны сау | ||
Осыған дейін меңгерілген білім | ||
Алдыңғы бөлімдерде оқушылар «Дүниетану» бағдарламасындағы бірқатар аспектілермен танысты. Оқушылардың осы бөлімде қамтылған ақпарат туралы белгілі білімдері бар. | ||
Мазмұны | ||
Бұл бөлім оқушылардың білімі мен түсінігін кеңейтіп тереңдетеді, себебі денсаулық және қауіпсіздікпен байланысты салалар олардың өмірі үшін маңызды. Бөлімнің мақсаты – оқушылардың қауіпсіз және салауатты өмірі туралы түсініктерін дамыту, өздерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылар 2, 4, 5-бөлімдерінде алған ақпараттарын толықтырады. Салауатты өмір салты мен әл-ауқат туралы ақпаратқа бай қазақ тіліндегі әдебиет осы бөлім үшін ауқымды контексті қамтамасыз етеді. | ||
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген. | ||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты лексика мен терминология | Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер |
Оқушылар: Денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты әлеуметтік және жеке мәселелерді анықтай алады | Келесі: · стоматолог; · тамақтану рационы; · дәрігер; · денсаулық және қауіпсіздік; · денсаулық мәселелері мен проблемалары; · гигиена; · жеке жауапкершілік, өзін-өзі күту; · басқаларға күтім. | Талқылауға арналған сұрақтар: · Біздер өткен сабақта нені білдік? · Дене мүшелерін атай аласыз ба? · Денің сау болуына не әсер етеді? Дене сымбаттылығын қалай сақтайсыз? |
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз. | ||
Қысқаша шолу | ||
Бұл бөлімде оқушылар денсаулық және жеке бас қауіпсіздігі туралы түсінеді. Жеке бас денсаулығы және оны сақтау жолдарын байланыстыра алады. Сонымен қатар қоршаған ортадағы қауіп түрлерімен таныстырып, олардан сақтану жолдары беріледі. Бұл бөлім «Өзін өзі тану» және тіл сабақтарымен байланысты. |
Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері | Мұғалімге арналған ескертпелер | Оқыту ресурстары |
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік | 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру | Денің сау болсын десең (Ұ) Оқушыларға өткен сабақта тамақ пен сусын туралы не білгенін еске түсіріңіз. Оқушыларға ауру, әлсіз күшік суретін көрсетіңіз. Оқушылардан күшік сауығып кеткеніне көз жеткізу үшін не істеу керектігін сұраңыз. Сұрақтарды таңдап, орларды талқылаңыз және жұлдыз немесе концепт-карта түрінде диаграмма құрып тақтаға орналастырыңыз. Оқушыларға ауру күшікке ұқсамау үшін не істеу керектігі туралы білетін болатындықтарын айтыңыз. (Ұ) Суретті талқылағаннан және денсаулықты сақтауға әсер ететін факторларды анықтағаннан кейін сыныпқа «Кім миллион алады?» ойынын «Қалай дені сау болуға болады?» тақырыбында ойын өткізуді бастайтыныңызды айтыңыз. (Ұ)Ойынды және оның ережелерін түсіндіріңіз. Оқушылар жұптасып ойнайды. (Ж) Әр жұп сұраққа өз жауабын таңдайды. Олар жауап парақтарын толтырады, дұрыс жауапты белгілейді. Әр раундтан кейін талқылауды бастаңыз, содан кейін келесісіне өтіңіз. Осылай ойын аяқталғанға дейін немесе сабақ соңына дейін талқылауға уақыт қалғанға дейін жалғастырыңыз. (Ұ) Сау болып қалу үшін не істеу керектігі тақырыбы бойынша сыныпта оқушылар жауаптарын талқылаңыз. Оқушылар жұптасып