Лекции.Орг


Поиск:




Лекция. Тақырыбы: Жалпы әскери ұрыстың негіздері, маңызы, сипаттамасы




Лекция жоспары:

1.Қазіргі жалпы әскери ұрыс.

2. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдары.

3. Қазіргі жалпыәскерлік ұрыс жүргізудің өзіндік белгілері

4. Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принцитері.

5. Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлері және оның қысқаша мінездемесі

Лекция мақсаты: Студенттерді қазіргі заманғы ұрыстың негіздерімен және қазіргі заманғы соғыстың негізгі принциптерімен таныстыру.

Лекция мәтіні: 1. Қазіргі жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мәнінде оның мағынасын түсіну қажет. Ең бастысы, қарулы күрес процестерін және басқа құбылыстардың, оның ішінде өткен соғыстарды, жүргізілген ұрыстардың айырмашылығын білу. Ұрыстың мәніне, оның ішкі мазмұны қойылған, құрамды бөліктер мен элементтердің біртұтас бірлігін көрсетеді.

50-жылдары бірқатар мемлекеттерде қарумен жарақтануда ядролық қаруды, ракеталарды қабылдағаннан кейін жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мазмұны біршама өзгерді. Ол бұрынғыға қарағанда шұғыл, мәнерлі болып; оның кеңістігі, өрісі бірнеше есе артты. Жеке құрамалардың моральдық-психологиялық және дене шынықтыру сапасына қойылатын талаптар біршама көтерілді. Әскерлердің техникамен, қарумен жоғарғы деңгейде жарақтандырылуы, күштер мен құралдардың өзара әрекетін ұйымдастыруға, ұрысқа қатысушыларға, оны басқаруға талаптарды көтерді (күшейтті).

Ұрыс барлық әскерлердің бірлескен күшімен, танктерде, әскери машиналарды, артиллерияны, минометтерді, танкіге қарсы қолданатын ракеталармен және қорғанысына қарсы қолданатын құралдармен, ұшақ, тікұшақты және әскери техниканы, қаруларды қолданумен жүргізіледі. Қазіргі жалпы әскери ұрыс әскерлерден жоюға арналған барлық құралдарды, әскери және арнаулы техниканы шебер қолдануды, жоғарғы ұйымшылдықты, әрекеттілікті, барлық моральдың және дене күшін, жеңіске деген жігермен, темірдей тәртіптің және жауынгерлік ұйымшылдықпен әрекет ету талап етеді.

Қазіргі, жалпы әскерлік ұрыс ядролық қару жарақты және басқа жоятын құралдарды, сонымен қатар тек жай қаруларды қолданып жүргізілуі мүмкін.

2. Қазіргі ұрыстың күші мен құралдары – бұл жеке құрама және бөлімшелер, бөлімдердің және құрамалардың ұрыс жүргізуге оны қамтамасыз етуге арналған қаруы.

Ұрыс жүргізудің мәні мен тәсілі басты жағдайда оның материалдық негізіне, яғни қарулы күресте қолданылатын қаруға әскери техникаға және адамдарға байланысты.

Ұрыс жүргізудің мәніне және тәсіліне, ұрыстың екінші материалдық негізі – бұл адамдар «сарбаздық материал», олардың моральдық рухы, үлкен әсерін тигізіп өзгеріс әкеледі. Жаңа күрес құралдары, олардың орасан күші мен мүмкіндігіне қарамастан, адам оның бірінші негізі болып қалады. Онсыз кез келген жоюшы құралдар пайдаға аспайды. Ол қарулы күрес жүргізудің ешбір мәні болмайды.

Ядролық қару қарсыласты жоюдағы ең басты күшті құрал болып саналады. Қарсыластың обьектілерін ядролық қарумен жою әуе арқылы, жер үсті жер асты ядролық жарылыстарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ядролық қаруларды қолданатын жерге жеткізудің негізгі құралдары, әртүрлі мақсатта қолданылатын ракеталар, артиллерия және ұшақтар. Қатардағы қаруды артиллериямен, зенитпен, авияциялық атыс құралдарымен қолданатын, инженерлік ұрыс жабдықтары және от алғыш қоспалар барлық атыстық және соққы беретін құралдар құрайды. Қатардағы қаруды жеке түрде немесе қарсыластың адам күшін және техникасын, сол сияқты әртүрлі обьектілерді бұзу, қирату үшін ядролық қарумен қатар қолдануға болады.

3. Қазіргі жалпыәскерлік ұрыстың өзіндік белгілері болып, оның басты қасиеті және ерекшелігі түсіндіріледі. Сонымен болып өткен соғыстағы ұрыстың мәні ашылады.

