Лекции.Орг


Поиск:




ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖАТТЫҒУ

РӨЛДІК ОЙЫН

Қарым-қатынас жасау саласындағы белгілі бір дағдыларды пысықтау үшін қолданылатын әдіс. Рөлдік ойында кем дегенде 2 ойыншы болады, олардың әрқайсысына белгіленген рөлге сәйкес бір-бірімен мақсатты қарым-қатынас жасау ұсынылады. Әдетте оқуға қатысушылардың күнделікті тәжірибелік іс-әрекетіне байланысты рөлдер алынады.

Рөлдік ойынға рнап жазбаша түрде 3 түрлі нұсқау құрылады:

1. Бүкіл топқа арналған жағдайды қысқаша сипаттайтын нұсқау. Нұсқау бүкіл топқа оқылады, бұдан соң тренер рөл ойнайтын 2 тыңдаушыны тағайындайды.

2. Белсенді қатысушы (БҚ) нұсқамасы. Ол өзі іс жүзінде атқаратын лауазымдағы рөлді ойнайды. БҚ нұсқауында мақсат белгіленеді: БҚ диалог барысында неге қол жеткізетіні көрсетіледі.

3. Қосалқы қатысушы (ҚҚ) нұсқауы. Шынайы қызмет барысында БҚ онымен келіссөз жүргізетін субъектінің рөлі.

Рөлдік ойын өткізер алдында қадағаланатын өлшемдерді белгілеп, топқа олардың ойын барысында қадағалаушы позициясында болатынын айту маңызды.

Өткізу уақыты бір ойынға 3 минут. Үш ойын. (15-20м)

 

Алгоритм

1. Кеңістікті ұйымдастыру.

2. Тыңдаушыларға нұсқау мен және қадағалау өлшемдерін беру.

3. Ойынды бастау.

4. Ойын 3 мин.

5. БҚ-ға мақсат туралы және ҚҚ-ға сезімдері туралы сұрақ қою.

6. Талдауға не бейнеталдауға көшу.

Топ қарқынына әсері – БҚ мен ҚҚ-ны жандандырады, қадағалаушыларды қызықтырады.

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту, тәжірибе.

 

 

СОЦИОМЕТРИЯ

 

Адамдардың шағын топтары ішінде, соның ішінде оқу барысында, болып жататын түрлі үдерістерді өлшеу әдісі. Топтағы адамдардың өзіндік ерекшеліктері болатындықтан, сабақ белсенді және тиімді болуы үшін тренердің оқу үдерісін бейімдей отырып, оны түрлендіре білуі аса маңызды.

Бұл әдісті қолдана отырып, тренер не бары 10 минуттың ішінде тыңдаушылар уәжін, олардың оқуға дайындығын, сондай-ақ курс тақырыптары бойынша құзыреттіліктерін тез анықтай алады, сонымен қатар кімнің сарапшы рөліне, ал кімнің көшбасшы рөлін атқара алатынын анықтай алады. Сондай-ақ социометрияның көмегімен тақырыптық модульден кейін білімнің қаншалықты меңгерілгенін өлшеуге болады. Социометрияның кейбір түрлері диагностика жасауға мүмкіндік бергенімен қатар, топта қолайсыз үдерістер орын алатын болса, оларды «емдеуге» септігін тигізеді. Социометрия тыңдаушылар сезімдерін теңестіріп, топтық оқуға жағдай тудырып немесе топқа нәтижелі оқу үшін маңызды құндылықтарды сіңіре алады.

 

Өткізілу уақыты 5-тен 15 минутқа дейін.