ұсынылып отырған сауалдарды өзара талдап, бір-бірлеріне түсіндіреді. (Т) Олардың қаншалықты дұрыс ұғынғандарын білу мақсатында сыныпта «қолды дұрыс жуу» дағдысының қалыптасуы үшін тренингісін өткізіңіз. Ол үшін әрбір топқа «қолды дұрыс жуу ережесін» құрастыру тапсырмасын беріңіз. | Осы тапсырманың басты идеясы викторинаны оқушыларды қызықты, интерактивті, ойды дамытатын ойынға тарту үшін пайдалану болып табылады. Викторина сұрақтары арқылы мұғалім оқушыларды салауатты тамақтану және дұрыс диета, жеке бас гигиенасы туралы таныстырып, алдыңғы бөліммен байланысты қамтамасыз етеді. Бұл әдіс өте жақсы. Ойын оқушыларға ұнайды, ол оқуға ынталандыратын көп ақпарат санын беруге көмектеседі. Ауру күшік суреті арқылы сау және әл-ауқат идеясымен таныстырып мұғалім оқушыларға «Қалай дені сау болуға болады?» тақырыбына қатысты өз идеяларын табуға көмектеседі. | Өте науқас және әлсіз күшік суреті. «Кім миллион алады?» ойынында пайдаланған сұрақтар сыныпқа арналған викторинаның негізі бола алады. Олар оқушыларға сау болып қалуды түсінуге көмектесетін элементтерді қамтуы керек. Сондай-ақ, олар қазақ тағамдары мен сусынына бейімделуі керек. Қазақстандықтар сау болуына көмектесетін факторлар тізімі. Оқушылардың әр жұбына жауап толтыруға арналған парақ |
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік | 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру | Тазалық денсаулық кепілі (Ұ) «Гигиена» ұғымы туралы қысқаша қайталатыңыз. Жеке бас тазалығы дененің сымбатты болуына ықпал ете ме? Қандай жеке бас гигиенасын сақтауға арналған құралдарды білетінін атауын өтініңіз. Сынып оқушылары дене мүшелерін қалай таза сақтауға болатыны туралы өз тәжірибесімен бөліседі. (Т) Оқушылармен тазалық сақтау туралы өлеңдерді топта бірге оқиды және қимыл арқылы көрсетеді. Тіс күтімі, дене тазалығын сақтау туралы өлең жолдарын оқып, оларды таза сақтаудың маңыздылығы туралы ойларын топта бөліседі. (Т) Топта оқушылар қол жуу, тіс тазалау т.б. нұсқаулығы және оған сәйкес суретті табуы, постерге жабыстыру тапсырмасын орындау керек. (Ө, Ж) Қол жуу немесе тіс тазалауды практикада орындауды тапсырыңыз. Тамақтану режимі (Ұ) Өткен сабаққа қысқаша шолу жасаңыз. Суретті көрсетіп, тамақтану режимінің орындалу ретін балаларға көрсетіңіз. Оқушылар өздері тауып, өз ойларынша әңгімелеп айтып берулері тиіс. Мысалы: таңғы аста ішілетін тағамның орны ауысып кеткен болса оқушылар анықтау қажет. Біздің салауатты тағамдарға нелер жататынын болжам жасасын, Өз ойларын түрлі дереккөздерден мағлұмат алып негіздеуге қолдау көрсетіңіз. (Т) Оқушыларды шағын топтарға топтастырыңыз. «Дүкен» ойынын ұйымдастырыңыз. Әр топқа түрлі азық түлік түрлерін таратып беріңіз. Мысалы. шырын, чипсы, роллтон, сүт өнімдері мен нан өнімдері т.б. қаттамадағы азық түрлері. Әр топ азық түліктердің сыртқы мұқабасынан ақпаратты тауып оқиды. Дүкеннен азық түлік сатып аларда неге назар аудару қажеттігін талқылаңыздар. Азық түлік түрлерімен танысу үшін уақыт беріңіз. Әр топ азық түліктерді таныстырады. Ағзаға пайдасы мен зиянын болжайды. Азық түліктер бойынша постер жасауына уақыт болған жағдайда, топтық жұмысты жалғастыруға болады.