Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұмыс парағы: Су маңында сақ бол! 4 страница




 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
    3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік     1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу. Мен қазақпын (Ұ)Бөлім қарапайым тапсырмадан басталады. Оқушылардан олардың үйлерінде естіген қандай да бір халық ертегілерін, тарихи әңгімелер, мақал-мәтелдерді білетінін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз және қазақ халқы туралы не білетінін талқылаңыздар.   (Ұ)Қазақ халқының бір мақал-мәтелін таңдап алып, оқушылардан мазмұнын немесе ол қазақ өмірінің қай қырын сипаттайтыны туралы сұраңыз. Мұғалім оқушыларға өз идеяларын айғақтармен ұсынады. Мұғалім бұл топпен орындайтын тапсырмаға үлгі екендігін түсіндіреді.   (Т) Сыныптағы оқушыларды топтарға бөліңіз. Әрбір топтан бір оқушы сөйлейтін болады. Әрбір топтың мүшелері өздері дайындап келген бір мақалмен жұмыс істейді (егер олар мұны жасай алмаса, мақалдарды оқушыларға ұсыныңыз) – «Оқу ресурстарын» қараңыз. Егер бұл мүмкін болса, оларды басылған немесе жазылған түрде топтарға таратып беріңіз.   (Т) Әрбір топта жақсы оқи алатын оқушы бар екендігіне көз жеткізіңіз – оқушылардың әрбір жұбында біреуден болғаны дұрыс. Оқушылар мақалды оқыған соң топ мүшелері мақалдарды –– топ ішінде талқылап, қазақ халқы туралы қандай ақпарат алуға болатынына назар аударады. Оқушы істейді (егер олар мұны жасай алмаса, мақалдарды оқушыларға ұсыныңыз) – әрбір топтың сыныпқа өз үйі мен отбасылық өміріне сілтеме жасай отырып, мақалдың мағынасы туралы не ойлайтындығы туралы айтып беруін сұраңыз. Оқушылардың қойылым көрсетуіне болады. (Ұ,Т)Оқушылар бұрын оқып үйренгендеріне ұқсас мақалдардың мағынасын талқылайды. Сынып алдында таныстырады.   Қазақ мәдениетіндегі маңызды элементтер: ән айту, өлең оқу, жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі мен аңыздар айту дәстүрі. Сабақ оқушыларды қазақ өміріндегі осы бір бай да маңызды элементпен таныстырады. Қазақ мақалының немесе мәтелінің қарапайым, нақты мысалынан бастаңыз. Одан кейін оқушылар оның мәнін талқылай және талдай алады және өз тұжырымдарын сыныпқа ұсына алады. Бұл кішігірім қойылым жасау және басқа да тұрғыдан әрекет ету үшін, пантомима үшін мүмкіндік береді. Егер жұмысты жұппен және топта ұйымдастыру қиын болса, онда жекелеген мақалдардың мағынасын анықтау бойынша, идеяларды бекіте отыра және сұрақтар мен жауаптардың көмегімен оқушылардың тақырып бойынша келе жатқандығына көз жеткізе отыра тұтас сыныппен жұмыс істеңіз. Қосымша талқылау үшін стереотиптер туралы мәселені көтеріңіз (терминнің өзін енгізбей) – осы уақытта олардағы идеялар бар ма? Қазіргі қазақтар мақалдар мен мәтелдерде сипатталғандай болып табыла ма? Бұл сондай-ақ мақалдарды дереккөз ретінде пайдаланудың дұрыстығы туралы мәселені қояды. Егер уақыт болса, онда оқушылар шетелдіктерге қазіргі уақытта қазақ болу дегеніміз нені білдіретіндігін түсіндіре алатын өз мақалдары мен мәтелдерін ойлап шығара алады. Оларды сыныпқа оқып беріңіз – оқушылар жұмбақты шешуге және мәтелдер нені білдіретіндігін түсіндіруге тырысып көреді.     Қазақ мәтелдері · Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. · Ел барда, ер қор болмас. · Ер барда, ел қор болмас. · Ел үмітін ер ақтар · Ер атағын ел сақтар.   Қазақ батырлары: https://www.youtube.com/watch?v=Vqe0M6cYepg Толағай батыр: https://www.youtube.com/watch?v=e60MQsFtltA  
