Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сыртқы және халықаралық сауда саясаты




Сыртқы сауда саясаты деп мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарына мақсатты бағытталган әсері түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

- осы мемлекетті халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілінің өзгеруі;

- экпорт пен импорт құрылымының өзгеруі;

- елді керекті ресурстармен қамтамасыз ету;

- экспорт пен импорт бағаларының қатынасының өзгерісі;

Қайсыбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы, осы елді халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілін өзгерту, ал басқа мақсаттар қысқа мерзімде жүзеге асуы мүмкін, мысалы, экспорт немесе мүмкін импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

- еркін сауда саясаты;

- протекционизм.

Еркін сауда саясатын жүргізу кезінде мемлекет сыртқы саудаға тікелей араласпайды, оның сұраныс пен ұсыныстың еркін күштері әсерінен дамуына мүмкіндік береді.

Тек қана еркін саудаға қатысушы әрбір елдің шығаратын өнім көлемін максималды дәрежеге жеткізуге мүмкіндік береді.

А.Смит өмір сүрген кездегі экономикалық ғылым сыртқы сауда қатынастарын либерализациялауды қолдаса да, тәжірибеде абсолютті еркін сауда ешқашан болмаған және болуы да мүмкін емес.

Бұл мемлекет шаруашылық қызметтің осы бағытына араласудан бас тартады дегенді білдірмейді. Әрбір елдің үкіметі тауар мен қызметтердің халықаралық ағынының қозғалыс жолына қандайда бір шектеулер қояды.

Еркін сауда саясатын жүргізу экономикасы дамыған елдерге халықаралық экономикалық айырбастан көп пайда алуға мүмкіндік береді.

Ұлттық нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғау саясатын реттеудің кедендік тарифтері мен тарифтік емес тәсілдерімен жүргізу протекционизм деп аталады. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизм кезінде әлемдік нарықта жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекелестік қабілеті әртүрлі және сондықтан да нарықтық күштердің еркін әсері аз дамыған елдер үшін тиімсіз болуы мүмкін деп түсіндірілгеннен кейін нарықтық күштердің еркін әсерлерін теріске шығарады.

Протекционизм елдегі белгілі өндіріс салаларының дамуына ықпал етеді. Аграрлы елдерде протекционизм индустриализацияның керекті жағдайы болып есептеледі. Бірақ бұл саясатты өте көп ұстау экономикалық тоқырауға әкелуі мүмкін.

Қазір еркін сауда мен протекционизмнің қайсысы жақсы деген сұрақ шешілмеген халықаралық сауда тарихында екеуінің біреуіне бет бұратын кезеңдер кездеседі.

Қазіргі заманғы протекционизм көп қырлы және тұйық. Кеден тарифтерінің орнына тарифтік емес тәсілдер кеңінен қолданылады, протекциондық әрекеттер көбінесе іріктеуші сипатта болады, яғни нақты тауарлар мен жекелеген салалардың өнімдеріне, сонымен қатар бірқатар елдерге қарсы қолданылуы мүмкін. Протекционизмнің позициясы дамушы елдер мен өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда басым.

Сыртқы сауда саясатының құралдары. Кедендік тарифтер мен тарифтік емес кедергілер. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер есептеледі.

Сыртқы сауданы реттейтін экономикалық құралға кедендік тарифтер жатады, өзінің әрекет сипатына байланысты ол сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің классикалық құралына жатады.

Кедендік тарифтер - кедендік баж салықтарының ставкасының жүйелі тізбегі. Кедендік баж салығы импорт мен экспорттың мемлекеттің шекарасынан өту кезіндегі салығы ретінде түсіндіріледі.

Осы уақытқа дейін тарифтер халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің белсенді формасы мен бюджет кірісінің маңызды тармағы болып келді. Ол тек қана импортталатын және экспортталатын тауарларға ғана емес, сонымен қатар қайсыбір елдің шекарасынан транзит арқылы өтетін тауарлардан да алынды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған тарифтер мен сауда бойынша бас келісімнің (ГАТТ) әрекеттері тарифтердің жағдайын түбегейлі өзгертті. Ең алдымен кеден тарифтерінің орташа деңгейі төмендеді. ГАТТ-қа қол қойған мемлекеттер экспорт тарифын өтпелі экономикалы елдер тәжірибесінде ғана қолданады. Бұл елдің Әлемдік сауда ұйымына (ВТО) енуіне кедергі болады.