Топқа ұнаған азық түлікке жарнама ойластыру. (Т) Әр топ өз азық түліктерін таныстырады. Топ мүшелері барлығы азық түлікті жарнамалайды. (Ұ) Сынып оқушылары арнайы стикерлерді қолданып ұнатқан азық түлігіне таңдау жасайды. Таңдауының себебін түсіндіреді. Нәтижесі бағанды диаграмма түрінде беріледі. | Оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді түрде қатыстырады, бұл жолы өлең айту және тиісті қимылмен көрсету арқылы. Егер оқушылар жаза алса, бұны жазба жұмысы ретінде өткізуге болады. Оқушыларға алдын ала қажетті тіс щеткасын, тіс пастасын алып келуді тапсырыңыз. Сыныпқа қол жуу үшін бірнеше флакон сусабын дайындаңыз. Практикалық жұмысты орындауы үшін арнайы шағын ыдыстар, бір рет пайдалануға арналған стакандар. Судың оқушыларға қолжетімді болуын жоспарлаңыз. Оқушылар бір-біріне қол жуу барысында су құбыр көзі болмаған жағдайда, жұпта кезекпен қолға су құйып көмектеседі. Халқымыздың қолға су құю мәдениеті туралы ой салуға болады. | Сөздер жинағы – тақта мен қағазда дене бөліктері, дене бөліктерімен карточка суреттер: қол, құлақ, көз, бет, саусақ, аяқ, алақан, тізе, табан, ауыз, мұрын, тістер. Бұл сөздер қорабы үшін негіз бола алады (сөздік). Тақтада 12 торлы квадрат, онда дене бөліктерінің суреті/фотосы орналастырылған, оқушылар сөзді табады және тиісті суретпен қатар орналастыратын болады. Дұрыс тамақтану ережесі. Салауатты өмір салты туралы мәліметтер. Интернет ресурстар. |
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік | 1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру 1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау 1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндір | Үйдегі қауіпсіздік ережелері (Ұ)Алдыңғы екі сабақты еске түсіріңіз – сыныптан «Денсаулығы мықты болу» деген сөз нені білдіретінін сұраңыз. Олармен дене жаттығуларының қажеттілігін, ұйықтау үшін жеткілікті уақыт, жеке бас гигиенасы, бос уақытты дұрыс пайдалана білуді талқылаңыз. Сау болу үшін сақтық жасау керектігі туралы сұраңыз. (Т)Оқушыларды топқа бөлінуді және күнделікті өмірде - үйде және мектепте қандай қауіпке ұрынуға болатынын болжауды сұраңыз. (Ұ)Олар жауапты бола алатын әрекетті қарастыруды сұраңыз, үй мен мектепте қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын атап кетіңіз және сыныптың ұжымдық жауапкершілікті қалай бөлісетіні туралы айтыңыз. Жауаптарды жинаңыз және оларды мынадай топтарға бөліңіз: 1. Айналамызда – қоршаған ортадағы қауіп. 2. Үйде – үй ішіндегі қауіп. Үйде сақ бол! (Ұ)Сұрақ-жауап арқылы үйдегі қауіпсіздік түсінігі таныстырылады. Басты сұрақтан бастаңыз: - Сіздің үйде/пәтерде немесе басқа адамдармен болған қауіпті оқиғалар туралы айта аласыз ба? Жауаптарды параққа жазыңыз, жұмыс кезінде туындайтын кез келген сұрақты талқылаңыз. Жауаптарын оқушылар үйде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқа адамдармен болған кезде қажетті іс-әрекеттірді баяндайды. (Ж)Оқушыларды жұпқа бөліңіз, онда олар сәйкестікке жаттығулар орындай алады (басы мен соңын табу). Егер оқушылар кесілген қағаз беттерімен жұмыс істесе, олар оны «Үйдегі қауіп» атты атаумен үлкен қағазға желімдей алады. Үйде қауіпті жағдай орын алғанда қандай телефон номеріне қоңырау шалу керек