Лекции.Орг


Поиск:




І. Ұйымдастыру кезеңі. · Оқу құралын тексеріп түгелдеу.




· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Тест сұрақтары
І. Ежелгі Македония қай жерге орналасқан?
а) Вавилонда
б) Римде
в) Балқан түбегінде
ІІ. Македония жерінде өмір сүрген тайпаларды ата?
а) гректер
б) фракийліктер
в) парсылар
ІІІ. Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері
а) Дарий
б) Перикл
в) ІІ Филипп
ІV. Македондықтардың әскери сап жүйесі қалай аталды?
а) фаланга
б) триба
в) курия
V.ІІ Филипптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы қай жылы жүзеге асты?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 356 ж
в) б.з.б. 334 ж
VI. Грек – македон әскерлері қай жылы Кіші Азия жеріне енді?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 356 ж
в) б.з.б. 334 ж
VII. Б.з.б.333 жылы парсылар мен македондықтар арасындағы шайқас қай жерде болды?
а) Исса қаласының түбінде
б) Граник өзенінің жағасы
в) Гавгамелы елді мекені түбінде

VIII.Александр Македонский Египетке қай жылы жорыққа шықты?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 356 ж
в) б.з.б. 332 ж
IX. Александр Македонский қай жылы Үндістанның солтүстік бөлігін жаулап алды?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 328 ж
в) б.з.б. 332 ж
X. Б.з.б. 325 жылы Александр Македонский қай қаланы астана деп жариялады?
а) Вавилон
б) Александрия
в) Библ
Дұрыс жауабы:
1-в, 2-б, 3-в, 4-а, 5-б, 6-в, 7-а, 8-в, 9-б, 10-а

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Республикалқ құрылыстың орнауы.

2) Жаулап алушылық соғыстары.

3) Римдік және провинциялық ақсүйектері.

4) Әлеуметтік топтар.

III.Жаңа сабақ.

Ежелгі Рим мемлекеті Жерорта
теңізіндегі Апенин түбегінде қалыптасты. Аңыз бойыншы оның алғашқы патшасы Ромул
болды. Патшалық дәуір б.з.б. 753-509 жылдары қамтыды. Тарквиний Римнің соңғы
патшасы болды.

Тарквинийді отбасымен елден қуып жіберді. Римдіктер енді ешқашан патша сайламауды ұйғарады. Римді республика деп жариялайды.

Рим республикасы белгілі бір мерзімге сайланған адамдар басқаратын мемлекетке айналды. Рим республикасы б.з.б. 509-27 жылдары өмір сүрді. Бұл Рим тарихының 2ші- республикалық құрлыстың орнаған дәуірі болды.

Рим республикасының мемлекеттік құрлысы қалыптасып, оның билік орындарына халық жиналыстары, магистратуралар, сенат басшылық етті.

 

Халық жиналыстың 3 түрі
курия - ру бірлестіктерінің жиналысы
триба - Азаматтардың дауыс беру жиналысы
центуриат - Патрицийлер мен плебейлердің (сырттан келген адамдар) жиналысы
отбасы қатынастарын шешіп отырды
жоғары лауазымды қызмет мәселелерін шешті
заң-жоба талқылау, төменгі қызмет адамдарын сайлау т.б. мәселер шешілді
КОНСУЛ
өздеріне берілген билікті белгіленген мерзімде, кезектесіп жүзеге асырды

 

әскерге басшылық етті
азаматтық билікті жүзеге асырды
сенатты шақырды

 

 


Рим Апенин түбегіндегі үстемдік орнату үшін 12 ұлыстан тұратын Италия жерінде жаулаушылық соғыстар жүргізді.

І Пуни соғысы - б.з.б. 264 жылы басталып, б.з.б. 241 жылы Римнің жеңісімен аяқталды. Сицилияға Рим үстемдігі орнап, оны Рим тағайындаған әкім басқарды.

ІІ Пуни соғысы - б.з.б. 218 жылы Екінші пуни соғысы басталған еді. Б.з.б. 216 жылдың тамызында болған шайқаста Ганибал әскері Римнің 50 мың әскерін қырып салды. Бірақ римдіктер тез арада күштерін жинап, шешуші айқасқа әзірленді. Ақтық ұрыс б.з.б. 202 жылы Зама жазығында болып, римдіктер Ганнибал әскерін тас-талқан етіп жеңеді.

Б.з.б. 201 жылы Екінші пуни соғысы аяқталды. Соның нәтижесінде карфагендіктер Римге 50 жыл бойы көп ақша төлеп тұруға, теңіз кемелері мен пілдерін беруге тиіс болды, өз бетінше соғыс ашуға қатаң тыйым салынды. Бүкіл Сицилия мен Испанияның күміс кен орындарына бай оңтүстік өңірі Рим провинциясына айналып, Рим мемлекеті Батыс Жерорта теңізінің қожалығына ие болды.

Римдіктердің арасынан ірі жер иеліктері мен құлдары бар мемлкет ісін басқаратын ақсүйектер бөлініп шықты. Олар халықтың жоғары тобы- аристократияны құрады.

Римдік ақсүйектерге сенаторлар жатты. Сенаторлар үстіне қызыл күрең матадан тігілген шапан, аяғына ерекше сәнді аяқ киім киген. Ал қолдарына алтын жүзік салатын. Олардың үйлері император сарайларының маңында орналасты.

Бай плебейлердің патрицйлар руына қосылуы негізінде еркеше топ- нобилитет қалыптасыты. Плебейлердің алым-салықты кӛтере салып ӛсімқорлықпен айналысқан, сыртқы сауданы қолына ұстаған тобы -салтаттылар провинциялардағы құлиеленуші қоғамның жоғарғы топтарына жатқан.

Нобилдер Рим сенатының құрамын толықтырып отырды, мемлекеттегі жауапты қызметке солар сайланды. Олар армияны және провинцияларды басқарды. Нобилдер жалдама адамдар арқылы ірі өсімқорлықпен айналысты, сауда-саттық ісіне қатысып байыды.

Салтаттылар көп дүние-мүлкі бар ақсүйектердің қатарында болды. Бұлардың қолына сауда қаржы істері шоғырланды.

ІV. Сабақты бекіту:

1) Римдегі құлдардың өмірін жеке қарастыру. Олардың тұрмыс тіршілігін сипаттау, немен айгалысты, қандай жұмыстарды атқарды?

2) Терминдермен жұмыс:

гладиатор –

магистрант –

сенатор –

аристократия –

патриций –

плебей –

консул –

нобилдер –

3) Халық жиналысының қандай 3 түрі болды?

4) Римде ақсүйектердің қандай топтары қалыптасты?

 

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: үйде оқу, мазмұндау.

 

 

Сынып: 6 «а». Сабақ №:______ 30 _____ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Рим империясы. Императорлардың билігі. Шаруашылық пен тұрмыс салты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттары мен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және олардың тыныс тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми түсінік беру. Рим империясы орнауының тарихи себептері, онда басқарудың жаңа жүйесінің қалыптасуы, римдендіру шаралары, экономикадағы, әлеуметтік саладағы дағдарыстардың тереңдеуі мен салдарлары, империяның екіге бөлінуінің жай-жапсарлары жөнінде оқушыларға толық мағлұмат беру;

Дамытушылық: Рим республикасының әлеуметтік саяси құрылысындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктерді өзге мемлекеттермен салыстырып, ажырата білу;

Тәрбиелік: Республикалық билеу формасын, халықтық билікті сипаттай отырып, оқушыларды әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сөз әдісі, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 843 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

741 - | 763 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.