Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Омыртқалардың сыну ерекшеліктері.




А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі, доцент

Н.А.Жуманазаров

хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы

Дәріс: №3

Тақырып: Сот-медициналық травматологияның жалпы сұрақтары.

Доғал және өткір заттардан болатын жарақаттар.

 

 

 

 

Түркістан – 2016 ж.

1.Дәріс тақырыбы: МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ СОТ-

МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТЫ

2.Дәріс жоспары: 1. Кіріспе

2. Механикалық жарақаттар туралы түсінік.

3. Механикалық жарақаттардың жіктелуі..

4. Жарақаттың адам тірі кезінде алынғандығының белгілері.

5. Қорытынды.

3.Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптамада қылмысқа тән кездесетін алуан түрлі өлім себептерін анықтау қажет. Сот-меднцина тәжірибесінде жиі кездесетін жарақаттар механикалық факторлар әсерінен алынған зақымданулар болып келеді

4.Дәрістің мазмұны: Медициналық көзқарас тұрғысынан травма немесе жарақат деп, сыртқы орта факторларының әсерінен анатомиялық бүтіндіктің бұзылуы немесе ағзалар мен тіндердің физиологиялық қызметінің бұзылуын атайды.

Сыртқы орта факторлары былай бөлінеді:

1) Физикалық факторлар:

• Механикалық факторлар (доғал және өткір заттар әсері, оқ әсері)

• Жоғары және төменгітемпература

• Электр тогы

• Сәулелі энергия

• Атмосфералық қысым әсері

2) Химиялық факторлар (улы қосылыстар әсері)

3) Биологиялық факторлар (микроб, токсиндер әсері)

4) Психикалық факторлар (стресс, қатты қорқу және т.б.).

Сот-меднцина тәжірибесінде жиі кездесетін жарақаттар механикалық факторлар әсерінен алынған зақымданулар болып келеді.

Механикалық факторлар әсерінен алынған жарақаттар - механикалық жарақаттар немесе зақымданулар деп аталады.

Барлық механикалық жарақаттар морфологиялық және функционалды болып табылады.

Морфологиялық жарақаттар - тіндердің, ағзалардың морфологиялық өзгерісімен көрінеді. Морфологиялық жарақаттар - сызат, қанталау, жаралар, сынықтар, буынның шығуы, ішкі ағзалардың жұлынып кетуі немесе ағзаның капсуласының жарыльш кетуі, ішкі ағзаларға қан құйылуы немесе дененің бөлшектенуі (қолы жұлынып кетуі және т. б.) түрінде болуы мүмкін.

Функционалды жарақаттар: жарақат әсерінен дамыған шок, бас миының, жұлынның шайқалуы, тыныстың бұзылуы және т. б. түрінде көрінуі мүмкін.

Механикалық жарақат түсіретіндер доғал заттар (қарулар, құралдар), өткір заттар (қарулар, құралдар) және оқ болып табылады.

Доғал заттар деп (дәлірек айтқанда, денеге әсер ететін беті доғал зат деп) - беті жұмыр, біртегіс немссе кедір-бұдырлы, бірақ өткір жүзі және сүйір ұшы болмайтын заттарды атайды. Доғал заттар домалақ жұмыр болуы мүмкін (жұмыртас), тегіс бетті болып қырлы жақтаулары болуы мүмкін (тақтай), цилиндр формалы болуы мүмкін. Бұл заттардың әсер ету беті шағын шектеулі түрде немесе аумағы көлемді үлкен болуы мүмкін. Егер заттың жарақаттаушы беті жарақат түсірген дене аймағынан кіші болса, оңда бұл зат шектеулі шағын бетті зат деп аталады. Егер заттың жарақаттаушы беті жарақат түскен дене аймағынан ауқымды болса, бұл зат көлемді бетті болып табылады. Заттың бетінің шағын шектеулі болуы немесе аумағы көлемді болуы салыстырмалы түрде болып келеді. Бір зат шағын бетті деп те, аумақты бетті деп те,

аталуы мүмкін. Мысалы: ені 20-25 см ұзындығы 30-35 см тақтайша адамның басына тисе, ол бастың көлемінен үлкен болғандықтан, аумағы көлемді зат болып табылады. Егер сол тақтайша адамның арқасына тисе, ол шағын көлемді зат болып табылады.

