Лекции.Орг


Поиск:




Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.




Бағалы қағаздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жүмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын женілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде етіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қагаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы кағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардын номиналдық (номиналдық құн - бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның катысушыларына белгіленгсн талаптар сакталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мек брокерлер жүргізеді.

Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын күәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеледі. Бағалы қағаздарды мемлекет те, корпорациялар да шығара алады. Оларды «жалған» капитал дейді, оның нақтыдан айырмашылығы өндіріске салынады және қызмет жасайды. Жалған капитал өзіндік өмір сүреді. Бағалы қағаздар нақты капиталдың қағазды дубликаты ретінде ұсынылады.
Баѓалы ќаѓаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы ќаѓаздарѓа акциялар, облигациялар, вексельдер, аќша чектері жатады. Иеленушілеріне заттыќ ќұќыќтарды, меншік ќұќыќтарын бекітіп беретін тауарлай баѓалы ќаѓаздарѓа коносаменттер, ќойма куәліктері жатады. Баѓалы ќаѓаздарѓа банк кредитін алѓандыѓын растайтын ќұжаттар, борышќорлыќ ќолхаттар, өсиетхат, лотерея билеттері, саќтыќ полистері жатпайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айнамылына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі. Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР-ы 1997-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сай жүргізіледі.белгілердің жиынтығы. Бағалы кағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі : 1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігінен үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды. 2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды түлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді: Қазыналык немесе үкімет атынан Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді кағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы камтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері - қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады. Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады. Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым қүжаты), чектер және бүлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері. Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар. 3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатылуға түседі. Оларды шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады.

 

 

37. Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, осы сауда саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және коммерциялық емес ұйым болып табылады.Қор биржасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуға тиіс.Қор биржасының мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Қор биржасының мақсаты: бағалы қағ/н сауда жасау үшін көпшілікке қолайлы жағдай жасау, б.қ/ға ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын салушы жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің ж/е биржа мүшелерінің мүддесін қорғау. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:1)Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;2)Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;3)Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру;4)Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу;5)Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;6)Өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де

қызметтер көрсету;7)Бағалы қағаздар нарығы және өзге де қаржы құралдары мәселелері

бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;8)Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру;9)Қор биржасындағы сауда саттықты тоқтата тұрудың және қайта

бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;

Қор биржасының мүшелері: Брокер, диллер, джоббер.Қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды. Қор биржаларының мәмiлеге қатысушыларын, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екiге бөледi. Аюдың әдетi – табанымен таптау. Ал бұқа деп атау – жағымсыздық әдетi – қарсыласты мүйiзiне iлу. Сонымен,биржада ойыншылар – “аю” бағалы қағаз курсының төмендеуiне, ал “бұқа” оның жоғарылауына iс-әрекет жасап ойнайды.

Қазақстандағы қор биржасы KASE тің айналыс объектілері ретінде келесі активтер танылады:

- Отандық мемлекеттік бағалы қағаздар;

- Эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздар;

- Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалық қағаздары;

- ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР да айналысуға құқықтары бар шетел эмитенттердің бағалы қағаздары;

- Базалық активтері KASE айналысатын туынды бағалы қағаздар;

- Шетел валюталары.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-17; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2586 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

831 - | 692 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.