Экспорт тарифінің көмегімен дамушы елдер шығарылатын өнім бағасын көтере отырып өздерінің кірістерінің келемдерін көтергілері келеді. Транзитті тариф те қазіргі кезде сирек кездеседі. Тұтасымен алғанда кеден тарифінің мәні төмендеуде, өйткені көптеген елдердін үкіметі халықаралық сауданы шектеуде тарифтік емес тәсілдерді қалайды.

Енді біз импорттық тариф механизмінің әсерлерін қарастырып көрейік.

Кедендік баж салықтарын белгілеудің әртүрлі тәсілдері бар, ең көп тарағаны адвалорлы тариф, ол импортталатын тауар құнынан пайыз есебінде белгіленеді. Қазіргі заманғы сауданың негізгі объектісі өңдеуші өнеркәсіптер өнімі болғандықтан адвалорлы тариф көлемі жоғары.

Бірқатар тауарлар үшін кедендік баж салығы импортталатын тауардың көлемі немесе салмақ бірлігіне қатаң сома ретінде белгіленеді. Бұл тариф ерекше деп аталады. Тарифтің бұл түрі бұрынырақта кеңінен қолданылды және әлемдік сауданың негізгі бөлігі шикізатқа тиесілі болды.

Бірқатар тауарлар үшін кедендік баж салығы адвалорлы және ерекше тарифтердің үйлесімділігі жолымен белгіленеді. Бұндай тарифті аралас деп атайды.

Тарифтерді енгізудің экономикалық салдарлары әртүрлі: ол өндіріске, тұтынуға, елдін сауда айналымы мен әл-ауқатына әсер етеді.

Экономикалық мазмұны бойынша кедендік баж салықтары төмендегіше бөлінеді:

1) Фискалды, мемлекеттік бюджеттің кірісін ұлғайтуға арналған. Фискалды баж салықтары шексіз емес, өйткені мемлекеттің кірісі бұл жағдайда белгілі тауармен сауда көлеміне тарифтік ставка туындысы ретінде анықталады.

2) Протекционистік баж салықтары ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестік қабілеті жоғары шетелдік өнімнен қорғау мақсатында белгіленеді. Олар көбінесе жекелеген салаларды индустриализациялау мен дамыту сатыларында қолданылады. Оны ұзақ пайдалану тоқырауға әкелуі мүмкін.

3) Преференциалды жарналы баждар белгілі елдерден әкелінетін бірқатар тауарлар үшін қолданылады.

4) Жеңілдікті баждар, жекелеген елдер үшін қайсыбір тауарлардың импортын ынталандыру мақсатында пайдаланылады.

5) Теңестіруші, яғни импорт тауарларының бағасын ұлттық өндіріс тауарларының бағасымен теңестіру үшін қосымша негізгі енгізу баждары.

6) Компенсациялық, олар импортталатын тауарлар өндірісі кезінде немесе экспорттаушы елдің экспорттау кезінде мемлекеттік субсидиялар берілгенде қолданылады.

7) Демпингке қарсы, өзінің кәіпкерлеріне экспорттық сыйлар берген елдердің импортына қарсы тұру үшін қолданылады.

Ішкі нарықта монопольды бағаны белгілеудегі жоғарғы импортты баж салықтары экспансиондық сипатта болуы мүмкін, өйткені ол капиталдың демпингі мен экспортына ықпал етеді.

Тарифтік емес кедергілер. Тарифтер халықаралық сауда сферасын жургізудің жалғыз тәсілі емес. Сыртқы сауда шектеулерінің басқа да түрлері бар, олар тарифтік емес кедергілер.

