ылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Лекции.Орг

Поиск:


ылмыстық заңның кеңістіктегі күші




Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.

ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.

Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.

Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:

құғақ аумаққа — жер бедерінін сипатты нүктелері және сызықтары жатады;

су аумағына — Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеністігі жатады;

әуе кеңістігі аумағына — Қазақстан Республикасының құрлық және/немесе су аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.

Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.

Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігі).[4]

Шельф — аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең) және үстіңгі кеңістігі болып табылады.

Қойнау (жер қойнауы) — шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрлық және су аумағындағы кеңістік — табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының астыңғы және үстінгі қабатындағы пайдалы қазбалар, өнімдер).

ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе КР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Дипломатиялық өкілдермен және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтармен қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық қағидаттарға сүйеніп және соған сәйкес іске асырыла бастайды.

ҚК-тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммуниттеті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі делінген.

Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы — дипломатиялық иммунитет деп аталады.

Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланып, бекітілген.

Шет мемлекет өкілдерінің иммунитеті — дипломатиялық өкілдердің тұрғын-жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдердің келісімінсіз олардың тұрғын-жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды. Шет мемлекеттін Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық иммунитетке ие болған дипломатиялық өкілдері жене басына қол сұғылмаушылықты қолдана алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе ұстауға, оны сот тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке басына қол сұғылмайтындығы иммунитегін елші, өкіл, сенімді өкіл және дипломатиялық өкілдіктің/басқа да мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілі және оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері және олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылар пайдаланады. Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық жауаптылық иммунитеті құқығын олардың өздерімен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын отбасы мүшелері де пайдаланады.

Осы негіздерге сәйкес, сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық өкілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттері пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіндігін белгілейді.

ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы" з. к. б. Жарлығының 28-бабына сәйкес мұндай адамдар белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кетіріледі.

ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, шпионаждық әрекеттің жасалған орны ҚК-тің 166-бабында қарастырылған әрекеттердің біреуі болса да жасалған орын болып есептеледі; мемлекеттік құпияны құрайтын мәлімет Қазақстан аумағында ұрланып, басқа мемлекетке берілген болса да, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қазакстан Республикасынын Қылмыстық кодексі бойынша тартылады.

Егер қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, біздін елімізде аякталса, қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында жасалған деп танылады. Осы секілді қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмыс жасауға азғырушылық әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен белгіленеді.

Қылмыстық занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана шектеліп қоймайды. Ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтарына колданылатын азаматтық қағидаттармен де толықтырылады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңы төмендегілерді орнықтырды:

осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:

осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады". Осы заңның 6-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды".

Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.

Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.

Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс".[5]

 

 

Лекция

 

1- Тақырып. Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы.

 

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.

2. Қылмыстық құқықтың міндеттері.

3. Қылмыстық құқықтың қағидалары

4. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері.

5. Қылмыстық құқықтың жүйесі.

6. Қылмыстық құқық

7. Қылмыстық құқықтың басқа пәндермен байланысы.

 

Қылмыстық құқықтың түсінігі.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстың қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық құқық – бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушылық органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, согдай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істеген үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

1.Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікте, қоршаған ортаны, ҚР-ның Қонституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалады мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл міндеттерді жүзеге асру үшін осы Кодексте қылмыстың жауптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлект үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылады екенін айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтың құралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстық пен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады.

Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың заңдарды, қылмыстың институттар мен түсініктерді, нақты қылмыс құрамдарды, яғни қылмыстық құқықтық нормаларын зерттейді. Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымы ҚР қылмыстық құқық тарихи, даму кезеңдерін, шет мемлекеттердің де қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдайды. Дамыған, өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын елімізде кеңінен қолданудың ұсынатын да қылмыстық құқық ғылымы болып табылады.

Қылмыстық-құқықтың принциптер – заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыс пен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңнын құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құрылады. Оның біріншісі – Республика қылмыстық Кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.

Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы – азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. ҚР Конституциясының 14 – бабының 1 – тармағында – заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп атаған.

Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі – жауаптылықтан құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойынмен көтереді.