 

Алгоритм

1. Нұсқау

2. 5 нысанның бірімен жұмыс

3. Шешім

 

Социометрияның мынадай үлгілері қолданылады: шәкіл, координаттар жүйесі, дарақ, медальдар, сурет, шеберлер қаласы

 

Топ қарқынына әсері – топтың күш-жігерін көтеріп, теңестіреді

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту және кері байланыс

 

ОЛДАУ КӨРСЕТУ

 

Белгілі бір мәселе бойынша тыңдаушылар пікірлерін құрылымдау және жинау үшін қолданылатын әдіс. Қолдау көрсету әдетте шағын дәріс алдындағы жаңа тақырып басында қолданылады және тренерге барлық тыңдаушыларды ойлануға жұмылдырып, белсенді етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кейіннен тренер жаңа тақырыпқа кіріспе болып табылатын сөйлемдерге топ назарын аударту үшін қолдау көрсету тыңдаушылардан қажетті пікірлердің барлығын жинап алуға септігін тигізеді.

 

Өткізілу уақыты тыңдаушылар санына және олардың белсенділігіне қарай 10-нан 20 минутқа дейін.

 

Алгоритм

1. Шеңбер кеңістігі

2. Жағдайға бойлау

3. Пікір туралы ашық сұрақ қою

4. Пікір жинау

5. Шешім, дәріске апаратын бизнес-көпір

 

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, қызығушылық тудырады

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту

 

 

БЕЙНЕТАЛДАУ

Рөлдік ойындар жазылған бейнематериалдарды талдауға мүмкіндік беретін әдіс. Талдау, яғни қадағаланатын мінез-құлық реакцияларын салыстыру және себеп-салдарлық байланысты анықтау. Бұл ойынға қатысушыларға «осы мезетте және осы жерде» жағдайында өзін сырттай бақылауға мүмкіндік беретін, тренер мен топтың көмегімен өзінің қарым-қатынас жасаудағы мінез-құлықтарының ерекшеліктерін талдауға, күшті тұстарын және дамытуды қажет ететін тұстарын анықтауға жағдай жасайтын рөлдік ойын нәтижелерін ұжымдық талқылауға арналған әдіс. Күшті тұстары – яғни «менің қазір істей алатын нәрселерім». Дамытуды қажет ететін тұстар – яғни нені үйрену қажет.

 

Өткізілу уақыты –40 минутқа дейін.

 

Алгоритм

1. Талдау мақсаттарын белгілеу

2. Талдау критерийлерін беру

3. Бейнеүзіндіні қарау (тең интервалдар арқылы үзілістер)

4. Топқа қойылатын сұрақ – қадағалау критерийлері бойынша талқылау

5. Түйіндеу, шешім (тақтаға жазуға болады)

6. 3-5-тармақтарды қайталау

7. Жалпы қорытынды және одан әрі жасалатын әрекеттерге логикалық көпір

 

Топ қарқынына әсері – қадағалаушыларды қызықтырады, талқылау соңына қарай күш-қуат төмендейді, тыңдаушылар шаршайды. Дегенмен БҚ мен ҚҚ (рөлдік ойынның белсенді және қосалқы қатысушылары) күйзелісте болуы мүмкін.

 

Тақырыптық модульдегі орны – кері байланыс

 

КЕЙСТЕР ӘДІСІ

 

Тыңдаушылардың өмірлік жағдайларына ұқсас оқиғаларды ойын жағдайында модельдеу есебінен барлық тыңдаушылардың белсенді қатысуға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін оқыту кеңістігін ұйымдастырудың ерекше әдісі.

Бұл әдісті өткізу үшін тренер қажетті ақпарат қамтылған нұсқау жазылған үлестірме материал дайындауы тиіс. Әркелкі жағдайларды көрсететін және әсердің түрлі заңдылықтарын ашатын көптеген кейс табуға болады.

 

Өткізілу уақыты – 10-15 минут.

 

Алгоритм

1. Қағазға жазылған нұсқау

2. Топтық жұмыс

3. Нәтижелерді дұрыс шешіммен салыстыру

4. Қорытынды

 

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, топ күш-қуатын көтереді. Күш-қуатын бақылау қиынға соғуы мүмкін.

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту, тәжірибе

 

СЕРГІТУ

 

Әдістің басқаша атауы – психогимнастикалық жаттығу.