Доғал затгар денеге тиген кездс сол жердегі тіндер сокқы алады немесе бүкіл дене сілкініске ұшыруы мүмкін, тіндер сығымдалып жаншылады. Доғал заттар денеге жаңай сүйкеп тигеніне, тік бұрыш жасап тиіп тіндерді жаншып сығымдауына, сокқы беруіне байланысты-терінің ең беткейлі қабаты эпидермистен бастап барлық тері қабаттары, терең орналасқан тіндер мен ағзалар, сүйек жарақаттануы байқалады. Доғал заттардың әсерінен пайда болған морфологиялық жарақаттар сызат, қанталау, жаншылған немесе соғылған жаралар, сүйек сынықтары, буынның шығуы, ішкі ағзалардың жарақаттануы, дененің жаншылып-мыжылуы түрінде болуы мүмкін.

Сызат - доғал заттың әсерінен пайда болатын эпидермистің және шырышты қабаттардың эпителиінің бутіндігінің бұзылуы. Сызат жазылу барысында қабыршақ пайда болады. Тыртықтың тузілуі сызатқа тән емес. Сызаттың жазылуы сатылы түрде өтеді.

• алғашқы сағаттарда сызаттың түсі ашық қызыл болады. Сызаттың беті сулы болып айналасындағы зақымдалмаған тері деңгсйінен төмен орналасады;

• сосын сызаттың беті кеуіп қабыршақтанады және қоршаған зақымдалмаған тері деңгейімен деңгейлесіп, содан кейін сызат қабығы қалыңдап көтеріледі:

• уақыт өткен сайын сызаттың бетіндегі қабыршақ астында эпителизация жүреді, қабыршақ шетінен бастап, бірте-бірте түсе бастайды:

• қабыршақ түскеннен кейін біраз уақытқа дейін сызаттың орнында қызғылт дақ болады. Сосын ол дақ жойылып тері қалыпты түсіне енеді, яғни, сызат толық жазылады. Мәйітті тасымалдау кезінде, немесе басқа себептерден мәйітте де эпидермис сырылып кетуі мүмкін. Өлгсннен кейінгі пайда болған сырылу белгілері - «пергамент дақтары» деп аталады. Тірі кезінде алынған сызаттың пергамент дақтарынан айырмашылығы - сызаттың жазылу белгілерінің болуы және жұмсақ тіндерге қан құйылу.

Сызаттың сот- медициналық маңызы.

• Адамның денесіндегі сызат - механикалық күш көрсетілгендіктің нақты айғағы.

• Сызат бойынша жарақаттың алынған уақытын анықтауға болады.

• Күштің түскен орнын көрсетеді. Мысалы, қолмен буындырған кезде мойнында жарты ай тәріздсс сызат қалады.

• Жарақат түсірген зат (қару, құрал) туралы жорамал пікір айтуға болады.

• Эпидермистің жалбыршағы бойынша әсер еткен заттың бағытын білуге болады.

• Сызаттың тірі кезінде немесе өлгеннен кейін пайда болғанын анықтауға болады.

Қанталау - доғал затпен соққы берілгенде, дсне доғал затқа ұрылғанда, дене ауыр затпен жаншылғанда пайда болады. Бұл кезде қантамырлары жарылып тері астына жәнс терең жатқан тіндерге қан құйылады. Қанталаулар терең, және беткейлі болады. Терең қанталаулар механикалық әсерден кейін 2-3 күнде ғана теріде көрінуі мүмкін. Беткейлі қанталаулар соққыдан кейін 20-30 минут ішінде теріде байқалады. Қанталаудың түсінің өзгеруі гемоглобиннің төмендегі туындыларының пайда болуымен түсіндіріледі:

• тотықсызданған гемоглобин, метгемоглобин, вердгемоглобин, биливердин, билирубин

• алғашқы күндерде қанталау қою қызыл немесе көк түсті болады

• 4-7 күнде сия көк және жасыл өңді бола бастайды

• 7-10 күнде сарғыш болады

• 12-14 күнде терінің түсі қалыпты түріне енеді. Шырышты қабаттардағы қанталаулар түсін өзгсртпейді.

Механикалық әсерден пайда болған жара дегеніміз - терінің барлық қабатының, шырышты қабаттардың және терең орналасқан тіндердің зақымдануы. Доғал заттармен алынған жаралар - соғылған немесе мыжылған жаралар деп аталады.

Соғылған (мыжылған) жаралардың формалары сан алуан түрлі болып келеді: жұлдызшаланған, жарықша түрінде, доға тәрізді және т. б.. Жараның шеттері тегіс емес сырылған, жалбыраған, ісінген, қанталаған күйінде болады. Жараның түбінде оның екі қабырғасын жалғастыратын дәнекер тіннің жіпшелері болады. Жараның түбіндегі тіндер езілген, мыжылған күйінде көрінеді.