  3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік     1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату   Қазақстанның рәміздері (Ұ)Оқушылардан олардың қандай образдар мен символдарды білетінін сұраңыз немесе егер бұл қиындық туғызса, олар тани алатын образдар мен символдарды көрсетіңіз және олардың нені білдіретінін талқылаңыздар. (Ұ)Белгілер мен символдар идеяларын ұсынған символдар идеяларын тани алатын образдар мен символдарды көрсетіңіз және олардың не білдіретінін сұраңыз. (Ұ)Сынып оқушыларына тудың үздік жобасына байқау жүргізуге ниетті екендігімізді айтыңыз. Үш немесе төрт адамнан тұратын командалар өз туларын құрастыратын болады. Одан кейін олар өз жобасын қалған оқушыларға көрсететін болады. Ең көп дауысқа ие болған ту жеңімпаз болады. Бастамас бұрын, біз тудың нені білдіретіндігі туралы кейбір идеяларды анықтап алуымыз қажет. (Ұ)Оқушыларға көмектесу үшін сіз олар білулері мүмкін туды көрсетіңіз. Оларға бұл туды жасау үшін 600 адам қатысқан байқауда жеңімпаз болғандығын айтыңыз. Әрбір оқушыға Қазақстан туының көшірмесін беріңіз. Оқушылардан оны қаншалықты білетіндіктерін сұраңыз? (Ж/Ө)Оқушылар жұптарымен өздерінің туына қандай идеялар мен нысандарды орналастырғандықтарын талқылайды. Жекелеген оқушылар өз ұсыныстарын жасайды – оларды тыңдаңыз және тақтада ұсыныстар тізімін құрастырыңыз. Тудың мағынасы мен маңызын түсінуді бекіту үшін сыныпта жасаған туларына қайта қарастырамыз. (Т) Әр топ сынып туының өз нұсқаларын жасайды. Әрбір топтың туын кезекпен талқылайды және оған дауыс береді. Көп дауыс жинаған топ жеңіске жетеді.     Бұл сабақ қажет болған кезде қосымша тапсырма ретінде жүзеге асырылады. Оның басты тақырыбы Қазақстан туы болып табылады. Ту идеясын беру кезінде оқушылар әрбір жұптан бүкіл сыныпқа өз ойларын ұсына отыра жұппен жұмыс істей алады. Егер де оқушылар тудың мағынасын неғұрлым нақтырақ зерттегісі келсе, олар жұмысты жұптасып орындай алады. Әрбір жұпта жақсы жаза алатын оқушының бар екендігіне көз жеткізіңіз. Жұптар туды талқылайды және тудан көргендерінің бәрін жазады. Бұлар түс, форма және ондағы нысандар сияқты белгілерді – нақтылау үшін ресурстар бағанын қараңыз. Тудың нені білдіретіндігі туралы оқу ресурстарынан идеяларды қосып талқылаңыздар. Сынып оқушылары тани және талқылай алатын таңбалар мен символдар. Қазақстан Республикасының туы. Тудың мағынасы мен символдары: · Көгілдір түс - бейбітшілікті және Қазақстанда тұратын халықтың бірлігін білдіреді және шексіздік пен тазалықтың символы болып табылады. · Күн -бұл тіршілік пен қуат көзі және көшпенділер үшін алға ұмтылу мен қозғалыстың символы болды. Күннің бедері ауқаттылық пен молшылықтың символы, бидай масағы формасындағы 32 күн шапағы – береке мен байқуаттылықтың негізі. · Қыран масағымемлекеттің күшін және қырағылықты білдіреді. Далада өмір сүретін адамдар үшін қыран, бүркіт – тәуелсіздіктің, еркіндіктің және құлшыныстың, сондай-ақ қиыншылықтарды жеңетін күштің символы.
  3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар 1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу 1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу   Көне жазбалар (Ұ)Көне жазулар туралы не білетіндігін анықтау үшін төмендегі сұрақтарды қоюға болады. Қазақ жерінде бұрын жазу болды деп ойлайсыңдар ма? Олардың өмірі туралы міліметтер бізге қалай жеткен? (Ұ)Мұғалім мынадай мәліметтермен таныстырады. Сақтар жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа бейнелеген. Ал, ең алғашқы жазуды шумерліктер әкелді. Ол Қосөзен жерінде пайда болған. Мысалы Шумер сөзінде: ада-әке, ама-шеше, уш-үш дегенді білдіреді. Дүниедегі ең ежелгі жазу сына жазу деп аталды. Содан кейін ежелгі түркі жазуы қалыптасты. Оның ескерткіштері «Оғызнама» жазбалары және Күлтегін ескерткіштерінде келтірген. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Жазба әдебиетінің көне ескерткіштері- «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары.     Оқушыларға бірнеше сұрақтар беру арқылы оқытудағы негізгі алған білімдерін тексереді:Көне жазулар қай ескерткіштер арқылы белгілі? «Күлтегін» немесе «Тоныкөк» ескерткішіндегі жазуларын қайдан көруге болады? Сабақ соңынан қысқаша қорытынды жасаумен аяқталады.       Қазақ тиындары – екі оқушыда бір тиыннан болғаны жеткілікті. «Алтын адам» тиынының суреті. Оқушыларға түсінікті нысанда «Алтын адам» туралы аңыз. «Алтын адамға» арналған рамкаға суретке және оны сипаттауға арналған ашық орын.