Тарифтік емес кедергілер әкімшілік, қаржылық, несие және басқа да шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Тарифтік емес кедергілерді үш топқа бөлуге болады:

1. Ұлттық өндірістің белгілі салаларын қорғау мақсатында импортты тікелей шектеуге бағытталған шаралар: квоталар, лицензиялар, компенсациялық алым, импорт депозиттары, демпингке қарсы және компенсациялық баж салықтары және т.б.

2. Төмендегі нәтижелерге әкелетін сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған әкімшілік сипатындағы шаралар: кедендік формальдылық техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, қаптау мен маркілеуге қойылатын талаптар және т.б.

3. Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ әрекеті көбінесе осы нәтижеге әкелетін шаралар.

Тарифтік емес кедергілерді әрекет ету механизмі бойынша жіктеу кеңінен тараған, барлық тарифттік емес кедергілер жеті категорияға бөлінеді:

- тарифті шаралар - шетелдік тауарларды әкелуде алынатын кедендік алымдар, ішкі салықтар, арнайы мақсатты алымдар;

- бағаны бақылау шаралары, ұлттық тауар өндірушілер мүддесін қорғауға бағытталған (компенсациялық және демпингке қарсы шаралар мен баж салықтары);

- қаржылық шаралар сыртқы сауданы реттеу үшін валюта операцияларын жетілдірудің ерекше тәртіптерін қарастырады;

- сандық реттеу, яғни тауарды шығару мен енгізуге сандық шектеулер қою;

- автоматты лицензиялау-тауар ағынының көлемі мен бағыттарын бақылау (мониторинг);

- мемлекеттік монополияны тұтасымен сыртқы саудаға немесе жекелеген тауарларға жүргізу;

- техникалық кедергілер, яғни импортталатын тауарлардың ұлттық стандартқа сәйкестігін бақылау.

Kвота. Импорт квотасы немесе контингент халықаралық сауданы шектеудің тарифтік емес кедергісінің ең көп тараған түрі. Ол елге импотталатын тауардың белгілі уақыт аралығындағы максималды сомасын немесе санын белгілейді.

Квоталауды үкімет органдары лицензияларды беру негізінде жүзеге асырады. Лицензия елге берілген квота шеңберінде енгізуге болатын тауардың белгілі санына рұқсат беретін құжат.

Лицензияны бөлудің ең тиімді тәсілі-ашық аукцион. Импорт квотасын конкурсты негізде сату мемлекетке кіріс әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар парақорлық пен коррупцияға жол бермейді.

Лицензняның келесі негізгі түрлері бар:

а) белгілі уақыт аралығына сәйкес тізімге ілінген тауарларды енгізу мен шығаруға рұқсат беретін автоматты немесе бас лицензия;

б) белгілі тауарды импорттау немесе экспорттау, оның санын, құнын, шығарылған елі немесе бағыты қайсыбір кездерде экспорт немесе импорт жүзеге асатын кеден бекеті көрсетілген автоматты емес немесе бір жолғы лицензия.

Халықаралық саудада денсаулықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғау кедергі болып есептелмейді, бірақ жанама түрде осы мақсаттарға пайдалануы мүмкін. Ол кезде импортталатын тауарларға ерекше техникалық талаптар қойылады, ол технологияның өзгерісі мен санның сәйкес сертификатық алумен байланысты қосымша шығындарға әкеледі. Қосымша төлемдерге әртурлі әкімшілік, кедендік, гербтік, статистикалық алымдар жатады. Олар импортпен шектеуге ықпал етеді. Олар баж салықтарын пайдалану саяси тұрғыдан тиімді болмаған жағдайда пайдаланылады және негізінен келісімді түрде болады.

Халықаралық сауда ұйымы. 1994 жылы Халықаралық сауда ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды, ол өз қызметін 1995 жылы бастады және алдыңғы шешімдерді Уругвайлық раунд шешімдерімен біріктіретін және ГАТТ-тың бақылауымен қабылданған барлық келісімдерді біріктіретін жалпы институционалды шеңберді құруды қарастырады. Өз қызметі барысында жаңа ұйым таластарды реттеу тәртібі туралы Меморандум мен сауда саясатын қайта қарау механизмін басшылыкқа алуы тиіс.