Бұл әр тыңдаушыға белсенділік танытуға мүмкіндік беретін және топ қарқынын басқаруға бағытталған қысқа уақытты жаттығулар. Әдетте сергіту тыңдаушылардың психологиялық-физикалық жағдайларын өзгерту үшін қолданылады.

Сергіту тренерге:

· Берілетін материалға тыңдаушылар назарын арттыруға;

· Шиеленістерді жоюға, шаршағанды басуға;

· Топтық ауызбіршілікті арттыруға;

· Тыңдаушылардың бұлшықеттерін, сондай-ақ зейінін, есте сақтау қабілетін және шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сергітудің мақсаты:

А – байланыс орнату; тыңдаушыларды оқуға қызықтыру, жұмысқа уәждеу, белсенді болу ниеттерін ояту.

Ә – қызығушылық ояту; жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау.

Б – зейінді басқа затқа аудару; сілку, ұйқыдан ояту, энергияны асқазаннан басқа аудару, шашыраңқы назардан әлденеге шоғырланған назарға өтуге көмектесу.

В – шиеленісті жою; топты біріктіру, топтық өзара қарым-қатынасты қолдау, өзара көмек, күні бойы жиналған шиеленіс пен шаршауды басу.

Г – эмоциялық тұрғыдан жағымды қабылдау; жағымды кері байланыс ұсыну, курс бойында алынған материалды бекіту, біріктіру, қолдау, ұйымдастыру.

Өткізілу уақыты - 3-10 минут.

Алгоритм

1. Кеңістікті ұйымдастыру

2. Көрсете отырып нұсқау беру

3. Ойын

4. Ойынды тоқтату

5. Одан әрі жасалатын әрекеттерге логикалық көпір

 

Топ қарқынына әсері – бүкіл топты алдағы іс-шараларға дайындайды.

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту

СОЦИОМЕТРИЯ

 

Адамдардың шағын топтары ішінде болып жататын түрлі үдерістерді өлшеу әдісі.

Адамдар тобы өзіндік ерекше болғандықтан, оқыту белсенді және өзекті болуы үшін тренердің өз жадынан ой шығару, сабақтың нақты үдерістерін түрлендіру қабілетінің болуы аса маңызды.

Бұл әдісті қолдана отырып, тренер не бары 10 минуттың ішінде тыңдаушылар уәждеріне, олардың оқуға дайындығына, сондай-ақ сабақтар тақырыптары бойынша құзыреттіліктеріне қарай тез бағыт ала алады, сонымен қатар кімнің сарапшылар рөліне, ал кімнің көшбасшылар рөліне ниет білдіретінін анықтай алады. Сондай-ақ социометрияның көмегімен тақырыптық модульден кейін алынған білімнің меңгерілу деңгейін өлшеуге болады. Социометрияның кейбір түрлері диагностика жасауға мүмкіндік беріп қоймай, егер топта оқыту үшін қолайсыз үдерістер жүретін болса, «ем» жасауға септігін тигізеді. Социометрияның тыңдаушылар сезімдерін теңестіруге, топтық оқыту үшін жағдай жасауға немесе топқа нәтижелі оқыту үшін маңызды құндылықтарды әкелуге мүмкіншілігі бар.

 

Өткізілу уақыты 5-тен 15 минутқа дейін.

 

Алгоритм

1. Нұсқама

2. Нысандардың бірі бойынша жұмыс

3. Шешімдер

Социометрияның келесі үлгілері қолданылады: шкала, координаттар жүйесі, дарақ, медальдар, сурет, шеберлер қаласы

 

Топ қарқынына әсері – топ күш-қуатын көтеріп, теңестіреді

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту және кері байланыс

 

 

ШАҒЫН ДӘРІС

Тыңдаушыларға алдағы уақытта тәжірибелік іс-әрекетте қолданылатын жаңа ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын әдіс.

Шағын дәріс барысында мұғалімнің айтқанының бәрі де шындық деген жағымды ұстаным қалыптастырылады. Шағын дәріс барысында материал тыңдаушы алған ақпаратты пайдаланғысы келетіндей етіп беріледі. Өздерінің жаңа ғана естігендерін іс жүзінде қолданғылары келеді. Тыңдаушылар келесі кезеңге – шағын дәрістерден кейін болатын тәжірибелік жаттығуларға дайын болғандықтан, тәжірибелік дағдыларды пысықтай алады.