  3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер     1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу   «Алтын адам» туралы аңыз (Т)Сынып бөлмесіне әр түрлі заттардың суреттерін (ғимараттар, ескерткіштер, теңге, қорғандағы қазба жұмысының жүргізілу сәті) іліңіз. Әр топтың оқушыларына суреттер арасынан «Алтын адамға» қатысты суретті таңдап алуды сұраңыз. Оқушылар таңдаған суретін топта талдай отырып қорытынды пікірлерін бір сөйлеммен айтуларын тапсырыңыз. Бұл жұмыстың қорытындысында «Алтын адам» жайлы шағын мәтін құрылуы тиіс. (Ж) Оқушылар суретті талдау барысында өздері қоятын сұрақтарды жұптасып талқылайды. Осы суреттерді талдау барысында «кім?», «қайда?», «қашан?», «неге?», «не?» және «қалай?» деген түйінді сөздерді пайдалануға болатынын ұсыныңыз. Оны тақтада көрсетіп қойыңыз. (Ұ) Сыныпта «археолог» дегеннің кім екенін білетіндер бар ма деп сұраңыз. Оларға археологтар Алматы жанында болғанға ұқсас қорғандарды қазатын немесе қазуды ұйымдастыратын адамдар екенін айтыңыз. Олар өте ертеректе болған оқиғалар суретін құру үшін табылған заттарды біріктіріп жинайды. Қорғандағы заттар жас жігіттің қандай киім кигенін көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға өткен кезеңдер туралы бізге мәліметтерді жазба деректер де беретінін айтып өтіңіз, оның ішінде таста қалдырылған жазбалар. Мысалы, Күлтегін ескерткіші. (Ж) Жұптар картинаны зерттейді және сынып қойған сұрақтарға жауап беру мақсатында ойланады. (Ұ)Сыныппен картинада не көрсетілгенін талқылау. Сыныптан қайтадан олардың «Алтын адам» туралы аңыздың шын болған деп ойлайтынын сұраңыз. Егер иә десе – онда неге? Олардың жауаптары өзгерді ме?   Бұл сабақ алдыңғы сабақта алған білімге негізделеді және Қазақстанның ең әйгілі археологиялық жаңалығына қатысты дәлел үшін идеялар келтіреді. Бұл жаңалық ұлттық бірегейліктің дамуында маңызды элемент болды. Сауалнама оқушылар бойында проблемалардың шешу жолдарын іздестіретін ғалымдар ретінде ойлау дағдыларын дамытады. Ол өз кезегінде логикалық тұрғыда «Алтын адам» туралы аңыз шындық па деген сұраққа жетелейді. Қосымша тапсырма археологиялық табыстарды түрлі матералдарды (ермексаз, саз, қағаз) қолдану арқылы жасау. Мысалы, Күлтегін ескерткішін.     (Қ)Формативті бағалау жүргізу мүмкіндігі бар – оқушылардың аңызға деген көзқарастары оларға түрлі дәлелдер берілген кезде қалай өзгеретінін белгілеу     Есік қорғанында табылған алтын киген адам денесі бар зират туралы ақпарат. Суреттер хронологиялық ретпен кез келген жазықтыққа (қабырғаға немесе тақтаға) орналастырылуы тиіс. Барлық мұғалімдер қол жеткізе алатын PowerPoint бағдарламасындағы картиналардың презентациясы болғаны пайдалы.