Бұл жерде ГАТТ туралы ең алдымен айта кеткен дұрыс. Тариф пен сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ) халықаралық сауданы реттеуде маңызды орынды алды. Ол қатысушы-мемлекеттер арасындағы сауда қатынастары негізделетін құқықтық нормалар жиынтығын қамтитын көп қырлы халықаралық келісімді көрсетеді. Келісімге Женева қаласында 1947 ж. 30 қарашасында қол қойылып, 1948 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

ГАТТ үш қызметті атқарды:

1. Мемлекеттің сауда саясатына әлемдік сауда тәртіптерін жасау жолымен әсер ету;

2. Сауданы либерализациялау жөніндегі келісімдер жасау форумы;

3. Таластарды реттеу.

ГАТТ-ң негізгі мақсаты халықаралық сауда қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1994 жылға дейін әлемдік сауданы одан әрі либерализациялауды және сауда кедергілерін жоюды мақсат етіп қойған сауда раундтарының 8-і өтті. Осылардың соңғысы 1986-1993 ж. өткен Уругвай раунды. Оның барысында ұйымдастыру құрылымы келісілді, келісім топтары жұмысының жоспары мен тәртібі болжанды, қатысушы-мемлекеттердің тауар шектеулерін енгізбеу туралы міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасайтын арнайы орган құрылды және қазіргі бар шектеулерді бірте-бірте алып тастау қарастырылды. Кедендік тариф, тарифтік емес кедергі, табиғи тауарлар, текстиль мен киім, ауыл шаруашылығы өнімдері, тропикалық тауарлар, субсидиялар мен компенсациялық баж салықтары, интеллектуалды меншік құқы саудасы, саудадағы қорғаныс шаралары, ГАТТ жүйесінің қызметі, ГАТТ шеңберіндегі келісімдер, таластарды шешу шаралары, қызметтер саудасы жөніндегі 15 келісім тобы құрылды.

Уругвайлық раундтың нәтижесі халықаралық көп жақты жүйесін құру және ГАТТ-ы Халықаралық сауда ұйымымен алмастыру болды.

Халықаралық сауда ұйымының басты мақсаты мемлекет мүшелердің өмір сүру деңгейін көтерудің коммерциялық және экономикалық бағыты, ол төмендегі жолмен жүзеге асырылады:

- толық жұмыспен қамту;

- тауар мен қызмет өндірісі және тауар айырбасының өсуі;

- шикізат қайнар көздерін ұзақ мерзімді даму, қоршаған ортаны қорғау мен сақтау мақсатында тиімді пайдалану;

Халықаралық сауда ұйымы келесі құрылымға ие:

1. Министр конференциясы (екі жылда бір рет)

2. Жалпы кеңес:

- келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі комитет;

- сауда саясатын қайта қарау Комитеті;

3. Көмекші органдар:

- қызмет бойынша кеңесі;

- тауар бойынша кеңес;

- интеллектуалды меншік құқығын қорғаудың сауда аспектілері бойынша кеңесі;

- сауда мен даму бойынша Комитет;

- бюджет сұрақтары бойынша Комитет.

Қазақстан Халықаралық сауда ұйымының мүшесі емес, сондықтан да басқа елдермен сауда қатынасы Халықаралық сауда ұйымының сәйкес құжаттарына негізделмеген, ол екі жақты сауда келісімдеріне негізделген.

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезендерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

Сол ғалымдардың бірі - ағылшын саяси экономиясының классигі А.Смит "Табиғатгы зерттеу және халықтың баю себептері" деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді", - деп атап көрсетті А. Смит өз еңбегінде.

А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.

Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысты тиіс екендігі.

Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандардың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.

А. Смит Франция, Португалия, Шотландиа елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.

Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.

А.Смиттің теорясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:

• біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;

• екіншден, егер табиағи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, оңда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.

• сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:

• біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірак та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес

• екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі емес, тауар айырбасының моделін қарастырады;

• үшіншіден, абсалюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінін алтернатавтік (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.

А. Смиттің "Абсатюттік артықшылық" теориясыңдағы аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын саяси экономиясының тағы бір классигі Д. Рикардо "Компаративтік (салыстырмалы) артықшылық" теориясында жоюға тырысты.