екенін еске түсіріңіз Айналадағы қауіп-қатер (Ұ) Сыныпқа алдын ала жұптасып жұмыс істейтінін түсіндіріңіз, оларға жұмыс парақтарды көрсетіңіз. Содан кейін олардың өздерін қай жерде қауіпсіз сезінетінін біліңіз және қай жерде қауіп болуы мүмкіндігін айтыңыз. Қандай қауіптер болуы мүмкіндігін талқылаңыз, жол мен судағы қауіптер жеке қарастырылатынын айтыңыз. (Ж) Жұптағы бір оқушы «Өзін қауіпсіз сезіну» кестесі, екінші оқушы «Қауіп-қатер» кестесі бойынша жұмыс істейтінін хабарлаңыз, оларға жұмыс парақтарын үлестіріңіз. Жұпта өзара пікір алмасып, жұмыстарын таныстырады. (Ұ)Мұғалім бүкіл сыныппен талқылау өткізеді, оқушылар ықтимал қауіп-қатерлер туралы өз жауаптарында белгілегендерді қорытындылайды. Жолда сақ бол! (Ұ) Оқушылардың оларды жолда күтіп тұратын қауіптер туралы білімін пайдаланып сабақты бастаңыз. (Ж) Оқушыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз, онда олар мектепке барар жолда қауіпсіздік ережелері туралы плакат құру үшін өз білімдерін пайдаланады. (Т) Топта саяхатқа шыққан жағдайда жолда жүру ережесін сақтау туралы нұсқаулық жасаңдар. Әр топ өз жұмыстарын таныстырады. (Ұ) Су маңында сақ бол! Оқушылармен кестеде қандай қауіптер белгіленгенін талқылаңыз. Осы талқылауды ұйымдастыру үшін ең тиімді техниканы қолданыңыз, оның ішінде көшеде немесе теледидарда көре алатын ақпаратты пайдалана отырып. (Ж) Оқушыларды жұптасып нені қауіпті және нені қауіпсіз деп санайтынын талқылауды сұраңыз. (Т) Жауаптармен жұмыс істеңіз - қауіпті жерде қауіпсіздік шараларын қалай жақсартуға болатыны туралы сұраңыз.Көпшілік орындарда орналастыру үшін ескерту белгілерін ойлап жасауды тапсырыңыз. Әр топ оқушылары жыл мезгілдеріне байланысты жолда және су маңындағы қауіпсіздік шараларына арналған белгілерді ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып құрастыруды сұраңыз. Бұл белгілер суреттен тұруы мүмкін – бұл қандай сурет, сондай-ақ жалпы қабылданған белгілер екендігі туралы ойланыңыз. (Ұ) Сабақты қорытындылап, сыныппен қауіпті кездестіруге болатын төрт орын туралы еске түсіріңіз және олардан осы тақырыпты өткенге дейін өздерін қалай қауіпсіз сезінетіндігін сұраңыз. | Қосымша сіздер осы идеяны сынып пен мектепте қауіпсіздікті зерттеу үшін өзіңізше дамыта аласыз. Бұл жаттығу оқушыларды күнделікті кездесетін қауіптермен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Мұғалім тапсырманы барлық сыныпқа немесе оқушыларды топтарға бөлу туралы шешім қабылдайды. Екінші жағдайда сыныпты екі топқа бөліңіз, оларға түрлі тапсырма беріңіз, ал талқылау кезінде оларға бір-бірімен өз бақылауларымен бөлісуді сұраңыз. Бұл жаттығуда қоршаған орта қауіп болатын немесе керісінше жайлы және қауіпсіз орындар туралы баяндайтын халық ертегілері мен әңгімелерді пайдалануға болады. «Айналамыздағы қауіп-қатерлер» тақырыбы бойынша жергілікті қоршаған ортаны зерттеуге және мұғаліммен бірге әлеуетті қауіпті орындарды, сондай-ақ өзін қауіпсіз сезіне алатын орындарды табуға болады. Қосымша тапсырма – жұптар топқа жиналып өз кестелерін талқылай алады. Мұғалімнің жұмыс схемасы осы жаттығуда қалған үш жұмысшы парақтар үшін қайталанады Жолда сақ бол! – оқушыларды жолдағы қауірпсіздік ережелері туралы