  3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік   1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру     «Бәйтерек» - өмір ағашы (Ұ/Ө)Оқушыларға өздерінің арман-қалауларын ойлап жасыра алатындықтарын айтыңыз. Әр оқушы өз қалауын ойлап, не қалайтынын сыныпқа айтады. (Ұ) Сыныпқа Елордада, өздерінің тілектерінің орындалуын сұрайтын орын бар, бұл Бәйтерек екенін айтыңыз. Сыныпқа олар барлығы көре алатындай үлкен, плакат немесе әрбір екі балаға бір-бір көшірмеден ескерткіш суретін таратыңыз. Олардың мұнараның атын білетіндіктерін, оған барған-бармағандарын сұраңыз. Егер олар білмесе, оның атауын және оның ел нышаны болып табылатынын айтыңыз. (Ұ) Осы сурет туралы сынып қандай сұрақтар қоя алады? Олар жауапты қалай таба алады? (Ж) Жұптар 2 сұрақтан қояды, содан кейін сынып сұрақтарын мұғалім жазып алады. (Т)Топтар құрылымын пайдалана отырып, сыныпты рөлдері белгіленген топтарға бөліңіз, оның ішінде жазушы, баяндаушы, материалдарды үйлестіруші, жазбаларды ұйымдастырушы болу керек. Әр топқа Бәйтерек туралы аңыз туралы кейбір ақпарат көздерін беріңіз. Топ мүшелеріне олар таңдаған сұрақтарға қатысты ақпарат көздерімен жұмыс істеуді сұраңыз. (Т) Әр топ баяндаушысы барлық сыныпқа аңыз туралы өз ойларын айтады. (Ұ) Оқушыларға Бәйтерек пен Самұрық туралы аңызды айтып беріңіз немесе оқушыларға оны оқуды тапсырыңыз. (Ұ/Т)Ескерткіш Қазақстанның, оның ішінде Астананың символы болып табылады. Топтан қазақ халқы аңыздан алатын жолдаулар неден тұратынын түсіндіруді сұраңыз. (Ұ) Сабақты аяқтап, оларға мұнараға көтерілген кезде, қолдарын Президент Назарбаев қолының таңбасына салып өз тілектерін тілей алатынын айтыңыз. Әр оқушы қандай тілек тілегісі келетінін айта алады. Тағы да бірінші сұрақты талқылаңыз: «Бәйтерек туралы аңыз неліктен ерекше мәнге ие?».       Бәйтерек қазақ халқының аңыздарында бейнеленген ертегідегі өмір ағашын білдіреді. Ол ұлттық бірлік идеясының символы болып табылады, осыған орай оны 6-7 жасар балаларға дұрыс түсіндіру керек. Аңызға сәйкес Бәйтерек – өмір ағашы, оның басында қасиетті Самұрық құсының ұясы бар. Ол өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқасын – Күнді – салу үшін, ағаштың ұшар басын паналаған. Ағаш түбінде аш Айдаһар жұмыртқаны жемекші болып тығылып жатады. Осылай мейірімділік пен қатыгездік арасындағы мәңгі күрес белгіленген. Монумент жанында өзен ағып жатыр, оның жағасында бәйтерек орналасқан және жерді өз тамырымен қолдап ұшар басы аспанға тіреліп тұр. Осы балалар жасына бейімделген аңыздың ауызша нұсқасы болса, оны жазып және аудио жазбасын сыныпқа тыңдату жақсы болар еді. Мәтінді оқу тапсырмасын күрделі мәтін құрастыру арқылы жүзеге асыруға болады, дегенмен, осыны қосымша тапсырма немесе сауаттылыққа үйретуі мәтін құрастыру арқылы жүзеге асыруға болады, д абзал. Кейбір оқушылар өз армандарымен сыныппен бөліскісі келмеуі мүмкін, бұл мәселеге де түсіністікпен қараған жөн.     Астана. Жанрлар: Өлең Бәйтерек постері немесе ауқымды суреті.   Бәйтерек туралы ақпарат. Күрделі мәтіндерді оқу үшін «Жазба және баспа көздермен тарих құру» қара: www.history.org.uk.

«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып
7- бөлім: Тағам және сусын
Осыған дейін меңгерілген білім
Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған.Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс.
Мазмұны
Бұл тарауда оқушылар тағам мен сусын түрлерін ажырата біледі, ертедегі және қазіргі адамдардың тамақтануын біле отырып ежелгі Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат алады. Дұрыс тамақтана білу денсаулыққа пайдалы екендігін түсініп, Қазақстанда жасалатын негізгі тағам өнімдерімен танысады.