Қылмыстық заңнын төртінші принципі – жеке жауаптылығы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқықтың бесінші принципі – кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді.

Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттілік принципі болып табылады. Бұл принциптің мәнісі сол қылмыстың жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.

Қылмыстық құқықтағы тағы бір принцип ізгілік принципі болып табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстың заң арқылы азаматтардың жеке басын, оладың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.

Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған адамдарға да қолданады.

2- Тақырып. Қылмыстық заңның қысқаша сипаттамасы.

 

1. Қылмыстық заңның түсінігі, белгілері, маңызы.

2. Қылмыстық заңның міндеттері.

3. Қылмыстық заңның мазмұны.

4. Қылмыстық заңның

5. Қылмыстық заңның мерзімдегі күші.

6. Қылмыстық заңның кері күші.

 

Қылмыстық заң – ҚР Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстық заңнын міндеттері – бейбітшілік және адамзаттың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, коституцияның тұтастығы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық алдын алу болып табылады.

Қылмыстық заң – қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.

Қылмыстық – құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді.

1. Декларативті – яғни, қылмыстың құқықтық жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар.

2. Анықтаушы – яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар.

3. Арнаулы – яғни, нақты қылмыс құрамында және оған айқындайтын жазаға сипаттама беретін нориалар.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші Қылмыстық кодекстің 6- бабындағы, 7- бабындағы, 8-бабындағы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 6,7,8 – баптарында жүзеге асыру үшін төмендегі мынадай түсініктерді анықтап алу қажет:

1.ҚР аумағы

2.ҚР қылмыстық заңы қолданылатын жерлер мен обьектілер

3.Қылмыс істеу орны

4.Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтарының жауаптылығы.

5.Қылмыскерді ұстап беру туралы. Халықаралық шарт туралы.Қылмыстық кодекстің 6-бабының 4-бөлігінде ҚР аумағында қылмыс жасаған адамдарға, республика қылмыстық заңның ережелерінің қолдану шарты көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 4-бабында іс-әрекеттің қылмыстығы және жазалаушылығы сол іс-әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті әрекет жүзеге асырылған, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт деп саналады. Яғни, зардаптың қашан болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің уақыты болып іс-әрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай,күндер және сағаттар есепке алынады.

Қылмыстық заңды түсіндірудің мәнісі, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұны заң щығарушының заң еркіне сайма-сай етіп,ашып көрсету болып табылады. Заңды заң шығарушының еркіне сайма- сай, дәлме-дәл қолдану үшін оның мазмұнын ашыр көрсетуді қылмыстық заңды түсіндіру деп білеміз.Қылмыстық заңды түсіндіру субьектісіне, әдісіне және көлеміне қарай түсіндіруге байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.Заңды түсіндіретін субьектісіне байланыты түсіндіру – легалды, соттық, ғылыми болып бөлінеді. Заң бойынша құзіретіне сәйкес заң шығарушы органның өзінің заңға түсіндірме беруін түсіндіру дейміз. Ресми оның түсіндіру деп – заң бойынша өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзіретті органның заңға түсіндірме беруі айтылады.

 

 

3-Тақырып. Қылмыс және қылмыстық жауаптылық: түсінігі, арақатнасы.

1.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

2.Қылмыстың санаттары.

3.Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.

4.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.

5.Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық басқа жауаптылық түрлерінен айырмашылығы.

6.Қылмыс пен қылмыстық жауаптылықтың арақатнасы.

7.Қылмыстық жауаптылықтың негізі.

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екндігін анықтау және оған мәселеде қылмыстық құқықлық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Адамның мінез құлқына қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйінде болуы мүмкін.

Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша торқа бөлуді айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипатымен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптысқан. Ол біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінен сипаты мен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың обьектісі болынша санаттау. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген артықшылық берілген болып бөлшектенеді.

Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстың құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істемесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстың заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жолау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске сала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстың жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстың заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстың заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындайтынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстың заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген.

 

 

4-Тақырып. Қылмыс құрамы: түсінігі, маңызы, элементтері.

 

1.Қылмыс құрамының түсінігі.

2.Қылмысты саралаудың түсінігі мен маңызы.