плакат жасауға ынталандыратын, өзгермелі, интерактивті сессия. Су маңында сақ бол! - әдеттегі қиылысқан жаттығу. Егер уақыт болса, оқушылардан мүмкін қауіптіттегі қиылысқан жаттығу. Егер уақыт болса, оқушылардан мүмкін таландыратын, өзгермелі барлық елде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бірдей екеніне оқушылардың назарын аударыңыз. | Әр зерттеу саласына жұмыс үшін төрт парақ Үлкен қағаз парағы, желім-қарындаш, қайшы Толтырылған парақтарды (оқушы жұмыстарын) ілуге арналған орын. «Жер сілкінісі. өрт, су тасқыны, сел, көшкін және төмен температуралар кезінде не істеу керек?» Оқу құралы. Юнисеф, 2013 Жолда сақ бол! – оқушыларды жолдағы қауірпсіздік ережелері туралы плакат жасауға ынталандыратын, өзгермелі, интерактивті сессия. барлық елде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бірдей екеніне оқушылардың назарын аударыңыз. Жолда сақ бол! – оқушыларды жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы плакат жасауға ынталандыратын, өзгермелі, интерактивті сессия. Барлық елде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бірдей екеніне оқушылардың назарын аударыңыз. |
№1 жұмыс парағы – [бір A4 парағы, онда оқушы суретіне арналған төртбұрыш салынған] Қоршаған ортада сақ бол! Аты Күні Өзіңізді қай жерде қауіпсіз сезінесіз? Өзіңізді қауіпсіз сезінетін көшедегі бір орын туралы ойланыңыз. Оны осы жерге салыңыз: | ||
№2 жұмыс парағы – [бір A4 парағы, онда оқушы суретіне арналған төртбұрыш салынған] Қоршаған ортада сақ бол! Аты Күні Қауіп қай жерде болуы мүмкін? Қауіпті болатын көшедегі орын туралы ойлаңыз. Оның суретін салыңыз: | ||
№3Aжұмыс парағы: Үйде сақ бол! Аты Күні Сөйлем басы мен соңын сәйкестендіріңіз. Үйдегі қауіп туралы әңгіме шығатындай бір парақ қағазға өз сөйлемдеріңізді жазыңыз. | |||
Ас үйде бір затты ұстар кезіңде сақ бол, себебі... | …құлап қалуың мүмкін. | ||
Жоғарыда орналасқан затты алу үшін орындықты қолданбаңыз, себебі... | … қысылып қалып, саусақтарыңды ауыртып алуың мүмкін | ||
Ересек адамның көмегінсіз пышақты қолданба, себебі... | …тайып кетіп құлап қалуың мүмкін. | ||
Өз ойыншықтарыңды баспалдақта қалдырма, себебі... | …бір жеріңді кесіп алуың мүмкін. | ||
Есік және терезені ашып-жапқандақолыңды байқа, себебі... | …кастрөлмен плита қақпақтары ыстық болып күйіп қалуың мүмкін. | ||
№3B жұмыс парағы: Жолда сақ бол! Аты Күні Жолда қауіпсіздік ережелерін көрсететін постер жасаңыз: · Жолдан өту үшін қауіпсіз орынды тап. · Екі жағыңа қара және тыңда. · Жол бос болған кезде, жылдам өт. | |||
жұмыс парағы: Су маңында сақ бол!
Аты Күні
Егер ол жер қауіпсіз болса картина жанына √ белгісін қой немесе қауіпті болса X белгісін қой
Сурет - Жүзу жеңдері бар оқушы | Сурет – оқушы құз шетінде, қауіпті жерге жақын тұрып, балықтарға жем шашып тұр | Сурет – көл жағасындағы ескерту жалауы | ||||
Жүзу жеңдері | Балыққа жем шашу | Ескерту жалауы | ||||
сурет – оқушы қолында қармақ, балық аулап отыр | сурет – оқушы қауіпсіздік кеудешесін киіп каноэда отыр | |||||
Балық аулау | Каноэда жүзу | |||||
сурет – тізесі жарақаттанған оқушы | қоқыс үйіндісі жанында ойнап жүрген балалар | |||||
Аяқтағы жарақат | Қоқыс үйіндісі | |||||
Қысқа мерзімді жоспар