Лекции.Орг


Поиск:




СКЕРИ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» пәнінен




ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Нер» факультеті

Дене мәдениеті» кафедрасы

СКЕРИ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» пәнінен

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

 

5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»

Түркістан -2016

 

 

Лекция тезистер «Дене мәдениеті» кафедрасының

«01» 09.2016 ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді

 

 

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к., доцент Б.З.Абусейтов

 

Лекциялық тезистер факультеттің «02» 09. 2016ж. (хаттама №1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

 

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., доцент м.а. ____________ Б.Жолдасова

 

Дайындаған: п.п.ғ., PhD докторы А.Алтынбеков

 

№1 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Әскери білім беруде информациялық технлогияларды қолданудың негізгі бағыттары»

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы,«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы,«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін

мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Ұстаздар қауымының алдында сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру; Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу; Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу маңызды.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Алғашқы әскери дайындық пәні сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

• оқушының өз бетімен жұмысы;

• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеттелген.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Сөзімді қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

• орта білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

• орта білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

2. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

4. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

• дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

• әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

• ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

• оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдануы болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – біз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.

3. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.

 

№2 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Білім беруде жаңа технология»

Оқыту үрдісіне білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру жаңа инновациялық технологияларды меңгере отырып, оны сабақтарға енгізу мұғалімдер алдындағы өзекті мәселе екені анық. Егеменді еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық мақсатын басшылыққа ала отырып, жан дүниесі таза, рухани байлығы мол, ой- өрісі жоғары деңгейде, шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық дарын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Білім және Ғылым қызметкерлерінің съезінде: «Баршаға білім беру моделінен таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деген сөзі, қазіргі заманның мұғалімдеріне нақты міндет қойып отыр. Сондықтан жеке дарын тұлға бойында таным белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру қажет, яғни жаңа педагогикалық технологияны меңгеру керек.

Арнайы әдебиеттерде В.Г. Гульчевский, В.П. Беспалько, В.Т. Фоменко, т.б. педагогикалық технологиялардың бірнеше классификациялары берілген.

Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.

Г.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:

1) Қолдану деңгейіне қарай: жалпыпедагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік.

2) Философиялық негізіне қарай: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.

3) Психикалық дамудың жетекші факторына қарай: биогендік, социогендік, психогендік.

4) Ғылыми тұжырымдамасына қарай: ассоциативті- рефлекторлық, биховиристік, гештальтехнология, дамытушылық.

5) Тұлғалық құрылымдарға бағытталғанына қарай: ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, евристикалық, қолданбалы, өзін- өзі дамытушы.

6) Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай: білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технокарттық және гумандық.

Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне қарай төмендегіше топтауға болады:

1. Тілдік өріс. Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А. Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.

2. Математикалық өріс. Бұл топқа П.М. Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б. жасаған технологияларды жатқызамыз.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технология негізіне мыналар жатады:

- Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Енді осы жаңа педагогикалық технологияларға қысқаша сипаттама берейін.

Ынтымақтастық педагогикасы. Оның негізгі мақсаты- талдап ету педагогикасынан қарым- қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мына төмендегідей:

- Мұғалім- оқушы, оқушы- мұғалім, оқушы- оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;

- Оқушының жеке басына ізгілік қарым- қатынас;

- Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсунішілік, ынтымақтастық қарым- қатынас.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты- баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. [1, 25]

Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты- оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Оның ерекшеліктері:

- Оқушының белсенділігін арттыру;

- Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

- Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

- Білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

- Барлық баланы оқыту;

- Оқытуды жеделдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- Жеке бағдарлы қарым- қатынас, ықпал;

- Ізгілік, еркімен оқыту;

- Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Жаңашыл ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова оза отырып оқыту технологиясының авторы болып саналады. Бұл технологияның негізгі мақсаты- барлық баланы табысты оқыту. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

- Оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;

- Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

- Бағдарламанаың, кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану, сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;

- Бірте- бірте дербестіке жету;

- Сыныпта қалыпты жағыдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым- қатынас;

- Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

- Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;

- Білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;

- Түсіндіруді қабылдау.

Міндетті нәтижелерге негізделген Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Ол оқушының туа біткен ақыл- ой қабілетінің жеке даму жан- жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағыдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына бастауыш сынып оқушысының таным белсенділігінің артуына үлкен ықпал етеді.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерге:

- Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

- Оқушыларға берген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;

- Білімінң базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте- бірте өрістей дамуына мүмкіндік жасауы тиіс;

- Оқушыға оқу деңгейін таңдауын ерік беруі;

- Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.

Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы.

Компьютерлерді кеңінен пайдалана бастағанда «жаңа ақпараттаушы технология» термині пайда болды. Бірақ та педагогикалық технологиялардың бәрі ақпараттаушы технологиялар, өйткені технологиялық үрдіс негізінде ақпарат және оның қозғалысы жатыр. Компьютерлік технология дегеніміз оқушыға компьютерлік техниканың мол мүмкіншілігін пайдалана отырып білім беру.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі- бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағыдай жасауы.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеті әсіресе ән- күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.

Сондықтан да менің ойымша, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды (үйрету, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.

Оған психологтардың, педагогтардың зерттеулері, бұл жастағы оқушылардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген ынталары, қызығушылықтары, сондай- ақ компьютерлік технологияның орасан зор мүмкіндіктері және бастауышта дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ғылыми- зерттеу дәлел бола алады.

Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат- оқушының жеке тұлға ретінде дамуында бұл техника мұғалім мен мектептің біртұтас жүйе ретінде белгілі бағытта дамуына мүмкіндік беруі, оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Модульдік оқытудың өзегі- оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс- әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Дамыта оқыту технологиясының авторлары: Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов.

Мақсаты:

- Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту, баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас дамытуға бағытталған. Ол дәстүрлі оқытуға балама жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін- өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағыдайлар жасалады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртим С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты- барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлану- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларынағана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастарады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат- міндеттеріне тоқталып өтейін.

Қызығушылықты ояту сатысында-бүгінгі қарастырғалы тұрған мәселе туралы оқушы не біледі, не айта алады, бұрыннан білетінін еске түсіру, ой қозғап, әсер етер кезеңі болады.

Оқушылар өз топтарында еске түсіріп, талдап, ортаға салады, осылайша шыңдалған ойлауға қадам басады.

Мағынан ажырату сатысында- нақты тақырыпты мұғалім сұрақ- жауап арқылы, өз беттерімен ойларын айтуға, тапсырмалар орындауға бағыттайды.

Ой тоғаныс сатысында- оқушы не үйренгенін қорытып, саралап, оны түсіндіру арқылы білім жинақтайды. әр топ сыни көзбен қарап, баға береді.

І сатыда: «Топтау», «Суретке қарап болжау», «Түртіп алу» (Insert)

ІІ сатыда: «Insert», «Елестету» т.б.

ІІІ сатыда: «Венн диаграммасы», «Қос шеңбер», «Ұқсастық пен даралық», «Галерея шарлау» т.б.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2. Оқушыларға ойланып – толғануға; Ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3. Әр – түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.

5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға аналдырмау.

6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 643 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

786 - | 786 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.