Сүйек сынықтары.

Сынықтардың формасы, көлемі әсер етуші доғал заттың сипатын (әсер ету бетінің көлемі, формасы, қырының болуы, бетінің тегіс немесе кедір-бұдырлы болуы) және әсер ету күшіне, сүйекке жанасу бұрышына тікелей байланысты.

Жалпақ сүйектер (бас күмбезі, түбі) көбінесе қатты доғал зат әсерінен майысып сығымдалудан сынады. Сүйектср сығымдап майысуға төзімдірек келеді, ал керу кезінде тез сынады.

Қыры бар доғал заттармен жалпақ сүйектерғе соққы берілсе, сол затгың қыры сүйекке еніп жарықшақтанған сынық п. б..

Көлемі шағын (әсер ету беті шағын) доғал заттармен соққы тиген кезде, көлемі шағын шектеулі сынықтар пайда болып, сүйек сынықтары бас қорабының ішіне ығысады. /1-ші сурет./ Көлемі бастан ауқымды заттармен соққы берілген ксзде, немесе бас осындай заттарға соғылған кезде, сызаттанған көптеген сынықтар пайда болады. Егер соққы күші жоғары болса, сызықты сызаттар бастың шүйде бөлігін және түбін толық қамтиды - сынық өрмекші торына ұқсас болады. Егер доғал зат бастың бір бөлігімен ғана жанасса, сызатты сынықтар сол соққы берілгсн жерден тарайды. Мыс.: соққы шүйде аймағына тисе, шүйде сүйегінің сызаттанған сынықтары арттан төбе сүйегі және бас түбі арқылы алдыға қарай бағытталады.

Жалпы соққыға, сығымдалып жаншылуға бастың шүйде бөлігі бас түбінің сүйектеріне қарағанда төзімдірек келеді.

Қабырғалардың сынуы. /2-ші суре.т./

Қабырғалар соққы әсерінсн соққы тиген жерде сынуы мүмкін. Сынықтың пайда болу механизмі: соққы тиген кезде қабырғаның сыртқы беті сығымдалып ішке қарай майысады, ал ішкі беті керіліп созылады, сондықтан сүйектің ішкі беті шытынап сынып, сынық сүйектің сыртқы бетіне тарайды. Соққы берілген жердегі сынықтар «тікелей соққыдан алынған сынық» деп аталады. Кеуде клеткасы жаншылып сығымдалған кезде, мысалы: егер горпзонтальді қалыптағы адамның төс сүйегі тұсынан ауыр зат басып жаншыса, қабырға доғасы жалпайып майысып, қабырғалар қолтық сызықтары бойымен іштен сыртқа қарай сынады. Мұндай сынықтар шалғайдағы жанама сынықтар деп аталады.

Қабырға сүйегінің екі қабаты да сынса, толық сынық болып табылады, немесе бір қабаты сынып жартылай сынық күйінде көрінеді.

Жамбас суйектсрінің сынуы барлық сынықтардың 5-10% құрайды көбінесе көлік апаты кезінде нсмесс адам биіктіктен құлағанда пайда болады.

Жамбас сүйектерінің құрылысы күрделі болуы, сынықтардың әртүрлі сипатта болуына әкеледі. /3-ші сурет./

Егер жамбас сүйектерінің алдыңғы бетінен соққы тисе, онда қасаға сүйсктерінің сынуы жиі байқалады, ал соққы бір бүйірден тисе,онда жамбас ойығы айналасы, мықын сүйегі жиі сынады.

Егер жамбас сүйектері екі жағынан қысылса, онда сынықтар көбінесе көлдснең орналасады.

Омыртқалардың сыну ерекшеліктері.

Доғал затпен алынған соққыдан көбінесе омыртқалардың көлденең жәнеқанаттәрізді өсінділері сынады. Бұл өсінділердің сынуы компрессия әсерінен де байқалады. Көлік апаты кезінде, адам дснесін ауыр заттар басыпқалған кезде, омыртқа аралық дискіердің үзілуі, мыжылуы болуы мүмкін.

Тутікті сүйектердің сынуы. /4-ші сурет./

Сүйек соққы тиген жеріндс жаншылып майысады, сүйектің екінші беті керіледі. Сынык сызаты бірінші сүйектің керілген бетінде пайда болып,иіліп майысқан бетіне қарай шытынап тарайды. Түтікті сүйектер ротацияәсерінен де сынады: егер аяқ немесс қол ауыр затпен қысылып қалып, дене өз осі бойымен айналса, түтік сүйектерде бұрамалы сынықтар пайда болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 709 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2280 - | 1986 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.