Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Машина бөлшектерінің негізгі ұғымдары.




 

Бір немесе біреше дененің қозғалысын басқа денелердің керекті қозғалысына түрлендіруге арналған денелер немесе денелер жүйесін механизм деп атаймыз.

Адамның физикалық немесе ой еңбегін жеңілдетуге немесе алмастыруға және оның өнімділігін арттыруға арналған механаизмдер немесе механизмдер үйлесімін машина деп атайды.

Мысалы: қозғалтқыш-машиналар энергияның бір түрін механикалық энергияға айналдырады, оларға электрқозғалтқыштар, іштен жану қозғалтқыштары жатады; машина-генераторлар механикалық энергияны энергияның басқа түріне айналдырады, компрессорлер, динамомашиналар жатады; ақпараттық машиналар бұл ақпаратты өңдейтін машиналар оларға, бухгалтерлік машиналар, компютер т.б. жатады.

Барлық машиналар бөлшектерден тұрадаы, олар түйіндерге біріктірілген.

Бөлшек деп құрастырылмаған машинаның бөлігін айтамыз, оларға шпонка, болт, тісті дөңгелектерді жатқызуға болады.

Түйін депбұйымның құрастырылған құрамдас бөлігі болып табылатын бірлікті айтамыз, оған муфта, редуктор, беріліс қорабы тағы басқаларын жатқызуға болады.

Машинажасауда жалпы және арнайы мақсатты бөлшектер мен түйіндер қолданылады. Жалпы мақсатты бөлшектер мен түйіндер деп барлық машиналарда кездесетін бөлшектерді айтады, яғни болттар, біліктер, тісті дөңгелектер, подшипниктер, муфталар т.б. Ал арнайы мақсатты деп тек қана жекелеген типті машиналарда кездесетін бөлшектер мен түйіндерді айтады, яғни поршеньдар, шатундар, иінді біліктер т.б. олар машина бөлшектері курсында қарастырылмайды.

Барлық жалпы мақсатты бөлшектер мен түйіндер негізгі үш топқа бөлінеді:

1. Қосылыстар. Олар өз алдына ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар болып екі топқа бөлінеді. Ажыратылатын қосылыстарға шпондық, шлицтік және бұрандалы қосылыстар жатады, ажыратылмайтын қосылыстарға пісірілген, заклепкалы қосылыстарды жатқызуға болады.

2. Айналмалы қозғалыс берілістері. Оларға тісті, червякті, бұралмалы және т.б. берілістерді жатқызуға болады.

3. Берілістерді қызметтен өткізетін бөлшектер мен түйіндер. Оларға біліктер және муфталарды жатқызуға болады.

Курстың мақсаты жалпы мақсатты бөлшкетер мен түйіндерді құрастыру мен есептеудің негіздерін оқып білу болып табылады. Бұл жағдайда материалды таңдау және оның термоөңделуі, бөлшектердің рационалды формалары, олардың технологиялығы мен жасалудың дәлдігі қарастырылады.

Бөлшектердің жұмысқабілеттілігі бірқатар критерийлермен анықталады, олар:

1. Беріктілік, яғни бөлшектің сыртқы жүктеме әсерінен пайда болатын пластикалық деформацияға не қирауға қарсы тұру қабілеті. Беріктілікке есептеген кезде мүмкін кернеулерді анықтау керек, олар көптеген факторлардан тәуелді болады (таңдалған материал, бұйымжы жасау әдісі, термоөңдеу т.б.).

2. Қатаңдық, бөлшектің жүктеме әсерінен форманың және өлшемнің өзгеруіне қарсы тұру қабілетін айтады.

3. Қажалуға төзімділік деп бөлшектің берілген жарамдылық уақытында үйкелесетін беттердің қажетті формада сақтап қалу қабілетін айтады.

4. Жылуға төзімділік деп - берілген жарамдылық уақытында берілген температураның шекті

мәндерінде конструкцияның жұмыс істеу қабілеттілігін айтады.

5. Виброорнықтылық деп резонанстан әлдеқайда алыс диапазондар режимінде бөлшектердің жұмыс істеу қабілетін айтады.

Аталған критерийлерді орындау арқылы конструкцияның сенімділігі артады. Сенімділік деп бөлшектің қажет уақыт аралығанда эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтап берілген функцияларды орындау қабілетін айтады. Құрылғы элементтері көп болған сайын оның сенімділігі төмен болады. Уақыт өтумен пайда болған сынықтар толық жұмысқа қабілітсіздіктің пайда болуына әкеледі.

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1374 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1103 - | 866 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.