Лекции.Орг
 

Категории:


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...


Транспортировка раненого в укрытие: Тактика действий в секторе обстрела, когда раненый не подает признаков жизни...

І. Ұйымдастыру кезеңі



· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Ежелгі Грекия неше бөлікке бөлінді ?

2) Ежелгі Грекияда қандай өркениет ошақтары болды ?

3) Ежелгі гректердің кәсібі туралы айту.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Афины мемлекеті.

2) Аттикадағы демократиялық өзгерістер.

3) Грек-парсы соғысы.

4) Грекияда Македония билігінің орнауы.

III.Жаңа сабақ.

Афины мемлекеті. Афины мемлекеті Аттикада орналасқан. б.з.б. II мыңжылдықта Афины қаласы пайда болған. Төбенің биік басына берік тас қорғандары бар қамал салынған. Оны акрополь деп атаған. (Акрополь – грек сөзі, «үстіңгі қала» - қаланың орталық бөлігі). Оның айналасында афинылықтардың үйлері орналасқан.

Афиныдағы билік ақсүйектердің қолында болды. Олар ақсүйектер кеңесін құрды. Ақсүйектер кеңесі тоғыз адамнан тұрды.

Олар Афины тұрғындарына үкім жасаған, көбінесе осы үкімдер олардың мақсаттарына лайықты етіп жасалған. Наразылықтар да көп болды.

Афины мемлекетінің құрамына 12 елді мекен кірді. Бұл ӛңірді Аттика аймағы деп атаған. Аттика аймағының халқы біртұтас афинылықтар деп аталды. Б.з.б. VIII ғасырда шонжар-афинылықтар бүкіл Аттика жерін өздері бағындырып алды. Сөйтіп бағындырылған аймақты ақсақалдар кеңесі басқарды. Ақсақалдар кеңесі ақсүйек-шонжарлардан тұрды. Шонжарлардың билігі аристократиядеп аталады.

Аттикада ақсүйектерден басқа қарапайым халық – егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер және кедейленгендер мекен етті. Оларды демостар (грекше – халық деген сөз) деп атаған.

Ақсүйектер мен демостардың арасында теңсіздік болды.

Б.з.б. 594 жылы Солонды архонт (басқарушы) етіп сайлады.

Солон Афины демосының мүддесін көздейтін заңдар (реформалар) шығарды. Ол заңдар ағаш тақталарға жазылып, қаланың алаңына қойылды.

Афиныдағы жоғары өкімет билігі халық жиналысы болды. Ол айына 4 рет шақырылды. Оған 20 жасқа толған ер-азаматтар қатысты.

Солонның заңдары Афиныда демократияның (халық билігі) негізін қалады.

Грек-парсы соғысы. Б.з.б. V ғасырда парсы патшасы I Дарий Грекия жерлерін жаулап алуды көздеді.

I Дарий жаңа үлгідегі әскерді жасақтады. Әскердің құрамында сақтар да болды. Сақтар I Дарийдің кезінде «өлмейтін он мың» деген атау алған патша әскерінің құрамына енді.

Б.з.б. 490 жылы парсы әскерлері Эгей теңізі арқылы кемелермен Аттика аймағына келді.

Афиныда тез арада10 мың әскер жасақталды. Афины әскерін тәжірибелі қолбасшы (стратег) Мильтиад басқарды.

Гректер Марафон даласындағы шайқаста ерекше батылдық танытты. Шайқаста гректер саны басым парсы әскерін жеңіп, жаудың 7 кемесін қолға түсірді.

Мильтиад парсылардың күйрегенін хабарлау үшін Фединикс деген желаяқ жүгіргішті Афиныға жібереді. Фединикс Марафоннан Афиныға дейінгі 42 км 195 м аралығын жүгіріп өтіп: «Қуаныңыздар, біз жеңдік!» деген сөздермен жан тапсырған. Оның құрметіне1896 жылдан бастап Марафондық жүгіріс ұйымдастырылып отырылады.

Б.з.б. 480 жылы Ксеркс қалың қолмен Элладаға жаңа жорыққа шығады. Гректер таулар мен теңіз аралығындағы тар Фермопиль өткелін қолдан бермеуге күш салды.

Спарта патшасы Леонид қолбасшылық еткен шағын әскер фермопиль шатқалына орналасып, жаудың жолына тосқауыл құрады. Спарталықтар ғасырлар бойы ұмтылмайтын ерлік жасады.

Фермопильді алғаннан кейін Ксеркс әскері орталық Грекияға қарай жылжиды. Парсылар мен гректер арасындағы шешуші шайқас Саламин Аттика аралығындағы бұғазда өтті. Бұл шайқаста Фемистокл басшылық етті.

Саламин бұғазындағы шайқаста гректер парсыларға қарсы соққы берді. Ксеркс жеңілістен кейін әскерін қалдырып, өзі Грекиядан кетіп қалды. Б.з.б. 479 жылы Платея түбіндегі шайқаста біріккен гректер әскері парсыларды талқандады. Осы шайқастан кейін парсылар Балқан түбегінен қуылды.

Грекияда Македония билігінің орнауы. Б.з.б. IV ғасырда Афины қала-мемлекеті қайта өрлей бастады. Бірақ та Грекияның солтүстік шекарасынан Элладаға үлкен қауіп төнді.

II Филипп Грекия қалаларын бірінен кейін бірін бағындыра бастады.

Македон патшасының жаулаушылық соғыстарына Афины демосы табан тіресе қарсылық көрсетті. Афинылықтардың тәуелсіздігі жолындағы күресіне әйгілі шешен Демосфен басшылық жасады. Халық жиналысында ол II Филипп патшаны басқыншы деп атап, соған қарсы шешуші күреске шақырды.

Македония мен гректер арасындағы ең ірі шешуші соғыс б.з.б. 338 жылы Херонея қаласының маңында болды.

Бұл соғысқа II Филипптің 18 жасар ұлы Александр да қатысты. Александр атты әскерді басқарып, гректерге тұтқиылдан соққы берді. Херонея түбіндегі ұрыстан кейін гректер жеңілді. Енді гректер түгелімен Македонияға бағынды.

ІV. Сабақты бекіту:

1) Ежелгі Македонияның орналасуын айту.

2) Грек-парсы соғысы не себепті болды ? Парсыларды қай билеуші басқарды ?

3) Гректер қалай тойтарыс берді ?

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: параграф .

 

 

Сынып: 6 «а». Сабақ №:______26_____ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Спарта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Спартаның орналасқан жері, табиғаты, шаруашылығы,саяси даму тарихы туралы білім беру;

Дамытушылық: Ежелгі Спартаның дамуына орналасу әсері болғандығын, халықтар бірлесуі арқылы жаңа мемлекеттің қалыптасқанын оқушыларға түсіндіру;

Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлықтарын оятып, адамгершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сөз, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.





Дата добавления: 2017-01-21; просмотров: 1035 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.