Елдер арасында айырмашылықтың болуы- Рикардо теориясының негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи - климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады.

Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді.

Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу өте тиімді болмақ. Рикардоның халықаралық сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.

Өндірістік факторлар жөніндегі ілімдерін зерттеп, 1930 жылы швед ғалымдары Бертиль Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын әрі қарай толықтырды. Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын – капитал мен өрнекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жана үлгісін қарастырады. Бұл үлгіде негізгі тұжырым төмендегідей жағдайларға әкеледі:

1) жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;

2) капитал мөлшері артық, бірақ жұмысшы күшінің шамасы аз болған елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.

Енді басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық болса, онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамасыз егілген деп есептеледі.

Егер басқа тауарлармен салыстырғанда жұмысшы күшінің шығындарының үлесі тауар құнының құрылымында көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін тауар деп есептеледі.

Xекшер - Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.

1954 жылы американдық экономист Леонтьев Хекшер -Олин теориясын іс жүзінде дәлелдеп көрсетті. Ол АҚШ-тың экспорты мен импортын зерттейді. Зерттеу құралы ретінде еңбек және капитал шығындарын қарастырады. Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар қалыптасып АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауарларды экспортқа шығарып, ал көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарларды импорттап алады.

Бұл жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше болып шықты. Осыған байланысты Леонтъев еңбегі экономикада "Леонтьевтің парадоксы" деп аталды. Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ-тың сыртқы саудасына әсер етпейтідігі анықталған.

Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарып, капиталды аз қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды. Осыған сәйкес Леонтъев өз көзқарасын ұсынады. АҚШ - та пайдаланылатын фaктоpлapдың ішіндегі өте тиімдісі — еңбек факторлары болып табылады.

Оған себеп болған нәрсе – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жана модель түсінігі - "жұмысшы күшінің біліктілігі" теориясы деп аталады.

Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын практикалық тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисті, 20-жылдардағы Жоспарлау комитетінің қызметкері, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. 1954 жылы оның сол кездегі капитал молшылығымен ерекшеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындағы еңбек пен капиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хекшер-Олин теориясын тексеруге қадам жасаған мақаласы жарық көрді. Басқа ірі елдер ішінен бұл елге екінші дүниежүзілік соғыстың орасан зардабынан жеткілікті капиталмен шығудың сәті түсті. Бұл кезде Еуропада капитал жетіспеушілігі мен жұмыс күшінің салыстырмалы аpтықшылығы байқалды. Сондықтан АҚШ капитал сыйымдылығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек шығыны көп тауарларды Шет елден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісінше немесе бұған қарама – қайшы болды да, теория

«Леонтьев парадоксы» деп аталды. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдері шет жаққа шығара бастады.

Рыбчинскийдің теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіңдегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторды қарқыңды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқадай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Бұл жағдай, мысалы, егер капитал өсімі байқалатын болса, Португалияда мауыты өндірісі кезінде қалыптасуы мүмкін.

Рыбчинский теоремасы іс жүзінде бірнеше рет дәлелдеңді. Осылайша Голандияның-«голландиялық сырқаты» индустрилизациясыздандырудың хрестоматиялық сипатына айналып үлгерді. Бұл проблема Голландияның белсенді түрде кен орнын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды. Сөйтіп, табиғи газды өндірудің өсуіне орай Голландияның өнеркәсіптік экспорты қысқара түскендей әсер қалдырды, ал жылу отынының барлық түріне (табиғи газды қоса алғанда) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны күшейте түсті. Бұл жағдай Рыбчиискийдін мына теоремасынан тарайды: жаңа сектор ресурстардың басқа саладардан неғұрлым жоғары еңбекақы мен осы сектордағы соңұрлым жоғары табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің өнімі қысқарды. Осылайша, дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтарымен қатар, ұнамсыз салдары да болуы мүмкін. Бұл, әрине сыртқы саудасаясатында еркін сауда және протекционизм тәрізді екі бірдей екенін көрсетеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.

2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.

3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.

4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с

 

 


 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2742 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2202 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.