1. Ритм дегеніміз не?
2. Ритмді қай жерлерде кездестіруге болады?
3. Метр дегеніміз не?
4. Ритмнің қандай түрлерін білесіз?
5.Киімде ритм қалай кездеседі?
Практикалық жұмыс №11
Стильдеу және трансформалау прнциптері. Сәндік трансформалаудың принциптері және өсімдік пен жануар әлемінің пішіндерінің стильдеуі.
Мақсаты: Костюмді композициялаудағы образды бейнелеуде, қазіргі заман костюм үлгілерін модельдеуде шығармашылықтың бастауы жәнеөсімдік пен жануар әлемінің пішіндерінің стильдеуі.
Жұмысқа тапсырма.
1.1.1.Теориялық бөлімін оқып шығу.
11.1.2. Бейнеленген суреттердегі шығармашылық мотивтердің шығу тегін анықтау
1.1.3 Жеке бөліктерімен бөлшектерінің көлемін өзгерту арқылы осы мотивтерді қолдана отырып киім формасын жасау (3- эскиз салу).
1.1.4 Бақылау сұрақтарына дайындалу.
Теориялық бөлім.
Адам араласып жүрген сыртқы дүние заттары сезім мүшелеріне, көру мүшесіне құралсыз әсер етеді.
Мысалы, көктемгі немесе күзгі пейзажды тамашалаған адам эмоциялық құрылымы әсерінен ондағы өмірді әлемді, форманы, түсті үйлесімділікті қабылдайды. Бұл байланыс арқылы эмоциональды образды бейнелеу, мысалы, «көркем түс», «күз түсі», «суық», «жылы», «жеңіл», «ауыр» түстер және т.б. пайда болады.
Өнердің кез-келген түрін жасағанд, әсіресе костюмде киімнің кейіптілігі 2 түрде пайда болады.
1.Костюм өз алдына жеке объект болып, өзінің мазмұнын және объект мақсатын ашып көрсетсе, костюм формасы мен жеке көркемдік кейіптерді айқындаса, яғни киім формасымен мазмұны адамға әсер етсе киімнің кейіптілігі айқындалады.
2.Костюм адаммен бірге болып, архитектониканың арқасында бір-біріне сай келіп, өзінің көркемдік кейіпін және формасы мен адамныңсұлулығын айқындап көрсетеді. Бірнші жағдайда костюм үлкен роль атқарады.Арнайы жеке көркемдік кейіпті көрсетеді.
Карновал костюмдерінің айқындайтын образдары, костюмді киген адамды басқа кейіпке келтіреді. Сонымен қатар белгілі бір мотивті айқындау үшін мысалы, гүлдің, көбелектің, жануарлардың, кейіпін келтіреді. Эстрадалық костюмдер белгілі бір образды мәнерлеу үшін актрисаға көмектеседі. Әрі орындалатын шығарманы, номерді, атракционның мәнін көрерменге жеткізу үшін пайдаланылады. Форма және униформа костюмдері де осындай мақсатта қолданылады.
Екінші жағдайда костюм адаммен бірге және оның дене формасымен тығыз байланыста болып, көркемдік образ құрайды. Адамның кейіпіне байланысты, оның сыртқы ерекшеліктерін, атқаратын ролін және қоршаған ортаға байланысты қайта жобалайды. Мұнда костюм адамға тәуелді болуынескереді. Костюмнің ондай түрлеріне тұрмыстық киім, үй киімі, күнделікті киім,сәнді киім, серуенге, жұмысқа спортқа, арналған және арнайы костюдер жатады. Белгілі бір мотивтің жеке кейіпкердің шешімін табу үшін костюм формасының элементтерінің жиынтығын құрастыру керек. Көркемдік тұлға мен ойды құрастыру үшін мотив немесе мотивтер қажет. Суретшінің творчестволық жұмыс істеуі үшін шығармашылық мотивтердің шығу тегі мыналар болуы мүмкін:
1. Табиғат кейіптері (гүл үйлесімдері, форма, қозғалыс, адамның өзі)(24-сурет)
2. Сәндік өнер
3. Халық шығармашылығы мен халық костюмінің маталары, керамика үлгілері.
4. Көріністер мен оқиғалар, құбылыстар.
5. Мәдени үлгілер мен шет мемлекеттер мәдени үлгілері.
6. Өндіріс орындары шығарған жаңа материалдар.
7. Суретшінің жеке сезімі мен күйзелуі.
Осы творчестволық мотивтердің шығу тегі бізді қоршап отырғант шындықтан туындайды. Костюмді композициялаудағы образды бейнелеуде, қазіргі заман костюм үлгілерін модельдеуде шығармашылықтың бастауы: а) сәулет өнері; ә) сұңғат өнері; б) музыка мен би өнері; в) табиғат көріністері; г) ұлттық костюм мен қазіргі заман киім үлгілері болуы мүмкін.
Образды шығармашылық негізде қазіргі заман киім үлгісіне айналдыру қағидасын басшылыққа ала отырып киім үлгілерін модельдеуге болады.
Ажетті құралдар.
Альбом, су-бояу, қылқалам, қара қалам, өшіргіш, журналдар мен суреттер, эскиздер.