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер  
Оқушылар: тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.   Олардың қатарына мыналар кіреді: · базарға бару; · сатып алатын заттар тізімі; · тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу; · тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы ой жүгірту; · тамақ дайындау; · дастарқан жаю (үстел жасау). Талқылауға арналған сұрақтар: · Көмекші сөздер нені білдіреді? · Дүкен немесе базардан не сатып ала аласыздар? · Ас үйде нені табуға болады?   Жазуға арналған ұсыныстар: · Тамақ дайындау үшін қажетті көгөністер мен жемістерді атаңыз. · Тамақ пісіруге арналған ыдыстар және қажетті заттар.
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу Бұл тарау тамақтану тақырыбына арналған, онда қазақ ұлттық тамақтары мен сусындарына ерекше назар аудыралады. Тарихи перспектива «Ұлы Жібек жолы» тақырыбымен байланысты қарастыруға болады. Қазіргі және ерте замандағы тамақтану мен қазіргі тамақтану арасында салыстыру жасалады. Оқушылар дүкендер мен тамақ өнімдерін сатып алуды, үй жағдайында тамақ дайындауды, сондай-ақ Қазақстанда өндірілетін дәнді дақылдар, жемістер, мал мен балық еттерін талдайды. Бұл бөлім өзіне география, тарих және қоғамтану элементтерін біріктіреді, тағам өнімдерінің технологиясы және тамақтану, сусындар, денсаулық сақтау мәселелерін пәнаралық байланыста қарастыруға болады. Тамақты өңдеу, пайдалану (мысалы сақтау, тасымалдау және т.б.) және дайындау қолданбалы білімнің негізгі аспектілері болып табылады. Барынша ауқымды мәнде Қазақстанда импортталатын және экспортталатын тамақ өнімдерін зерттеуге мүмкін болады.

 

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік   1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру     Біз қалай тамақтанамыз? (Ұ,МК,Т) Денсаулықты сақтауға нелер көмектесуі мүмкін? «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай азық түрлері адам ағзасына пайдалы болуы мүмкін? Адам ағзасына қуат беретін азықтар (бал, қарақұмық, геркулес, мейіз, май), сүйектер берік болуына септігін тигізетін азықтар (ірімшік, балық еті, жұмыртқа, май, жаңғақтар), ағзаны дәрумендер мен минерелды заттармен қамтамасыз етуге ықпал ететін азық түліктер (жеміс-жидектер, көкөністер) бар. Азық түлікті түрлендіріп белгілі мөлшерде тұтыну пайдалы бола ма? Әлде азық түліктің бір түрін пайдалану пайдалы болуы мүмкін бе екендігін топта талқылап өз ойын қорытындылауын ұйымдастырыңыз. (Т) Түрлі жастағы адамдар үшін топта азық түліктер таңдап салауатты тағам дайындауды тапсырыңыз. Мысалы, · кішкентай сәбилер үшін; · ата-әжелер үшін; · балалар кеші үшін. Біздің салауатты тағамымыз тек көкөніс және жемістен тұрады. Бүгінше етсіз болады. Шағын топта жұмыс істейміз; әр топ жоғарыда аталған үш топтың біреуі үшін салауатты тағам дайындайды. (Т/Ұ)Әр топ өздері не дайындай алатынын ойлайды, топ баяндаушысы осы идеяны бүкіл сыныпқа жеткізеді. Екі-үш топ ұсынылған үш тапсырманың біреуін жеке орындайтындығын назарда ұстаңыз. (Ұ/Т)Сыныпқа оларға өз тамақтарын дайындау үшін қандай көкөніс пен жемістерді пайдаланатыны туралы ойлануды тапсырыңыз. Топ баяндаушысы жазып оларды бүкіл сыныпқа жеткізеді. Оқушылар идеясын барлық сынып үшін жазып қойыңыз.   (Т) Әр топ үшін екінші тапсырма: тамақ пісіру үшін оларға қандай ас үй құралдары мен ыдыстар қажет екендігі туралы ойлану. Топтық пікірталастан кейін олар ойларын сыныпқа жеткізеді, мұғалім оларды жазады. (Ұ)Түрлі тамақ пен сусын салынған пакетті үстелге қойыңыз. Оқушыларға тамақ пен сусындарды сатып алу төңерегінде болатындығын және алдарында тұрған пакеттерде олардың бірнеше түрі бар екендігін айтыңыз. (Ж) Оларды жұптасып пакетте не бар екенін болжауды сұраңыз (олар өздері жақсы көретін тамақ пен сусын түрлерін атауы мүмкін). Оқушылар жауаптарына пікір білдіріңіз және оларды сыныппен талқылаңыз. (Ұ) Бұл не? Оны қайдан сатып ала аламыз? Пакеттен бір азықты суырып алуын немесе лото ойынындағыдай әр топтан бір оқушыдан шығып, кезекпен пакеттен азық-түлікті таңдайды. Басқа оқушылардан бұл затты анықтау мақсатында сұрақтар қояды. Қалай пайдалана алатынын сұрайды. Дұрыс тапқан жағдайда таңдаған затты сыныпқа көрсетеді. Азық-түлікке қатысты ұсыныстарды талқылаңыздар. (Т) Оқушылардан пакеттен алынған өнімдер туралы әңгімелеуді және олардың ата-анасы одан не дайындауын қалайтынын сұраңыз. Әр топ мәзір ойлап тауып, ол туралы сыныпқа айта алады. Тамақ пен сусын туралы не білгенін қорытындылау.   Оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді түрде қатыстырады, бұл жолы өлең айту және тиісті қимылмен көрсету арқылы. Егер оқушылар жаза алса, бұны жазба жұмысы ретінде өткізуге болады.   Оқушыларға алдын ала қажетті тіс щеткасын, тіс пастасын алып келуді тапсырыңыз. Сыныпқа қол жуу үшін бірнеше флакон сусабын дайындаңыз. Практикалық жұмысты орындауы үшін арнайы шағын ыдыстар, бір рет пайдалануға арналған стакандар. Судың оқушыларға қолжетімді болуын жоспарлаңыз. Оқушылар бір-біріне қол жуу барысында су құбыр көзі болмаған жағдайда, жұпта кезекпен қолға су құйып көмектеседі. Халқымыздың қолға су құю мәдениеті туралы ой салуға болады.   Дұрыс тамақтану режимін белгілегенде тамақты адамның жасына, денсаулығына байланысты таңдау қажет. Сонымен қатар уақтылы тамақтанған дұрыс. Ал беймезгіл уақытта тамақтану адамдардың шектен тыс толысуына немесе ауруға шалдығуына әкеп соқтыруы мүмкін. Таңғы асқа міндетті түрде нан, жұмыртқа, сүт ішкен абзал.   Сөздер жинағы – тақта мен қағазда дене бөліктері, дене бөліктерімен карточка суреттер: қол, құлақ, көз, бет, саусақ, аяқ, алақан, тізе, табан, ауыз, мұрын, тістер.   Тақтада 12 торлы квадрат, онда дене бөліктерінің суреті/фотосы орналастырылған, оқушылар сөзді табады және тиісті суретпен қатар орналастыратын болады. Дұрыс тамақтану ережесі.   Салауатты өмір салты туралы мәліметтер.  
3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер     1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу   1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру   Ертеде қалай тамақтанған? (Ұ) «Детектив» ойыны. Оқушыларға көне Тараз қаласының немесе Ұлы Жібек жолы бойындағы елдің тұрғындарының дастарқанында қандай азық-түлік болғанын зерттеу керектігін хабарлаңыз. Бізде бұл туралы оқулықтар, тақырыптық кітаптар мен суреттер, бейнежазбалар бар екенін көрсетіңіз. Бірақ алдымен біздің ақпарат көздерінен табылған дәлелдер негізінде жауап беруге болатын сұрақтарды белгілеуіміз керек.   (Т) Сынып оқушыларын шағын топтарға ұйымдастырыңыз. Оқушыларға олар детективтер рөлінде карта, кітаптар мен картиналарды зерттейді. Ұлы Жібек жолы тұрғындары олардың дастарқанында қазіргі заман тағамының өнімдеріне ұқсас қандай азық-түлік болғанын табуды тапсырыңыз. (Т) Топтан топқа өтіңіз және фотосурет немесе өз кітаптарында не көретіні туралы талқылауға қатысыңыз – егер қажет болса, оларға мазмұны мен тақырыптар реттілігін түсіну жөнінде көмектесіңіз. Оқушыларға талқылау барысында қолдау көрсетіңіз, ақпарат алу және ойды дамыту барысында көмек көрсетіп қолдау жасаңыз. (Ұ/Ж) Ұлы Жібек жолы бойындағы елдерде қандай базарлар болуы мүмкін? • Олар базарларында қандай тауарлар сатуы мүмкін? • Ол тауарларды кім сатып алады?   (Ұ) Не өтілгенін қайталау үшін әр топ баяндаушысынан сыныпқа олар тапқан ақпаратты айтып беруін сұраңыз. Олар пакеттегіге ұқсас қандай да бір тауарлар тапқанын сұраңыз, сол кезде мен қазіргі уақытта өнім сатып алуда қандай айырмашылықтар болуы мүмкін, олармен салыстырғанда дүкендері қандай болған, сондай-ақ олар табуы мүмкін кез келген айырмашылықтар туралы сұраңыз. Сабақты қысқа шолумен аяқтаңыз: «Бүгін нені білдік?» Бұл сабақты Ұлы Жібек жолы немесе көне Тараз қаласымен байланыстыруға болады. Осы сабақты түрлі контексте немесе түрлі тарихи кезеңдердегі, мәселен, көшпенділер заманындағы тағамдар мен сусындарды зерттеу үшін қолдануға болады.   Сабақ оқушылардың деңгейіне сәйкес болу керек – олар детектив немен айналысатынын немесе «дәлел» және «ақпарат көздері» деген сөздерді білмеуі мүмкін. Оқушылар үшін сызық-түлік, тағам суреттерін таңдау кезінде қазіргі фотосуреттер пайдаланыла алады, олар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ел тұрғындары тамақ пісіру үшін қандай өнім сатып алғанын көрсетуге көмектеседі. Бұл сабақ оқушыларды дәлел/болжам іздестіруге, талқылау/қорытындыларуға қол жеткізу, көне қалаларда базарлар рөлін түсіну мен дамытуға мүмкіндік береді.   Ерден атаның әңгімелері 4бөлім Ұлы Жібек Жолы:   https://www.youtube.com/watch?v=IUAXTTMJvTE   Ұлы Жібек жолы:   https://www.youtube.com/watch?v=9q-TjUpj1ak   Ұлы даланың көне шаһарлары – Тараз: https://www.youtube.com/watch?v=OlIHK3ROaXI
    • сол кезде мен қазіргі уақытта өнім сатып алуда қандай айырмашылықтар болуы мүмкін? Сабақты қысқа шолумен аяқтаңыз: «Бүгін нені білдік?»    
  Мен және менің отбасым   1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру   1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау   Дәмді әрі пайдалы (Ұ)Қонақтарды күтуге арналған тамақ (немесе мәзір) ойлап табады. Оқушылар төртеуден топтасып жұмыс істейді. Әр топқа пайдалану үшін өнімдер таңдау ұсынылуы керек. Нақты атауымен оқушыларға тамақ суретін беріңіз. (Ұ/Ж) Оқушыларға өз өнімдерімен не жасау керектігін ойлауы керектігін айтыңыз. "Рецепт" түсінігін беріңіз, олардан үйде тамақ дайындауға көмектесетіндіктерін сұраңыз, олар қандай тамақ дайындай алады? "Рецепт" түсінігін сөздік қорға енгізу. (Ұ/Ж) Сол уақыт тағамдарын дайындауға болатын бірнеше тамақтар мысалдарын келтіріңіз, мысалы қандай сусын үшін арпа пайдаланылады. Пияз, қой еті және бұршақтан қандай тағам пісіруге болады? (Ұ/Ж)Ас үй құралдарының суреттерін көрсетіңіз, мысалы балта, соғуға арналған балға, пышақтар, кесу тақтайлары, тамақ пісіруге пайдалана алатын кастрюльдер, табалар. (Ж)Оқушылардан жұптасып тамақ үй жағдайында пісірілген жағдайда не болатынын ойлауды сұраңыз. Тамақты қайда дайындайды? Ол қалай сақталады? Оны қалай пісіреді? Қалай қуырады? (Т) Мұғалім басшылығымен топтар оларға берген өнімдерді анықтауы керек. Осыдан кейін олар қандай өнімдер тамақ пісіруге жарайтыны туралы нақты анықтай алады. (Т/Ұ) Топтар ойлап тапқан идеяларды талқылаңыз және қайсы азықты өзі ұнатып таңдайтынын дауысқа салыңыз. МК,Ұ)Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрінің мағынасын ашатын мақал-мәтелдер қолданып, оқушылармен «Жақсы қонақ келсе, құт», «Қонақпен бірге ырыс келеді» т.б. мәтелдермен талқылау ұйымдастырыңыз.   (Ж)Өз отбасыңда келген қонақтарға қандай ұлттық тағамдар дайындайтынымен бөліс. Қандай қазақ халқының ұлттық тағамдарын білетінін атайды.   (Ұ)Әлем халықтарының асханасы қандай екенін білу мақсатында саяхатқа шығайық. Өздерің барғың келетін елді таңдаңдар. Бұл ел туралы ақпаратты қандай дереккөздерден табуға болады? Таңдаған еліміз қандай азық түліктерді көбірек пайдалануы мүмкін? Неліктен олай ойлайсың? Ол елдің асханасы туралы қысқаша ақпаратты қандай формада белгілеп алуға болады?   Оқушылар өздері тұтынатын тамақ пен сусындарға қатысты өздері не білетіндерін пайдаланып проблеманы шешуге қатысуы керек. Азық-түлік пакетімен жұмыс істеу - осы тақырыпты оқытудың тиімді тәсілі болып табылады. Бірқатар тәсілдер бар, онда мысалы оқушылар шыққан кезде қарамай біреуін шығарып және пакеттен бір тамақ өнімін/затты шығарып өнім сипаттамаларын анықтап/талдайды. «Қайдан сатып алуға болады?» дүкен, супермаркет, базарда, және т.б. қамти алады.         Әрқайсысының астында төменде келтірілген жазулары бар. Қазақстанда өсірілетін түрлі дәнді дақылдылардың фотосуреттері: · Не үшін пайдаланады? Егер мүмкін болса карточка ретінде фотосуретті басып шығарып ламинаттап тастаңыз.   Фотосуреттер сондай-ақ PowerPoint презентациясына жинала алады.   Оқушылардың жазбалары үшін орын дайындаңыз, оқушы атын, жоғары бөлігінде тақырып пен күнін жазуға орын қалдырыңыз жазбалары үшін орын дайындаңыз.
1.1 Мен және менің отбасым 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау     Қазақстанда жасалған (Ұ) Сыныптан Қазақстан қандай тамақ пен сусын түрлерін өндіретінін біле ме? Оны не үшін пайдаланады? Республиканың қай өңірінен алып келеді? Егер олар білмесе, ақпаратты қайдан алуға/ білуге болады? Ортақ ой қалыптастыру үшін оқушылар берген жауаптарды пайдаланыңыз. (Ж) Жұптасып Қазақстанда өндірілген тамақ өнімдері мен сусындардың фотосы/суретін қараңыз. Әр суретте нақты өнім не сусын берілген, үстінде «Бұл не?» және астында «Не үшін пайдаланады?» деген сұрақтар бар. Оқушылар тамақ өнімінің атауы және оны пайдалану түрін жазады. (Ұ) Сыныпқа әр суретке үш минут уақыты берілетіндігін, кейін олар оны келесі жұпқа беріп, жаңасын алатындығын ескертіңіз. (Т) Оқушылар Қазақстанда өндірілетін тағам өнімдерінің әртүрі туралы түсінік алып кескіндеме/сурет бойынша жұмыс істейді. (Ұ) Оқушылар білгенін қорытындылап сабақты аяқтаңыз, егер мүмкін болса республиканың түрлі облыстарында не өндірілетіні көрсетілген Қазақстан картасымен таныстырыңыз.       Сабақта Қазақстан оқушыларға тағам өнімдерін өндіруші ретінде таныстырылады: әр түрлі дақылдар, егіншілік (жемістер, жүзім мен алма) балық шаруашылығы, аңшылық.   Топтар арасында бір біріне шеңбер құрып сурет беру – оқушыларға бар ресурстармен тез әрі жемісті жұмыс істетудің тиімді әдісі. Барлық сынып талқылауы кезінде оқушылар не білгендігі анықталады. Бұл сабақ сондай-ақ осы тақырыпты тереңдетуге және «Қазақстанның түрлі облыстарында тағам өнімдері мен ауыл шаруашылығы» тақырыбына арналады.   Әрқайсысының астында төменде келтірілген жазулары бар Қазақстанда өсірілетін түрлі дәнді дақылдылардың фотосуреттері. Егер мүмкін болса карточка ретінде фотосуретті басып шығарып ламинаттап тастаңыз.     Оқушылардың жазбалары үшін орын дайындаңыз, оқушы атын, жоғары бөлігінде тақырып пен күнін жазуға орын қалдырыңыз, жазбалары үшін орын дайындаңыз, оқушы · Бұл не? Не үшін пайдаланылады?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2212 - | 2155 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.