3. Қылмыс құрамы және қылмысты саралау ұғымдарының арақатнасы.

4.Қылмыс құрамының түрлері.

5. Қылмыс құрамының элементтері.

6.Қылмыстың обьектісі.

7.Қылмыстың обьективті жағы.

8.Қылмыстың субьективті жағы.

9.Қылмыстың субьектісі.

Қылмыстың құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарша жатқузыға мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы.187-бап белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалатын. Ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетәнде басқа бір қылмыс болады. Себебі, бұл жерде 187-бап көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналық пен ңстеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңнын жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да ашылады. Ерекше бөлімнің баптарның диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген.

Қылмысты саралау дегеніміз – адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне тармақтарына сай келетін дәлме – дәл көрсету қажет егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңнын бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сарамалау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұсқан келтіруімен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән жайын терең зерттеп біліп, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас болған басқа қылмыстардан ажрататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабын қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамда ғана тартуға болады.

Қылмыстың құрамы – бұл қылмыстың іс-әрекет емес, тек соның нысанын сиапттайтын түрі ғана. Ол нақты қылмыстық заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер қоғамға қауіптілігін, құқыққа қайшылық, кінәлік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың құқылық – түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстың жауаптылықтың негізі болып, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажттілігінен туындайды.

Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстың қиянатынын неге бағытталған, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың обьектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

Қылмыстың субьективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субьективтік жақтың белгілеріне кінә ниет және мақсат жатады. Кінә 2 түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде көрініс табады.

Қылмыстық құқық ғылымда мұндай түрлерге бөлінеді:1-ден іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, 2-ден қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, 3-ден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдары негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары болып бөлінеді.

 

5-тақырып. Қылмыс істеу сатылары.

1. Қылмыс істеу сатылдары түсінігі;

2. Қылмысқа дайындау;

3. Қылмысқа оңталу;

4. Қылмысты аяқтау;

5. Аяқталған қылмыс және аяқталмаған қылмыс;

6. Қылмысты аяғына жеткізуден өз еркімен бас тарту.

 

Қыдмыс істеу сатылары деп қасақана істелетін кылмысқа дайындалу, оңталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оңталу және қылмысты аяқтау.

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адам ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ.

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу, не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа қыдмысқа дайындалу деп аталады (24-бап, 1-бөлігі). Заңда ауыр немесе ереукше ауыр қылмысқа дайындалуы үшін қылмыстық жауаптылық басталады деп көрсетілген (24-бап, 2-бөлігі).

Қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады:

1. дайындық іс-әрекеттерін жасау;

2. қылмысты тек тікелей қасақаналықпен істеу;

3. оның қылмыс құрамын толық орындауға дейін үзіліп қалуы;

4. қылмыстың адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істелмеуі. Дайындық әрекеттері көп жағдайларда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты болады. өзінің объективтік белгілеріне сәйкес істеуге дайындық адамның мынадай үш түрлі әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру я лайықтау немесе қасақана бір жағдайлар туғызу.

Қылмыс істеу үшін құралдар мен қару-аспаптар іздестіру дегеніміз – кез келген тәсілмен заңды немесе заңсыз жолмен осы заттарды алуды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3,4-бөліктері бойынша “Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.

Қылмыстық жауаптылықтың ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс оқталғаны үшін ғана басталады”.

Қылмыс істеуге оқталудың төрт түрлі белгісі бар:

Бірінші – іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құқылық норма диспдициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерді орындайды.

Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі – субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыс істеуге оқталудың үшінші белгісі – істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады. Яғни қылмыс құрамын орындау сатысында қылмысты әрекет амалсыздан үзіледі.

Кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі – қылмыс істеуге оқталғандықтың төртінші беогісі болып табылады.

Кінәлінің істеген іс-әрекетінде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың барлық белгілері болса, ондай қылмысты аяқталған қылмыс деп айтамыз (25-бап). Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыстық құрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс бір түрлі емес, әр түрлі болуы мүмкін. Оның әр түрлі болуы қылмыс құрамының құрылысының түрліше болуына тікелей байланысты болып, ал басқа бір қылмыстың аяқталуы сол қылмыстың объектісіне зиян келтіру қаупін туғызған жағдайда жүзеге асырылады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған уақыттан бастап қылмыс құрамының аяқталғанын білдіреді. Сол себепті де қылмыстың аяқталуы барлық уақытта да белгілі бір қылмыс құрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады.

