Лекции.Орг


Поиск:




Беріліс қорабындағы өзгерістер




Шағын тежеуіш. Беріліс қорабының жетек (негізгі) білігіне орнатылған шағын шығару тежеуішінің тиімділігін арттыру үшін фрикциялы бастырмасы бар лента қолданылады. Бұрынғы конструкцияның шарын тежеуіші жетек білікті 2—3,5 секундта, ал соңғы конструкция тежеуіші 1,2 секундта тоқтатады.

Сигнализатор. Беріліс қорабына сигиализатор енгізілген (175-сурет), ол қо-

175-сурет. Беріліс қорабының сигнализаторы:

1 — блокировкалауыш білікшенің кішкене рычагы; 2 — тірек рычаг; 3 — кнопкалы қосқыш; 4 — қосқыштың өткізгіш сымы; 5— “массаның” өткізгіш сымы; 6 — блокировка білікшесі.

рап қоршауының білікшесінің кішкене рычагына 1 орнатылған. Сигнализатор жұлдызшалардың іске толық қосылуын бақылауға арналған. Егер жұлдызшалардың біреуі толық қосылмай қалса, кнопкалы қосқыш 3 іске қосылады да, дыбыстық сигнал беріледі. Сигнализатор сым 4 арқылы прибор қалқаншасының сигнал беру релесінің Кклеммасына жалғастырылған. Дыбыс сигналын естіген комбайншы рычаг 4 (144-суретті қараңыз) арқылы жұлдызшаны толық қосуға тиіс. Жұлдызшалар толық қосылған кезде дыбыс

сигналы ажырайды.

 

Іліністі эксплуатациялық реттеу. 106-суретте берілген тартпа 6 штоктан және реттеуіш ашадан тұрады. Егер болттың 7 көмегімен берілісті дыбыссыз қосуға (ілініс “қосады”) қол жеткізу мүмкін болмаса, онда ашаның гидроцилиндр штогындағы қалпын қысады; ашаны рычагтан 8 ажыратады; ашаны штокқа сәйкес бұра отырып, шток поршенінің гидроцилиндр түбіне келіп түсу кезінде аша мен рычаг тесіктері беттесетін қалыпқа келтіреді; аша мен рычагты жалғастырады. Егер бұл реттеу де нәтиже бермесе, онда қондырма реттеу колданылады.

1977 жылдың аяғынан бері реттеу механизмінің конструкциясына мынадай өзгерістер енгізілді: а) тартпаның 9 ашасы (106-суретті қараңыз) реттелмейтіндей етіп жасалды, осыған орай поршеннің атқарушы гидроцилиндр ішіндегі жүрісі реттелмейді; б) беріліс қорабын реттеуіш тірек болты 1(176-сурет) бар кронштейн пісіріп дәнекерленген. Болт 1іске қосылған рычагтың 3 жүрісін шектейді. Эксплуатациялық реттеуді орындаған соң тірек болт 1 (176-сурет) пен рычагтың З арасындары қащықтықты тексереді. Ол 162 миллиметрге тең болуға тиіс. Қажет болған жағдайда мұндай ара қашықтықты болтты 1 бұрай отырып жасауға болады. 62-миллиметрлік ара қашықтық іліністі толық ажыратуды қамтамасыз етеді.

Дұрыс реттелген шағын тежеуіштің саңылауы 176-суретте көрсетілгендей, 4—5 (ілініс қосулы кезде) болуға тиіс.

 

176- сурет. Жүріс бөлігі мен тежеуіш ілінісін реттеуге арналған құрылғы.

 

1-ілініс ажыратылған,ә-ілініс қосылған,1-тірек болт,2 және 5-тіректер,3 және 6-рычагтар 4-қарсы гайкалы гайка.


§ 84. Ауа тазартқыштардағы өзгерістер

СМД-17К жэне СМД-18К двигательдерың ауа тазартқыштары. Бұл двигательдерде құрғақ типті ауа тазартқыш орнатылған. Оның арнаулы өткізгіштігі жоғары картоннан жасалған екі қағаз сүзгі-патроны бар. Металл тор мен қорғаныш қаптамадан тұратын ауа таратқыш ауаны алдын-ала тазалаудан өткізеді. Ең соңында ауа бірте-бірте негізгі және сақтандырғыш сүзгі-патрондарында тазаланады. Екінші (сақтандырғыш) патрон негізгі патронда ақау болған жағдайда ауа тазартуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Қатты шаң босып кеткен жардайда 240 мото-сараттан кейін.(№ 2 техникалық қызмет көрсету кезінде) негізгі сүзгі-патрон мұқият тазаланады. Бұл техникалық қызмет былайша жүзеге асырылады. Ауа тазартқыштын, қақпары ашылып, негізгі сүзгі-патрон алынады (сақтандырғыш сүзгі-патрон орнында қалтырылады). Компрессордың (тұрақты, тракторлық немесе автомобильдік) көмегі-мен ол шаңнан толық тазартылады. Ауа ағының қысымы 2—3 кгк/см2-тан (200—300 кПа) артпауға тиіс, олай болған жағдайда қағаз перденің жыртылып кетуі мүмкін. Егер компрессор жоқ болса, сондай-ақ сүзгі-патрон майланып кеткен жағдайда ол былай тазаланады: ең бірінші екі сағат жуғыш ерітіндіге салып қояды, сосын сол ерітіндімен 20 минут шаяды, осыдан кейін таза сумен жуады. Судың температурасы 35—40°, бұдан кейінгі кептіру 24 сағатқа созылады. Жуғыш ерітіндіге мына материалдар пайдаланылады: температурасы 40—45°С бір литр суға 20 грамнан ОП-7 немесе ПО-10 сабынды паста, 10 л сура 100 г ұсақталған кәдімгі шаруашылық сабыны, “Лотос” порошогы салынады.

Қалыпты жардайда (ауада шан, аз болранда) сүзгі-патрон бір ТО-2-ден кейін, ЯРНИ 480 мото-сағаттан соң тазаланады.

СМД-64 двигателінің ауа тазартқышы. СМД-64 двигателі ауа тазартқышының конструкциясына тазартудың тағы бір сатысы енгізілген. Ол — полиуретан поропластынан жасалған құрғақ сүзгіш элемент. Қосьшша элемент кассета үстіндегі тазалағыш қақпарына монтаждалған. Ауа жақсартылған тазалағышта мынадай ретпен тазаланады: бірінші саты — бұл эжекторлық шаң сорғышы бар -циклондық, алдын-ала тазалағыш; екінші саты — сым тормен оралған май жағылган кассета; үшінші саты — поропласт кассета мен циклондық алдын-ала тазалағыштың арасына рефлектор орнатылған. Рефлектор кассетадан циклонға май келуден сақтандырады.

Ауада шаң басым болған жағдайда жұмыс істегенде кассетаны, рефлекторды және поропластан жасалған сүзгіш элементті 120 мото-сағаттан кейін таза дизель майымен майлап, майды арызу үшін сілкеді, рефлекторды құрратып сүртеді поропласты сығады.

Қалыпты жағдайда (ауада шаң аз болғанда) кассета мен сүзгіш элементті бір ТО-2-ден кейін, яғни 480 мото-сағаттан соң жуады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 793 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

934 - | 864 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.