 

Өткізілу уақыты – 5-тен 15 минутқа дейін.

Алгоритм

1. Тақырыпты атау

2. Топқа назар аудару

3. Ақпаратты кезең-кезеңмен сипаттау. Дәлел келтіру. Қажет жағдайда қарсы тұру

4. Үндеуді пайдалану

5. Түйіндеу

6. Бүкіл топ болып қорытынды шығару

 

Материалды мазмұндау барысында келесі әдістер қолданылады: өтпелі құрылым – сатылы, хронологиялық, шоғырландырылған; жергілікті құрылым – индукциялық, дедукциялық, традукциялық (аналогия бойынша)

 

Топ қарқынына әсері – ақпараттандырады, уәждейді

 

Тақырыптық модульдегі орны – ақпарат

 

 

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖАТТЫҒУ

Тақырыптық жаттығу – тыңдаушылардың жаңа дағдыларды жеке-жеке пысықтауына бағытталған белгілі бір түрде ұйымдастырылған жаттығу.

Әрбір тақырыптық жаттығуда мыналар бар:

· Тренер жаттығу міндетін және барысын түсіндіретін нұсқау.

· Әр тыңдаушының өз бетінше жұмысы.

· Әр оқушы басқа тыңдаушылардың әрекеттерін қадағалайды, бұл пікір білдіріп, қорытындылармен алмасып, қателерді қалай тез түзетуге және тапсырманы дәл орындауға болатынын меңгеруге мүмкіндік береді.

· Тренердің басшылығымен тыңдаушылардың өз нәтижелерін бақылауы.

· Жаттығу соңында тренер топта болған жайттың бәрін түйіндейді де, бұның тыңдаушылардың күнделікті қызметінде қай жағдайда және қалай орын алатынына тағы бір тоқталады.

· Тренер жаттығу орындауды қашан тоқтату керектігін өзі хабарлайды.

 

Тақырыптық жаттығуды ұйымдастырудың бірнеше үлгісі бар: үйде дайындау, доп, командалар жарысы, таныстырылым, «ара», «әткеншек», «үштіктер», «қуырылған жұмыртқа».

 

Өткізілу уақыты – 25 минут.

 

Алгоритм

1. Нұсқау

2. Кеңістікті үлгі бойынша ұйымдастыру

3. Топтық жұмыс

4. Кері байланыс

5. Қорытынды

 

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, топ күш-жігерін арттырады

 

Тақырыптық модульдегі орны - тәжірибе

 

МИҒА ШАБУЫЛ

Әр тыңдаушыны шығармашылық тұрғыдан ойлануға ынталандыратын, жаңа идея тудыруға бағытталған топтық жұмыстың арнайы әдісі.

 

Өткізілу уақыты- 5-тен 20 минутқа дейін.

 

Алгоритм

1. Тапсырма беру

2. Бірінші кезең – идея туындату. Тақырыпқа қатысты идея мен ұсыныстарды барынша көп жинау. Бұл кезде ұсыныстарды талқылауға, сынауға және жоққа шығаруға жол берілмейді.

3. Екінші кезең – идеяларды талдау. Айтылған идеялар мен ұсыныстарды жіктеп, көрінеу іске асырылмайтын шешімдерді алып тастап, іріктелген шешімдерді іске асыру жолдарын пысықтау, бұл шешімдерді іске асыру үшін қажетті құралдарды анықтау.

4. Үшінші кезең – таныстыруға дайындық. Ватман, маркер және басқа да көрнекі құралдарды пайдалану арқылы баяндама жасауға дайындалу керек.

5. Төртінші кезең – таныстырылым. Идеяларды барлық тыңдаушылар түсінетіндей және қабылдайтындай етіп жеткізу.

6. Туындаған сұрақтарға жауап беру.