Адамның дайындау іс-әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағыттаған дайындалу іс-әрекетінің тоқтауы, не іс-әрекетті тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс.

 

6-тақырып. Қылмысқа қатысу: түсінігі, нысандары мен түрлері.

1.Қылмысқа қатысудың түсінігі.

2. Қылмысқа қатысудың түрлері.

3. Қылмысқа қатысудың нысандары.

4. Қылмысқа қатысушылардың түсінігі мен түрлері.

5.Қылмысқа жанасудың түсінігі, түрлері.

6. «Қылмысқа қатысу» және «қылмысқа жанасу» ұғымдарының арақатнасы.

1.Қылмыс – бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатусыдың өзіндік обьективтік және субьективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың обьективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан көп адамдардың қатысуы болып табылады. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Обьективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп, оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет.

2.Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.

Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп атаймыз.Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың обьективтік жағының белгілерінің басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың обьективтік жағының бір бөлігін орныдауға ғана қатысуын айтамыз.

3. Қатысудың қатысу нысанының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала сөз байласып, келісіп қылсыты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың обьективтік жағын құрайтын әрекеттерді орындағанға дейін басқа бір адаммен болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын ала келісіп істеуінің белгілері: біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны екіден кем болмайды; екіншіден, олапдың қылмыс істеу туралы келісімі қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады. Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластыққа тән өзіндік белгілердің бірі қылмысқа өзара алдын ала келісушілерінің ең жоғары дәрежеде болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым екендігіне байланысты.

4.Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұдай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсының ерекшелектерін еске алу үшін маңызы өте зор. Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-тің 28-бабында көрсетілген.

Орындаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың тікелей орындаушысы болады.

Ұйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. Ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстық топ, қылмысты ұйым құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар обьективтік жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асыруына жоспар жасау, қылмысқа қатысушылардың арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді.

Айдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Айдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әр түрлі әдіспен қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдығына жігер береді. Айдап салушы қылмысты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыс жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыс істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тағы басқа сан түрлі болуы мүмкін. Қылмыс істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы мүмкін. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмысты жасауға деген жігерін қоздырып, соны істеуге деген бекл байлағандыққа итермелеу керек.

Көмектесуші. Кеңестермен, нұсқаулармен, ақпарат, қылмысты жасайтын немесе құралдар беруімен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осныдай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады. Көмектесушінің қылмысты орындаушылардан өзгешілдігі – сол қылмысқа көмектесу әр уақытта да орындаушының қылмысты іс-әрекетті істеуінің алдын алады. Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеугше көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады.

 

Тақырып №7

Қылмыстың көптігі: түсінігі мен түрлері.

1. Қылмыс көптігінің түсінігі

2. Қылмыстың көптігі мен жеке қылмыстың ара-қатынасы

3. Қылмыс көптігінің түрлері

4. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы

5. Қылмыстың жиынтығы

6. Қылмыстың қайталануы

 

1. Бір адамның бір немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз. Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әректеін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Күрделі құрам деп екі немес одан да көп іс-әректтерден құраплатын, оның әрқайсысының бірінен бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз. Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндіеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немес әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы болып табылады. Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталғын ұқсас қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз.

2. Іс-әрекеттің құрылуына қарай қылмыстық құқық қылмыстардың көптігін үш нысанға бөледі. Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді. Бірнеше мәрте джасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан, кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қыдмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін. Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы деп адамның ұқсас немесе біртектес қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады. Біртектес қылмыстар деп объективтік, субъектитік белгілері ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге қылмыстың қол сұғатын қылмыстарды айтамыз. Үнемі жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасаған қылмысқа жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір қылмыс құрамдарының қажетті белгісі болуы мүмкін.





Дата добавления: 2016-12-17; просмотров: 1328 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.04 с.