Ұрыстың мәні – бұл жалпы белгілердің жиынтығы болған ұрысқа қатысы бар оның өзіне тән белгісін және еркшелігін анықтайды.

Қазіргі ұрыс шешімділігімен, жоғарғы маневрлілігімен, қуаттылығы және жеделділігімен, жағдайлардың жылдам, шұғыл өзгеруімен оларды жүргізудегі тәсілдердің әртүрлілігімен, әскери әрекеттерді жерде, әуеде кең, майданда үлкен тереңдікте жоғарғы шапшаңдықта жүргізумен ерекшеленеді.

4. Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принцитері – бұл негізгі басшылық нұсқа, жарпы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудағы басты кепілі.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принципетрі болып табылатын:

-құрамалардың, бөлімдердің және бөлімшелердің әр уақыттағы жоғарғы әскери дайындығы

-жоғарғы белсенділік, шешімділік және үздіксіз ұрыс жүргізу

- кенеттен әрекет ету.

-келіскен, бірлескен түрде әскерлердің әр түрін және арнаулы әскерді ұрыста қолдану, олардың өзара үздіксіз әрекетін ұстау.

-шешімді түрде әскердің негізгі күшін басты бағытта және керек уақытта топтастыру.

-бөлім, бөлімшілермен және атыспен маневр жасау.

-жан-жақты есепке алу және моральдық-саяси, психологиялық факторды әскери тапсырманы орындау мүддесінде қолдану

-ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету

-әскерлердің жауынгерлік қабілетін уақытында қалпына келтіру және қолдау

-қатаң және үздіксіз әскерлерді басқару, белгіленген мақсаттардың жетістігінен бас тартпау, қабылданған шешімдерді және қойылған тапсырмаларды орындау.

5. Ұрыс жүргізу әрекетінің көптүрлілігіне қарамастан, оларды негізгі және бірден байқалатын белгілеріне қарай классификациялайды. Осығын байланысты жауынгерлік әрекеттер шабуыл және қорғанысқа бөлінеді.

Шабуыл әскерлердің жауынгерлік әрекетінің негізгі түрі ретінде қарсыластарды жеңу нәтижесінде шешуші мәнге ие болады. Шабуыл күні-түні үздіксіз жүргізіледі.

Жағдайға және қойылған тапсырмаларға байланысты шабуыл қорғанушы, шабуылдаушы немесе шегінуші қарсыласқа жүргізілуі мүмкін.

-қорғанушы қарсыласқа шабуыл жасау бірден жүргізіледі немесе онымен түйісетін жағдайдан басталады

-шабуыл шабуылдаушы қарсыласқа қарсы ұрыс жүргізумен жүргізіледі

-шегінуші қарсыласқа шабуыл оның ізімен жүргізіледі

Қорғаныс әскери әрекеттердің түрі ретінде мынадай жағдайда ғана шабуыл жасау мүмкіндігі болмағанда немесе ешқандай мәні болмаса, сонымен қатар әскери күштермен құралдарды бір бағытта қолдануда үнемдеу қажеттілігі тұрғанда, басқа мәнді шабуылды қамтамасыз етуде қолданылады.

Қорғаныс алдан-ала дайындалып немесе ұрыс барысында, қарсыласпен түйісуі жоқ жағдайда немесе тікелей түйісіп тұрған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.

Өте күрделі және жиі кездесетін тәсілдердің бірі, жаумен бетпе-бет келгенде әскерлер қорғанысқа көшеді. Қарсыластардың басым күшпен жасаған қарсы шабуылын тойтару үшін басып алған шептерге және аудандарға бекіну үшін қапталдарды шабуылдаушы топтарды қамтамасыз етуге қарсы ұрыстардың нәтижесі болғанда қолданылады. Қорғаныспен түйісуге келуі, тыс жағдайда болғандағы қорғаныс басты күштердің бағыттағы ілгерілеуін шабуылға өтуге тартылуын шабуыл жасау қаралмаған жерде, шабуыл барысында екінші эшалондағы резервтердің әрекет етуінде теңіз жағалауындағы қауіпті кезеңде қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпыәскери ұрыстың мәні туралы айтып беріңіз.

2. Қазіргі ұрыстың күші мен құралдарының ұрыс жүргізудегі маңызы туралы айтып беріңіз.

3. Қазіргі жалпыәскерлік ұрыстың өзіндік белгілерін атаңыз.

4. Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принцитері туралы әңгімелеп беріңіз.

5. Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлеріне талдау жасаңыз және оның қысқаша мінездемесін беріңіз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2034 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

818 - | 738 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.