 

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, жұмыс соңында күш-қуат төмендейді

 

Тақырыптық модульдегі орны – тәжірибе

 

МОДЕРАЦИЯ

Барлық тыңдаушы бірдей түсінетін және қабылдайтын, бірыңғай критерийлері бар жаңа ұғымды топ болып өндіруге мүмкіндік беретін әдіс. Негізгі ұғымдарды түсіну және қабылдау арасындағы қайшылықтарды жою үшін тренер модерацияны қолданады. Модерация әдетте сыртқы бақылаушыға көрінбейтін ойлау үдерістерін көрнекі етіп, сырттан бақылауға болатындай етеді. Сондай-ақ модерация уақытпен тежелген ойлау үдерісін жайып, тізбектелген кезеңдер түрінде беруге мүмкіндік береді, ал бұның оқыту үшін маңызы зор.

 

Өткізілу уақыты –45 минутқа дейін.

Алгоритм

1. Жағдайға бойлау

2. Топтарға бөлу

3. Карточкалар мен нұсқау

4. Топтық жұмыс 10 мин.

5. Карточкаларды есептеу, жеңімпаздарды анықтау

6. Таныстырылым туралы нұсқау

7. Командалар таныстырылымы

8. Тренердің жіктемесі

9. Қорытынды

 

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, жұмыс соңында күш-қуат төмендейді

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту, ақпарат, тәжірибе

 

 

КИНОМЕТАФОРА

Зерделеудің неғұрлым маңызды тұстарын көрсететін кино үзіндінің ашықтығы және көрнекілігі есебінен топты талқылау/зерделеу тақырыбына қызықтыратын топтық жұмыс әдісі. Кинометафора белгілі бір мақсатта киноүзінді қарап, кейіннен оны талқылауды–талдауды көздейді.

 

Өткізілу уақыты – 10-15 минут.

 

Алгоритм

1. Кино қаралатын кеңістікті ұйымдастыру.

2. Тақырып – тапсырма. Қарау және талқылау туралы нұсқау.

3. Киноны қарау.

4. Үзіндіні талдау. Талдау келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

· ортақ ортада;

· модерация көмегімен;

· Ватман, маркерлермен командалар жұмысын ұйымдастыру және спикердің топтық шешімді хабарлауы.

5. Келесі жаттығуға логикалық көпір.

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, топтың күш-қуатын көтереді

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту, ақпарат, тәжірибе

 

 

ТЕСТ

Тыңдаушылардың келесі сабақ тақырыбына қызығушылығын арттыратын және тыңдаушыларға өздерін зерттеуге көмектесетін әдіс. Мақсатына қарай тестілер ауыспалы (тыңдаушылардың ақпаратты қабылдауда икемді болуына мүмкіндік береді) немесе диагностикалық (белгілі бір білімді, белгілі бір дағдылардың бар екенін диагностикалауға мүмкіндік береді) болуы мүмкін.

Ауыспалы тестілердің бір тыңдаушыға бір рет қана жүргізілетіндігін оның әлсіз жағы деуге болады. Себебі екінші ретте қатысушылар дұрыс жауапты білетін болғандықтан, оларға қызықсыз болып қалады.

Диагностикалық тестілермен жаңа тақырыпты үйренуді бастауға, сондай-ақ кілтті талдау арқылы ақпарат жеткізуге, сондай-ақ жаңа дағдыларды қалыптастыруға жаттығуға болады.

 

Өткізілу уақыты – 5-15 минут.

Алгоритм

1. Ынталандыру материалын беру

2. Тренер нұсқауы бойынша өз бетінше тест толтыру

3. Тренер нұсқауы бойынша өз бетінше кілттер бойынша талдау

4. Қорытынды

 

Топ қарқынына әсері – қызықтырады, проблемаларды ашады, топтың күш-қуатын көтереді.

 

Тақырыптық модульдегі орны – зейінді күшейту, ақпарат, тәжірибе



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Броколі з куркою. Страви з броколі. Рецепти з броколі | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 942 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

819 - | 739 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.